Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Көп жылдар етті. Өстік, ер жеттік, қазіргі биікке шықтық. Анау бір жылдары ауылға қанша рет барып жүрсем де, Мұхтар ағаны жолықтыра алмап едім. Биыл көрдім. Дүкеннің алдында автобус тосып тұр екен, барып есендестім. Бұрынғыдай емес, бұйығы тартқан. Қартайған. Алақандай ала көзінің айналасы торланып, оты суала бастаған. Алпамсадай дене қушиып, тек ірі сүйектер ғана киім астынан шодырайып-шодырайып шығып тұр. - Халіңіз қалай, Мұхтар аға? - Жүрген ғой. - Алтынсары жеңешеміз қуатты ма? - Жүрген ғой. - Мұхтар аға... - Ау, інішек. - Бір түрлі қырсықтанып жауап берді. - Сіз осы баяғыда... Мен ат айдаушы болып... - Саған қол жұмсаған жоқ едім ғой, шырақ. - Сескене қарап, ары ысырыла отырды. Мен еріксіз күліп жібердім. - Жоқ, аға, мен оны айтайын деп емес, сонда Сіз ескі үй, иен қорадан жалықпай, шаршамай іздеп жүргеніңізді таптыңыз ба? Мұхтар аға түйіле ойланып біраз отырды да: - ІІІырақ, - деді маған тура қарап, - соғыстың иттігінен қара танымай қалған мені, жаман ағаңды былай қойғанда, өзің... білім, атақ, дәреже қуып, жер-жаһанды аралаған мына өзің... іздегеніңді таптың ба? - деп, орнынан атып тұрып кетті... Ал, ағайын, сіздер ше?.. Таптыңыздар ма?! БИҒАҢ Кезекгі демалысымды алып, ауылға келе жаттым. Сонымен Алматыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өскеменнің аэропортына қонғанымызда, күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ығы-жығы халық тым көп екен -біреуді-біреу біліп болмайтын қайшыласқан ел. Аэропорттың іші қапырық, адам иісі - терден тұншығып өліп кете жаздайсың. Таңертеңгілік салқынтымда осындай, қолқаны қабар тымырсық күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп ойлап тұр едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде күлкісі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт қарасам - Биғаң, кәдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сотталып, екі жылдай отырып, есен-сау оралған Биғаң, біздің ауылдағы орыстан келіншек алып, одан он бір бала сүйіп отырған - Биғаң, жылына екі-ақ ай жұмыс істеп (онда да тек жаз айында, пішеншілерге аспазшы болатын), қалған күндері қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде балыққа ау құрып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, дүние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуанышын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Биғаң; "Мына Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң білесіңдер", - деп, секек қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үлкен кісі болып, құйрық басып бес минут отыра алмайтын Биғаң... Биғаң... Биғаң... - Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Бәкең ғой, - деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ыңғайсыздау тұрып қалған екенмін, амандасып қол бердім. Ал ол алақанын ұсынбады. - Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, -деді. Бәрібір сенген жоқпын, ол кісінің әр нәрсені әдейі кырсықтанып істейтінін бала жастан білетінмін. - Денсаулығың қалай, аға? - дедім. - Шүкір, - деді тықыршып. - Қара сиырдың қамы... бала-шағаның наны... - Балаларыңыз сол баяғы... - Иә, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан әрі жылжымай тұр. Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті тиынның ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да, маған: - Қашан келдің? - деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, менің жауабымды күтпестен:  Таңдайымда бір жабысқақшөл бар, ағайын, - деді. Мен түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ретінде екеуміз де өп-өтірік күлдік. ...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судан ұсынып едім, жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де: "Привычка ғой", - деп, столдың шетіне қойған тұзды қолтығына қайта қысты. Менің екі көзім, есіл-дертім сол бір қорап жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай алмайтын болған соң: - Биға, - дедім. - Шөкең тыңдап тұр, - деп кеудесін қақты. Әй, азаматым-ай, дамылдай алмай тықыршып тұр. - Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па? - Неге, толып жатыр. - Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?.. - Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің. Бұл Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұңғыш қызы осы қалада тұрмыста, өзің білесің, Шөкең сол үлкен қызы сырқаттанып қалды деген соң, соған барып, міне, қайтқалы айрплан тосып түр; өзің білесің, Шөкеңнің он бір баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты түске дейін істейді, түстен кейін аштан өлсе де істемейді; Нинаның, жеңгеңді айтамын, бала оқытып алатын айлығы, мені қосқанда, он екі балаға жете ме? Жетпейді. Кәмпит сатып алуға тиыны құрғыр жоқ болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы тойдыра аласың ба? Папалап алдымнан шыққанда, ұялып қалмайып деп, тым болмағанда ауыздарының дәмін алсын деп, бір пашка тұз сатып алдым, әйтеуір, қаладан алдым ғой... (есінеді.). Әдеби әлем
17.11.2013 11:18 3011

Көп жылдар етті. Өстік, ер жеттік, қазіргі биікке шықтық.

Анау бір жылдары ауылға қанша рет барып жүрсем де, Мұхтар ағаны жолықтыра алмап едім. Биыл көрдім. Дүкеннің алдында автобус тосып тұр екен, барып есендестім. Бұрынғыдай емес, бұйығы тартқан. Қартайған. Алақандай ала көзінің айналасы торланып, оты суала бастаған. Алпамсадай дене қушиып, тек ірі сүйектер ғана киім астынан шодырайып-шодырайып шығып тұр.

- Халіңіз қалай, Мұхтар аға?

- Жүрген ғой.

- Алтынсары жеңешеміз қуатты ма?

- Жүрген ғой.

- Мұхтар аға...

- Ау, інішек. - Бір түрлі қырсықтанып жауап берді.

- Сіз осы баяғыда... Мен ат айдаушы болып...

- Саған қол жұмсаған жоқ едім ғой, шырақ. - Сескене қарап, ары ысырыла отырды. Мен еріксіз күліп жібердім.

- Жоқ, аға, мен оны айтайын деп емес, сонда Сіз ескі үй, иен қорадан жалықпай, шаршамай іздеп жүргеніңізді таптыңыз ба?

Мұхтар аға түйіле ойланып біраз отырды да:

- ІІІырақ, - деді маған тура қарап, - соғыстың иттігінен қара танымай қалған мені, жаман ағаңды былай қойғанда, өзің... білім, атақ, дәреже қуып, жер-жаһанды аралаған мына өзің... іздегеніңді таптың ба? - деп, орнынан атып тұрып кетті...

Ал, ағайын, сіздер ше?.. Таптыңыздар ма?!

БИҒАҢ

Кезекгі демалысымды алып, ауылға келе жаттым.

Сонымен Алматыдан тым ерте, елең-алаңнан ұшып шығып, Өскеменнің аэропортына қонғанымызда, күн арқан бойы көтеріліп қалған. Ығы-жығы халық тым көп екен -біреуді-біреу біліп болмайтын қайшыласқан ел. Аэропорттың іші қапырық, адам иісі - терден тұншығып өліп кете жаздайсың. Таңертеңгілік салқынтымда осындай, қолқаны қабар тымырсық күн төбеге көтерілгенде не күйде болар екен деп ойлап тұр едім, бүйірімнен біреу түртеді. Мынандай күлімсі күнде күлкісі келіп, ойыны тасып тұрған кім екен дегендей жалт қарасам - Биғаң, кәдімгі өзіміздің ауылдағы елу жылға сотталып, екі жылдай отырып, есен-сау оралған Биғаң, біздің ауылдағы орыстан келіншек алып, одан он бір бала сүйіп отырған - Биғаң, жылына екі-ақ ай жұмыс істеп (онда да тек жаз айында, пішеншілерге аспазшы болатын), қалған күндері қыста қоянға тұзақ, жазда, көктем мен күзде балыққа ау құрып жүретін саппас Биғаң; ғұмырында ренжімейтін, дүние өртеніп бара жатса саспайтын, дүниенің қайғысы мен қуанышын бөліп-жармайтын мең-зең, ұйқылы-ояу Биғаң; "Мына Шөкең алтын адам ғой, қадірімді өлген соң білесіңдер", - деп, секек қағып жүретін тынымсыз, бір жерге үлкен кісі болып, құйрық басып бес минут отыра алмайтын Биғаң... Биғаң... Биғаң...

- Ой, Орашжан, жаман құдаңды танымай қалдың ба? Бәкең ғой, - деп төсін қақты. Мен, шынында да, состиып, ыңғайсыздау тұрып қалған екенмін, амандасып қол бердім. Ал ол алақанын ұсынбады.

- Таңертең ерте тұрып, беті-қолымды жумаған едім, -деді. Бәрібір сенген жоқпын, ол кісінің әр нәрсені әдейі кырсықтанып істейтінін бала жастан білетінмін.

- Денсаулығың қалай, аға? - дедім.

- Шүкір, - деді тықыршып. - Қара сиырдың қамы... бала-шағаның наны...

- Балаларыңыз сол баяғы...

- Иә, сол баяғы он бір... екі жыл болды одан әрі жылжымай тұр.

Мен күлдім. Ал ол үндеген жоқ, қолтығына қысқан жеті тиынның ас тұзын ыңғайлырақ етіп ырғай орналастырды да, маған:

- Қашан келдің? - деді. Сонсоң рақаттана есінеді де, менің жауабымды күтпестен:  Таңдайымда бір жабысқақшөл бар, ағайын, - деді. Мен түсіндім, түсінгенімді ол да түсінді, түсінісудің белгісі ретінде екеуміз де өп-өтірік күлдік.

...Ол тартып жіберді де, жеңін иіскеді. Суық судан ұсынып едім, жемеді. Тағы да жеңін құшырлана иіскеді де: "Привычка ғой", - деп, столдың шетіне қойған тұзды қолтығына қайта қысты. Менің екі көзім, есіл-дертім сол бір қорап жеті тиындық тұзда. Ақыры, шыдай алмайтын болған соң:

- Биға, - дедім.

- Шөкең тыңдап тұр, - деп кеудесін қақты. Әй, азаматым-ай, дамылдай алмай тықыршып тұр.

- Шыңғыстайда ас тұзы көптен жоқ па?

- Неге, толып жатыр.

- Ендеше, анау қолтығыңыздағы не?..

- Мынау ма, ой, құдай-ай, сен де қайдағыны көресің. Бұл Өскеменнің тұзы ғой. Өзің білесің, Шөкеңнің тұңғыш қызы осы қалада тұрмыста, өзің білесің, Шөкең сол үлкен қызы сырқаттанып қалды деген соң, соған барып, міне, қайтқалы айрплан тосып түр; өзің білесің, Шөкеңнің он бір баласы бар. Шөкеңнің өзі жұмысты түске дейін істейді, түстен кейін аштан өлсе де істемейді; Нинаның, жеңгеңді айтамын, бала оқытып алатын айлығы, мені қосқанда, он екі балаға жете ме? Жетпейді. Кәмпит сатып алуға тиыны құрғыр жоқ болды. Тіпті алған күннің өзінде көп баланы тойдыра аласың ба? Папалап алдымнан шыққанда, ұялып қалмайып деп, тым болмағанда ауыздарының дәмін алсын деп, бір пашка

тұз сатып алдым, әйтеуір, қаладан алдым ғой... (есінеді.).

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға