Жаңалықтар

ІІІ БӨЛІМ

Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бардық. Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп; өткен жазда Мылтық қарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі метр жылан ұстап алғандығын, содан соң оның аузынан жел үрлеп, шермитіп қалай жарыпжібергендерін ертегі-жыр ғып айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң әңгіме айтқанда: кішкентай балалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, "бәлем, бар ғой, иә", "ана бар ғой, иә", "құдайға анық", "сенбесең пөленшелерден сұра", тіпті оқта-текте қызып кетіп, "тошно пионерлік сөзім" деп, тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен. - Ей, Ораш-ай, - деді автобус ауылдың шетіне ілінгенде. - Біз не кермедік, баяғыда бір әйел айтқан екен, "мен не көрмедім, қасқыр да қамады, Байсал да (байы ғой) сабады деп. - Ал енді, құда бала, сау бол, - деді Биғаң қолын ұсынып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі "беті-қолымды жумағам едім" деген сөзі есіме түскен. Өз үйім - өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бергенім сол еді, біздің сықырлауық есік ашылып, әлдекім кірді. Даусын естіп жатырмын. - Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма? - Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады. - Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай. - Ой, саудайы, - деді шешем, - кеміріп, жеп түсіріп тас-таса да күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кептірмей. Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай келіп қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді. - Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апыр-ай, құдағи-ай, ұлыңның келгенін айтпай, дәтіңіз қалай шыдап отыр. - Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім. - Қайдан керейін, Өскеменнен жаңа келдім. - Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы. - Басқа рейспен ұшқан шығар, - деген Биғаң маған қарап көзін қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы әлі жүр екен, тегі, үйіне бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен осы шығар дегендей, үлкен қырлы стақанды шөпілдете құйған арақты алдына қойды. Биғаң сасқалақтаған болды. - Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің... - Жә, бұлданбай іше сал, - деді шешем. Суық ет әкелді. - Мені бір ішкіш ойлайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей қою қолдан келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы (Стаканды қолының сыртымен ары ысырып қойды). Ал татпадым. Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы су, (араққа қарап ернін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей қойды, қылатынынды қылып ал! Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең қандай шыңамды, (екі алақанымен санып шапалақтады) ура, Шөкең арақ албастыны женді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы... Ал, құдағи, бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жасаңыз, Шөкең арақты мүлдем қоя алады екен. (Стақанға қарап тағы ежірейді) Әкеңнің... көзі кегеріп кісіге қарайды-ей өзі. Қарашы, қылмындауын, пішгу, оныңнан түк шықпайды, сайқал, ырбаңдама, бәрібір менсінбеймін (екі көзін тас қылып жұмып алды), мә, саған керек болса, көрмей қояйып бәлем. - Биғаш-ау, әкем, - деді шешем, - өз-өзінді қинап кайтесің. - Әне, өстіп зәрлайсындар енді, - көзін ашып жіберді. -Дегенмен, осы ит маған жағатын секілді. - Стаканды ақырын ғана алып алдына қөйды. Сипалап отырып: - Құдағи, айтыңызшы, Шөкең ішіп мас болып, кешеде құлап қалғанын кердіңіз бе? - Көргем жоқ. - Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен төбелескенін, не болмаса әйелін, бала-шағасын сабады дегенді естідіңіз бе? - Естіген жоқпын. - Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды дегенді естідіңіз бе? - Жоқ, құдай. Денсаулығың әзірше жақсы ғой. - Олай болса, күдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып, ішімдікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл. - Керген жоқпын. - Ендеше, құдағи, айтыңызшы... - Жетер, - деді "құдағи" аса бір қажыспен, - шаршадым, шаршаттың... - Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін. Стаканды аузына апара берді де: - Әй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, - деп, тағы да кейінірек апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін тіреп, анау мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай. - Ішсең де, ішпесең де өзің біл, - деп, шешем орнынан тұрып кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне әрі танданып, әрі аяй қарадым. "Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен" деп ойлаймын. - Жоқ, - деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жүгіріп келді. - Не болды? Шошып кеттім ғой, түге. - Бұл ит, ақанды айтам, маған жағады екен. Ішпесе болмас. Қырлы стақанды жалғыз-ақтөңкеріп үрттады да, аузында қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт-сүрт шыға жөнелді. - Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жіберді ғой, - деп, шешем сылқ етіп отыра кетті. Мен де жіпсіп, әлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім. Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым түз беріп жіберіпті. Қаладан әкелген дәм ғой... Әдеби әлем
17.11.2013 11:19 3100

Аудан орталығынан ауылға дейін автобуспен бірге бардық. Биғаң жол бойы ішек-сілеңді қатырып күлдіріп; өткен жазда Мылтық қарағайда шөп шауып жүріп, ұзындығы екі метр жылан ұстап алғандығын, содан соң оның аузынан жел үрлеп, шермитіп қалай жарыпжібергендерін ертегі-жыр ғып айтты. Бір ерекшелігі, Биғаң әңгіме айтқанда: кішкентай балалар секілді екіленіп, екі көзі жайнап, "бәлем, бар ғой, иә", "ана бар ғой, иә", "құдайға анық", "сенбесең пөленшелерден сұра", тіпті оқта-текте қызып кетіп, "тошно пионерлік сөзім" деп, тамсанып өз-өзінен қарғана жөнеледі екен.

- Ей, Ораш-ай, - деді автобус ауылдың шетіне ілінгенде. - Біз не кермедік, баяғыда бір әйел айтқан екен, "мен не көрмедім, қасқыр да қамады, Байсал да (байы ғой) сабады деп. - Ал енді, құда бала, сау бол, - деді Биғаң қолын ұсынып. Мен жымидым. Бағана таңертеңгі "беті-қолымды жумағам едім" деген сөзі есіме түскен.

Өз үйім - өлең төсегім дегендей, аунап-қунай бергенім сол еді, біздің сықырлауық есік ашылып, әлдекім кірді. Даусын естіп жатырмын.

- Саусың ба, құдағи! Қол-аяғың қақсағанды қойды ма?

- Шүкір. Күн бұлттанса болды, зар қақсатады.

- Биыл құрғақшылық қой, бақытыңызға орай.

- Ой, саудайы, - деді шешем, - кеміріп, жеп түсіріп тас-таса да күн жауса екен, жердің де, елдің де кенезесін кептірмей.

Төргі бөлмеден шықтым. Биғаң екен, ізімді суытпай келіп қалыпты. Мені көріп орнынан ұшып түрегелді.

- Оу, құда бала, қашан келдің? (Амандасты). Апыр-ай, құдағи-ай, ұлыңның келгенін айтпай, дәтіңіз қалай шыдап отыр.

- Енді сүйінші сұрайын ба? Көрген шығар дедім.

- Қайдан керейін, Өскеменнен жаңа келдім.

- Ораш та Өскемен арқылы келген жоқ па. Кіргені осы.

- Басқа рейспен ұшқан шығар, - деген Биғаң маған қарап көзін қысты. Қолтығындағы жеті тиынның тұзы әлі жүр екен, тегі, үйіне бармаған секілді. Шешем көкейіңді тескен осы шығар дегендей, үлкен қырлы стақанды шөпілдете құйған арақты алдына қойды. Биғаң сасқалақтаған болды.

- Үйбай-ау, құдай-ау, мынауыңыз не? Мен дегенің...

- Жә, бұлданбай іше сал, - деді шешем. Суық ет әкелді.

- Мені бір ішкіш ойлайсыз-ау. Осы ақмағанбетті ішпей қою қолдан келеді. Тіпті ішпей-ақ қояйыншы (Стаканды қолының сыртымен ары ысырып қойды). Ал татпадым. Өле қалсам да ұрттамадым. Ей, ащы су, (араққа қарап ернін шығарды) сен итті мына Шөкең менсінбей қойды, қылатынынды қылып ал! Уа, құдағи, көрдіңіз бе, Шөкең қандай шыңамды, (екі алақанымен санып шапалақтады) ура, Шөкең арақ албастыны женді. Ал ішпедім, ішпедім ғой осы... Ал, құдағи, бүкіл елге жар салыңыз, жуыңыз, тіпті той жасаңыз, Шөкең арақты мүлдем қоя алады екен. (Стақанға қарап тағы ежірейді) Әкеңнің... көзі кегеріп кісіге қарайды-ей өзі. Қарашы, қылмындауын, пішгу, оныңнан түк шықпайды, сайқал, ырбаңдама, бәрібір менсінбеймін (екі көзін тас қылып жұмып алды), мә, саған керек болса, көрмей қояйып бәлем.

- Биғаш-ау, әкем, - деді шешем, - өз-өзінді қинап кайтесің.

- Әне, өстіп зәрлайсындар енді, - көзін ашып жіберді. -Дегенмен, осы ит маған жағатын секілді. - Стаканды ақырын ғана алып алдына қөйды. Сипалап отырып: - Құдағи, айтыңызшы, Шөкең ішіп мас болып, кешеде құлап қалғанын кердіңіз бе?

- Көргем жоқ.

- Құдағи, айтыңызшы, Шөкең мас болып біреумен төбелескенін, не болмаса әйелін, бала-шағасын сабады дегенді естідіңіз бе?

- Естіген жоқпын.

- Құдағи, айтыңызшы, Шөкең арақ ішіп ауырды дегенді естідіңіз бе?

- Жоқ, құдай. Денсаулығың әзірше жақсы ғой.

- Олай болса, күдағи, айтыңызшы, мал-жанымды сатып, ішімдікке салынғанымды көрдіңіз бе? Міне, елу жыл.

- Керген жоқпын.

- Ендеше, құдағи, айтыңызшы...

- Жетер, - деді "құдағи" аса бір қажыспен, - шаршадым, шаршаттың...

- Ендеше, құдағи, жақса... неге ішпеймін.

Стаканды аузына апара берді де:

- Әй, ішпесем ішпей-ақ қояйыншы, - деп, тағы да кейінірек апарып қойды. Содан соң өзі столдың шетіне иегін тіреп, анау мөлдіреген араққа мөлиіп қарады-ай.

- Ішсең де, ішпесең де өзің біл, - деп, шешем орнынан тұрып кетті. Мен болсам Биғаңның мінезіне әрі танданып, әрі аяй қарадым. "Шынымен-ақ ішпей қояр ма екен" деп ойлаймын.

- Жоқ, - деді Биғаң саңқ етіп. Оқыс дауыстан шешем жүгіріп келді.

- Не болды? Шошып кеттім ғой, түге.

- Бұл ит, ақанды айтам, маған жағады екен. Ішпесе болмас.

Қырлы стақанды жалғыз-ақтөңкеріп үрттады да, аузында қалғанымен ұртын шайып-шайып жұтынып қалды. Сарт-сүрт шыға жөнелді.

- Уһ, қожанасыр-ай, маңдайымнан тер шығарып жіберді ғой, - деп, шешем сылқ етіп отыра кетті.

Мен де жіпсіп, әлгі арақты өзім ішкендей болып тұр едім.

Ертеңінде Биғаң көп баласының бірінен бір шымшым түз беріп жіберіпті. Қаладан әкелген дәм ғой...

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға