Жаңалықтар

Қонысбек Төрешұлы

Сыр еліне жақсы таныс, 22 жылдан астам Тереңөзек (қазіргі Сырдария) және Жалағаш аудандарында партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевпен он жылдан астам уақыт бірге қызмет істедім. Қонекең туралы көңілімізде жүрген ойларды ортаға салу бізге парыз. Өйткені, оның өмірінде кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық сәттер аз емес. Оның бойында адалдық, адамгершілік, жүктелген іске жауаптылық қасиеттер үйлесімді ұштасып жататын. Ол кісінің бітімі, болмысы бөлек, парасат-пайымы ерекше болатын. Адамға жақсылық жасау екінің бірінің қолынан келе қоятын шаруа емес. Жақсылар ғана жан-жағына көлеңкесін түсіретін алып бәйтерек сияқты. Соның бірі, тіпті біре­гейі Қонекең еді. Ал мен өз басым әріптес, үзеңгілес інісі ретінде ол кісімен бірге қызмет істеп, онымен пікірлес болуға мүмкіндік берген тағдырыма ризамын. Байқағаным, бір қарағанда жүзінен кімде болса именіп, сөзінен кімде болса да тайсалғандай Қонекең айналасына соншалықты мейірбан еді. Өз заманының бәйтерегі болған Қонекеңнің бейнесі күн өткен сайын биіктеп барады. Ол өзінің ісімен, ақыл-парасатымен артына елеулі із қалдырды. Қонекең Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, облыстық партия комитетінің пленумдарында рухани құндылықтарды қастерлеудің мән-мәнісін тереңнен қозғап, ой-санаға сілкініс тудыра сөйлейтін. Қонысбек ағамызды кезінде ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың өзі де аса құрметтеген. Сол кездері ол біздің облыстан Орталық комитет мүшесі болып сайланған жалғыз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы еді. Қонысбек ағамен қызметтес болуым 1975 жылы басталды. Осы жылы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сұлтан Шаханұлы Аманов облыстық партия комитетіне хатшы болып ауысты да оның орнына сол кездегі Тереңөзек ауданының бірінші хатшысы Қонысбек Төрешұлы Қазантаев сайланды. Ұйымдық мәселе қараған пленум өткеннен кейін ертеңіне жаңа бірінші хатшы аппарат қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Ол кезде аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Сәмит Далдабаев, идеология жөніндегі хатшы Нәзтай Сермаханова, партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі мен жалпы бөлім меңгерушісі Мәжит Сағидатов, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Мәжит Әбдазиев болатын. Аппарат қызметкерлерімен танысып болғаннан кейін Қонекең: – Жігіттер, мен өмірде жұмысқа кешігіп келген адам емеспін. Аудандық партия комитетінде өтетін жиналыстардың, семинарлардың, пленумдардың, бюро мәжі­лістерінің белгіленген уақытында бас­­­­талмауына жол беруге болмайды. Осы жай естеріңізде болсын. Халық құдайдан бір-ақ елі төмен, – деді. Дәл осы сөзі күні бүгінге дейін ойымнан кетпейді. Қонекеңнің осы сөздері өзіңді өзің сыйлаудың, уақытты қадірлей білудің, басқалармен санасудың, яғни халық үшін туып, халық үшін өмір сүрудің үлгісін танытып жүрген басшының болмысын аша түскендей еді. Тап-таза мұнтаздай киініп, өзін байсалды ұстайтын Қонекеңнің жүріс-тұрысы да өзгелерден бөлек еді. Арада қанша уақыт өтсе де, ол біздің жүрегімізде сол биіктігінен бір елі төмендемей, асқақ күйінде қалды. Мен өзім 43 жылдың ішінде ауданның жеті басшысымен қызметтес болдым. Шыным сол, Қонекеңнен кейінгі басшылармен жұмыс істеу менің жеке басым үшін өте ауыр болды. Себеп, олар өздерін мықтымын дейтін. Бірақ, көңілдеріне келмей-ақ қойсын, Қонекеңнің қасында олардың олқылықтары анадайдан көзге ұрып тұратын. Кейде суыртпақтап болса да, солардың шетін шығарамын деп жақпай қалған кездерім де болды. Сөйтіп, Конекеңнің 70 жылдық тойына да бара алмай қалдым. 1993 жыл болатын. Сол жылы Қонекең 70-ке толды. Қызылордада тұратын. Тойға біздің ауданнан да біраз адам барды. Ол кезде мен поселке әкімі болып қызмет істеп жүрген болатынмын. Өкінішке қарай, мен олардың құрамына ілікпей қалдым. Содан не керек, той өтіп кеткеннен кейін зайыбымды ертіп жеке баруға тура келді. Сонымен, дастарқан басында Бағжан жеңгеміздің шәйін ішіп отырып, ойымдағы әңгімені ақтарылып айтқаным бар. Әңгіме арасында: – Қонеке, мерейтойыңызға шақырыл­мадым. Бағжан жеңгемізден кейін қасыңызда ең көп болған мен емес пе едім? – дегенімде: – Шыңғыс, айналайын, ананы шақыр, мынаны шақыр деп айтқан емеспіз. Жалағаш ауданының әкіміне санаулы шақыру билетін бергенбіз. Сен оған ілінбей қалады деген ой бізде болмады, – деді асыл аға. Бүгінгі күні ел басқарып жүрген азаматтардың құлағына алтын сырға. Қонекеңді жете білмейтіндер «қатты» еді деп айтатын көрінеді. Оны талапшыл деп түсінген жөн. Өйткені, ол ешкімді орынсыз жазалаған жан емес. Кемшіліктерін аяусыз сынап, жауапқа тартылатындай қылмысты болса да, өзі араша түсіп алып қалатын. Тіптен, қызметінен босататындай айыбы болса да, тәрбиелеп көрейікші деп партиялық жазамен шектелетін. Оның тағы бір қыры ол кісі нағыз публи­­­цист болатын. Егер журналистік жолды таң­дап алғанда танымал публицист болары анық еді. Қонекеңнің сөйлем құрауы ешкімге ұқса­майтын. Әсіресе, жазу каллиграфиясы, сал­ған әрбір әрпі тасқа басқандай әрі сұлу, әрі моншақтай тізіліп, еріксіз назар аударатын. Бұл күндері біздер Қазантаев мектебінен шыққан кадрлардың осалы жоқ деп мақтанамыз. Шынында солай. Сөзіміз дәлелді болу үшін фактіге жүгінейік. 1980 жылдың мамыр айы болатын. Аудандық партия ұйымының жұмысымен таныспақ болып, біздің өңірге КОКП Орталық комитетінің инспекторы С.Денякин келді. Ол кісі келген бойда аудандық партия комитетінің жұмысын тексере бастады. Әсіресе, аудандық партия комитетінің партиялық есеп секторының жұмысына шүйліге кірісті. Сектор меңгерушісі Қазия Әбдіразақова барлық қойған сұрақтарға тиісті документтерін көрсете отырып жауап берді. Кеңсе ішінде Қонекең, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Сейілбек Шаухаманов, бөлім меңгерушісі мен бармын. Басқаларын қайдам өз басым осы тексеруден аман-есен шықсақ екен деп іштей қобалжудамын. Не керек, бір жарым сағатқа созылған осы тексеруден Қазия Әбдіразақова өте жақсы деген баға алды. Орталық комитеттің инспекторы риза болғаны соншалықты: – Қазақстанның барлық 19 облысында болғанымда партиялық есеп секторының қызметін осындай дәрежеде жүргізіп отырған партия қызметкерін бірінші рет кездестіруім, – деп рахметін айтып, Қазия Әбдіразақованың қолын қысты. Онысымен шектелмей Семен Кириллович: – Бұл жұмысты озат тәжірибе ретінде облыстың партия ұйымдарына тарату керек. – Ол осылай деп тапсырма берді. Ертеңіне аппарат жиналысы болып, бірінші хатшы тексерудің қорытындысын жігіттерге таныс­тырып, келесі болатын бастауыш партия ұйымы секретарларының аудандық семинарында Қазия Әбдіразақоваға осы мәселе жөнінде баяндама жасауды тапсырды. Көп ұзамай Қазия Әбдіразақованы облыстық партия комитетінің партиялық ұйымдастыру бөліміне нұсқаушылыққа шақырды. Алайда, ол сол қызметке барған жоқ. Партия тара­ған­нан кейін Қазия Әбдіразақова аудан әкім­дігінде аппарат жетекшісі болып жұмыс істеп, жасы келіп, құрметті демалысқа шықты. Осы мақаланы жазар алдында Социа­листік Еңбек Ері, ағамыз Ұзақ Еспа­новтың үйіне сәлем бере бара отырып: – Ұзеке, биыл Қонысбек ағамыздың туғанына 90 жыл толады. Сізбен көп сырласатын еді, ағамыз жөнінде не айтар едіңіз, – дегенімде, ағамыз іркілместен: – Қонекең өзіндік ерекшелігімен оқшау тұратын басшы еді ғой. Аудан диқандарының ыстық-суығын бірге бөлісіп, оларға күріш егудің қыр-сырын үйретіп отыратын. Шаруашылықтардағы егілген күрішті орақ алдына дейін кемі екі-үш мәрте аралап шығатын. Қайнаған шілде айында аяғына жеңіл етік, басына ши қалпақ киіп алып, қай-қайдағы сушының аяғы баспаған қамыстықты жапырып жүріп күріш көгінің нашар шыққан немесе алаңғыт жерлеріне дөп тиіп мынау не деп сұрақ қоятын. Ондайда біздер: – Осындай болып қалды, – деп уәж айтатынбыз. Сонда ол кісі оның себебін түсіндіріп, не істеу керектігін нақтылап айтып, тапсырма беретін. Бір сөзбен айтқанда, шаруа­шылықтың қай саласын болмасын менмін деген маманнан әлдеқайда көп білетін. Содан болса керек, ешбір басшы, ешбір маман оның алдынан жалған айтып құтылып кете алмайтын. Сондықтан да, Қонекең қазақтың Бауыржаны сияқты Сыр елінің Қонекеңі болды ғой,– деп әңгімесін аяқтады батыр ағамыз. Қонысбек Қазантаевтың осыншалық ең­бегі елеусіз қалған жоқ. Ол бірнеше мәр­те облыстық кеңеске депутат болып сайлан­­­ды, Қа­­­зақстан Компартиясы Орталық комитетінің мү­шесі болды. КОКП-ның ХХІІІ съезінде делегат болып қатысты. Үш рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, ондаған медальдармен марапатталды. Бұл, әрине, бір адамға берілген аз дәреже емес. Қонекең үшін оны көп деп те айта алмаймыз. Өйткені, ке­зінде Социалистік Еңбек Ері атағына да ұсы­нылған-ды. Мәскеуге барған жерінде бізге белгісіз себептермен сол ұсыныс аяқсыз қалды. Бұл жолы Қонекең туралы айтарымызды Батыр ағамыз Ұзақ Еспановтың оған арнаған төмендегі өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдік: Жүйріктің талай шапқан тарланысың, Қорғаған Сыр елінің ар-намысын, Кезінде кешегі өткен не бір қиын, Ешкімнің жаратпадың жалған ісін. Биіктен көрінетін дара тұлғаң, Азамат тек еңбекке жаратылған. Қонекең талай көрдік жиындарда, Тіліңнен сөйлегенде таматын бал. Қонекеңмен қызметтес болған кездегі ұққанымызды, көргенімізді бүге-шүгесіне дейін қалдырмай жазуды мақсат тұтқанымыз жоқ. Оның үстіне оның өмірі мен қызметіне қатысты жайларды бір мақалаға сыйдыру мүмкін де емес. Сыр топырағында өзіндік орны бар ағамыз жайлы әңгіменің әлі талай жалғасын табары сөзсіз. Шыңғыс АЙБОСЫНОВ
17.11.2013 09:26 3821

Сыр еліне жақсы таныс, 22 жылдан астам Тереңөзек (қазіргі Сырдария) және Жалағаш аудандарында партия комитетінің бірінші хатшысы болған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевпен он жылдан астам уақыт бірге қызмет істедім.

Қонекең туралы көңілімізде жүрген ойларды ортаға салу бізге парыз. Өйткені, оның өмірінде кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық сәттер аз емес. Оның бойында адалдық, адамгершілік, жүктелген іске жауаптылық қасиеттер үйлесімді ұштасып жататын. Ол кісінің бітімі, болмысы бөлек, парасат-пайымы ерекше болатын.

Адамға жақсылық жасау екінің бірінің қолынан келе қоятын шаруа емес. Жақсылар ғана жан-жағына көлеңкесін түсіретін алып бәйтерек сияқты. Соның бірі, тіпті біре­гейі Қонекең еді. Ал мен өз басым әріптес, үзеңгілес інісі ретінде ол кісімен бірге қызмет істеп, онымен пікірлес болуға мүмкіндік берген тағдырыма ризамын. Байқағаным, бір қарағанда жүзінен кімде болса именіп, сөзінен кімде болса да тайсалғандай Қонекең айналасына соншалықты мейірбан еді.

Өз заманының бәйтерегі болған Қонекеңнің бейнесі күн өткен сайын биіктеп барады. Ол өзінің ісімен, ақыл-парасатымен артына елеулі із қалдырды. Қонекең Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, облыстық партия комитетінің пленумдарында рухани құндылықтарды қастерлеудің мән-мәнісін тереңнен қозғап, ой-санаға сілкініс тудыра сөйлейтін. Қонысбек ағамызды кезінде ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың өзі де аса құрметтеген. Сол кездері ол біздің облыстан Орталық комитет мүшесі болып сайланған жалғыз аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы еді.

Қонысбек ағамен қызметтес болуым 1975 жылы басталды. Осы жылы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сұлтан Шаханұлы Аманов облыстық партия комитетіне хатшы болып ауысты да оның орнына сол кездегі Тереңөзек ауданының бірінші хатшысы Қонысбек Төрешұлы Қазантаев сайланды. Ұйымдық мәселе қараған пленум өткеннен кейін ертеңіне жаңа бірінші хатшы аппарат қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Ол кезде аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Сәмит Далдабаев, идеология жөніндегі хатшы Нәзтай Сермаханова, партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі мен жалпы бөлім меңгерушісі Мәжит Сағидатов, үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Мәжит Әбдазиев болатын. Аппарат қызметкерлерімен танысып болғаннан кейін Қонекең:

– Жігіттер, мен өмірде жұмысқа кешігіп келген адам емеспін. Аудандық партия комитетінде өтетін жиналыстардың, семинарлардың, пленумдардың, бюро мәжі­лістерінің белгіленген уақытында бас­­­­талмауына жол беруге болмайды. Осы жай естеріңізде болсын. Халық құдайдан бір-ақ елі төмен, – деді. Дәл осы сөзі күні бүгінге дейін ойымнан кетпейді. Қонекеңнің осы сөздері өзіңді өзің сыйлаудың, уақытты қадірлей білудің, басқалармен санасудың, яғни халық үшін туып, халық үшін өмір сүрудің үлгісін танытып жүрген басшының болмысын аша түскендей еді. Тап-таза мұнтаздай киініп, өзін байсалды ұстайтын Қонекеңнің жүріс-тұрысы да өзгелерден бөлек еді. Арада қанша уақыт өтсе де, ол біздің жүрегімізде сол биіктігінен бір елі төмендемей, асқақ күйінде қалды.

Мен өзім 43 жылдың ішінде ауданның жеті басшысымен қызметтес болдым. Шыным сол, Қонекеңнен кейінгі басшылармен жұмыс істеу менің жеке басым үшін өте ауыр болды. Себеп, олар өздерін мықтымын дейтін. Бірақ, көңілдеріне келмей-ақ қойсын, Қонекеңнің қасында олардың олқылықтары анадайдан көзге ұрып тұратын. Кейде суыртпақтап болса да, солардың шетін шығарамын деп жақпай қалған кездерім де болды. Сөйтіп, Конекеңнің 70 жылдық тойына да бара алмай қалдым. 1993 жыл болатын. Сол жылы Қонекең 70-ке толды. Қызылордада тұратын. Тойға біздің ауданнан да біраз адам барды. Ол кезде мен поселке әкімі болып қызмет істеп жүрген болатынмын. Өкінішке қарай, мен олардың құрамына ілікпей қалдым. Содан не керек, той өтіп кеткеннен кейін зайыбымды ертіп жеке баруға тура келді.

Сонымен, дастарқан басында Бағжан жеңгеміздің шәйін ішіп отырып, ойымдағы әңгімені ақтарылып айтқаным бар. Әңгіме арасында:

– Қонеке, мерейтойыңызға шақырыл­мадым. Бағжан жеңгемізден кейін қасыңызда ең көп болған мен емес пе едім? – дегенімде:

– Шыңғыс, айналайын, ананы шақыр, мынаны шақыр деп айтқан емеспіз. Жалағаш ауданының әкіміне санаулы шақыру билетін бергенбіз. Сен оған ілінбей қалады деген ой бізде болмады, – деді асыл аға. Бүгінгі күні ел басқарып жүрген азаматтардың құлағына алтын сырға. Қонекеңді жете білмейтіндер «қатты» еді деп айтатын көрінеді. Оны талапшыл деп түсінген жөн. Өйткені, ол ешкімді орынсыз жазалаған жан емес. Кемшіліктерін аяусыз сынап, жауапқа тартылатындай қылмысты болса да, өзі араша түсіп алып қалатын. Тіптен, қызметінен босататындай айыбы болса да, тәрбиелеп көрейікші деп партиялық жазамен шектелетін.

Оның тағы бір қыры ол кісі нағыз публи­­­цист болатын. Егер журналистік жолды таң­дап алғанда танымал публицист болары анық еді. Қонекеңнің сөйлем құрауы ешкімге ұқса­майтын. Әсіресе, жазу каллиграфиясы, сал­ған әрбір әрпі тасқа басқандай әрі сұлу, әрі моншақтай тізіліп, еріксіз назар аударатын.

Бұл күндері біздер Қазантаев мектебінен шыққан кадрлардың осалы жоқ деп мақтанамыз. Шынында солай. Сөзіміз дәлелді болу үшін фактіге жүгінейік. 1980 жылдың мамыр айы болатын. Аудандық партия ұйымының жұмысымен таныспақ болып, біздің өңірге КОКП Орталық комитетінің инспекторы С.Денякин келді. Ол кісі келген бойда аудандық партия комитетінің жұмысын тексере бастады. Әсіресе, аудандық партия комитетінің партиялық есеп секторының жұмысына шүйліге кірісті. Сектор меңгерушісі Қазия Әбдіразақова барлық қойған сұрақтарға тиісті документтерін көрсете отырып жауап берді. Кеңсе ішінде Қонекең, аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Сейілбек Шаухаманов, бөлім меңгерушісі мен бармын. Басқаларын қайдам өз басым осы тексеруден аман-есен шықсақ екен деп іштей қобалжудамын. Не керек, бір жарым сағатқа созылған осы тексеруден Қазия Әбдіразақова өте жақсы деген баға алды. Орталық комитеттің инспекторы риза болғаны соншалықты:

– Қазақстанның барлық 19 облысында болғанымда партиялық есеп секторының қызметін осындай дәрежеде жүргізіп отырған партия қызметкерін бірінші рет кездестіруім, – деп рахметін айтып, Қазия Әбдіразақованың қолын қысты. Онысымен шектелмей Семен Кириллович:

– Бұл жұмысты озат тәжірибе ретінде облыстың партия ұйымдарына тарату керек. – Ол осылай деп тапсырма берді. Ертеңіне аппарат жиналысы болып, бірінші хатшы тексерудің қорытындысын жігіттерге таныс­тырып, келесі болатын бастауыш партия ұйымы секретарларының аудандық семинарында Қазия Әбдіразақоваға осы мәселе жөнінде баяндама жасауды тапсырды. Көп ұзамай Қазия Әбдіразақованы облыстық партия комитетінің партиялық ұйымдастыру бөліміне нұсқаушылыққа шақырды. Алайда, ол сол қызметке барған жоқ. Партия тара­ған­нан кейін Қазия Әбдіразақова аудан әкім­дігінде аппарат жетекшісі болып жұмыс істеп, жасы келіп, құрметті демалысқа шықты.

Осы мақаланы жазар алдында Социа­листік Еңбек Ері, ағамыз Ұзақ Еспа­новтың үйіне сәлем бере бара отырып:

– Ұзеке, биыл Қонысбек ағамыздың туғанына 90 жыл толады. Сізбен көп сырласатын еді, ағамыз жөнінде не айтар едіңіз, – дегенімде, ағамыз іркілместен:

– Қонекең өзіндік ерекшелігімен оқшау тұратын басшы еді ғой. Аудан диқандарының ыстық-суығын бірге бөлісіп, оларға күріш егудің қыр-сырын үйретіп отыратын. Шаруашылықтардағы егілген күрішті орақ алдына дейін кемі екі-үш мәрте аралап шығатын. Қайнаған шілде айында аяғына жеңіл етік, басына ши қалпақ киіп алып, қай-қайдағы сушының аяғы баспаған қамыстықты жапырып жүріп күріш көгінің нашар шыққан немесе алаңғыт жерлеріне дөп тиіп мынау не деп сұрақ қоятын. Ондайда біздер:

– Осындай болып қалды, – деп уәж айтатынбыз.

Сонда ол кісі оның себебін түсіндіріп, не істеу керектігін нақтылап айтып, тапсырма беретін. Бір сөзбен айтқанда, шаруа­шылықтың қай саласын болмасын менмін деген маманнан әлдеқайда көп білетін. Содан болса керек, ешбір басшы, ешбір маман оның алдынан жалған айтып құтылып кете алмайтын. Сондықтан да, Қонекең қазақтың Бауыржаны сияқты Сыр елінің Қонекеңі болды ғой,– деп әңгімесін аяқтады батыр ағамыз.

Қонысбек Қазантаевтың осыншалық ең­бегі елеусіз қалған жоқ. Ол бірнеше мәр­те облыстық кеңеске депутат болып сайлан­­­ды, Қа­­­зақстан Компартиясы Орталық комитетінің мү­шесі болды. КОКП-ның ХХІІІ съезінде делегат болып қатысты. Үш рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет «Еңбек Қызыл Ту», «Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, ондаған медальдармен марапатталды. Бұл, әрине, бір адамға берілген аз дәреже емес. Қонекең үшін оны көп деп те айта алмаймыз. Өйткені, ке­зінде Социалистік Еңбек Ері атағына да ұсы­нылған-ды. Мәскеуге барған жерінде бізге белгісіз себептермен сол ұсыныс аяқсыз қалды.

Бұл жолы Қонекең туралы айтарымызды Батыр ағамыз Ұзақ Еспановтың оған арнаған төмендегі өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдік:

Жүйріктің талай шапқан тарланысың,

Қорғаған Сыр елінің ар-намысын,

Кезінде кешегі өткен не бір қиын,

Ешкімнің жаратпадың жалған ісін.

Биіктен көрінетін дара тұлғаң,

Азамат тек еңбекке жаратылған.

Қонекең талай көрдік жиындарда,

Тіліңнен сөйлегенде таматын бал.

Қонекеңмен қызметтес болған кездегі ұққанымызды, көргенімізді бүге-шүгесіне дейін қалдырмай жазуды мақсат тұтқанымыз жоқ. Оның үстіне оның өмірі мен қызметіне қатысты жайларды бір мақалаға сыйдыру мүмкін де емес. Сыр топырағында өзіндік орны бар ағамыз жайлы әңгіменің әлі талай жалғасын табары сөзсіз.

Шыңғыс АЙБОСЫНОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға