Жаңалықтар

І БӨЛІМ

Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай әп-әдемі тізілген жазу - бұл хатты қарындасым Мәнсия жазғанын айнытпай танытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу хатының аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ тауының бауырында ұрлап, сойып әкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, көзі алайған басы ғана қалған... Мал ашуы -жан ашуы деген ғой, әке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. Милидияға хабарлаған, әлі хабар жоқ. Көк тайыншаның орны бөлек еді-ау, қорамыздың бір бұрышы үңірейіп қалғандай болды. Енесі - көк сиыр да үдайы үш күн меңіреп жоқтаған екен. Есесіне ағайындар ойран-асыр, әлемдегі ең бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым болар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған "данышпан" тайыншаның айдың- күннің аманында қолды болуы, әрине, жандарын жай таптырған. Ағымнан жарылсам, осы "суық хабарды" естіген соң көңілім жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шыңылдап, басым айналып, көзім қарауытқандай болған соң, дәрігерге барып едім: "Жүйкең жұқарған, бір нәрсені қатты уайымдағансыз, дем алу керек" деп шығарып салды. Жазғы демалыста ауылға барғанымда, әлгі қолды болған көк тайыншаны алғаш рет көріп, қайран қалып едім. Қайран қалған себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары әлде бұқадан, әлде ауа-райының күрт өзгеруінен, себебін кім білсін, әйтеуір, шыбыштанып, ұсақтап бара жатқан. ірі қара тұқымының осыншалық азуы, әсіресе, шешемнщ жайын жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл сиыр сатып алайық деп, ертеден қара кешке дейін әкемнің құлағына маза бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, не берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маңқайып күйсейтін асып тұқымды текті сиырлар бұл ауылдың асыл арманына айналған. Ал мен жазда көрген көк тайыншаның жөні бір басқа, керіскедей-ау, керіскедей. Қайдан ғана қаңғып туылғанын кім білсін, көрші-қолаңның аузының суын құртатын әдемі еді-ай жарықтық. Иә, ал енді "жарықтық" келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас, қызып бұзауы бар, таудан асып барады екен деймін. Артына қарап мөңіреді де, көрінбей кетті... мәңгілікке...                                                                  Әдеби әлем
18.11.2013 02:52 3229

Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай әп-әдемі тізілген жазу - бұл хатты қарындасым Мәнсия жазғанын айнытпай танытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы класта оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу хатының аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ тауының бауырында ұрлап, сойып әкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, көзі алайған басы ғана қалған... Мал ашуы -жан ашуы деген ғой, әке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. Милидияға хабарлаған, әлі хабар жоқ. Көк тайыншаның орны бөлек еді-ау, қорамыздың бір бұрышы үңірейіп қалғандай болды. Енесі - көк сиыр да үдайы үш күн меңіреп жоқтаған екен. Есесіне ағайындар ойран-асыр, әлемдегі ең бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым болар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған "данышпан" тайыншаның айдың- күннің аманында қолды болуы, әрине, жандарын жай таптырған.

Ағымнан жарылсам, осы "суық хабарды" естіген соң көңілім жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шыңылдап, басым айналып, көзім қарауытқандай болған соң, дәрігерге барып едім: "Жүйкең жұқарған, бір нәрсені қатты уайымдағансыз, дем алу керек" деп шығарып салды.

Жазғы демалыста ауылға барғанымда, әлгі қолды болған көк тайыншаны алғаш рет көріп, қайран қалып едім. Қайран қалған себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары әлде бұқадан, әлде ауа-райының күрт өзгеруінен, себебін кім білсін, әйтеуір, шыбыштанып, ұсақтап бара жатқан. ірі қара тұқымының осыншалық азуы, әсіресе, шешемнщ жайын жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл сиыр сатып алайық деп, ертеден қара кешке дейін әкемнің құлағына маза бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, не берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маңқайып күйсейтін асып тұқымды текті сиырлар бұл ауылдың асыл арманына айналған. Ал мен жазда көрген көк тайыншаның жөні бір басқа, керіскедей-ау, керіскедей. Қайдан ғана қаңғып туылғанын кім білсін, көрші-қолаңның аузының суын құртатын әдемі еді-ай жарықтық. Иә, ал енді "жарықтық" келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас, қызып бұзауы бар, таудан асып барады екен деймін.

Артына қарап мөңіреді де, көрінбей кетті... мәңгілікке...

                                                                

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға