Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Ер жетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда-санда ғана қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті әлі бұзыла қойған жоқ. Әрине, алыстан жолаушы келген соң мал сояды, амандасуға ағайын-туған жиналады. Сондай бірінен соң бірі сабылып жатар ауылдастарымның ортасынан ең әуелі іздейтінім - ұршық иіріп отыратын Күлпәш еді. Шешемнен амандығын алғашқы сұрарым да сол кісі. - Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой, әйтеуір, жеті күн жерден, жеті күн - елден жеп, - шешемнің бұл сөзі зілсіз, ешбір кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені баяғыңа мал сойса, Күлпәштан қулығын асырып ымжымын көрсетпей қоятын да, егер келмей қалса: "Әлгі қатын қайда жүр, ауырып қалған жоқ па?" - деп, елегізіп іздеп отырар еді. Сыбағасын сақтап, бөлек алып қоятын. Ауылға оқта-текте бара қалсақ, "туған жердің келбеті-ай, ауасын-ай" деп тамсанып, күні кеше ғана қашқандай болып, екі қолынды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды әдетіміз бар ғой. Сондай орі жалған әрі монтаны мінез маған да жұққанды. Тыртиғаң трико киіп, қырыққан серке бүттанып, маң-маң баса өзен жаққа беттедім. Бұқтырма барған сайын молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін кеңейтіп келеді екен. Су алатын жарқабақтың жиегінде екі шелекті төңкеріп тастап, ұршық иіріп Күлпәш отыр. Кішкентай немересі құмнан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп, орнынан лып етіп тұрып қарсы жүрді. - Үйбай-ау, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені-қарның сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жасап жатыр екен ғой. Жүзіқара әбден қуланып алған, мен тіпті ауыл үй отырып сезбей қалдым. Бетімнен сүйді. - Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдырамын деп азып кетіпсің. Біздің үл шұжықтай... Иә, оқуыңды қашан бітіресің? Оныншыңан соң оныншы класка мұғалім боп жүргендер көп қой. Бітпейтін неме болса қайтып келсеңші, жаман әкеңді жалғызсыратпай. - Оқуымды әлдеқашан тауысқанмын, шеше. - Енді не ғып қайтпайсың? - Қалада қызмет істеймін. - Қызметті қайтесің. Жаман әкең отын-шөбін жеткізе алмай, біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті... Трактордың құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес... Қалада да қарап жүрмейтін шығар. Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракторист, не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опынған едім... Әкем қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы нашар, шаруасының қиюы қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін, қаладан отын-шөп жіберетін емес... Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде, самбырлай сөйлеп Күлпәш кірді. - Ей, қатын, - деді шешеме айбындап. - Неге қуанбайсың? Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май ішкен мысықтай, екі көзінді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой. Ұлыңның келгенін неге айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың емес, күні кеше мұрнынан сығып алған менің де балам. Балам болмаса - баламның жан жолдасы, күні кеше тай құлындай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай жыл-бысқаланып, Орашыңның әкелген сәлем-сауқатын жалғыз өзің жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы - қызылымыз бен жазғы - ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Баяғыда біреу "Ауыл үй қонсақ қоналық, бірақ аяқ-табақ араластырмайық" деген екен. Отыз жыл отас болған көршінің қақысынан қиын не бар бұл жалғанда. Ұлың қайда? (Мені жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-тамтығын қалдырмай сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, шөлімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұрынғыңай емес, толып, азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп, әке-шешеңді асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз жоқ, Әлгі біздің жаман ұл май-май болып, темір итаяғының ас-тынан бір шықпайды, жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын әкеліп жатқан ол емес, "апа бересілі болдым" деп, ашқарақ сиырдай мөңіреп тұрғаны. "Аласысы" қашан, ит біле ме. Неге ауыздарынды аңқайтып қалдындар, ет жесендерші. Ей, шал, жамбастың етін азайтып маған берші, - деп, салалы саусақтарын табаққа тарбайта салды. Мен аң-таңмын. Әкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал шешем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң тамағын кенеп сөз бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей... - Әй, Күлпәш, сен өйтіп бастырмалатпа. "Жуас түйе жүндеуге жақсы" деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ, көзіңнен шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суыма жетіп, есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайынды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай, ер-тоқымыңды бауырыңа алып тулағаның неткенің. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғына бас ұрған-да, төгіп-шашып әрең әкелмеп пе еді ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактормен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басында бес ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бетпақтанып міз бақтың ба?.. Енді келіп, екі иығынды жұлып жеп, тамағымнан тас өткізіп, отымның басын сабалайсың... Әдірем қал... - Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің келіп, кердендейсің келіп... Мен орнымнан тұрып кеттім. Әкем: "Жетті енді, желіге бермендер!" - деп, зекіп еді, екеуі... бірдей жым болды. Сүт пісірім уақыттан кейін, жайдары жарасып, маңдайлары жіпсіп, шай ішіп отырды. Ұзақ бір әңгімеге кеткен. Бір-біріне аса риза көңілмен рақаттана күледі. - Сен қатын да қайдағыны білесің, - деді Күлпәш құла шайды сораптай түсіп. - Шалыңның қолын қағып көргем жоқ, сен де кеңсің ғой. - Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, - деді шешем. Екеуі тағы күлді. Мен аң-таңмын. - Осы, Күлия, сен әлгі жоғалған шелегінді таптың ба? -деді Күлпәш. - Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой. - Құлағынды бері жақындатшы. - Сыбырлап сөйледі. -Тірі адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Сенің шелегіңді мен бір үйден кердім. - Қойшы әрі, рас па? - Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңпің бүйіріңде кішкене майысқаны бар еді ғой. - Дәл өзі. - Ендеше, сол шелек біздің үйде, Мағыштың сеңкесінде керосин құюлы тұр екен, танып алып келдім. Тегінде, осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра. Шешем Күлпәшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қолтығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сүйектен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатты. Өте әділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өткен бүгінгі кеңес келесі күні басқаша сипат алған. Етті асып жеп алған Күлпәш ұршығын сұратып жіберіпті... Мен аң-таңмын... Әдеби әлем
17.11.2013 11:32 3135

Ер жетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда-санда ғана қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті әлі бұзыла қойған жоқ. Әрине, алыстан жолаушы келген соң мал сояды, амандасуға ағайын-туған жиналады. Сондай бірінен соң бірі сабылып жатар ауылдастарымның ортасынан ең әуелі іздейтінім - ұршық иіріп отыратын Күлпәш еді. Шешемнен амандығын алғашқы сұрарым да сол кісі.

- Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой, әйтеуір, жеті күн жерден, жеті күн - елден жеп, - шешемнің бұл сөзі зілсіз, ешбір кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені баяғыңа мал сойса, Күлпәштан қулығын асырып ымжымын көрсетпей қоятын да, егер келмей қалса: "Әлгі қатын қайда жүр, ауырып қалған жоқ па?" - деп, елегізіп іздеп отырар еді. Сыбағасын сақтап, бөлек алып қоятын.

Ауылға оқта-текте бара қалсақ, "туған жердің келбеті-ай, ауасын-ай" деп тамсанып, күні кеше ғана қашқандай болып, екі қолынды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды әдетіміз бар ғой. Сондай орі жалған әрі монтаны мінез маған да жұққанды. Тыртиғаң трико киіп, қырыққан серке бүттанып, маң-маң баса өзен жаққа беттедім. Бұқтырма барған сайын молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін кеңейтіп келеді екен. Су алатын жарқабақтың жиегінде екі шелекті төңкеріп тастап, ұршық иіріп Күлпәш отыр. Кішкентай немересі құмнан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп, орнынан лып етіп тұрып қарсы жүрді.

- Үйбай-ау, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені-қарның сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жасап жатыр екен ғой. Жүзіқара әбден қуланып алған, мен тіпті ауыл үй отырып сезбей қалдым.

Бетімнен сүйді.

- Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдырамын деп азып кетіпсің. Біздің үл шұжықтай... Иә, оқуыңды қашан бітіресің? Оныншыңан соң оныншы класка мұғалім боп жүргендер көп қой. Бітпейтін неме болса қайтып келсеңші, жаман әкеңді жалғызсыратпай.

- Оқуымды әлдеқашан тауысқанмын, шеше.

- Енді не ғып қайтпайсың?

- Қалада қызмет істеймін.

- Қызметті қайтесің. Жаман әкең отын-шөбін жеткізе алмай, біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті... Трактордың құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес... Қалада да қарап жүрмейтін шығар.

Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракторист, не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опынған едім... Әкем қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы нашар, шаруасының қиюы қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін, қаладан отын-шөп жіберетін емес...

Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде, самбырлай сөйлеп Күлпәш кірді.

- Ей, қатын, - деді шешеме айбындап. - Неге қуанбайсың? Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май ішкен мысықтай, екі көзінді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой. Ұлыңның келгенін неге айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың емес, күні кеше мұрнынан сығып алған менің де балам. Балам болмаса - баламның жан жолдасы, күні кеше тай құлындай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай жыл-бысқаланып, Орашыңның әкелген сәлем-сауқатын жалғыз өзің жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы - қызылымыз бен жазғы - ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Баяғыда біреу "Ауыл үй қонсақ қоналық, бірақ аяқ-табақ араластырмайық" деген екен. Отыз жыл отас болған көршінің қақысынан қиын не бар бұл жалғанда. Ұлың қайда? (Мені жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-тамтығын қалдырмай сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, шөлімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұрынғыңай емес, толып, азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп, әке-шешеңді асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз жоқ, Әлгі біздің жаман ұл май-май болып, темір итаяғының ас-тынан бір шықпайды, жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын әкеліп жатқан ол емес, "апа бересілі болдым" деп, ашқарақ сиырдай мөңіреп тұрғаны. "Аласысы" қашан, ит біле ме. Неге ауыздарынды аңқайтып қалдындар, ет жесендерші. Ей, шал, жамбастың етін азайтып маған берші, - деп, салалы саусақтарын табаққа тарбайта салды.

Мен аң-таңмын.

Әкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал шешем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң тамағын кенеп сөз бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей...

- Әй, Күлпәш, сен өйтіп бастырмалатпа. "Жуас түйе жүндеуге жақсы" деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ, көзіңнен шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суыма жетіп, есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайынды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай, ер-тоқымыңды бауырыңа алып тулағаның неткенің. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғына бас ұрған-да, төгіп-шашып әрең әкелмеп пе еді ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактормен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басында бес ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бетпақтанып міз бақтың ба?.. Енді келіп, екі иығынды жұлып жеп, тамағымнан тас өткізіп, отымның басын сабалайсың... Әдірем қал...

- Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің келіп, кердендейсің келіп...

Мен орнымнан тұрып кеттім. Әкем: "Жетті енді, желіге бермендер!" - деп, зекіп еді, екеуі... бірдей жым болды.

Сүт пісірім уақыттан кейін, жайдары жарасып, маңдайлары жіпсіп, шай ішіп отырды. Ұзақ бір әңгімеге кеткен. Бір-біріне аса риза көңілмен рақаттана күледі.

- Сен қатын да қайдағыны білесің, - деді Күлпәш құла шайды сораптай түсіп. - Шалыңның қолын қағып көргем жоқ, сен де кеңсің ғой.

- Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, - деді шешем. Екеуі тағы күлді.

Мен аң-таңмын.

- Осы, Күлия, сен әлгі жоғалған шелегінді таптың ба? -деді Күлпәш.

- Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой.

- Құлағынды бері жақындатшы. - Сыбырлап сөйледі. -Тірі адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Сенің шелегіңді мен бір үйден кердім.

- Қойшы әрі, рас па?

- Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңпің бүйіріңде кішкене майысқаны бар еді ғой.

- Дәл өзі.

- Ендеше, сол шелек біздің үйде, Мағыштың сеңкесінде керосин құюлы тұр екен, танып алып келдім. Тегінде, осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра.

Шешем Күлпәшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қолтығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сүйектен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатты.

Өте әділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өткен бүгінгі кеңес келесі күні басқаша сипат алған.

Етті асып жеп алған Күлпәш ұршығын сұратып жіберіпті...

Мен аң-таңмын...

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға