Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Әкемнің денсаулығы мықты-ақ, ел түгел тымауратып жатса да, былқ етпейді. Шешем қайтыс болғалы көңіліне кірбің келмесін деп асты-үстіне түсіп бәйекпіз, ұйқысы қанық, жаны күтулі еді-ау. Енді, міне…  Асықбай шалға бардым құйындай ұшып. Көпті көрген қария сақалын сауып отырып, сабырлы кейіпте айтқанымды түп-түгел тыңдап алды да:  -Бұл бір қайтса у қорғасыннан қайтар еді. Бірақ ол шөпті табу қиямет қой,-деді.   -Ол қайда өседі?  -Тауда, мына Кішісаздың етегінде. Осы қыста ол табыла қояр ма екен.   -Табамыз ата!  Енді оған жету үшін көлік керек. Машинасы бар-ау деген әркім-әркімнен бетімнің ажарын сатып жалтаңдап, жалынып сұрап көрсем, мың сылтау айтып жолатпайды. Ақыры қызметімдегі бастығым газигін берді. Асықбай қария әлі ширақ, машинаға сүйеусіз отырды. Көпсік қар тым қалың, тау жолымен ызылдап келеміз.   Кішісаз екі керегені бір-біріне сүйеп қоя салғандай тік тау, бауырында тікен – тобылғысы жоқ тұлдыр, ал етегі жырым-жырым сайға айналып кете береді.   “Дөңгелекбастауға” барғанда машинаны тоқтатып, жерге түстік. Бастау көзі бұрқырап жатыр, үстінен жеңіл бу қалқиды.   Шал тізерлеп отыра қалып, жүзін батысқа бұрып құран оқыды, даусы да жігерлі. Оқып болып, тізесін қағып, шығыс иектегі жүлге сайды нұсқап.  -Анау Әйтек сайы ғой. Сенің ата-бабаларыңның сүйегі соның үстінде. Әкең көрсеткен шығар?   - Жоқ.  -Қайдан көрсетсін. Әуелі өзі біле ме екен соны?  Қаршадайынан әке-шешесі қабат кетіп, сыртта жетім өсті. Одан әскерде болды. Айтпақшы әскерде қанша болыпты өзі?  -Жеті жыл, ата. Оның төрт жылын соғыста өткізіпті.   -Сенің әкең менің тұңғышым Серікбаймен жасты еді. Оны да қу соғыс жалмап кетті.   Шал қаудиып теріс қарады да, беткейдегі қиғаш жалғыз аяқ жолға түсті. Соңынан күректі алып мен ердім.   Күн болымсыз сәулесін шашады, ылдидан беттің түгін желпитін ғана қуаты бар ызғырық еседі. Қария ұзын денесін түгел көмген шапанын етекке қалдырып, бешпентпен шыққан. Әне оны да шешіп қаусырма желеткемен қалды.   Ал, енді осы араның қарын тазартып көрші, - деп үй орнындай жердің аумағын көрсетті. Сүйір тұмсық күрекпен қарды өршелене лақтырып жатырмын. Қарым талып, арқам бой-бой терледі. Мейлі, бәріне шыдармын, тек…  -Болды, жетер қарағым.  Асықбай ақсақал жабылған бәкідей еңкейіп, жердің тоңынан қылтиған қурай түбін сипалап отыр.    -Енді осыны ойып алайық.  Титтей қурайдың түбін қазып алу тіпті машақат. Қара тоң тас-шеге қатты. Ырсылдап жүріп қарыстай жерді шай қайнатым уақытта әрең аршыдым. Тоңынан ажыратып алған әлгі қурайдың тамырын көсетті. -Осыны у қорғасын дейді. Баяғыда бұны әр үй қысқа қарай бір-екі талын малға ем үшін қазып алып қоюшы еді.  Қанша әлектеніп, үміттенгенімізбен әкеме бұл да ем болмады. Әлгі тамырдың өзегін жарып, аяғына таңып қойып еді, удай ашытса керек, дереу айқайға бассын де. Ұзақ таңға уһілеп, ойбайлап шықты. Әуелі өзімізге ұрсып пәле салды.   Күні кеше ғана ет-жеңді алпамсадай арқа сүйер әкеміз көз алдымызда шөжіп, семіп бара жатты: сүйегі қаудырап, көзі шүңірейе ішіне түсіп, мұрыны ебедейсіз сорайып, қос ұрты суалып қалды. Тамаққа тіпті зауқы жоқ, әйтеуір қара шайға шыт-шыт жарылып кеткен ернін тигізеді де қояды. Адам жақын менен алысты, жаман мен жақсыны басына іс түсіп, жаны күйзеліп жатқанда аңғарады. Бәзбіреу көңілін сұрап келе қалса, сүйегін тек терісі керіп тұрған басын қалтитып көтеріп отырып, ананы мынаны әңгімелеп, көңілі көтерілгендей болады. Содан үйімізге әлдекімдер келсе екен, мына тажал қасіреттің ауылын алыстатса екен деп тілейміз іштей. Өзі халі нашарлаған сайын тегі кінәмшіл, кінәратшыл.   -Балам-ай, нағашыларың мен құлағалы тысыр етпей қалды ғой. Қалімді сұрап келсе қайтер еді?.. Уһ!..Күйеулік жасап, көп еркелеуші едім. Бұрындар қызып қап, өкпелетіп қойсам керек… Шешең тірі жүрсе өздері-ақ жүгіріп келер еді-ау. “Көзден кетсе көңілден де кетеді” дегені осы ма?  Бұрынғы мәрттік жоқ, ауырғалы бері қам көңіл, сәл болымсыз нәрсе үшін жас баладай көзіне жас алып, жылай салады. Міне, тағы көзін сығып, дауысы бұзылып жатыр.   -Дәу апаң мен Нілжан апаң, Қазтай әпкелерің болса баяғыда естісімен құстай ұшып келер еді. Олар да жоқ. Кім дауыс салады мен өлсем? Ең құрыса шешең Күлиман тірі тұрмады ғой.   Кей-кейде оңашада әкелі-балалы екеуміз өстіп сырласамыз келіні мен қыздарына көрсетпей. Мен әкеме, әкем маған, бір-бірімізге басу айтамыз сосын. Екеуміздің бұл сүрпетімізді ана қарындастарым көрсе қайтпек? Көбіне көп науқас жанның жанын сергітер әңгіме айтсам деймін, сөзді басқа арнаға бұрып әкетем.   Ісік бара-бара денеге тұтас жайылып, өзі кіріп-шығудан қалысымен, тіпті үрпиісіп қалыстық, басында күндіз түн біреуміз болып, ас-суын береміз, жастығын жөндеп басын көтеріп қоямыз.   -Балам, военкомат неменеге сені шақырыпты? Тыныштық па?  -Жайша аға. Запастағы лейтенант атағын берді. Офицер болдым.   -Бетіңді әкелші бері. - Әкем кезерген ернімен бетімнен сүйді, басын көтеруге әлі әзер келді. – Мен жай солдат болып едім, балам әписер болыпты ғой.   Әкем сол күні кәдімгідей жадырап сергіді, орта шыны сүт қатқан шай ішті. Ол сергіп еді, бәріміз көңілденіп сала бердік, үйге жылылық кірді.   Сандықтың түбінде жатқан орден-медальдарын алдырып, тазарттырды. Екеуміз оңаша бөлмеде шүйіркелесіп отырмыз. Қос жастыққа басын көтергізіп қойды да, есікті жапшы дегендей ымдады.   -Балам, - (қарлығыңқы үнмен, кеудесі сырылдай сәл әл жинап алды да) – ұлдан сен жалғызсың, мен де жалғыз едім. “Жалғыз құс сұңқар болар, жалғыз ұл сұлтан болар” деуші еді бұрынғылар. Бірақ міне, менің қалім…  - Саған, қолқа салайын деп отырмын. Ішімде сары майдай сақталған сырым бар еді, соны айтпақшымын (әкемнің ділмәрланып сөйлегеніне таңдандым. Сірә, айтпақ ойын әбден жұптап-жұптап алса керек). Қаршадайымнан тұлдыр жетім қалдым. Айналайын үкімет бақты, қақты. Детдомнан әскерге кеттім. Саған айтпағым, сол детдомда да, соғыста да бірге болған бір өзбек жолдасым бар еді. Аты Ұлықбек болатын. Екеуміз бірге туған бауырдай болып кеткенбіз. Сол байғұс соғыс бітер тұста көзімше бомбадан қайтыс болды. Өз қолыммен жерлеп, топырақ салып тұрып, досыма іштей серт беріп ем: тұңғыш ұлымды сенің атыңмен атаймын деп.   Уфада төрт ай госпитальда жаттым. Шығарған соң балдағымды сықырлатып, нағашыларыма келдім. Сонда қарындасым тұрмыста болатын. Көп ұзамай тракторшының оқуын бітірген соң, сенің шешеңмен бас қостық. Тұңғышымды көп күттім. (Әкем шәйді ұрттап, сәл дамылдап жатты). Үш жылдан кейін сен дүниеге келдің. Мен станда жер жыртып жүргенмін, ести сала құстай ұштым. Көрші –қолаңдар жиналып, мал біткеннен жалғыз бордақыда тұрған ақ қой сойылып жатыр. Ол кезде арақты шертпекпен сатады. Бір шертпек арақ әкелдім.   Сөйтсем, төрде отырған Сәду деген нағашым:   -Ал, жиен тұңғышың құтты болсын. Сен келгенше балаңның атын қойып та қойдық, - дегені.   Сілейіп тұрып қалдым.   -Кім-м деп?  -Нағашысында туған соң Нағашыбек деп.  Мен отырып қалдым, өзеуреген нағашым бой бермей, ат қояр ырымын сол жолы алып та кетті. Біреулер бейсенбі күні туды ғой Бейсенбек болсын деп еді, ішіне от түскен Сәду оларға да дес бермеді.   Басымыз жас қой, тағы бір ұлым туғанда сертімді орындармын деп көңілімді орнына келтірдім. Сенен кейін кілең қыздар болды ғой. Тіпті біреуінің атын Қойсын деп те қойдым. Болмады. Міне, сертім орындалмай кетіп барамын. Соңымнан ерген жалғыз тұяғымсың ғой, келін ұл туса Ұлықбек қойшы. Әкем “қой” демеді, “қойшы” деп өтінді-ау сонда. Мен “жәрәйді, аға, жәрәйді” деп күбірлей бердім. Бұл саған, артқан қолқам, балам. Ол үндемей тағы терең-терең тыныстап жатты. Сен кейін әкеңді ғайбаттама. Елдің әкесі ғұсап саған машина мінгізіп, дер кезінде оқуға оқытып, олай-бұлай шалқытып жүргізе алмады деп. Мен саған мол дүние де қалдырмадым, кәссімде ақша да жоқ… - Тұтығып аз - кем көзін жұмып жатып қалды. – Олар әкеміз мәшине әперді, ақша берді деп мақтанар саған. Сонда сен маған кейіп, ғайбаттамашы: даусы дірілдеп барады. - Мә, мынау саған қалдырар ескерткішім балам: мен қан кешіп жүріп соғыста алған ең асыл дүнием. Әкем уысындағы орден-медальдарын көрсетті. Екі орден, жеті медаль. Сен осыларды көрсет оларға. Мен әскерде жеті жыл жүріп, соғыстан кәнтөжный болмасам, мүмкін өмірім басқаша болар ма еді? Мүмкін қу соғыс болмаса…  Әкем теңгедей сап-сары наградаларын кезеріп, жарылып кеткен құрғақ еріндерімен өбектей сүйді-ай кеп. Жіңішкерген құр сүйек дір-дір етеді, көзінен шып-шып шыққан жасы сорғалай келіп, уысы толы орден-медальдарына тамып жатыр, мөлт-мөлт тамып жатыр.   -М-ә-ә...  Мен өксіп-өксіп жібердім, әкем қимасымен қоштасып жатыр, өткенімен бар ғұмырымен, ең соңғы тілегімен қоштасып жатыр... Мен соны ұқтым.   - Мә-ә-ә, ала ғой...  Сыңғыр-сыңғыр еткен наградаларды алып, еңіреп тұрып, көз жасым тарам-тарам әлгіні кеудеме бастым. Әкем басын жастыққа жөндеп қойды.   Содан кейін сөйлеуге де әлі келмей, әлсіреп қалды. Екі күн өткен соң бұ дүниеден біржола көшті.   Бір күн бұрын ғана қапалақтап қалың қар жауған. Мына әппақ дүние – қысқы маужыраған дала төсінде қаралы керуен шеруі жайлап кетіп бара жатты: әйтеуір бұл соңғы көші еді әкемнің, туа біткен тұңғыш перзенті дәл сол күні – сені мәңгі бақилық сапарға шығарып салып тұрғанын еске алды. Есіне алды да ішкі әлемі түгел еңіреп, еңсесі түсе езіліп, миын от нажағай ой осқылап, аяз сорған ақ қарға ып-ыссы көз жасын төгіп-төгіп жіберді-ау…  Жастыққа ілінген орден медалдары да сыңғыр-сыңғыр етіп, иесімен қоштасып жатты...   Үш айдан соң Ұлықбек атты тұңғышым дүниеге келді. Әдеби әлем
18.11.2013 04:48 2895

Әкемнің денсаулығы мықты-ақ, ел түгел тымауратып жатса да, былқ етпейді. Шешем қайтыс болғалы көңіліне кірбің келмесін деп асты-үстіне түсіп бәйекпіз, ұйқысы қанық, жаны күтулі еді-ау. Енді, міне…

 Асықбай шалға бардым құйындай ұшып. Көпті көрген қария сақалын сауып отырып, сабырлы кейіпте айтқанымды түп-түгел тыңдап алды да:

 -Бұл бір қайтса у қорғасыннан қайтар еді. Бірақ ол шөпті табу қиямет қой,-деді. 

 -Ол қайда өседі?

 -Тауда, мына Кішісаздың етегінде. Осы қыста ол табыла қояр ма екен. 

 -Табамыз ата!

 Енді оған жету үшін көлік керек. Машинасы бар-ау деген әркім-әркімнен бетімнің ажарын сатып жалтаңдап, жалынып сұрап көрсем, мың сылтау айтып жолатпайды. Ақыры қызметімдегі бастығым газигін берді. Асықбай қария әлі ширақ, машинаға сүйеусіз отырды. Көпсік қар тым қалың, тау жолымен ызылдап келеміз. 

 Кішісаз екі керегені бір-біріне сүйеп қоя салғандай тік тау, бауырында тікен – тобылғысы жоқ тұлдыр, ал етегі жырым-жырым сайға айналып кете береді. 

 “Дөңгелекбастауға” барғанда машинаны тоқтатып, жерге түстік. Бастау көзі бұрқырап жатыр, үстінен жеңіл бу қалқиды. 

 Шал тізерлеп отыра қалып, жүзін батысқа бұрып құран оқыды, даусы да жігерлі. Оқып болып, тізесін қағып, шығыс иектегі жүлге сайды нұсқап.

 -Анау Әйтек сайы ғой. Сенің ата-бабаларыңның сүйегі соның үстінде. Әкең көрсеткен шығар? 

 - Жоқ.

 -Қайдан көрсетсін. Әуелі өзі біле ме екен соны? 

Қаршадайынан әке-шешесі қабат кетіп, сыртта жетім өсті. Одан әскерде болды. Айтпақшы әскерде қанша болыпты өзі?

 -Жеті жыл, ата. Оның төрт жылын соғыста өткізіпті. 

 -Сенің әкең менің тұңғышым Серікбаймен жасты еді. Оны да қу соғыс жалмап кетті. 

 Шал қаудиып теріс қарады да, беткейдегі қиғаш жалғыз аяқ жолға түсті. Соңынан күректі алып мен ердім. 

 Күн болымсыз сәулесін шашады, ылдидан беттің түгін желпитін ғана қуаты бар ызғырық еседі. Қария ұзын денесін түгел көмген шапанын етекке қалдырып, бешпентпен шыққан. Әне оны да шешіп қаусырма желеткемен қалды. 

 Ал, енді осы араның қарын тазартып көрші, - деп үй орнындай жердің аумағын көрсетті. Сүйір тұмсық күрекпен қарды өршелене лақтырып жатырмын. Қарым талып, арқам бой-бой терледі. Мейлі, бәріне шыдармын, тек…

 -Болды, жетер қарағым.

 Асықбай ақсақал жабылған бәкідей еңкейіп, жердің тоңынан қылтиған қурай түбін сипалап отыр.  

 -Енді осыны ойып алайық. 

Титтей қурайдың түбін қазып алу тіпті машақат. Қара тоң тас-шеге қатты. Ырсылдап жүріп қарыстай жерді шай қайнатым уақытта әрең аршыдым. Тоңынан ажыратып алған әлгі қурайдың тамырын көсетті.

-Осыны у қорғасын дейді. Баяғыда бұны әр үй қысқа қарай бір-екі талын малға ем үшін қазып алып қоюшы еді. 

Қанша әлектеніп, үміттенгенімізбен әкеме бұл да ем болмады. Әлгі тамырдың өзегін жарып, аяғына таңып қойып еді, удай ашытса керек, дереу айқайға бассын де. Ұзақ таңға уһілеп, ойбайлап шықты. Әуелі өзімізге ұрсып пәле салды. 

 Күні кеше ғана ет-жеңді алпамсадай арқа сүйер әкеміз көз алдымызда шөжіп, семіп бара жатты: сүйегі қаудырап, көзі шүңірейе ішіне түсіп, мұрыны ебедейсіз сорайып, қос ұрты суалып қалды. Тамаққа тіпті зауқы жоқ, әйтеуір қара шайға шыт-шыт жарылып кеткен ернін тигізеді де қояды. Адам жақын менен алысты, жаман мен жақсыны басына іс түсіп, жаны күйзеліп жатқанда аңғарады. Бәзбіреу көңілін сұрап келе қалса, сүйегін тек терісі керіп тұрған басын қалтитып көтеріп отырып, ананы мынаны әңгімелеп, көңілі көтерілгендей болады. Содан үйімізге әлдекімдер келсе екен, мына тажал қасіреттің ауылын алыстатса екен деп тілейміз іштей. Өзі халі нашарлаған сайын тегі кінәмшіл, кінәратшыл. 

 -Балам-ай, нағашыларың мен құлағалы тысыр етпей қалды ғой. Қалімді сұрап келсе қайтер еді?.. Уһ!..Күйеулік жасап, көп еркелеуші едім. Бұрындар қызып қап, өкпелетіп қойсам керек… Шешең тірі жүрсе өздері-ақ жүгіріп келер еді-ау. “Көзден кетсе көңілден де кетеді” дегені осы ма?

 Бұрынғы мәрттік жоқ, ауырғалы бері қам көңіл, сәл болымсыз нәрсе үшін жас баладай көзіне жас алып, жылай салады. Міне, тағы көзін сығып, дауысы бұзылып жатыр. 

 -Дәу апаң мен Нілжан апаң, Қазтай әпкелерің болса баяғыда естісімен құстай ұшып келер еді. Олар да жоқ. Кім дауыс салады мен өлсем? Ең құрыса шешең Күлиман тірі тұрмады ғой. 

 Кей-кейде оңашада әкелі-балалы екеуміз өстіп сырласамыз келіні мен қыздарына көрсетпей. Мен әкеме, әкем маған, бір-бірімізге басу айтамыз сосын. Екеуміздің бұл сүрпетімізді ана қарындастарым көрсе қайтпек? Көбіне көп науқас жанның жанын сергітер әңгіме айтсам деймін, сөзді басқа арнаға бұрып әкетем. 

 Ісік бара-бара денеге тұтас жайылып, өзі кіріп-шығудан қалысымен, тіпті үрпиісіп қалыстық, басында күндіз түн біреуміз болып, ас-суын береміз, жастығын жөндеп басын көтеріп қоямыз. 

 -Балам, военкомат неменеге сені шақырыпты? Тыныштық па?

 -Жайша аға. Запастағы лейтенант атағын берді. Офицер болдым. 

 -Бетіңді әкелші бері. - Әкем кезерген ернімен бетімнен

сүйді, басын көтеруге әлі әзер келді. – Мен жай солдат болып едім, балам әписер болыпты ғой. 

 Әкем сол күні кәдімгідей жадырап сергіді, орта шыны сүт қатқан шай ішті. Ол сергіп еді, бәріміз көңілденіп сала бердік, үйге жылылық кірді. 

 Сандықтың түбінде жатқан орден-медальдарын алдырып, тазарттырды. Екеуміз оңаша бөлмеде шүйіркелесіп отырмыз. Қос жастыққа басын көтергізіп қойды да, есікті жапшы дегендей ымдады. 

 -Балам, - (қарлығыңқы үнмен, кеудесі сырылдай сәл әл жинап алды да) – ұлдан сен жалғызсың, мен де жалғыз едім. “Жалғыз құс сұңқар болар, жалғыз ұл сұлтан болар” деуші еді бұрынғылар. Бірақ міне, менің қалім…

 - Саған, қолқа салайын деп отырмын. Ішімде сары майдай сақталған сырым бар еді, соны айтпақшымын (әкемнің ділмәрланып сөйлегеніне таңдандым. Сірә, айтпақ ойын әбден жұптап-жұптап алса керек). Қаршадайымнан тұлдыр жетім қалдым. Айналайын үкімет бақты, қақты. Детдомнан әскерге кеттім. Саған айтпағым, сол детдомда да, соғыста да бірге болған бір өзбек жолдасым бар еді. Аты Ұлықбек болатын. Екеуміз бірге туған бауырдай болып кеткенбіз. Сол байғұс соғыс бітер тұста көзімше бомбадан қайтыс болды. Өз қолыммен жерлеп, топырақ салып тұрып, досыма іштей серт беріп ем: тұңғыш ұлымды сенің атыңмен атаймын деп. 

 Уфада төрт ай госпитальда жаттым. Шығарған соң балдағымды сықырлатып, нағашыларыма келдім. Сонда қарындасым тұрмыста болатын. Көп ұзамай тракторшының оқуын бітірген соң, сенің шешеңмен бас қостық. Тұңғышымды көп күттім. (Әкем шәйді ұрттап, сәл дамылдап жатты). Үш жылдан кейін сен дүниеге келдің. Мен станда жер жыртып жүргенмін, ести сала құстай ұштым. Көрші –қолаңдар жиналып, мал біткеннен жалғыз бордақыда тұрған ақ қой сойылып жатыр. Ол кезде арақты шертпекпен сатады. Бір шертпек арақ әкелдім. 

 Сөйтсем, төрде отырған Сәду деген нағашым: 

 -Ал, жиен тұңғышың құтты болсын. Сен келгенше балаңның атын қойып та қойдық, - дегені. 

 Сілейіп тұрып қалдым. 

 -Кім-м деп?

 -Нағашысында туған соң Нағашыбек деп. 

Мен отырып қалдым, өзеуреген нағашым бой бермей, ат қояр ырымын сол жолы алып та кетті. Біреулер бейсенбі күні туды ғой Бейсенбек болсын деп еді, ішіне от түскен Сәду оларға да дес бермеді. 

 Басымыз жас қой, тағы бір ұлым туғанда сертімді орындармын деп көңілімді орнына келтірдім. Сенен кейін кілең қыздар болды ғой. Тіпті біреуінің атын Қойсын деп те қойдым. Болмады. Міне, сертім орындалмай кетіп барамын. Соңымнан ерген жалғыз тұяғымсың ғой, келін ұл туса Ұлықбек қойшы. Әкем “қой” демеді, “қойшы” деп өтінді-ау сонда. Мен “жәрәйді, аға, жәрәйді” деп күбірлей бердім. Бұл саған, артқан қолқам, балам. Ол үндемей тағы терең-терең тыныстап жатты. Сен кейін әкеңді ғайбаттама. Елдің әкесі ғұсап саған машина мінгізіп, дер кезінде оқуға оқытып, олай-бұлай шалқытып жүргізе алмады деп. Мен саған мол дүние де қалдырмадым, кәссімде ақша да жоқ… - Тұтығып аз - кем көзін жұмып жатып қалды. – Олар әкеміз мәшине әперді, ақша берді деп мақтанар саған. Сонда сен маған кейіп, ғайбаттамашы: даусы дірілдеп барады. - Мә, мынау саған қалдырар ескерткішім балам: мен қан кешіп жүріп соғыста алған ең асыл дүнием. Әкем уысындағы орден-медальдарын көрсетті. Екі орден, жеті медаль. Сен осыларды көрсет оларға. Мен әскерде жеті жыл жүріп, соғыстан кәнтөжный болмасам, мүмкін өмірім басқаша болар ма еді? Мүмкін қу соғыс болмаса…

 Әкем теңгедей сап-сары наградаларын кезеріп, жарылып кеткен құрғақ еріндерімен өбектей сүйді-ай кеп. Жіңішкерген құр сүйек дір-дір етеді, көзінен шып-шып шыққан жасы сорғалай келіп, уысы толы орден-медальдарына тамып жатыр, мөлт-мөлт тамып жатыр. 

 -М-ә-ә...

 Мен өксіп-өксіп жібердім, әкем қимасымен қоштасып жатыр, өткенімен бар ғұмырымен, ең соңғы тілегімен қоштасып жатыр... Мен соны ұқтым. 

 - Мә-ә-ә, ала ғой...

 Сыңғыр-сыңғыр еткен наградаларды алып, еңіреп тұрып, көз жасым тарам-тарам әлгіні кеудеме бастым. Әкем басын жастыққа жөндеп қойды. 

 Содан кейін сөйлеуге де әлі келмей, әлсіреп қалды. Екі күн өткен соң бұ дүниеден біржола көшті. 

 Бір күн бұрын ғана қапалақтап қалың қар жауған. Мына әппақ дүние – қысқы маужыраған дала төсінде қаралы керуен шеруі жайлап кетіп бара жатты: әйтеуір бұл соңғы көші еді әкемнің, туа біткен тұңғыш перзенті дәл сол күні – сені мәңгі бақилық сапарға шығарып салып тұрғанын еске алды. Есіне алды да ішкі әлемі түгел еңіреп, еңсесі түсе езіліп, миын от нажағай ой осқылап, аяз сорған ақ қарға ып-ыссы көз жасын төгіп-төгіп жіберді-ау…

 Жастыққа ілінген орден медалдары да сыңғыр-сыңғыр етіп, иесімен қоштасып жатты... 

 Үш айдан соң Ұлықбек атты тұңғышым дүниеге келді.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға