Жаңалықтар

І БӨЛІМ

...1974 жылдың жазы. Біз сегізінші класты бітіріп, каникулға шықтық. Бір топ кластас балалар ойлана келе, бұл мерзімді босқа өткізбеуге келістік. Жас құрылысшылар отрядын құрдық. Мен, Сержан, Батырхан, Тәжібай, Айдын бесеуіміз бір бригада болдық. Күндер өтіп жатты. Біз құрылыс жұмысына бірте-бірте көндігіп келеміз. Алғашқыда балшық илеп, тас әперіп, қайыр тасып қана жүрдік. Үйрене келе кейбіріміз сылақшы болып та істеп, үйрене бастадық. Бір күні екі бала аудан орталығы Шетпеден шифер тасуға барады дегенді естідік. Оларды шофер жігіт Серікбай апаратын болды. Бригадир Ескендір ағай: ¾ Кім барады? - деп өз талқымызға салды. ¾ Мен барайын, - дедім. ¾ Мен де барамын, - деді Тәжібай. Біздің бұл батыл жауабымыз Есекеңе ұнап қалған болуы керек, риза болған кейіппен «екеуіңіз барасыңыз» деді. Түс ауа жолға шықтық. Газ-51 автомашинасы әп-сәтте-ақ біздің шағын ғана Шайыр ауылын көзден таса қылып, аудан орталығына қарай ала қашты. Екі ара едәуір жер. Біз әңгіме айтып жол қысқартпақ болдық. ¾ Неткен тамаша таулар! - деді Тәжібай Қаратаудың терістік беткейіндегі төрткіл құздарды көрсетіп. ¾ Расында да, - деп қостадым мен. ¾ Тәжібай, әңгіме айтшы? ¾ Абзал, мен саған көңілімде жүрген бір ойымды айтайын ба? - деп Тәжібай қарсы сұрақ қойды. ¾ Айтсайшы. Тәжібай қандайда бір толқыған сезімнің құшағыңда аз ғана отырды да, үлкен кісілерше сөз бастады. ¾ Мен неге екенін білмеймін, көп армандаймын. - Ол маған бір қарап алды да, сөзін жалғастырды. - Бір арманым - ұшқыш болу. Көк зеңгір аспанда құстан да жылдам зымырап, самғағым келеді. Екіншісі, мына тауларды (ол қолымен алыстан көрінген Шерқала шатқалдарын нұсқады) қопарып зерттейтін, Маңғыстауымның қазынабайлығын ақтаратын геолог болу. Ал соңғы арманым осылардан туындайды десе де болады, өмірді сүйемін... Тәжібай сөзін аяқтады. Мен ойланып отырып қалдым. «Мен армандадым ба екен,сірә? Жоқ? Неге? Сонау сәби кезімнен осы күнге дейін ақын болам, жазушы болам деп жүргенім арман емес пе? Иә, әр адамның өз арманы бар екен ғой...» Үнсіздікті ауылдан шыққалы бері сөзге қосылмай отырған шофер бұзды: ¾ Неғып үндемей қалдыңдар? Серікбай жас жігіт болатын. Таушық кәсіптік-техникалық училищесін биыл бітірген ол он сегіз ғана жаста. Оның бізбен ойнап-күліп отырғысы келді ме, білмеймін: ¾ Қызың бар ма? - деді маған қарап жымиып. ¾ Не қыз? - дедім мен түк түсінбеген сыңай байқатып,- мендей балада қайдан қыз болады? ¾ Мылқау, - деді ол мұрнымнан тартып. ¾ Өзің, - дедім мен ерегесіп. Осылай әрнемені бір айтып отырғанда Шетпеге де жақындадық. Алыстан көп қабатты ақ үйлер көзге шалынды. Міне, келіп те қалыппыз. Тез-тез түсе қалдық та, дайын тұрған шиферлерді тией бастадық. Тиеп жатырмыз, тиеп жатырмыз... Қолымыз да талып барады. Әрең дегенде болдық-ау әйтеуір. Енді ауылға кері қайтпақшымыз. Азырақ отырып тыныққаннан кейін: ¾ Отырыңдар, жүреміз, - деді шофер. Қозғалып та кеттік. Машина орташа жылдамдықпен келеді. Поселкеден үш-төрт шақырымға дейін жолға шыққанша - қаз-қатар үйлер. Сол үйлердің орта жолында «Шайтан көпір» деп аталатын көпір бар. Әрқашанда жер, су аттарын қойғанда мүлт жібермейтін халық осы көпір атын да тауып қойған сияқты. Өзі тар, тегіс жолмен келе жатқан машина ол арадан кері бұрылып, айналып өтеді. Міне, біз мінген машина да сол көпірге жақындап келіп қалды. Кенет... Құлап барады екенмін. Көзіме машинаның доңғалақтары түсті. Төбемнен аждаһадай төніп қалыпты. Басым айналып, жер-дүние төңкерілгендей болып елестеді... Құлап түстім... Сәлден соң есім кірді. Үсті-басымды ұстап қараймын, сау секілді. Тек қана бірер жерім шыдатпайды, содан қан ағып тұр. Мен оны елеместен орнымнан тұрдым да, Тәжібайды іздедім. Сөйткенше, жаныма Серікбай да келіп қалды. ¾ Тәжібай қайда? - айқайлай сұрақ бердім. Ол «көрмедім» дегендей екі иығын қиқаңдатты. Тәжібайды іздеп таба алмадық. Ұшты-күйлі жоқ. ішімнен «қайда кетті?» деп таң қала ойлаймын. Бір кезде шашылған шиферлердің арасынан үздігіп шыққан адам даусы естілгендей болды. Жан ұшыра, жанталаса арши бастадық... О, сұмдық, бұған кім сенер! Өңім бе, түсім бе? Түсім шығар... Жоқ, өңім сияқты. Жаңа ғана қиялымен дүниені шарлап, көңілді күйде қасымда отырған Тәжібай үстінде саутамтық жері жоқ, қып-қызыл қанға боялып жатыр... Екінші рет есеңгіреп кеттім...
17.11.2013 09:56 3230

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға