Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Уақиға былай болған екен. Біздің шал әдеттегісіндей күн шықпай тұрады. Сауын сиырларын өрістен айдап қайтуға Ұзақ тауына беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұсап жіберген құла аты сиырлармен бірге жайыпатын. Малын гүгендейді. Көк тайыншадан өзгесі өрісте жүр екен. Құла аттың тұсауын шешіп, жайдақ мініп жер шолады. Жоқ. Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ңғыл-шұңғыл, бұта-қарағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. Топтанып қайың өскен, сол қайыңның дәл түбінде көк тас жатағын, сол көк тастың алқымынан қайнап бастау ағатын бала кезінде, сол жерді - "Апамның көк тасы" деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, күні бойы жүн түтіп, иіріп отыратын шешесі елестейді. Енді құла аттың басын солай бұрған. Өз көзіне -өзі сенбеді. Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Кезі алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас, серейіп терт сирақ жатыр. Ұры әккі, әрі саспайтын қу болса керек, бастаудың суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып алған. Меншікті сиырын соғымға жыққандай-ақ, боршалап, әдемілеп сойғаны соншалық - тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. Шалдың жүрегі сыздап ауырды. Малым қолды болды деп емес, атаңа нәлет ұрының басынға-иына, саспай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып әкетіп қалғанына, ит жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де жасанданып жататын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қарағанда ұры - екеу секідді. Деген-мен, батырға да жан керек, бірі сасқалақтап жүріп, қамшы-сын қалдырып кетіпті. Басқа көзге ұрып, куәға тартар дерек жоқ. Күн ұясынан көтеріліп, етекте жайрап жатқан ауыл қыбыр-қыбыр тіршілік қамына кіріскенде, жайдақ атты ұрының қамшысымен сипай қамшылап, үйіне қайтты. Бұл шақта күздің сан алуан бояуына малынған табиғат тамылжып-ақ тұр еді... Милидияға хабарлады. Өз беттерінше әрекет жасаған жоқ Қыркүйекте шақырған милидия қызметкері қараша біткенде келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса кайтер еді. Ауданнан күніне бір рет қатынайтын сары ала автобустан милидия формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар кіші лейтенант В. В: Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне беттеді. Оның төбесі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның өзі келе жатқандай қуаныштары қойнына сыймаған. Самаурынға шай қойды, қадзанға ет асты. Астына көрпе, шынтағына жастық төседі. Тамақ ішіп, ар жағына ел қонғанша, В. В. Окинков ләм-мим деп еш нерсе сұрамады. Жамбастай жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына қарады. Қолын тарақтап желкесіне салып, шалқасынан жатты. Көзі ілініп кетті білем, мұрны шүр ете қалып еді, сабағы бітіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып жіберді. "Ұйқтасаңшы, ұрыны іздеймін деп шаршадың ғой", - деді шешем. - Сонымен, - деді В. В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, - сиырларыңыз қашан жоғалды? - Осыдан бір жарым ай бұрын, - деді әкем оған жақтырмаған кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-әрекеті ішіне сыймағанда, бір шақша насыбайды бір сағатта атып қоюшы еді). - Неге ерте хабарламадыңыздар? - Хабарлағанбыз. - Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? - деді әкеме тіктей қарап. - Раисов Исахан. - Сіздің фамилияңыз, апа? Шешем әкеме: - Әй шал, айтсаңшы, - деді. - Ол да Раисова. - Дұрыс-сс... с... Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері... - Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі әдемі, келісті біткен керіскедей. - Тұра тұрыңыз, - деді әкемнің сөзін бөліп, - керіскедей деген белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз? - Шырағым-ау, кімнің ұрлағанын біпсем, сендерден көмек дәметіп нем бар? - Дұр-ы... с... ссс... іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе шай құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұрғанда қайтайын, асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп. Қанат В. В. Окинковты иттен шығарып салды. Әдеби әлем
18.11.2013 02:55 3070

Уақиға былай болған екен. Біздің шал әдеттегісіндей күн шықпай тұрады. Сауын сиырларын өрістен айдап қайтуға Ұзақ тауына беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұсап жіберген құла аты сиырлармен бірге жайыпатын. Малын гүгендейді. Көк тайыншадан өзгесі өрісте жүр екен. Құла аттың тұсауын шешіп, жайдақ мініп жер шолады. Жоқ. Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ңғыл-шұңғыл, бұта-қарағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. Топтанып қайың өскен, сол қайыңның дәл түбінде көк тас жатағын, сол көк тастың алқымынан қайнап бастау ағатын бала кезінде, сол жерді - "Апамның көк тасы" деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, күні бойы жүн түтіп, иіріп отыратын шешесі елестейді. Енді құла аттың басын солай бұрған. Өз көзіне -өзі сенбеді. Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Кезі алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас, серейіп терт сирақ жатыр. Ұры әккі, әрі саспайтын қу болса керек, бастаудың суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып алған. Меншікті сиырын соғымға жыққандай-ақ, боршалап, әдемілеп сойғаны соншалық - тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. Шалдың жүрегі сыздап ауырды. Малым қолды болды деп емес, атаңа нәлет ұрының басынға-иына, саспай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып әкетіп қалғанына, ит жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де жасанданып жататын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қарағанда ұры - екеу секідді. Деген-мен, батырға да жан керек, бірі сасқалақтап жүріп, қамшы-сын қалдырып кетіпті. Басқа көзге ұрып, куәға тартар дерек жоқ.

Күн ұясынан көтеріліп, етекте жайрап жатқан ауыл қыбыр-қыбыр тіршілік қамына кіріскенде, жайдақ атты ұрының қамшысымен сипай қамшылап, үйіне қайтты. Бұл шақта күздің сан алуан бояуына малынған табиғат тамылжып-ақ тұр еді...

Милидияға хабарлады. Өз беттерінше әрекет жасаған жоқ

Қыркүйекте шақырған милидия қызметкері қараша біткенде келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса кайтер еді.

Ауданнан күніне бір рет қатынайтын сары ала автобустан милидия формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар кіші лейтенант В. В: Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне беттеді. Оның төбесі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның өзі келе жатқандай қуаныштары қойнына сыймаған. Самаурынға шай қойды, қадзанға ет асты. Астына көрпе, шынтағына жастық төседі. Тамақ ішіп, ар жағына ел қонғанша, В. В. Окинков ләм-мим деп еш нерсе сұрамады. Жамбастай жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына қарады. Қолын тарақтап желкесіне салып, шалқасынан жатты. Көзі ілініп кетті білем, мұрны шүр ете қалып еді, сабағы бітіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып жіберді. "Ұйқтасаңшы, ұрыны іздеймін деп шаршадың ғой", - деді шешем.

- Сонымен, - деді В. В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, - сиырларыңыз қашан жоғалды?

- Осыдан бір жарым ай бұрын, - деді әкем оған жақтырмаған кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-әрекеті ішіне сыймағанда, бір шақша насыбайды бір сағатта атып қоюшы еді).

- Неге ерте хабарламадыңыздар?

- Хабарлағанбыз.

- Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? - деді әкеме тіктей қарап.

- Раисов Исахан.

- Сіздің фамилияңыз, апа?

Шешем әкеме:

- Әй шал, айтсаңшы, - деді.

- Ол да Раисова.

- Дұрыс-сс... с... Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері...

- Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі әдемі, келісті біткен керіскедей.

- Тұра тұрыңыз, - деді әкемнің сөзін бөліп, - керіскедей деген белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз?

- Шырағым-ау, кімнің ұрлағанын біпсем, сендерден көмек дәметіп нем бар?

- Дұр-ы... с... ссс... іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе шай құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұрғанда қайтайын, асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп.

Қанат В. В. Окинковты иттен шығарып салды.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға