Жаңалықтар

Халқының жақсы атын шығарған

Өмірде «жақсымен жанасып, жаманнан адасып» жүрген Қы­некең Өзбек КСР-нің І  хатшысы болған Усман Юсупов, Нуриддин Мухитдинов, Шараф Рашидовпен мәслихаттасып, алдына барумен қатар, дәмдес болған. Өз естеліктерінде олардың тарапына жылы лебіздер білдіреді. Ал И.Усманходжаевқа әкесін жақсы білгендіктен таныс болса да Лигачев сияқты әпербақандарды мойнына мінгізіп қойды, Гдлян-Иванов деген жауыздардың лаңына тосқауыл қоя алмады деп кінә тағады. Сол үшін де оған өзбек халқы нәлет айтты дей келіп, оны Жұмабек Тәшеновпен салыстырып, қазақ халқының мәңгілік құрметіне бөленген азаматтың ісін үлгі қылады. Қынабек ағамыз Дінмұхамед Қонаевты да жақсы білген, онымен үш рет сапарлас болып, көп пікірлескен екен. Естелік кітабында олар туралы айтылған. Аталмыш кітабында Қынекең Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримовті қалай көргенін, қай жерлерде бірге болғанын айта келіп, олар тұрғысында жылы пікірлер білдіреді. Қынабек Үкібайұлы 1989 жылы кооперативтік қозғалыс бас­­талғанда 76 жаста екен. Бірақ осы жасына қарамай ол өзі тұра­тын Сардоба ауылында кооператив ашып, оған басшылық етеді. «Егіннің ебін, сауданың те­гін» білетін ол аз уақытта өз кооперативін гүлдендіріп, алдың­ғы қатарлы шаруашылыққа айналдырады. Сөйтіп, ұрпақтарына пайданың көзін көрсетіп кетеді. Қ.Үкібаевтың еңбегін өзбек үкіметі жоғары бағалады. Ол Ең­бек Ері атануымен бірге Ленин, Октябрь Революциясы, Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Қызыл  Жұлдыз» сияқты бірқатар орденмен наградталған. Қазір өзі 14 жыл басқарған шаруашылыққа сол кісінің есімін берген және Сыр­дария облысындағы Ақ алтын ауданының орталығына 1999 жылы ескерткіш-бюстін орнатқан. Биыл 100 жасқа толатын Қ.Үкібаев зайыбы Наркүлмен бірге ұлағатты ұл-қыз өсірген адамдар. Ұлдың үлкені Артықбай Үкібаев Ташкент политехникалық институтын бітіріп, Янгиер қаласындағы құрылыс мекемелерінде түрлі бас­шылық қызметтер атқарған. Кейін Ташкентте қазақ ұлттық мәдени орталығын ұйымдастырған. Осы жерден Өзбекстан Респуб­ликасы Президентінің аппаратына жауапты жұмысқа алынып, біраз жыл еңбек еткен. Қазір Шымкент қаласында тұрады. Үйлі-баранды. Қынекеңнің Артықбайдан туған бір немересі Нұрлыбек Би-Би-Си телерадиокомпаниясының Орталық Азия бөлімшесінің жетекшісі. Кіші ұлы Марат әке жолын қуып, кеңшар, ұжымшар басқарған. Оның да бірнеше баласы бар. Қынекеңнің қыздары да қияға қонып, адал еңбек етіп, ұрпақ өсіріп отырған жандар. Қынабек Үкібаев мағыналы да мазмұнды өмір сүріп, 1994 жы­лы 81 жасында дүниеден өтеді. Оны жерлеу рәсіміне арнайы кел­ген Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Нарзулла Жураев былай деп еске алады: «Мен сол күнді өте көп ойлаймын. Сол күнгі азадағы адамдардың жү­зіндегі қайғы-қасірет әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Өз өмірінде мәңгілікке қатысты қаншама қыруар жұмыстарды атқарып, болашаққа өмір-бақилық ескерткіш болып орнайтын жасампаздық шаруасын тындырып кеткен адамдар қашанда елдің құрметінде қалатынын сол кезде бір көрдім». Міне, өзбек жерінде жүріп Еңбек Ері атанған, халқының жақсы атын шығарған ұлағатты жанның ұлан-асыр істері мен үлгілі өмірінің бір қыры осындай. Жақсыбай САМРАТ
17.11.2013 08:32 3038

Өмірде «жақсымен жанасып, жаманнан адасып» жүрген Қы­некең Өзбек КСР-нің І  хатшысы болған Усман Юсупов, Нуриддин Мухитдинов, Шараф Рашидовпен мәслихаттасып, алдына барумен қатар, дәмдес болған. Өз естеліктерінде олардың тарапына жылы лебіздер білдіреді. Ал И.Усманходжаевқа әкесін жақсы білгендіктен таныс болса да Лигачев сияқты әпербақандарды мойнына мінгізіп қойды, Гдлян-Иванов деген жауыздардың лаңына тосқауыл қоя алмады деп кінә тағады. Сол үшін де оған өзбек халқы нәлет айтты дей келіп, оны Жұмабек Тәшеновпен салыстырып, қазақ халқының мәңгілік құрметіне бөленген азаматтың ісін үлгі қылады. Қынабек ағамыз Дінмұхамед Қонаевты да жақсы білген, онымен үш рет сапарлас болып, көп пікірлескен екен. Естелік кітабында олар туралы айтылған. Аталмыш кітабында Қынекең Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі президенттері Н.Назарбаев пен И.Каримовті қалай көргенін, қай жерлерде бірге болғанын айта келіп, олар тұрғысында жылы пікірлер білдіреді.

Қынабек Үкібайұлы 1989 жылы кооперативтік қозғалыс бас­­талғанда 76 жаста екен. Бірақ осы жасына қарамай ол өзі тұра­тын Сардоба ауылында кооператив ашып, оған басшылық етеді. «Егіннің ебін, сауданың те­гін» білетін ол аз уақытта өз кооперативін гүлдендіріп, алдың­ғы қатарлы шаруашылыққа айналдырады. Сөйтіп, ұрпақтарына пайданың көзін көрсетіп кетеді.

Қ.Үкібаевтың еңбегін өзбек үкіметі жоғары бағалады. Ол Ең­бек Ері атануымен бірге Ленин, Октябрь Революциясы, Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Қызыл  Жұлдыз» сияқты бірқатар орденмен наградталған. Қазір өзі 14 жыл басқарған шаруашылыққа сол кісінің есімін берген және Сыр­дария облысындағы Ақ алтын ауданының орталығына 1999 жылы ескерткіш-бюстін орнатқан.

Биыл 100 жасқа толатын Қ.Үкібаев зайыбы Наркүлмен бірге ұлағатты ұл-қыз өсірген адамдар. Ұлдың үлкені Артықбай Үкібаев Ташкент политехникалық институтын бітіріп, Янгиер қаласындағы құрылыс мекемелерінде түрлі бас­шылық қызметтер атқарған. Кейін Ташкентте қазақ ұлттық мәдени орталығын ұйымдастырған. Осы жерден Өзбекстан Респуб­ликасы Президентінің аппаратына жауапты жұмысқа алынып, біраз жыл еңбек еткен. Қазір Шымкент қаласында тұрады. Үйлі-баранды. Қынекеңнің Артықбайдан туған бір немересі Нұрлыбек Би-Би-Си телерадиокомпаниясының Орталық Азия бөлімшесінің жетекшісі. Кіші ұлы Марат әке жолын қуып, кеңшар, ұжымшар басқарған. Оның да бірнеше баласы бар. Қынекеңнің қыздары да қияға қонып, адал еңбек етіп, ұрпақ өсіріп отырған жандар.

Қынабек Үкібаев мағыналы да мазмұнды өмір сүріп, 1994 жы­лы 81 жасында дүниеден өтеді. Оны жерлеу рәсіміне арнайы кел­ген Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Нарзулла Жураев былай деп еске алады: «Мен сол күнді өте көп ойлаймын. Сол күнгі азадағы адамдардың жү­зіндегі қайғы-қасірет әлі күнге көз алдымнан кетпейді. Өз өмірінде мәңгілікке қатысты қаншама қыруар жұмыстарды атқарып, болашаққа өмір-бақилық ескерткіш болып орнайтын жасампаздық шаруасын тындырып кеткен адамдар қашанда елдің құрметінде қалатынын сол кезде бір көрдім».

Міне, өзбек жерінде жүріп Еңбек Ері атанған, халқының жақсы атын шығарған ұлағатты жанның ұлан-асыр істері мен үлгілі өмірінің бір қыры осындай.

Жақсыбай САМРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға