Жаңалықтар

«Хабардан» Бекзат кетті...

Астанадан ауылға тағы бір журналист аттанды. Қалың қазаққа «Хабар» телеарнасы кешкі жаңалықтарының айташысы болып танылған Бекзат Жүсіп Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы Ұштаған ауылында туған. Маңғыстау облыстық политехникалық колледжінде оқып жүргенде «Қазақстан» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан Ақтау» телеарнасына қызметке шақырылады. Телеарнадағы қадамын тілшіліктен бастап, жаңалықтар жүргізушісіне дейінгі сатылардан өткен. 2007 жылы Маңғыстау облысы әкімінің грантына ие болған Бекзат Бақбергенұлы Алматыдағы ҚазҰУ журналистика факультетіне оқуға түсті. Оқып жүріп қалалық «Алматы», республикалық «КТК»  телеарналарында қызмет еткен.  2012 жылы қаңтарда «КТК»  теларнасының Астана бюросына қызметке келді. Бұндағы азғана қызметтен соң «Хабар» телеарнасына ауысып, арнаның кешкі жаңалықтарының айташысы болды. Үйленген, бір ұлы бар.   Журналистка қазанында қайнап, шынығып қалған әріптесімізге жаңа қызметте де шымырлық тілейміз. Биіктей бер, Бекзат! Алмас АЛТАЙ
18.11.2013 03:19 6032

Астанадан ауылға тағы бір журналист аттанды. Қалың қазаққа «Хабар» телеарнасы кешкі жаңалықтарының айташысы болып танылған Бекзат Жүсіп Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Жүсіп Бекзат Бақбергенұлы 1989 жылы Маңғыстау облысы Ұштаған ауылында туған. Маңғыстау облыстық политехникалық колледжінде оқып жүргенде «Қазақстан» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан Ақтау» телеарнасына қызметке шақырылады. Телеарнадағы қадамын тілшіліктен бастап, жаңалықтар жүргізушісіне дейінгі сатылардан өткен. 2007 жылы Маңғыстау облысы әкімінің грантына ие болған Бекзат Бақбергенұлы Алматыдағы ҚазҰУ журналистика факультетіне оқуға түсті. Оқып жүріп қалалық «Алматы», республикалық «КТК»  телеарналарында қызмет еткен.  2012 жылы қаңтарда «КТК»  теларнасының Астана бюросына қызметке келді. Бұндағы азғана қызметтен соң «Хабар» телеарнасына ауысып, арнаның кешкі жаңалықтарының айташысы болды.

Үйленген, бір ұлы бар.  

Журналистка қазанында қайнап, шынығып қалған әріптесімізге жаңа қызметте де шымырлық тілейміз.

Биіктей бер, Бекзат!

Алмас АЛТАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға