Жаңалықтар

І БӨЛІМ

      Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді. Оз-өзінен құдайым-ай деп күбірлеп, әлдекімге айбат қыла сөйлейді. Табиғаты байсалды, бес биенің сабасындай болып мол пішілген, мінезді ананың ашуланғаны - үлкен тай қазанның маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ-сарқ емес екен. Әйтсе де осы шымыр-шымыр ашудың өзі ана болмысынан тым жарасымын тапқан жоқ-ты. - Не болды, тәте? - дедім. - Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазынды жаза бер. Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отырды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады: - Әй, Ораш, бері келші, құлыным. - Жай ма? - Сенімен ақылдасар шаруа бар. Сандығын ақтарып отырып, ақ матаға түйілген бір нәрсенің орауын шеше бастады. - Әкең екеуміз таңертең ұрсысып қалдық, - деді. - Неге? - Неге дерің бар ма? Жирен биенің айы-күні жетіп тұр емес пе? Жүгенін сыпырып алып, басқа бір салып қоя берейік десек, қысыр биелер құлынын тартып алам деп жүріп, жарақаттанып қала ма деп қорқасың. Аштан-аш қораға байлап қаңтарып қоюдың да реті келмейді. Жемшөп тақа таусылған. Совхоз маңайлатпайды... Қойшылардан жең ұшынан жалғасып, бірер астау жем алушы едік, қазір олар да кергіп алған, қойшы-қолаң құтырған қиын болады екен. Мен, шынымды айтсам, жалығыңқырап кеттім де: - Тәте, не айтайын деп едің? - деп едім, шешіліп айтқан әңгімесін бөлгенімді жақтырмай қалды. - Айтып отыр емеспін бе. Әкеңмен таңертең ұрысып қалдық. Буаз биеге берер жем жоқ. Зейнептің үйіндегі қойшы келіні, қайдан естігенін қайдам, құдай біледі, сыпылдақ енесі айтты, қыз кезінде ұртына ұрлап салған бидай тоқтамаушы еді, енді тісі түсіп кемиек болғанда, сөз тоқтар дейсің бе... былтыр, әкең тоқтыға бір ту қой айырбастап әкеліп еді, сол сәтінде жеткізіпті дүзқара... Мен тағы да қипалақтай бастадым. Шалы жұмысқа, қызы сабағына кетіп, қанғыр-күңгір сөйлесер адам жоқ, не шошаң етер, айналып-толғанар кішкене бала жоқ, шешем ертеңді қара кеш екі көзі төрт болып, әлдекімді тосар еді, алда-жалда келе қалған кісімен аздап болса да әңгімелесіп қалу үшін, оның алдына барын тосар еді. Қаладан менің келуім бұл кісі үшін ұлы мереке, мәз-мейрам боп, жасап қалатын. Мен кеткен кездегі жым-жырттық шошыта ма, қайтар күнім жақындаған сайын, шешемнен де маза кетер еді. Енді, міне... - Зейнептің қойшы келіні айтыпты әкеңе: кемпіріңнің ескіден қалған тайтұяқ күмісі бар екен. Соның бүтінін болмаса да жартысын берсін, білезік соқтырып аламын. Егер күмісті әкеліп берсең - үш қап жемді мотоциклге салып, өзім апарып тастаймын. Ол бетпақтың бұтын кергілеп, мотоциклмен дырылдап жүретіні рас. - Сонымен берейін деп отырсың ба? - Бермегенде қайтем, әкең әкірендеп, құлақ етімді жеп қойды. Төркінімнен келген, ендігі қалған жалғыз дүнием еді десем, "ол не керек" деп... - Расында да, неге керек? - дедім мен тайтұяқ күмісті алақаныма салып салмақтап отырып. - Балам, - деді. - Қазақтың "Өлгенде кеудеңді қара тас бассын" деген қарғысы неге айтылғанын білесің бе? - Жоқ. - Ендеше, тыңда, адам бұл дүниемен иманын айта қоштасқан соң, жүрегінің басына - кеудесіне бисмилла деп бір кесек тас қояды, әйтпесе кеудесі толып, кеуіп кетеді. Мен әкеңе аманат қылып едім, егер құдай мені сенің алдында ала қалса, кеудеме тас қойма, осы тайтұяқ күмісті қой деп. Шешем тайтұяқ күміс оралған ақ матамен көзін сүртіп жылады. Менің де кеңсірігім ашыды. - Жемді ақшаға бермей ме екен? - дедім. - Ой, олар ақшамен от тамызып отыр, қойшы құтырған заман емес пе. - Жирен бие аштан өлмек түгіл, сеспей қатса да, тайтұяқ күмісіңді берме, - дедім мен. - Ендеше, осы сөзді әкеңе айт. Сенің тіліңді алады, - деді шешем. Әдеби әлем
17.11.2013 11:11 3577

      Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді. Оз-өзінен құдайым-ай деп күбірлеп, әлдекімге айбат қыла сөйлейді. Табиғаты байсалды, бес биенің сабасындай болып мол пішілген, мінезді ананың ашуланғаны - үлкен тай қазанның маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ-сарқ емес екен. Әйтсе де осы шымыр-шымыр ашудың өзі ана болмысынан тым жарасымын тапқан жоқ-ты. - Не болды, тәте? - дедім.

- Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазынды жаза бер.

Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отырды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады:

- Әй, Ораш, бері келші, құлыным.

- Жай ма?

- Сенімен ақылдасар шаруа бар.

Сандығын ақтарып отырып, ақ матаға түйілген бір нәрсенің орауын шеше бастады.

- Әкең екеуміз таңертең ұрсысып қалдық, - деді.

- Неге?

- Неге дерің бар ма? Жирен биенің айы-күні жетіп тұр емес пе? Жүгенін сыпырып алып, басқа бір салып қоя берейік десек, қысыр биелер құлынын тартып алам деп жүріп, жарақаттанып қала ма деп қорқасың. Аштан-аш қораға байлап қаңтарып қоюдың да реті келмейді. Жемшөп тақа таусылған. Совхоз маңайлатпайды... Қойшылардан жең ұшынан жалғасып, бірер астау жем алушы едік, қазір олар да кергіп алған, қойшы-қолаң құтырған қиын болады екен.

Мен, шынымды айтсам, жалығыңқырап кеттім де:

- Тәте, не айтайын деп едің? - деп едім, шешіліп айтқан әңгімесін бөлгенімді жақтырмай қалды.

- Айтып отыр емеспін бе. Әкеңмен таңертең ұрысып қалдық. Буаз биеге берер жем жоқ. Зейнептің үйіндегі қойшы келіні, қайдан естігенін қайдам, құдай біледі, сыпылдақ енесі айтты, қыз кезінде ұртына ұрлап салған бидай тоқтамаушы еді, енді тісі түсіп кемиек болғанда, сөз тоқтар дейсің бе... былтыр, әкең тоқтыға бір ту қой айырбастап әкеліп еді, сол сәтінде жеткізіпті дүзқара...

Мен тағы да қипалақтай бастадым. Шалы жұмысқа, қызы сабағына кетіп, қанғыр-күңгір сөйлесер адам жоқ, не шошаң етер, айналып-толғанар кішкене бала жоқ, шешем ертеңді қара кеш екі көзі төрт болып, әлдекімді тосар еді, алда-жалда келе қалған кісімен аздап болса да әңгімелесіп қалу үшін, оның алдына барын тосар еді. Қаладан менің келуім бұл кісі үшін ұлы мереке, мәз-мейрам боп, жасап қалатын. Мен кеткен кездегі жым-жырттық шошыта ма, қайтар күнім жақындаған сайын, шешемнен де маза кетер еді. Енді, міне...

- Зейнептің қойшы келіні айтыпты әкеңе: кемпіріңнің ескіден қалған тайтұяқ күмісі бар екен. Соның бүтінін болмаса да жартысын берсін, білезік соқтырып аламын. Егер күмісті әкеліп берсең - үш қап жемді мотоциклге салып, өзім апарып тастаймын. Ол бетпақтың бұтын кергілеп, мотоциклмен дырылдап жүретіні рас.

- Сонымен берейін деп отырсың ба?

- Бермегенде қайтем, әкең әкірендеп, құлақ етімді жеп қойды. Төркінімнен келген, ендігі қалған жалғыз дүнием еді десем, "ол не керек" деп...

- Расында да, неге керек? - дедім мен тайтұяқ күмісті алақаныма салып салмақтап отырып.

- Балам, - деді. - Қазақтың "Өлгенде кеудеңді қара тас бассын" деген қарғысы неге айтылғанын білесің бе?

- Жоқ.

- Ендеше, тыңда, адам бұл дүниемен иманын айта қоштасқан соң, жүрегінің басына - кеудесіне бисмилла деп бір кесек тас қояды, әйтпесе кеудесі толып, кеуіп кетеді. Мен әкеңе аманат қылып едім, егер құдай мені сенің алдында ала қалса, кеудеме тас қойма, осы тайтұяқ күмісті қой деп.

Шешем тайтұяқ күміс оралған ақ матамен көзін сүртіп жылады. Менің де кеңсірігім ашыды.

- Жемді ақшаға бермей ме екен? - дедім.

- Ой, олар ақшамен от тамызып отыр, қойшы құтырған заман емес пе.

- Жирен бие аштан өлмек түгіл, сеспей қатса да, тайтұяқ күмісіңді берме, - дедім мен.

- Ендеше, осы сөзді әкеңе айт. Сенің тіліңді алады, - деді шешем.

Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға