Жаңалықтар

ІІ БӨЛІМ

Төмендегі мектеп жанындағы үйден шыққан қызыл шырайлы бала жоғарыға қарай ынтыға жүгірді. Шаршаса да, тоқтар емес, жүзі қара күрең тартқан, жүрісінде бір асығыстық бар. Жанынан өткен адамдар еріксіз көңіл аударарлықтай. Бұл Жантас болатын. Жаңа ғана Шетпеден келген ағайындары жолда аударылған машина көргендерін, оның маңынан бала да көргендерін айтқан. Тереңірек сұраған Жантас бұларды біздерге жорыған ғой. Содан үйге айтуға, хабарлауға келе жатыр екен. Тәжібайдың үйі жолда. Жантас жақындап қалды. Бұл кезде Тәжібайдың анасы түйе саууға қора жаққа қарай кетіп бара жатыр еді. Шарбақты айналғанша Жантас та жетті. ¾ Апа... Сәлем бердік, апа... Жалт қараған Жаңыл апа Жантастың түнерген жүзіне қарап, үрейленіп қалды. Дегенмен жамандыққа жорығысы келмеді. Еріксіз Тәжібайы есіне түсті. ¾ Немене, айналайын? - Жантас кідіріп қалды. Аузына сөз түспеді. Пәк көңілді анаға «Тәжібайлар аударылыпты» деп қалай айтады? ¾ Жантасжан, бірдеңе болып қалды ма, айтсаңшы? ¾ Тәжібайлардың машинасы жол-да-а... тоқтап қалыпты... Ай, қайран дос, ақыры жамандық айтқызбадың. Ондай сөз айтуға дос жүрегі дауаламады. Иә, достық, сенің тұғырың әрқашанда биік қой! ¾ Неге тоқтапты? - Ана үрейленейін деді. Жантас бұл жерде шындықты айтқанның дұрыс екендігін түсінді. ¾ Жаңа біздің үйге Шетпеден кісілер келіп еді, соның адамдары... жолда аударылған машина көргендерін... Ана теңселгендей болды. Жантас та өзінің көңілі босап бара жатқанын сезіңді. ¾ Тезірек жетейік, Жантасжан, гаражға жүгір, машина сұра. Ана өзіне-өзі келе алмай тұтығыңқырап қалды. ¾ Абзалдың үйіне айтып кетейін, апа. ¾ Жоқ, сен жүгір гаражға, мен айтайын. Сен машина тапқанша біз дайын тұрамыз. Ана құрақ ұшты. Жантас гаражға қарай бар екпінімен жүгіре жөнелді. Қайран ана жүрегі, дос көңілі! ...Жеңіл машина жылдамдықты барынша үдетіп зулап келеді. Бағыты - Шетпе. Машина ішінде төрт адам бар: қос ана, Жантас және шофер жігіт Қанатбай. Машина құстай ұшады. Бірақ, бұған да іштегілердің күпті көңілі толар емес. Дала, хош иісі бұрқыраған жусандар, Қаратау бойын жиектей асыр салған тай-құлындар, небір көркем көріністер көліктегілердің назарын аудара алмайды. ¾ Ананы қараңдар! Өлі тыныштықты бұзған шофер даусына олар бастарын тез көтеріп алды. ¾ Не, ол не? Дауыстар қатарласа шықты, көздер ілгері қарай қадалған... Төңкерілген машина, дабырласқан адамдар, шашылған құрылыс материалдары, милициялар, дәрігерлер... Олар машинадан жүгіре түсті. Ілгері жақындауға қорқып, өзіме-өзім келе алмай тұрған мен анамды көргенде «мама» деп ұмтылдым. Шіркін, ана құшағынан ыстық не бар дүниеде?! Сол кез есіме Тәжібай түсіп кейін бұрылдым. Әлде болса бір жамандықты сезген Жаңыл апай ілгері аттай берді де, тоқтап қалды. Қарсы алдында дәрігерлер машинасы, жанында Тәжібай жатыр еді... ¾ Тірі ме?! - Ана даусы ащы шықты. ¾ Тәжібайым, құлыным! - Жерде сұлап жатқан Тәжібайын ана құшақтап, сүйіп жатыр. Ол бір сәт еңкейіп, құлағын ұлының жүрек тұсына тосты да, айқайлап барып талып кетті. Қара шашы қопарылып бетіне түсті. ...Көзімді ауруханада аштым. Оянған бойда «Тәжібай!» деп айқайлап жіберіппін. Жанымда әке-шешем отыр екен. ¾ Бір жерің...- дей берген анамның сөзін кілт қиып: ¾ Мама, Тәжібай сау ма? - дедім ентігіп. Анамның жанарынан жас ыршып кетті. Сабырлылық сақтаған әкем: «Иә, бар, бар», - деді. Сене алмаған мен: ¾ Мама, Тәжібай осында ма? - деп орнымнан ұшып тұрдым. ¾ Ойбай, жат! Үстің толған жара ғой, жат, - деді анашым. Сосын Тәжібайдың енді жоқ екендігін естіртті. Сол күні түнімен көз ілмей шықтым. Көз алдымнан Тәжібай кетпеді. Сәл қалғысам, «Тәжібай» деп шошып ояна бердім. Ұйқым қашты. Қайтсем де Тәжібайды жамандыққа қия алмадым. Ол қазір есіктен «жұмысқа кеттік» деп кіріп келетіндей көрінді. Көп ұзамай ауылға келдім. Тура Тәжібайдың үйіне тарттым. Қан-сөлсіз өңім бозарып, мұң шалған жүзім қуқыл тартып, жақындай бердім. Қалың көпшілік маған ысырылып жол берді. Кірдім. Әншейінде қараторы, сұлу өңді Жаңыл апайды танымай қалдым. Санаулы күндерде шөгіп кетіпті. Иә, ана қасіреті қиын екен. Екі көзі ісініп кеткен, ештеңе көрер емес. Бойымды асқан аяушылық сезім билеп кетті. Жанымдағы адамдар «Абзал, Абзал келді» дегенде әлсіз ана белгісіз бір әуенмен зарлап қоя берді. Қолын созып, мені құшағына құшырлана қысты. Сол сәт ол маған өз анамдай болып кетті. Мен оған Тәжібайдай болып сезілген болуым керек, ол мені қасіретті, қаралы құшағынан көпке дейін босатпады. «Таңертең кеткен Тәжіжан...» Әркімдер басу айтты. Ана булығып, еңірей берді. Менің көзімнен де жас ытқиды. Төбе құйқаны шымырлатар мұндай үнді естіп тұрып, жыламау мүмкін емес те еді. Ана әрең дегенде басылғандай болды. Сол бір ананың зарлы әуені көкейімде ызыңдап тұрып қалды... Үйге келіп жазу үстеліме отырдым. Көзімнен аққан ыстық жасты сүртпестен қаламымды қолыма алдым. Ойыма өлең жолдары орала берді. ...Құлын-тайдай тебісіп бірге өсіп едік. Бір-бірімізге қатты сөз айтып, немесе ренжісіп көрген емеспіз. Бала болсақ та, дос көңілі дегенді жақсы түсінуші едік. «Жан досыма» атты өлең жазылып бітті. Көз алдыма Тәжібайдың аңқылдаған бейнесі келеді... ...Қабір басы. Кластас балалардың бәрі де келген. Мен олардың және өз атымнан жан досым, тумаласыммен ең соңғы рет қоштастым. «Қош, Тәжібай, қош. Сенімен біз қимас дос едік. Бір сәтке көрмесек, сонша сағынып, жападан-жалғыз жүре алмаушы едік. Әттең, өмір бізді бір жүре беруге жазбапты...» Міне, барлық кластастарың келіп тұр. Бәрі де сені бақиға қиғысы келмейді, бірақ жазмышқа амал не?..Сені ұмытпаймыз, әрқашан да есте ұстаймыз, дейді олар. Қош, топырағың торқа болсын». Бір уыс топырақты алдым да, жас қабірдің үстіне тастадым. «Тірілерден көрген ең соңғы жақсылығың осы. Япырмай, күні кеше ғана айға ұшталған ақ арманның бір уыс топырақ болып қалғанына таңым бар...» Мен тас-талқан болған ішкі дүниемді әрең билеп, тіп-тіке көкке қарадым. Мөлтілдеп жасқа көмілген жанарымнан ұшқындар ұшқандай болды... Мен жанымдағы жандардың бәріне қарадым. Бәрінен де ұшқындар ұшып жатқан сияқты. Әне, әне... анау... 1976 жыл   Әдеби әлем
17.11.2013 09:58 3047

Төмендегі мектеп жанындағы үйден шыққан қызыл шырайлы бала жоғарыға қарай ынтыға жүгірді. Шаршаса да, тоқтар емес, жүзі қара күрең тартқан, жүрісінде бір асығыстық бар. Жанынан өткен адамдар еріксіз көңіл аударарлықтай. Бұл Жантас болатын. Жаңа ғана Шетпеден келген ағайындары жолда аударылған машина көргендерін, оның маңынан бала да көргендерін айтқан. Тереңірек сұраған Жантас бұларды біздерге жорыған ғой. Содан үйге айтуға, хабарлауға келе жатыр екен. Тәжібайдың үйі жолда. Жантас жақындап қалды. Бұл кезде Тәжібайдың анасы түйе саууға қора жаққа қарай кетіп бара жатыр еді. Шарбақты айналғанша Жантас та жетті. ¾ Апа... Сәлем бердік, апа... Жалт қараған Жаңыл апа Жантастың түнерген жүзіне қарап, үрейленіп қалды. Дегенмен жамандыққа жорығысы келмеді. Еріксіз Тәжібайы есіне түсті. ¾ Немене, айналайын? - Жантас кідіріп қалды. Аузына сөз түспеді. Пәк көңілді анаға «Тәжібайлар аударылыпты» деп қалай айтады? ¾ Жантасжан, бірдеңе болып қалды ма, айтсаңшы? ¾ Тәжібайлардың машинасы жол-да-а... тоқтап қалыпты... Ай, қайран дос, ақыры жамандық айтқызбадың. Ондай сөз айтуға дос жүрегі дауаламады. Иә, достық, сенің тұғырың әрқашанда биік қой! ¾ Неге тоқтапты? - Ана үрейленейін деді. Жантас бұл жерде шындықты айтқанның дұрыс екендігін түсінді. ¾ Жаңа біздің үйге Шетпеден кісілер келіп еді, соның адамдары... жолда аударылған машина көргендерін... Ана теңселгендей болды. Жантас та өзінің көңілі босап бара жатқанын сезіңді. ¾ Тезірек жетейік, Жантасжан, гаражға жүгір, машина сұра. Ана өзіне-өзі келе алмай тұтығыңқырап қалды. ¾ Абзалдың үйіне айтып кетейін, апа. ¾ Жоқ, сен жүгір гаражға, мен айтайын. Сен машина тапқанша біз дайын тұрамыз. Ана құрақ ұшты. Жантас гаражға қарай бар екпінімен жүгіре жөнелді. Қайран ана жүрегі, дос көңілі! ...Жеңіл машина жылдамдықты барынша үдетіп зулап келеді. Бағыты - Шетпе. Машина ішінде төрт адам бар: қос ана, Жантас және шофер жігіт Қанатбай. Машина құстай ұшады. Бірақ, бұған да іштегілердің күпті көңілі толар емес. Дала, хош иісі бұрқыраған жусандар, Қаратау бойын жиектей асыр салған тай-құлындар, небір көркем көріністер көліктегілердің назарын аудара алмайды. ¾ Ананы қараңдар! Өлі тыныштықты бұзған шофер даусына олар бастарын тез көтеріп алды.

¾ Не, ол не? Дауыстар қатарласа шықты, көздер ілгері қарай қадалған... Төңкерілген машина, дабырласқан адамдар, шашылған құрылыс материалдары, милициялар, дәрігерлер... Олар машинадан жүгіре түсті. Ілгері жақындауға қорқып, өзіме-өзім келе алмай тұрған мен анамды көргенде «мама» деп ұмтылдым. Шіркін, ана құшағынан ыстық не бар дүниеде?! Сол кез есіме Тәжібай түсіп кейін бұрылдым. Әлде болса бір жамандықты сезген Жаңыл апай ілгері аттай берді де, тоқтап қалды. Қарсы алдында дәрігерлер машинасы, жанында Тәжібай жатыр еді... ¾ Тірі ме?! - Ана даусы ащы шықты. ¾ Тәжібайым, құлыным! - Жерде сұлап жатқан Тәжібайын ана құшақтап, сүйіп жатыр. Ол бір сәт еңкейіп, құлағын ұлының жүрек тұсына тосты да, айқайлап барып талып кетті. Қара шашы қопарылып бетіне түсті. ...Көзімді ауруханада аштым. Оянған бойда «Тәжібай!» деп айқайлап жіберіппін. Жанымда әке-шешем отыр екен. ¾ Бір жерің...- дей берген анамның сөзін кілт қиып: ¾ Мама, Тәжібай сау ма? - дедім ентігіп. Анамның жанарынан жас ыршып кетті. Сабырлылық сақтаған әкем: «Иә, бар, бар», - деді. Сене алмаған мен: ¾ Мама, Тәжібай осында ма? - деп орнымнан ұшып тұрдым. ¾ Ойбай, жат! Үстің толған жара ғой, жат, - деді анашым. Сосын Тәжібайдың енді жоқ екендігін естіртті. Сол күні түнімен көз ілмей шықтым. Көз алдымнан Тәжібай кетпеді. Сәл қалғысам, «Тәжібай» деп шошып ояна бердім. Ұйқым қашты. Қайтсем де Тәжібайды жамандыққа қия алмадым. Ол қазір есіктен «жұмысқа кеттік» деп кіріп келетіндей көрінді. Көп ұзамай ауылға келдім. Тура Тәжібайдың үйіне тарттым. Қан-сөлсіз өңім бозарып, мұң шалған жүзім қуқыл тартып, жақындай бердім. Қалың көпшілік маған ысырылып жол берді. Кірдім. Әншейінде қараторы, сұлу өңді Жаңыл апайды танымай қалдым. Санаулы күндерде шөгіп кетіпті. Иә, ана қасіреті қиын екен. Екі көзі ісініп кеткен, ештеңе көрер емес. Бойымды асқан аяушылық сезім билеп кетті. Жанымдағы адамдар «Абзал, Абзал келді» дегенде әлсіз ана белгісіз бір әуенмен зарлап қоя берді. Қолын созып, мені құшағына құшырлана қысты. Сол сәт ол маған өз анамдай болып кетті. Мен оған Тәжібайдай болып сезілген болуым керек, ол мені қасіретті, қаралы құшағынан көпке дейін босатпады. «Таңертең кеткен Тәжіжан...» Әркімдер басу айтты. Ана булығып, еңірей берді. Менің көзімнен де жас ытқиды. Төбе құйқаны шымырлатар мұндай үнді естіп тұрып, жыламау мүмкін емес те еді. Ана әрең дегенде басылғандай болды. Сол бір ананың зарлы әуені көкейімде ызыңдап тұрып қалды... Үйге келіп жазу үстеліме отырдым. Көзімнен аққан ыстық жасты сүртпестен қаламымды қолыма алдым. Ойыма өлең жолдары орала берді. ...Құлын-тайдай тебісіп бірге өсіп едік. Бір-бірімізге қатты сөз айтып, немесе ренжісіп көрген емеспіз. Бала болсақ та, дос көңілі дегенді жақсы түсінуші едік. «Жан досыма» атты өлең жазылып бітті. Көз алдыма Тәжібайдың аңқылдаған бейнесі келеді... ...Қабір басы. Кластас балалардың бәрі де келген. Мен олардың және өз атымнан жан досым, тумаласыммен ең соңғы рет қоштастым. «Қош, Тәжібай, қош. Сенімен біз қимас дос едік. Бір сәтке көрмесек, сонша сағынып, жападан-жалғыз жүре алмаушы едік. Әттең, өмір бізді бір жүре беруге жазбапты...» Міне, барлық кластастарың келіп тұр. Бәрі де сені бақиға қиғысы келмейді, бірақ жазмышқа амал не?..Сені ұмытпаймыз, әрқашан да есте ұстаймыз, дейді олар. Қош, топырағың торқа болсын». Бір уыс топырақты алдым да, жас қабірдің үстіне тастадым. «Тірілерден көрген ең соңғы жақсылығың осы. Япырмай, күні кеше ғана айға ұшталған ақ арманның бір уыс топырақ болып қалғанына таңым бар...» Мен тас-талқан болған ішкі дүниемді әрең билеп, тіп-тіке көкке қарадым. Мөлтілдеп жасқа көмілген жанарымнан ұшқындар ұшқандай болды... Мен жанымдағы жандардың бәріне қарадым. Бәрінен де ұшқындар ұшып жатқан сияқты. Әне, әне... анау... 1976 жыл 

 Әдеби әлем

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға