Жаңалықтар

ТАСҚЫН

Екі алақанымды көкжелкеме қойып, анау күміс таналар тағылған алқара аспанға қарап, ойға батып жатырмын; арқамнан жаңа шабылған шалғынның сызы шым-шымдап өткен-дей болады; мұрынға балаусаның иісі келіп, осы иіс арқылы туған жердің сабырлы да салқын лебі желе жортып жеткендей болады, әне... әне... сұңғақсұлу қайыңның жапырағы, үп еткен жел тербеген сайып, сыбдырласып шүйіркелессе, әлдеқайдан ат кісінейді, әлдеқайдан түнгі жаңғырық, әлде-қайдан әсем созылған мұнлы ән естіледі; дәл іргеден үйрек сымпылдап, бақа бақылдайды; көзімді жұмдым, - бәрібір осы тамылжыған талмауыр көріністі көремін; құлағымды басамын, - бәрібір сиқырлы да сыбызғылы әуезді естимін; тәңірім-ау, бұл не ғажап; неге жүрегім сыздап, көзіме жас іркілді? Құдай-ау, мен жылап жатырмын ғой... бұл не? Жоқ! Бұл - туған жердің торқалы топырағына деген аялы да іңкәр сезімнің алақаны маңдайымнан сипағанда, өре түрегелген тәкаппар көңілдің шын елжіреуі; мен, неге екені белгісіз, қапияда туар ұлы шуылды елегізи тосып, аландай аңсап жаттым; бәрі тамаша, бәрі маужыраңқы, жақсы іспетті; әйтсе де бір ақылды тентек үн, өр серпіген қарқара дүбір, уа, асқаралы айбарды көксеулі көңіл; сонда мен: "Ей, ағайын, төрт көзің түгел кереметсің, бірақ мен мынау еміс-еміс естілген сарынды қиқулы үнді сағынамын", - деп, жар салғым келді; міне, ол үн; ұйқылы-ояу табиғат дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып, табанын тас отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алты ағысты, асығыс ағысты, сұрапыл шуылмен сел ақты; ол көктемгі тасқын; ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла сапары - оң сапары еді; құлақты адасып барып, алжасып барып арнасын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шырқап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас - жылайды Толқын, шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл - ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын тепсіне шығып, еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де кесірлі Толқыны! Мен жайлы да жұмсақ орнымнан атып тұрып, көзімнің жасын сүрттім де: "Жасасын, жас Толқын!" - деп, бар даусыммен айқай салдым; менің үнімді аңғал-саңғал маубас таулар, ойдан басқа түк бітірмейтін ормандар, бір күнгі тоқтыққа мәз қаз-үйректер, арқасынан қақса асқақтай беретін аспан, өз пайдасының құлы - құрбақалар, жыпжықай шымшық шаптығып тыңдап, құдіретіне көзі жеткен соң, шаттықпен қайталады... қайталады; табиғаттың кенже ұлы "Тасқын" қаңсыған арнаны аласапыран жойқын үнге бөлеп, сай-сүйегіңді сырқыратар өміршең шуылмен асығыс ағып бара жатқан... Ер екеніңді білейін, осындай тау толқынды тасқынға қарсы қауқар тапшы! Әдеби әлем
18.11.2013 03:08 3425

Екі алақанымды көкжелкеме қойып, анау күміс таналар тағылған алқара аспанға қарап, ойға батып жатырмын; арқамнан жаңа шабылған шалғынның сызы шым-шымдап өткен-дей болады; мұрынға балаусаның иісі келіп, осы иіс арқылы туған жердің сабырлы да салқын лебі желе жортып жеткендей болады, әне... әне... сұңғақсұлу қайыңның жапырағы, үп еткен жел тербеген сайып, сыбдырласып шүйіркелессе, әлдеқайдан ат кісінейді, әлдеқайдан түнгі жаңғырық, әлде-қайдан әсем созылған мұнлы ән естіледі; дәл іргеден үйрек сымпылдап, бақа бақылдайды; көзімді жұмдым, - бәрібір осы тамылжыған талмауыр көріністі көремін; құлағымды басамын, - бәрібір сиқырлы да сыбызғылы әуезді естимін; тәңірім-ау, бұл не ғажап; неге жүрегім сыздап, көзіме жас іркілді? Құдай-ау, мен жылап жатырмын ғой... бұл не? Жоқ! Бұл - туған жердің торқалы топырағына деген аялы да іңкәр сезімнің алақаны маңдайымнан сипағанда, өре түрегелген тәкаппар көңілдің шын елжіреуі; мен, неге екені белгісіз, қапияда туар ұлы шуылды елегізи тосып, аландай аңсап жаттым; бәрі тамаша, бәрі маужыраңқы, жақсы іспетті; әйтсе де бір ақылды тентек үн, өр серпіген қарқара дүбір, уа, асқаралы айбарды көксеулі көңіл; сонда мен: "Ей, ағайын, төрт көзің түгел кереметсің, бірақ мен мынау еміс-еміс естілген сарынды қиқулы үнді сағынамын", - деп, жар салғым келді; міне, ол үн; ұйқылы-ояу табиғат дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып, табанын тас отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алты ағысты, асығыс ағысты, сұрапыл шуылмен сел ақты; ол көктемгі тасқын; ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла сапары - оң сапары еді; құлақты адасып барып, алжасып барып арнасын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шырқап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас - жылайды Толқын, шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл - ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын тепсіне шығып, еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де кесірлі Толқыны! Мен жайлы да жұмсақ орнымнан атып тұрып, көзімнің жасын сүрттім де: "Жасасын, жас Толқын!" - деп, бар даусыммен айқай салдым; менің үнімді аңғал-саңғал маубас таулар, ойдан басқа түк бітірмейтін ормандар, бір күнгі тоқтыққа мәз қаз-үйректер, арқасынан қақса асқақтай беретін аспан, өз пайдасының құлы - құрбақалар, жыпжықай шымшық шаптығып тыңдап, құдіретіне көзі жеткен соң, шаттықпен қайталады... қайталады; табиғаттың кенже ұлы "Тасқын" қаңсыған арнаны аласапыран жойқын үнге бөлеп, сай-сүйегіңді сырқыратар өміршең шуылмен асығыс ағып бара жатқан...

Ер екеніңді білейін, осындай тау толқынды тасқынға қарсы қауқар тапшы!

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға