Жаңалықтар

І БӨЛІМ

Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде. Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық - Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйқтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің. Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дәл түсетін әдеті бары рас. Жұрт Күлпәштің осы мінезінен зәрезап болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузына енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды - атаң болса да жақтырасың ба, тәйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпәш кәперіне де алмайтын. Салдырлап әңгімесін айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті "жесендерші" деп, өз асыңды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді. Қыстың алғашкы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле, алғашқы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш күрек алып әрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық бермеген соң, тастағанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан қар еитеп еріп, тамылжи сорғиды. Айналаңа, әсіресе, күн шығар жақка қарай алмай ұяласың, кәз қарығады. Қолтығына қысқан қалайы аяғы - ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусырынған Күлпәш үйінен асығыс шығып, бізге қарай қаздаңдай құлдады. Жақындай бере, одан бұрынырақ үйге сып етіп еніп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр екен. Іле-шала будақ-будақ бу алып Күлпәш та кірді. Кіре бере "алла, белім" деп, табалдырыққа жалп ете түскені. Әлгінде ғана сайрап, есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған шешем, ол да сап етіп шекесін ұстап, "алла, басым" деп зарлай жөнелгені. Мен аң-таңмын, екі әйел еселесіп, бірсыпыра ыңқылдады-ай... Күлпәш көзінің астымен ақырып ұрлана шешеме қарайды да, өзінен зор шыққанына шындап кезі жетті білем, жылжып, "аллалай" дастарқанға жақындады. жатқан дала ақ кө - Саумысың, Күлия? - деді жарамсақтана. - Ауырып қалғанбысың? - Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпәш. Бір үйдегі -бір кісі болған соң, сүйретіліп тұрасың. - Мен де сол, әйтеуір, өлмеген соң, балаларға бас-кез болып жүрген. Екі күн болды, белден шойрылғалы. - Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап. - Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бәтір. Бес күннен бері екі тізем қақсайды. - Он күннен бері оң иығым шағатын болып жүр. - Бір ай болды, екі аяғым кеміріп жатыр-ау, жеп жатыр... - Былтырдан бері, құданың құдіреті, екі көзім бұлдырлап көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп су қараңғы соқыр болып... - Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құлағым тарс бітіп қалады. Ендігі сәтте шешем де, Күлпәш та ауруларын ұмытып, құла шайды сораптай ұрттап, ұзақ сонар әңгімеге көшкен. Ал мен аң-таңмын... - Е-е, замандас-ай, - деп күрсінді Күлпәш. - Шалың бар сен осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жанымыз шыдап жүр десеңші. Жүрген ғой, әйтеуір, өлейін десе, қол тимей... Е... е... - Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. -Шешем төргі бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан әкем жаққа мойнын соза қарап қойды. Содан соң маған: -Есікті жаба салшы, - деді. Әңгімемізді естіп қоя ма деп сезіктенді білем. - Е, сөйт, балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, - деп қайталады Күлпәш. - Жүзі қара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, -деп шешемнің ұмыт қалдырған шаруасын және есіне салды. - Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, - деді ше-шем. - Қазір қойғанымды қазір ұмытамын. - Мен де ұмытшақпын-ей, - деді Күлпәш. - Әнеугүні Шәкендердікі ет асқан екен, барайын деп тұрып, қара басып ұйқтап қалыппын. - Кеше соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отырамыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық. - Не дейді!.. Күлпәш қайран қалып танданды. - Айттым ғой, кейінгі кезде ес-ақылдан айрылып жүрмін деп. Айта салғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараңданып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің... дәметіп... - Алла, басым! - деп, шешем әңгіменің ауанын бұзып жіберді. - Алла, белім! - деді Күлпәш. - Көп отырып қалдым-ау, сенімен әңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп, алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқалып жүр албасты, қара суға камалтпай, бір шайлық сүт бер. - Біздің қоңыр сиыр ерте суалып барады. Өзі үш емшек, әзің білесің, бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шебін алдына төгіп отырған біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шай-лық сүт әрең шығады. Сенің ұлың қойда ғой, анда-санда біздің үйге де бір қапшық жем әкеп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, - деп, тостағандағы шайға қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпәш үңіліп қарады да: - Е, мынауың көп сүт, - деді шімірікпей. - Көп сүт болса, аузымнан жырып саған-ақ бердім, -дсп, барлығын Күлпәштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан соң өзі үлкен бір мөрттік жасағандай замандасыма риза көзбен күлімсірей қарады. - Рақмет, Кіия! - деді ол қош көңілмен шығып бара жатып. - Ұлыңның қызығын көр, алла белім, аяғымды бас-тырмайды, сүйретіліп қашан жетер екенмін... Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан Күлпәшті көрдім. - Ораш, - деді шешем, - шоланда бір меске сүт пісіп түр еді, алып келші. Мен аң-таңмын. Әдеби әлем
17.11.2013 11:28 3016

Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде.

Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық - Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйқтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.

Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дәл түсетін әдеті бары рас. Жұрт Күлпәштің осы мінезінен зәрезап болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузына енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды - атаң болса да жақтырасың ба, тәйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпәш кәперіне де алмайтын. Салдырлап әңгімесін айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті "жесендерші" деп, өз асыңды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.

Қыстың алғашкы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле, алғашқы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш күрек алып әрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық бермеген соң, тастағанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан қар еитеп еріп, тамылжи сорғиды. Айналаңа, әсіресе, күн шығар жақка қарай алмай ұяласың, кәз қарығады. Қолтығына қысқан қалайы аяғы - ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусырынған Күлпәш үйінен асығыс шығып, бізге қарай қаздаңдай құлдады. Жақындай бере, одан бұрынырақ үйге сып етіп еніп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр екен. Іле-шала будақ-будақ бу алып Күлпәш та кірді. Кіре бере "алла, белім" деп, табалдырыққа жалп ете түскені. Әлгінде ғана сайрап, есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған шешем, ол да сап етіп шекесін ұстап, "алла, басым" деп зарлай жөнелгені. Мен аң-таңмын, екі әйел еселесіп, бірсыпыра ыңқылдады-ай... Күлпәш көзінің астымен ақырып ұрлана шешеме қарайды да, өзінен зор шыққанына шындап кезі жетті білем, жылжып, "аллалай" дастарқанға жақындады. жатқан дала ақ кө

- Саумысың, Күлия? - деді жарамсақтана. - Ауырып қалғанбысың?

- Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпәш. Бір үйдегі -бір кісі болған соң, сүйретіліп тұрасың.

- Мен де сол, әйтеуір, өлмеген соң, балаларға бас-кез болып жүрген. Екі күн болды, белден шойрылғалы.

- Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап.

- Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бәтір. Бес күннен бері екі тізем қақсайды.

- Он күннен бері оң иығым шағатын болып жүр.

- Бір ай болды, екі аяғым кеміріп жатыр-ау, жеп жатыр...

- Былтырдан бері, құданың құдіреті, екі көзім бұлдырлап көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп су қараңғы соқыр болып...

- Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құлағым тарс бітіп қалады.

Ендігі сәтте шешем де, Күлпәш та ауруларын ұмытып, құла шайды сораптай ұрттап, ұзақ сонар әңгімеге көшкен. Ал мен аң-таңмын...

- Е-е, замандас-ай, - деп күрсінді Күлпәш. - Шалың бар сен осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жанымыз шыдап жүр десеңші. Жүрген ғой, әйтеуір, өлейін десе, қол тимей... Е... е...

- Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. -Шешем төргі бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан әкем жаққа мойнын соза қарап қойды. Содан соң маған: -Есікті жаба салшы, - деді. Әңгімемізді естіп қоя ма деп сезіктенді білем.

- Е, сөйт, балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, - деп қайталады Күлпәш. - Жүзі қара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, -деп шешемнің ұмыт қалдырған шаруасын және есіне салды.

- Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, - деді ше-шем. - Қазір қойғанымды қазір ұмытамын.

- Мен де ұмытшақпын-ей, - деді Күлпәш. - Әнеугүні Шәкендердікі ет асқан екен, барайын деп тұрып, қара басып ұйқтап қалыппын.

- Кеше соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отырамыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық.

- Не дейді!.. Күлпәш қайран қалып танданды. - Айттым ғой, кейінгі кезде ес-ақылдан айрылып жүрмін деп. Айта салғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараңданып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің... дәметіп...

- Алла, басым! - деп, шешем әңгіменің ауанын бұзып жіберді.

- Алла, белім! - деді Күлпәш. - Көп отырып қалдым-ау, сенімен әңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп, алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқалып жүр албасты, қара суға камалтпай, бір шайлық сүт бер.

- Біздің қоңыр сиыр ерте суалып барады. Өзі үш емшек, әзің білесің, бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шебін алдына төгіп отырған біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шай-лық сүт әрең шығады. Сенің ұлың қойда ғой, анда-санда біздің үйге де бір қапшық жем әкеп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, - деп, тостағандағы шайға қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпәш үңіліп қарады да:

- Е, мынауың көп сүт, - деді шімірікпей.

- Көп сүт болса, аузымнан жырып саған-ақ бердім, -дсп, барлығын Күлпәштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан соң өзі үлкен бір мөрттік жасағандай замандасыма риза көзбен күлімсірей қарады.

- Рақмет, Кіия! - деді ол қош көңілмен шығып бара жатып. - Ұлыңның қызығын көр, алла белім, аяғымды бас-тырмайды, сүйретіліп қашан жетер екенмін...

Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан Күлпәшті көрдім.

- Ораш, - деді шешем, - шоланда бір меске сүт пісіп түр еді, алып келші.

Мен аң-таңмын.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға