Жаңалықтар

І БӨЛІМ

    Дәл кәмелеттік аттестат  алар күні  бүкіл ұлдар  шашымызды  ұстарамен  сыпырып тастағанбыз. Неге? Еріккендік пе, жоқ ержеттік  дегендік пе, әйтеуір біреуміздің ұсынысымызға  ду қосылғанымыз бар. Үй саламыз деген қаржыдан жиырма сомды әрең алып,  қалаға тартып отырдым. Ауылымыз астанаға  тиіп тұрса да,  онда небәрі  екі-үш  мәрте  ғана  болыппын.  Айналаның бәрі таңсық. Екі құлағы  тақыртөбе  баурайындағы  локатордай   желпиген,  мойны құрықтай, аласа бойлы,  жасқаншақ бозбала  тротуарда  айналаға  именшектей  көз тастап келеді.  Үстінде тор көзді  жасыл жейде, қолында  газетке  қолайсыз ораған  бума қағаз. Бұл - мен едім. КазГУ-дің журфагіне  құжатымды  екі күн шұбырған кезекте  тұрып әрең тапсырдым.  Ондағы   тоқпақтай келіншек  берекемді  алып,  тіпті  тұқыртып тастады да, тілдей қағаз берді. Бұл жатақханаға  жатқызуға  рұқсат қағаз болып шықты.  Бір бөлмеде  сегіз абитуриентпіз. Тарих факультетіне  келген  Кенжехан  екеуміз бір ауылдан  болғандықтан  жұбымыз  жазылмайды.  Ол  мектепті  менен  бір жыл  бұрын  бітірген. Денелі, пысық жігіт. Кәдімгідей  жатақхананың  абыр-сабыр тірлігі  басталды. Анау-мынау қақ-соқтан  аулақ,  бар уақытты  тек сабақ  оқумен өткізуге тырысам.  Күндіз бөлмедегілер жан-жаққа тарап кетеді де, жалғыз өзім кітапқа  көміліп отырғаным. Бар арманым оқуға түсу «Әлгі сиыршының баласы да  студент болыпты-ау», - деп  елді таңырқату. Қолынан талай істер, ұлы жеңістер келетінін, кейбіреулерге іштей дәлелдемекпін. Аяқты төсектің жақтауына сүйеп қойып,  жастықты бауырға басып, «Қазақ тілін» аударыстырып жатқанмын. Алақандай жапырақтарын самал сипаған зәулім бәйтерек терезеден төніп тұр. Көзім талса, сары қанат жапырықтарға қараймын. Жүрегім сыздап, өлең жазғым келеді. Есік тық-тық етті де, бір қыз кіріп келді. Атып тұрып жалаңаш аяғымды жасырып әуремін. Босаға төрінде иттен қорыққан лақтай бойжеткен тұр.  Иығынан құлаған бұрымындағы бантигі жаңа келіп қона қалған  көбелектің қанатындай делие қалыпты. Рұқсат па екен? - қыз  ернін тістей жымиды. Мен лекіте  күле салдым. - Үтігіңіз бар ма?  А-а, бар-бар. Қазір-қазір. Шифонердің ішін ақтарып, одан төсектің астындағы  шабадандарды ары-бері аударып, қағыстырып жатып,  әзер тауып бердім. - Рахмет! - Қыз сып беріп шығып кетті. Түнгі найзағайдан жартасты көргендей, тағы да   сол сурет қайталанса екен деген  тіленші сезімде тұрып,  коридорға шықтым. Ары-бері асыққан,  аптыққан абитуриенттер. Әуелі, жаңағы  бойжеткеннің қай бөлмеде тұратынын сұрамаппында-ау. Кітап оқуға зауқым да соқпады. «Қазақ тілін» қолтыққа алып, аллея ішін аралап кеттім. Тамақтануға да кесте жасап алғанмын. Ертелі-кеш  базардағы көк пен әсіресе помидорды нанға қосып жеп, асханаға  түсте ғана барамын. Әрі ақшаға үнем, әрі сергек жүресің. Сосын болашақ студент болғандықтан, өзіңді-өзің  қазірден тәрбиелеу керек. Есебім бойынша жиырма сом толық жетуі тиіс. Кешқұрым төрт көзіміз түгел отырғанда есік тағы тақылдады. Манағы қыз үтікті қайыра әкепті. Кетісімен жігіттер әдемілігін айтып таңдай қағысты. Бөлмемізде мұрт қойған сақа джентелмендер де бар, қызғанып қалдым. Жоқ, бағым бар екен, ертесіне -ақ таныстым. Помидорға тұз сеуіп қойып нанмен соғып отырсам, кіріп келгені бар емес пе! -Мынаны алуға бола ма? - деп аяғының астындағы шүберекке  қарайды. - Кезекші едім. Келіңіз, дәм татыңыз. Таңғы ас деген... Ол наннан шөкіп  аузына салды. Ерні қайымдасып, Рафаэльдің  суретіндегі Мадонналардай үлбірейді. Қайда тұрасыз? Мына  қарсыдағы қырық бірінші бөлмеденмін. Соны айтты да, рұқсатымды күтпестен шүберекті алып кетті. Демек, бұл да ауылдікі, биыл бітірген. Сол күні  кешке  мен қарсы бөлмедегі  төрт қыздың ортасында отырдым. Ерлігім ұстап, барымды киініп,  сөзбен жасанып дегендей арнайы  дайындалып келгенмін.Шетінен  әзілқой, көңілді жандар  болып шықты. Ресми бөлімнен тез аттап кеттік. Әлгі үркек лақ секілді таныс қыздың есімі - Нұрпаш. Биофактің  абитуриенті. Кластасы Фатима екеуі Аягөзден келіпті. Төртеуі  де Алматыны дәріптейді. Мені осы жерлік деп қояды. Фатима  ерке, ашық мінезді, толықша келген ақ сары қыз. Нұрпашқа күй тартқызшы, - дейді. Жинақы төсек үстінде домбыра жатқан, иесі Нұрпаш болды ғой. -Қане, өнерін көрелік. Қыз қызарақтады. Жан-жақтан қоймаған соң қызыл домбыраға  қолын созды. Алғашында домбыра бағынбай, үні іште дүңгірлеп, алып қашты. Қайта-қайта тиегін бұрап, бабына келтірген соң, бірден  «Сарыарқаны» аңыратты. Кәдімгі анау-мынау сауыққойға  алдырмайтын  адуын күй мына шынашақтай қыздың саусағынан буырқанып, төгілді дерсің. Менің көз алдыма Сарыарқа емес, өзім көрген алып таулар, ызалы өзендер,  аламан бәйге елестейді. Сіз тартыңызшы,- деп маған ұсынғаны. Тыңдағанды тәуір көргенім болмаса, бұйырмаған өнер. Фатима да желдірмелетіп, шерте біледі екен. Бөлмеде болмағаныма Кенжехан кәдімгідей абыржыпты.  Қайда болғанымды тақақтап сұрап жатыр. Фатима саған лайық деген емеурін білдірдім. Енді екеуміз ертеңді күттік. Сәлеметсіздер ме? - деп  әр кеш қарсыдағы  бөлмені  тақылдатып Кенжехан екеуміз кіріп барамыз. Қыздар үкідей ұшып тұрып қарсы алады. Күнде күй тыңдаймыз. Кейде бойжеткендер сыңсып ән салады. Күй құдіретін де енді-енді сезінгендеймін, қос ішектің бебеу қаққан үніне ғашықпын, қызыл шанақты  ұрғылаған балғын саусақтарға  қарай беруден жалығар емеспін, анау айқастырып қойған,  күнге тотыққан  толық балтырларға анда-мұнда  ұры жанарым түсе кетеді, ішпей-жемей мас болып отырып қолқалап, атын естіген бар күйді  шерттіремін дерсің. Олар маған өлең оқытады. Жазып жүретінімді айтып қойған Кенжехан. Күнде жаңа, бәрін табындыратын құдіретті жыр жазып келуге тырысамын. Тіл әдебиеті факультетінің  абитуриенті Фатима таңдайын қағып,  аһ ұрады. Белгісіз періште қызға арнаған махаббат толғауларымды оқығанда Нұрпаштың жүзі алакүреңденіп, күлімсіреген  күйі төмен қарайды. Бір-біріне  тиіп  тұрған  емтихандарға да бұрылмай, Кенжеханның ұсынысымен киноға бардық. Ортамызға төрт қызды алып, жігіт құсап, екеуміз екі шетінде отырдық. Жанымдағы Нұрпаш фильмдегі бір қорқынышта  қолымнан ұстай алған. Біткенше саусақтары  алақанымда жатты. Шам жарқ ете қалғанда, байқамаппыз, мұнымызға екеуміз де абыржып қалыстық. Қатаң кестені бұзып, қыздарды анда-мұнда серуенге апаратын болдым. Балмұздаққа дейін сыңғырлаған тиын. Оған қарайтын Бейсенбайың жоқ. Алғашқы емтиханды мен беске Кенжехан  үшке тапсырды. Ол енді конкурстан өте алмаймын деп ауылға жиналды. - Мә, әдейі оқуға деп алып кеп едім, жол болмады. Қыздарды қыдыртқаныңа қажет етерсің, - деп отыз сом тастап кеткені. Әй, дүниеде жаны жомарт, мәрт жігіттер кездеседі-ау, үшеумізді бір күн қаланы әбден аралатып, сыйлады. Кенжеханды  автостанцияға  дейін шығарып  салыстық.  Ол кетісімен  шұбырған емтиханды тапсыру басталды.  Үшеуміз де түп-түгел сөре басына аман  жеттік-ау. Нұрпаштарға конкурс болатын корпусты торуылдап көп жүрдім. Қолымда бір шоқ гүл. Шақырайған түс болды, есік көзінде  оны күтіп мен тұрмын. Әйтеуір күн батысқа құлар тұста екі қыздың  ортасында келе  жатыр екен. Өзара күле әңгімелесіп, қуаныштарын жасыра  алар емес. Ол студент! Жанымнан өте шықты. Көбелек түстес бантигіне дейін еркелеп бара жатқан сияқты-ау. Өкшелеп соңынан түстім. Дүниеде гүл сыйлау,  құттықтау азап екен. Жиған-терген  ой шашырап, өне бойымды  ұяңдық басты да алды. Әне ол екеуінен  бөлініп  тротуарға жеке түсті. Қарсы бетке өтті. Ентелей жүгіріп жете  бергенімде әдемі  бес қабатты сары үйдің подъезіне кірді де кетті.  Ал, саған! Жатақханаға салым суға кетіп қайттым. Бөлмедегі сегіз абитуриенттен  екеу ғана қалғанбыз. Ертең біздің конкурс. Кешке  қыздар бөлмесіне келмеді. Шет тілінен үш алған едім. Сол кесір болып,  әрі мектепті жаңа ғана бітіргенім бар, қабылданбадым. Басқа қаладағы институтқа барсаң қайтеді деп көрді.  Жоқ,  мен тек  осы университетте ған  оқитын болам! Құжатымды құшақтап қайту қамына кірістім. Бөлмеде  кешегі шоқ гүл әлі тұр.  Үлбіреген оны көріп,  көңілім май ішкендей  кілкілдейді-ай келіп. Қыздардың есігін тарсылдатсам: Кіріңіз, - деген жігіт даусы шықты. Қақ төрдегі  орындықта қолына домбыра ұстаған шашын шалқайта тараған жігіт отыр. Шашы бұйра, киімі де құйып қойғандай шап-шақ. Өзі өңді-ақ. Күйден күй шертеді, онысы да жарасымды. Қыздарды ынтықтыра  түскісі келгендей пернені  сылқым тербетіп,  әуезді шертпе  күйді қалайды. Кербез тартысы  жүйкені әлдилеп, сылап,  сипап тоқтады. Бейсенбай, танысып қой, Сәрсен, біздің жерлесіміз,- деді Нұрпаш. Үлкен шахматшы. Зооветте  оқиды, - деп Фатима  қосып қойды. Маған Сәрсен шахматшы да емес, болашақ мал маманы да емес, артист сияқты көрінді. Мінезі мен  сөзінің қайсысы табиғи ажырату қиын. Оның  сұғанақ жанары мен  тесіле қарасынан Нұрпаш қымсынып қалады. Шашын  сілкіп тастап, бір кезде шығып кетті-ау. Қыздар мен ауылға қайтатын болдым. А-а, неге? - Нұрпаш орнынан  атып тұрды. Даусы да қатты шықты. Екеуің бақытты студентсіңдер, мен келер жылдың да абитуриентімін.             Көзіме бұрқ етіп, жас тығылғаны. Көңілім босап бара жатты. Сыртқа атып шықтым. Бөлмеде киіммен  жатып қап едім, өздері кеп  оятты. Ұйқы қайда, өтірік ұйықтаған болып жатырмын да. - Жүрші,  емтихан-емтихан деп уақыт болмап еді, бір қыдырайықшы, дейді Фатима. Жанымда мөлдіреген Нұрпаш. Өңі сынықтау, маған кінәлі жанарымен қарайды. «Жоқтық жомарттың қолын байлайды» демекші, қалта түбіндегі  жолдық қана тиын-тебен   жатқанын олар қайдан білсін. Ымырт. Тротуар бойындағы адамдар сұлбасы қараң-құраң көрінеді. Үшеуміз санап басып  қатар жүріп келеміз. Екеуі  көңілімді аулауға тырысады. Өкініш жаншыған кеудемді көтере алмай зілдене түсем. Жасандылыққа  үйрене алмаймын да, сірә. Құрт жеген баладай бұртиып, аузым ашылар емес. - Бейсенбай, оқыған  өлеңдеріңнің бәрін-бәрін Нұрпашқа  арнадың ғой, ә? - оң жағымдағы Фатима  дүңк еткізіп қойып қалды. - Иә-иә... Жо-жоға... Сасып қалдым. Нұрпаш  мойнын  иіп, төмен  қарады. Құрбысы сыңғырлай  күлді.  Әлсіз жел  тербеліп, төбеден  қалбаңдап төрт-бес жапырақ жауды. Сап-сары. Күздің де  келіп қалғаны-ау. Мына, студент  қыздар  ендігі  бес жылдың  жазын да,  қысын да, көктемін де осында өткізеді. Ал мен ше?..                           Жапырақтар  жауған күзде нөпір боп                         Жазалама бұл ұлыңды соқыр деп... Байғұс жүрегім жырлай ма, жылай ма? Әңгімеміз қиыспады. Жатақханаға таянғанда: - Нұрпаш, тұра тұршы, - деп біреу кес-кестеді. Сәрсен!. Теңселіңкіреп келіп Нұрпаштың білегіне жармасты. Қызу көрінеді. - Бейсенбай, қой деші мынаған. Тұра ұмтылып ем, көзім жарқ етіп, топырақ қауып, дөңгелеп түстім. Көзім тұманданып, зеңгіп әрең көтерілдім. Фатима шырылдап жатақханаға сүйреледі. Қыздардың бөлмесіндегі айнаға қарасам, көзім шатырдай ісіңкі «Сиыршы жәкеміздің тұңғышы қалада бір ай болам деп жүлік болып кетіпті!» - дейді-ау желсөзді кей жеңгейлер. Екі шынтағым сырылып, шып-шып қан шығып тұр. Іле Нұрпаш ентіге жүгіріп келіп төсегіне етпеттей құлай кетті. Иығы бүлкілдеп жылап жатыр. Қаным мұндай қараймас. Үндемей шығып кеттім. Әлгі ыздиған нақұрысты көрсем жеп жіберердей денем қалшылдап, ал кеп ізде! Ұшты-күйлі жоқ. Қолыма ұстағаным, қайдан түскені белгісіз, су краныңың тұтқасы. Көрер таңға көз ілсемші. Бәріне өкіндім. Гүлді иесіне табыс ете алмағаныма, әлгі «артистің» жағасын жыртпағаныма, жаңа жылаған қызды жұбатпағаныма, ездігіме налыдым. Оқуға да түсе алмадым. Келер жылы болсыншы, келер жылы!..  Әдеби әлем
18.11.2013 04:37 3705

    Дәл кәмелеттік аттестат  алар күні  бүкіл ұлдар  шашымызды  ұстарамен  сыпырып тастағанбыз. Неге? Еріккендік пе, жоқ ержеттік  дегендік пе, әйтеуір біреуміздің ұсынысымызға  ду қосылғанымыз бар.

Үй саламыз деген қаржыдан жиырма сомды әрең алып,  қалаға тартып отырдым.

Ауылымыз астанаға  тиіп тұрса да,  онда небәрі  екі-үш  мәрте  ғана  болыппын.  Айналаның бәрі таңсық.

Екі құлағы  тақыртөбе  баурайындағы  локатордай   желпиген,  мойны құрықтай, аласа бойлы,  жасқаншақ бозбала  тротуарда  айналаға  именшектей  көз тастап келеді.  Үстінде тор көзді  жасыл жейде, қолында  газетке  қолайсыз ораған  бума қағаз.

Бұл - мен едім. КазГУ-дің журфагіне  құжатымды  екі күн шұбырған кезекте  тұрып әрең тапсырдым.  Ондағы   тоқпақтай келіншек  берекемді  алып,  тіпті  тұқыртып тастады да, тілдей қағаз берді.

Бұл жатақханаға  жатқызуға  рұқсат қағаз болып шықты.  Бір бөлмеде  сегіз абитуриентпіз. Тарих факультетіне  келген  Кенжехан  екеуміз бір ауылдан  болғандықтан  жұбымыз  жазылмайды.  Ол  мектепті  менен  бір жыл  бұрын  бітірген. Денелі, пысық жігіт.

Кәдімгідей  жатақхананың  абыр-сабыр тірлігі  басталды. Анау-мынау қақ-соқтан  аулақ,  бар уақытты  тек сабақ  оқумен өткізуге тырысам.  Күндіз бөлмедегілер жан-жаққа тарап кетеді де, жалғыз өзім кітапқа  көміліп отырғаным. Бар арманым оқуға түсу «Әлгі сиыршының баласы да  студент болыпты-ау», - деп  елді таңырқату. Қолынан талай істер, ұлы жеңістер келетінін, кейбіреулерге іштей дәлелдемекпін.

Аяқты төсектің жақтауына сүйеп қойып,  жастықты бауырға басып, «Қазақ тілін» аударыстырып жатқанмын. Алақандай жапырақтарын самал сипаған зәулім бәйтерек терезеден төніп тұр. Көзім талса, сары қанат жапырықтарға қараймын. Жүрегім сыздап, өлең жазғым келеді.

Есік тық-тық етті де, бір қыз кіріп келді. Атып тұрып жалаңаш аяғымды жасырып әуремін. Босаға төрінде иттен қорыққан лақтай бойжеткен тұр.  Иығынан құлаған бұрымындағы бантигі жаңа келіп қона қалған  көбелектің қанатындай делие қалыпты.

Рұқсат па екен? - қыз  ернін тістей жымиды. Мен лекіте  күле салдым. - Үтігіңіз бар ма?

 А-а, бар-бар. Қазір-қазір.

Шифонердің ішін ақтарып, одан төсектің астындағы  шабадандарды ары-бері аударып, қағыстырып жатып,  әзер тауып бердім.

- Рахмет! - Қыз сып беріп шығып кетті. Түнгі найзағайдан жартасты көргендей, тағы да   сол сурет қайталанса екен деген  тіленші сезімде тұрып,  коридорға шықтым. Ары-бері асыққан,  аптыққан абитуриенттер. Әуелі, жаңағы  бойжеткеннің қай бөлмеде тұратынын сұрамаппында-ау.

Кітап оқуға зауқым да соқпады. «Қазақ тілін» қолтыққа алып, аллея ішін аралап кеттім.

Тамақтануға да кесте жасап алғанмын. Ертелі-кеш  базардағы көк пен әсіресе помидорды нанға қосып жеп, асханаға  түсте ғана барамын. Әрі ақшаға үнем, әрі сергек жүресің. Сосын болашақ студент болғандықтан, өзіңді-өзің  қазірден тәрбиелеу керек. Есебім бойынша жиырма сом толық жетуі тиіс.

Кешқұрым төрт көзіміз түгел отырғанда есік тағы тақылдады. Манағы қыз үтікті қайыра әкепті. Кетісімен жігіттер әдемілігін айтып таңдай қағысты. Бөлмемізде мұрт қойған сақа джентелмендер де бар, қызғанып қалдым. Жоқ, бағым бар екен, ертесіне -ақ таныстым. Помидорға тұз сеуіп қойып нанмен соғып отырсам, кіріп келгені бар емес пе!

-Мынаны алуға бола ма? - деп аяғының астындағы шүберекке  қарайды. - Кезекші едім.

Келіңіз, дәм татыңыз. Таңғы ас деген...

Ол наннан шөкіп  аузына салды. Ерні қайымдасып, Рафаэльдің  суретіндегі Мадонналардай үлбірейді.

Қайда тұрасыз?

Мына  қарсыдағы қырық бірінші бөлмеденмін.

Соны айтты да, рұқсатымды күтпестен шүберекті алып кетті. Демек, бұл да ауылдікі, биыл бітірген.

Сол күні  кешке  мен қарсы бөлмедегі  төрт қыздың ортасында отырдым. Ерлігім ұстап, барымды киініп,  сөзбен жасанып дегендей арнайы  дайындалып келгенмін.Шетінен  әзілқой, көңілді жандар  болып шықты. Ресми бөлімнен тез аттап кеттік.

Әлгі үркек лақ секілді таныс қыздың есімі - Нұрпаш. Биофактің  абитуриенті. Кластасы Фатима екеуі Аягөзден келіпті. Төртеуі  де Алматыны дәріптейді. Мені осы жерлік деп қояды. Фатима  ерке, ашық мінезді, толықша келген ақ сары қыз.

Нұрпашқа күй тартқызшы, - дейді. Жинақы төсек үстінде домбыра жатқан, иесі Нұрпаш болды ғой.

-Қане, өнерін көрелік.

Қыз қызарақтады. Жан-жақтан қоймаған соң қызыл домбыраға  қолын созды.

Алғашында домбыра бағынбай, үні іште дүңгірлеп, алып қашты. Қайта-қайта тиегін бұрап, бабына келтірген соң, бірден  «Сарыарқаны» аңыратты. Кәдімгі анау-мынау сауыққойға  алдырмайтын  адуын күй мына шынашақтай қыздың саусағынан буырқанып, төгілді дерсің. Менің көз алдыма Сарыарқа емес, өзім көрген алып таулар, ызалы өзендер,  аламан бәйге елестейді.

Сіз тартыңызшы,- деп маған ұсынғаны. Тыңдағанды тәуір көргенім болмаса, бұйырмаған өнер. Фатима да желдірмелетіп, шерте біледі екен.

Бөлмеде болмағаныма Кенжехан кәдімгідей абыржыпты.  Қайда болғанымды тақақтап сұрап жатыр. Фатима саған лайық деген емеурін білдірдім. Енді екеуміз ертеңді күттік.

Сәлеметсіздер ме? - деп  әр кеш қарсыдағы  бөлмені  тақылдатып Кенжехан екеуміз кіріп барамыз. Қыздар үкідей ұшып тұрып қарсы алады. Күнде күй тыңдаймыз. Кейде бойжеткендер сыңсып ән салады. Күй құдіретін де енді-енді сезінгендеймін, қос ішектің бебеу қаққан үніне ғашықпын, қызыл шанақты  ұрғылаған балғын саусақтарға  қарай беруден жалығар емеспін, анау айқастырып қойған,  күнге тотыққан  толық балтырларға анда-мұнда  ұры жанарым түсе кетеді, ішпей-жемей мас болып отырып қолқалап, атын естіген бар күйді  шерттіремін дерсің.

Олар маған өлең оқытады. Жазып жүретінімді айтып қойған Кенжехан. Күнде жаңа, бәрін табындыратын құдіретті жыр жазып келуге тырысамын. Тіл әдебиеті факультетінің  абитуриенті Фатима таңдайын қағып,  аһ ұрады. Белгісіз періште қызға арнаған махаббат толғауларымды оқығанда Нұрпаштың жүзі алакүреңденіп, күлімсіреген  күйі төмен қарайды.

Бір-біріне  тиіп  тұрған  емтихандарға да бұрылмай, Кенжеханның ұсынысымен киноға бардық. Ортамызға төрт қызды алып, жігіт құсап, екеуміз екі шетінде отырдық. Жанымдағы Нұрпаш фильмдегі бір қорқынышта  қолымнан ұстай алған. Біткенше саусақтары  алақанымда жатты. Шам жарқ ете қалғанда, байқамаппыз, мұнымызға екеуміз де абыржып қалыстық.

Қатаң кестені бұзып, қыздарды анда-мұнда серуенге апаратын болдым. Балмұздаққа дейін сыңғырлаған тиын. Оған қарайтын Бейсенбайың жоқ.

Алғашқы емтиханды мен беске Кенжехан  үшке тапсырды. Ол енді конкурстан өте алмаймын деп ауылға жиналды.

- Мә, әдейі оқуға деп алып кеп едім, жол болмады. Қыздарды қыдыртқаныңа қажет етерсің, - деп отыз сом тастап кеткені. Әй, дүниеде жаны жомарт, мәрт жігіттер кездеседі-ау, үшеумізді бір күн қаланы әбден аралатып, сыйлады. Кенжеханды  автостанцияға  дейін шығарып  салыстық.  Ол кетісімен  шұбырған емтиханды тапсыру басталды.  Үшеуміз де түп-түгел сөре басына аман  жеттік-ау.

Нұрпаштарға конкурс болатын корпусты торуылдап көп жүрдім. Қолымда бір шоқ гүл. Шақырайған түс болды, есік көзінде  оны күтіп мен тұрмын. Әйтеуір күн батысқа құлар тұста екі қыздың  ортасында келе  жатыр екен. Өзара күле әңгімелесіп, қуаныштарын жасыра  алар емес. Ол студент! Жанымнан өте шықты. Көбелек түстес бантигіне дейін еркелеп бара жатқан сияқты-ау. Өкшелеп соңынан түстім. Дүниеде гүл сыйлау,  құттықтау азап екен. Жиған-терген  ой шашырап, өне бойымды  ұяңдық басты да алды. Әне ол екеуінен  бөлініп  тротуарға жеке түсті. Қарсы бетке өтті. Ентелей жүгіріп жете  бергенімде әдемі  бес қабатты сары үйдің подъезіне кірді де кетті.  Ал, саған!

Жатақханаға салым суға кетіп қайттым. Бөлмедегі сегіз абитуриенттен  екеу ғана қалғанбыз. Ертең біздің конкурс.

Кешке  қыздар бөлмесіне келмеді.

Шет тілінен үш алған едім. Сол кесір болып,  әрі мектепті жаңа ғана бітіргенім бар, қабылданбадым. Басқа қаладағы институтқа барсаң қайтеді деп көрді.  Жоқ,  мен тек  осы университетте ған  оқитын болам!

Құжатымды құшақтап қайту қамына кірістім. Бөлмеде  кешегі шоқ гүл әлі тұр.  Үлбіреген оны көріп,  көңілім май ішкендей  кілкілдейді-ай келіп. Қыздардың есігін тарсылдатсам:

Кіріңіз, - деген жігіт даусы шықты. Қақ төрдегі  орындықта қолына домбыра ұстаған шашын шалқайта тараған жігіт отыр. Шашы бұйра, киімі де құйып қойғандай шап-шақ. Өзі өңді-ақ. Күйден күй шертеді, онысы да жарасымды. Қыздарды ынтықтыра  түскісі келгендей пернені  сылқым тербетіп,  әуезді шертпе  күйді қалайды. Кербез тартысы  жүйкені әлдилеп, сылап,  сипап тоқтады.

Бейсенбай, танысып қой, Сәрсен, біздің жерлесіміз,- деді Нұрпаш.

Үлкен шахматшы. Зооветте  оқиды, - деп Фатима  қосып қойды. Маған Сәрсен шахматшы да емес, болашақ мал маманы да емес, артист сияқты көрінді. Мінезі мен  сөзінің қайсысы табиғи ажырату қиын. Оның  сұғанақ жанары мен  тесіле қарасынан Нұрпаш қымсынып қалады. Шашын  сілкіп тастап, бір кезде шығып кетті-ау.

Қыздар мен ауылға қайтатын болдым.

А-а, неге? - Нұрпаш орнынан  атып тұрды. Даусы да қатты шықты.

Екеуің бақытты студентсіңдер, мен келер жылдың да абитуриентімін.

            Көзіме бұрқ етіп, жас тығылғаны. Көңілім босап бара жатты. Сыртқа атып шықтым. Бөлмеде киіммен  жатып қап едім, өздері кеп  оятты. Ұйқы қайда, өтірік ұйықтаған болып жатырмын да.

- Жүрші,  емтихан-емтихан деп уақыт болмап еді, бір қыдырайықшы, дейді Фатима. Жанымда мөлдіреген Нұрпаш. Өңі сынықтау, маған кінәлі жанарымен қарайды. «Жоқтық жомарттың қолын байлайды» демекші, қалта түбіндегі  жолдық қана тиын-тебен   жатқанын олар қайдан білсін.

Ымырт. Тротуар бойындағы адамдар сұлбасы қараң-құраң көрінеді. Үшеуміз санап басып  қатар жүріп келеміз. Екеуі  көңілімді аулауға тырысады. Өкініш жаншыған кеудемді көтере алмай зілдене түсем. Жасандылыққа  үйрене алмаймын да, сірә. Құрт жеген баладай бұртиып, аузым ашылар емес.

- Бейсенбай, оқыған  өлеңдеріңнің бәрін-бәрін Нұрпашқа  арнадың ғой, ә? - оң жағымдағы Фатима  дүңк еткізіп қойып қалды.

- Иә-иә... Жо-жоға...

Сасып қалдым. Нұрпаш  мойнын  иіп, төмен  қарады. Құрбысы сыңғырлай  күлді.  Әлсіз жел  тербеліп, төбеден  қалбаңдап төрт-бес жапырақ жауды. Сап-сары. Күздің де  келіп қалғаны-ау. Мына, студент  қыздар  ендігі  бес жылдың  жазын да,  қысын да, көктемін де осында өткізеді. Ал мен ше?..

 

                        Жапырақтар  жауған күзде нөпір боп

                        Жазалама бұл ұлыңды соқыр деп...

Байғұс жүрегім жырлай ма, жылай ма? Әңгімеміз қиыспады. Жатақханаға таянғанда:

- Нұрпаш, тұра тұршы, - деп біреу кес-кестеді. Сәрсен!. Теңселіңкіреп келіп Нұрпаштың білегіне жармасты. Қызу көрінеді.

- Бейсенбай, қой деші мынаған.

Тұра ұмтылып ем, көзім жарқ етіп, топырақ қауып, дөңгелеп түстім. Көзім тұманданып, зеңгіп әрең көтерілдім. Фатима шырылдап жатақханаға сүйреледі. Қыздардың бөлмесіндегі айнаға қарасам, көзім шатырдай ісіңкі «Сиыршы жәкеміздің тұңғышы қалада бір ай болам деп жүлік болып кетіпті!» - дейді-ау желсөзді кей жеңгейлер. Екі шынтағым сырылып, шып-шып қан шығып тұр. Іле Нұрпаш ентіге жүгіріп келіп төсегіне етпеттей құлай кетті. Иығы бүлкілдеп жылап жатыр.

Қаным мұндай қараймас. Үндемей шығып кеттім. Әлгі ыздиған нақұрысты көрсем жеп жіберердей денем қалшылдап, ал кеп ізде! Ұшты-күйлі жоқ. Қолыма ұстағаным, қайдан түскені белгісіз, су краныңың тұтқасы.

Көрер таңға көз ілсемші. Бәріне өкіндім. Гүлді иесіне табыс ете алмағаныма, әлгі «артистің» жағасын жыртпағаныма, жаңа жылаған қызды жұбатпағаныма, ездігіме налыдым. Оқуға да түсе алмадым. Келер жылы болсыншы, келер жылы!..

 Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға