Қонысбек Төрешұлы еңбек жолы
Қонысбек Төрешұлы 1975-1985 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болған кезде де аудан экономикасы мен мәдени-әлеуметтік жағдайы үнемі өсу, өркендеу дәрежесінде болды. Мәселен, аудан бойынша 1975 жылы 17000 гектар жерге күріш егіліп, әр гектардан 48,3 центнерден өнім жиналса, 1985 жылы күріш егісі 17944 гектарға жеткізіліп, әр гектардан 52,2 центнерден өнім алынып, мемлекетке 845120 центнер күріш тапсырылды. Қонекең еліне адал қызмет етіп артына өшпес із қалдырды. Қонекеңді басқалардан дараландыратын үш қасиетін айрықша атауға болады. Олар: іскерлік, тазалық және әділдік. Бір адамның, оның ішінде бір басшының басынан осы үшеуінің бірдей табылуы өте сирек. Оның іскерлігінің басты ерекшелігі – кадрларды іріктеу, таңдау, орналастыру және тәрбиелеу талабын өзіне тән ыждағаттылықпен іске асыруында еді. Жұмысқа орналасуда, өсуде тамыр-таныстық, жақындық, жерлестік емес, ең бірінші оның жұмыс қабілеті ескерілетін. Кадрларға әділ талаптар қою арқылы оларды ширататын. Қонекеңнің жұмыс уақытын пайдалануы таңғаларлық еді. Ол кісінің кеңсе жұмысына келіп кету уақытының дәлдігі соншалық, «оған қарап сағат жүрісін дәлдеуге болады», деуші еді жұртшылық. Түрлі жиындар белгіленген уақытында басталатын, шаруашылықтарға айтқан уақытында келетін. Жасыратыны жоқ бастықты тәуір жерлермен жүргізіп, жақсы атты болып қалуға тырысатынбыз. Шаруашылық аралағанда оның көзінен ештеңені таса қалдыру мүмкін емес еді. Алайда, шаруашылық басшыларының көрмей жүрген немесе көрсеткісі келмеген жерлеріне дейін өзі бастап барып, талай кемшіліктерімізді ашып, ақыл-кеңесі мен тапсырмасын беретіні көп адамдардың есінде шығар. Қонекеңнің іскерлігіне байланысты айтып тауысу мүмкін емес. Алайда, ол кісінің әрбір істі соның маманындай егжей-тегжейлі білетінін айтпасқа болмайды. Кез келген маманмен сол саланың кәсіби тілімен сөйлесетін. Сондықтан да істі жан-жақты біліп, саралап айтып тұрған Қонекеңнің сөзі үстем, айтқаны өтімді болатын. Екі аудандағы сонша жылғы қызметі кезінде де, кейін де ол кісінің қолының тазалығына күмән келтіретін бірде-бір сөз айтылған емес. Ол кісінің балаларының елмен бірге нан, сүт кезегінде тұруының өзі біраз жайдан хабар берсе керек. Қонысбек Төрешұлы шаруашылық басшыларынан еңбектің сапалық көрсеткіштеріне көңіл аударуды, талдау, сараптау жұмыстарын тұрақты жүргізуді талап ететін. Иә, Қонекең туралы айта беруге де, жаза беруге де болады. Оның өмірі, жарқын істері ешуақытта ұмытылмайды. «Бедел» ұғымы «басшы» деген ұғыммен бірге жүретіні белгілі. Бедел ақыл-парасат, еңбек, әділдік, адамдарға жақсылық жасау арқылы ұзақ жылдар бойы жинақталып, азаматты ажарландырып тұрады. Қонекеңнің елімізге сіңірген еңбегі зор. Ол көптеген марапаттарды иеленді. Қазақстан Компартиясы, СОКП съездерінің делегаты болды. Үш мәрте Ленин орденінің иегері атанды. Қонысбек Қазантаев өз заманының нағыз қайраткері еді. Бұған ешкімде дау айта алмайды. Оның тағы бір жақсы қасиеті – бойында жылт еткен таланты бар жас ұрпақты көрсе бірден назар аударып, үнемі өз қамқорлығына алатын. Кейбіреулердей туысқандыққа, рушылдыққа бой ұрмайтын, бәріне бірдей қарайтын. Осы тұрғыда еңбек еткен Қонекеңнің еңбегі зая кеткен жоқ, қайта қайраткер «Қазантаев мектебі» өмірге келді. Оның мектебінен шыққан азаматтардың алды облыс басқаруға дейін көтеріліп, мемлекет және қоғам қайраткері атанды. Соның ішінде Қонекеңнің ізбасары, мектебінің алғашқы түлектерінің бірі – Талдықорған және Қызылорда облыстарын ұзақ жылдар басқарған Сейілбек Шаухамановты айта кеткен жөн. Сондай-ақ Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш аудандарын басқарған, биліктің жоғары сатысында болған тағы бір шәкірті Сәмит Далдабаев та елі үшін абыройлы қызмет атқарды. «Қазантаев мектебінен» шыққан кадрлар облыс аумағынан асып республикалық дәрежеде қызмет атқарды. Десе де әйел жолдастарды да тәрбиелеп, ел басқаруға қатыстыру қайраткер ағамыздың еңбегі айтарлықтай. Солардың ішінде Алма Бозжанованы жерлестері ерекше мақтаныш тұтады. Қонекең мектебінен шыққан бір топ кадрлардың аудан әкімі қызметтерін абыроймен атқарғандығын мақтанышпен айтуға болады. Олар – аудан әкімі болған Қожахмет Баймаханов, Жақай Бодықбаев, Нұрлыбек Жолдасбаев, Салхадин Мырзабеков және басқалар. Ол туған елінің өркендеп өсуін, мәдениетінің көркеюін, өркениетті ел қатарына қосылуын шексіз сүйе білген қайраткер еді. Енді мына бір оқиғаны еске түсірудің реті келіп тұр. 1955 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің республикамыз жоғары халықаралық деңгейде аса мәртебелі қонақтарды қабылдады. Есімі дүние жүзіне белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі, Үндістанның премьер-министрі Джавахарлал Неруді қазақ жері құшақ жая қарсы алған-ды. Жер жүзінде саны жағынан да, тарихы жөнінен де, ұлы перзенттері санатынан да шоқтығы биік тұратын елдің аяулы азаматтарына құрмет айрықша болатыны өзінен-өзі түсінікті.Төселген гүл шоқтарында есеп болмады деседі. Көргенде ел ықыласына риза болған Неру: – Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ, – деген екен Димаш Ахметұлы Қонаевқа. Қайрулла ӘБЕНОВ, Шыңғыс АЙБОСЫНОВҚонысбек Төрешұлы 1975-1985 жылдары Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болған кезде де аудан экономикасы мен мәдени-әлеуметтік жағдайы үнемі өсу, өркендеу дәрежесінде болды.
Мәселен, аудан бойынша 1975 жылы 17000 гектар жерге күріш егіліп, әр гектардан 48,3 центнерден өнім жиналса, 1985 жылы күріш егісі 17944 гектарға жеткізіліп, әр гектардан 52,2 центнерден өнім алынып, мемлекетке 845120 центнер күріш тапсырылды.
Қонекең еліне адал қызмет етіп артына өшпес із қалдырды. Қонекеңді басқалардан дараландыратын үш қасиетін айрықша атауға болады. Олар: іскерлік, тазалық және әділдік. Бір адамның, оның ішінде бір басшының басынан осы үшеуінің бірдей табылуы өте сирек. Оның іскерлігінің басты ерекшелігі – кадрларды іріктеу, таңдау, орналастыру және тәрбиелеу талабын өзіне тән ыждағаттылықпен іске асыруында еді.
Жұмысқа орналасуда, өсуде тамыр-таныстық, жақындық, жерлестік емес, ең бірінші оның жұмыс қабілеті ескерілетін. Кадрларға әділ талаптар қою арқылы оларды ширататын. Қонекеңнің жұмыс уақытын пайдалануы таңғаларлық еді. Ол кісінің кеңсе жұмысына келіп кету уақытының дәлдігі соншалық, «оған қарап сағат жүрісін дәлдеуге болады», деуші еді жұртшылық. Түрлі жиындар белгіленген уақытында басталатын, шаруашылықтарға айтқан уақытында келетін. Жасыратыны жоқ бастықты тәуір жерлермен жүргізіп, жақсы атты болып қалуға тырысатынбыз. Шаруашылық аралағанда оның көзінен ештеңені таса қалдыру мүмкін емес еді. Алайда, шаруашылық басшыларының көрмей жүрген немесе көрсеткісі келмеген жерлеріне дейін өзі бастап барып, талай кемшіліктерімізді ашып, ақыл-кеңесі мен тапсырмасын беретіні көп адамдардың есінде шығар.
Қонекеңнің іскерлігіне байланысты айтып тауысу мүмкін емес. Алайда, ол кісінің әрбір істі соның маманындай егжей-тегжейлі білетінін айтпасқа болмайды. Кез келген маманмен сол саланың кәсіби тілімен сөйлесетін. Сондықтан да істі жан-жақты біліп, саралап айтып тұрған Қонекеңнің сөзі үстем, айтқаны өтімді болатын.
Екі аудандағы сонша жылғы қызметі кезінде де, кейін де ол кісінің қолының тазалығына күмән келтіретін бірде-бір сөз айтылған емес. Ол кісінің балаларының елмен бірге нан, сүт кезегінде тұруының өзі біраз жайдан хабар берсе керек.
Қонысбек Төрешұлы шаруашылық басшыларынан еңбектің сапалық көрсеткіштеріне көңіл аударуды, талдау, сараптау жұмыстарын тұрақты жүргізуді талап ететін.
Иә, Қонекең туралы айта беруге де, жаза беруге де болады. Оның өмірі, жарқын істері ешуақытта ұмытылмайды. «Бедел» ұғымы «басшы» деген ұғыммен бірге жүретіні белгілі. Бедел ақыл-парасат, еңбек, әділдік, адамдарға жақсылық жасау арқылы ұзақ жылдар бойы жинақталып, азаматты ажарландырып тұрады.
Қонекеңнің елімізге сіңірген еңбегі зор. Ол көптеген марапаттарды иеленді. Қазақстан Компартиясы, СОКП съездерінің делегаты болды. Үш мәрте Ленин орденінің иегері атанды.
Қонысбек Қазантаев өз заманының нағыз қайраткері еді. Бұған ешкімде дау айта алмайды.
Оның тағы бір жақсы қасиеті – бойында жылт еткен таланты бар жас ұрпақты көрсе бірден назар аударып, үнемі өз қамқорлығына алатын. Кейбіреулердей туысқандыққа, рушылдыққа бой ұрмайтын, бәріне бірдей қарайтын. Осы тұрғыда еңбек еткен Қонекеңнің еңбегі зая кеткен жоқ, қайта қайраткер «Қазантаев мектебі» өмірге келді. Оның мектебінен шыққан азаматтардың алды облыс басқаруға дейін көтеріліп, мемлекет және қоғам қайраткері атанды. Соның ішінде Қонекеңнің ізбасары, мектебінің алғашқы түлектерінің бірі – Талдықорған және Қызылорда облыстарын ұзақ жылдар басқарған Сейілбек Шаухамановты айта кеткен жөн. Сондай-ақ Сырдария, Жаңақорған, Жалағаш аудандарын басқарған, биліктің жоғары сатысында болған тағы бір шәкірті Сәмит Далдабаев та елі үшін абыройлы қызмет атқарды.
«Қазантаев мектебінен» шыққан кадрлар облыс аумағынан асып республикалық дәрежеде қызмет атқарды. Десе де әйел жолдастарды да тәрбиелеп, ел басқаруға қатыстыру қайраткер ағамыздың еңбегі айтарлықтай. Солардың ішінде Алма Бозжанованы жерлестері ерекше мақтаныш тұтады.
Қонекең мектебінен шыққан бір топ кадрлардың аудан әкімі қызметтерін абыроймен атқарғандығын мақтанышпен айтуға болады. Олар – аудан әкімі болған Қожахмет Баймаханов, Жақай Бодықбаев, Нұрлыбек Жолдасбаев, Салхадин Мырзабеков және басқалар.
Ол туған елінің өркендеп өсуін, мәдениетінің көркеюін, өркениетті ел қатарына қосылуын шексіз сүйе білген қайраткер еді.
Енді мына бір оқиғаны еске түсірудің реті келіп тұр. 1955 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің республикамыз жоғары халықаралық деңгейде аса мәртебелі қонақтарды қабылдады. Есімі дүние жүзіне белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі, Үндістанның премьер-министрі Джавахарлал Неруді қазақ жері құшақ жая қарсы алған-ды.
Жер жүзінде саны жағынан да, тарихы жөнінен де, ұлы перзенттері санатынан да шоқтығы биік тұратын елдің аяулы азаматтарына құрмет айрықша болатыны өзінен-өзі түсінікті.Төселген гүл шоқтарында есеп болмады деседі. Көргенде ел ықыласына риза болған Неру: – Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ, – деген екен Димаш Ахметұлы Қонаевқа.
Қайрулла ӘБЕНОВ,
Шыңғыс АЙБОСЫНОВ
