Қынабек Үкібайұлының еңбек жолы
Мырзашөл ауданының жергілікті билігі мұндай білікті, белсенді әрі батыл адамдарға шөлдеп отырса керек, майдангерді бірден Пушкин атындағы кеңшардың (Болтай ауылы) төрағалығына тағайындайды. Ауданның бірінші хатшысы Абдулхай Таиров Қынабек Үкібайұлымен бұрын түрлі курстарда бірге оқыған, таныстығы достыққа ұласқан жігіт екен, ол сұрапыл соғыстан аман қайтқан досын құшақ жайып қарсы алады. Айта кетейік, осы А.Таиров – Өзбекстан Республикасының белгілі мемлекет және партия қайраткері болған адам. Кейін ол Сурхандария облысы атқару комитетінің төрағасы, Бұқара, Наманған облыстарының бірінші басшысы қызметтеріне сайланған жан. Жалындаған жас, оның үстіне өткір әрі білікті басшы Қ.Үкібаев аз жылдың ішінде артта қалған шаруашылықты алдыңғы қатарлы лекке қосады. Кейін бұл ұжымшар «Социализм» кеңшарының бір бөлімшесі болып қалады. Қолынан іс келетін Үкібаевты облыс Таировтың ұсынысымен аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне көтереді. Ал 1950 жылы Таиров Сурхандария облыстық атқару комитетіне ауысқанда орнына Үкібаевты ұсынып кетеді. Сөйтіп, өзінің іскерлігі мен жақсы достың қолдауының арқасында Қ.Үкібаев аз жылда аудан басшысы болып үлгереді. Осы, 1950 жылдан 1960 жылға дейін Қ.Үкібаев Мырзашөл аудандық партия комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті. Табиғаты барынша қатал, жазы ми қайнатар ыстық, шөлді атырап Қынекең басқарған жылдарда түлеп сала берді. Мақтадан гектарына 28-30 центнерден өнім алынып тұрды. Өзбекстанның тағы бір қайраткері, бірнеше жыл республиканың бірінші басшысы болған, кейін ұзақ жылдар КСРО-ның Сириядағы елшісі қызметін атқарған Нуриддин Мухитдиновтың айтуына қарағанда, Мырзашөл ауданы Қынекең басқарған жылдарда республикада алдыңғы қатарға шығып, жыл сайын өкіметке 70 мың тоннаға дейін мақта беріп тұрыпты. Осы еңбегі үшін 1956 жылы Қ.Үкібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. Сондай-ақ ол КСРО және Өзбек КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, партия Орталық комитетінің мүшесі болып сайланады. Бұл Өзбекстандағы қазақтар арасынан қол жеткізе қоюы қиын жетістіктер еді. 1960 жылы Қынекең Бостандық ауданына бірінші хатшы болып ауысады. Бұл аудан 1956 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік құрамына қарап келген. 1956 жылғы 13 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің шекараларына жекелеген өзгерістер енгізу туралы қаулысымен аудан түгелімен, бүкіл қазақ халқын өкініште қалдырып, Қазақ КСР-інен Өзбек КСР-і құрамына берілген еді. Міне, осы ауданды Қ.Үкібаев екі жылдай басқарады. Осы жылдары Мырзашөлдің жаңа аймақтары игерілетін болады. Оның аумағы Қазақ, Өзбек және Тәжік республикаларының құрамындағы жерлерді қамтитын. КСРО су шаруашылығы және мелиорация министрлігіне қарайтын «Главголодностепьстрой» атты одақтық бас басқарма құрылады. Оның бастығы Акоп Саркисовтың шақыруымен 1962 жылы Қынекең №17 кеңшардың (қазіргі Сардоба ауылы) директоры болып тағайындалады. Бұл кеңшар территориялық бағынысы жағынан Қазақстанға қарайтын, сондықтан Үкібаев сол кездегі Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы В.Ливенцовтың батасын алады… Осы жерде Қ.Үкібаевтың естелік кітабынан бір деректі келтіре кетелік. Мен кеңшарға келсем орталық кенттегі жұмысшыларға арнап салынған үйлер екі қабатты 8-10 пәтерлік екен, деп еске алады ол. Жұмысшылар қала тұрғындары құсап жұмыс орнына көліктермен қатынап, кешке пәтерлеріне тығылатын көрінеді. Ауылда тұрып тамақтың бәрін дүкеннен сатып алады. Бұл да ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарын теңеймін деген хрущевтық ақымақ идеяның бір көрінісі еді. Осыған Қ.Үкібаев бірден қарсы шығады. Сөйтіп, «Главголодностепьстрой» басшылары А.Саркисов, Е.Озерскийлермен талай рет айтысуға тура келеді. Тек Хрущев кеткеннен кейін ғана Қ.Үкібаевтың идеясы дұрыстыққа жетіп, жергілікті тұрғындарға ыңғайлы бір қабатты үйлер салыну қолға алынады. 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін Мақтаарал, Жетісай және Киров атты үш ауданы тағы да сол ұрдажық Хрущевтің шешімімен жергілікті халықтың пікірімен санаспай Өзбек КСР-і құрамына беріліп кеткен (Олар тек 1971 жылы қайтарылды). Қ.Үкібаев басқаратын №17 кеңшар аумағы да тұтасымен соның ішінде кетіп, Өзбек КСР-іне қарап қалады. Осы кеңшарда 14 жыл директор болған білікті басшы биік табыстарға қол жеткізеді. 1963 жылы мемлекетке 6 мың тонна мақта тапсырса, 1973 жылы бұл көрсеткіш 12 мың тоннаға жетеді. Кеңшарда Қ.Үкібаевтың қол астында қызмет істегендер арасынан бір министр, екі аудан басшысы және ондаған кәсіпорын басшылары шығады. Олардың бәрі де Қынекеңе деген ризашылығын күні бүгінге дейін айтып, аузынан тастамайды. Мәселен, кейін Өзбек КСР Ауыл шаруашылығы министрі болған Рустам Каримов Қ.Үкібаевты: «Қынекең қажымас қуаттың, ерекше еңбек қабілетінің, ұстамды ақылдың және айрықша іскерлік қадір-қасиеттердің, күшті лидерлік сапалардың егесі болды. Өзінің жұмыстағы қаталдығына қарамастан басқаларға тілектес, адамгершілігі және бауырмалдығы мол адам еді. Менің тағдырыма Қынабек атаның басшылығында жұмыс істеу бақыты жазылғанына ризамын», деп еске алады. Жақсыбай САМРАТМырзашөл ауданының жергілікті билігі мұндай білікті, белсенді әрі батыл адамдарға шөлдеп отырса керек, майдангерді бірден Пушкин атындағы кеңшардың (Болтай ауылы) төрағалығына тағайындайды. Ауданның бірінші хатшысы Абдулхай Таиров Қынабек Үкібайұлымен бұрын түрлі курстарда бірге оқыған, таныстығы достыққа ұласқан жігіт екен, ол сұрапыл соғыстан аман қайтқан досын құшақ жайып қарсы алады. Айта кетейік, осы А.Таиров – Өзбекстан Республикасының белгілі мемлекет және партия қайраткері болған адам. Кейін ол Сурхандария облысы атқару комитетінің төрағасы, Бұқара, Наманған облыстарының бірінші басшысы қызметтеріне сайланған жан.
Жалындаған жас, оның үстіне өткір әрі білікті басшы Қ.Үкібаев аз жылдың ішінде артта қалған шаруашылықты алдыңғы қатарлы лекке қосады. Кейін бұл ұжымшар «Социализм» кеңшарының бір бөлімшесі болып қалады. Қолынан іс келетін Үкібаевты облыс Таировтың ұсынысымен аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметіне көтереді. Ал 1950 жылы Таиров Сурхандария облыстық атқару комитетіне ауысқанда орнына Үкібаевты ұсынып кетеді. Сөйтіп, өзінің іскерлігі мен жақсы достың қолдауының арқасында Қ.Үкібаев аз жылда аудан басшысы болып үлгереді.
Осы, 1950 жылдан 1960 жылға дейін Қ.Үкібаев Мырзашөл аудандық партия комитетінде бірінші хатшы болып қызмет етті. Табиғаты барынша қатал, жазы ми қайнатар ыстық, шөлді атырап Қынекең басқарған жылдарда түлеп сала берді. Мақтадан гектарына 28-30 центнерден өнім алынып тұрды. Өзбекстанның тағы бір қайраткері, бірнеше жыл республиканың бірінші басшысы болған, кейін ұзақ жылдар КСРО-ның Сириядағы елшісі қызметін атқарған Нуриддин Мухитдиновтың айтуына қарағанда, Мырзашөл ауданы Қынекең басқарған жылдарда республикада алдыңғы қатарға шығып, жыл сайын өкіметке 70 мың тоннаға дейін мақта беріп тұрыпты. Осы еңбегі үшін 1956 жылы Қ.Үкібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. Сондай-ақ ол КСРО және Өзбек КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, партия Орталық комитетінің мүшесі болып сайланады. Бұл Өзбекстандағы қазақтар арасынан қол жеткізе қоюы қиын жетістіктер еді.
1960 жылы Қынекең Бостандық ауданына бірінші хатшы болып ауысады. Бұл аудан 1956 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік құрамына қарап келген. 1956 жылғы 13 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-інің шекараларына жекелеген өзгерістер енгізу туралы қаулысымен аудан түгелімен, бүкіл қазақ халқын өкініште қалдырып, Қазақ КСР-інен Өзбек КСР-і құрамына берілген еді.
Міне, осы ауданды Қ.Үкібаев екі жылдай басқарады. Осы жылдары Мырзашөлдің жаңа аймақтары игерілетін болады. Оның аумағы Қазақ, Өзбек және Тәжік республикаларының құрамындағы жерлерді қамтитын. КСРО су шаруашылығы және мелиорация министрлігіне қарайтын «Главголодностепьстрой» атты одақтық бас басқарма құрылады. Оның бастығы Акоп Саркисовтың шақыруымен 1962 жылы Қынекең №17 кеңшардың (қазіргі Сардоба ауылы) директоры болып тағайындалады. Бұл кеңшар территориялық бағынысы жағынан Қазақстанға қарайтын, сондықтан Үкібаев сол кездегі Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшысы В.Ливенцовтың батасын алады…
Осы жерде Қ.Үкібаевтың естелік кітабынан бір деректі келтіре кетелік. Мен кеңшарға келсем орталық кенттегі жұмысшыларға арнап салынған үйлер екі қабатты 8-10 пәтерлік екен, деп еске алады ол. Жұмысшылар қала тұрғындары құсап жұмыс орнына көліктермен қатынап, кешке пәтерлеріне тығылатын көрінеді. Ауылда тұрып тамақтың бәрін дүкеннен сатып алады. Бұл да ауыл тұрғындары мен қала тұрғындарын теңеймін деген хрущевтық ақымақ идеяның бір көрінісі еді. Осыған Қ.Үкібаев бірден қарсы шығады. Сөйтіп, «Главголодностепьстрой» басшылары А.Саркисов, Е.Озерскийлермен талай рет айтысуға тура келеді. Тек Хрущев кеткеннен кейін ғана Қ.Үкібаевтың идеясы дұрыстыққа жетіп, жергілікті тұрғындарға ыңғайлы бір қабатты үйлер салыну қолға алынады.
1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіретін Мақтаарал, Жетісай және Киров атты үш ауданы тағы да сол ұрдажық Хрущевтің шешімімен жергілікті халықтың пікірімен санаспай Өзбек КСР-і құрамына беріліп кеткен (Олар тек 1971 жылы қайтарылды). Қ.Үкібаев басқаратын №17 кеңшар аумағы да тұтасымен соның ішінде кетіп, Өзбек КСР-іне қарап қалады.
Осы кеңшарда 14 жыл директор болған білікті басшы биік табыстарға қол жеткізеді. 1963 жылы мемлекетке 6 мың тонна мақта тапсырса, 1973 жылы бұл көрсеткіш 12 мың тоннаға жетеді. Кеңшарда Қ.Үкібаевтың қол астында қызмет істегендер арасынан бір министр, екі аудан басшысы және ондаған кәсіпорын басшылары шығады. Олардың бәрі де Қынекеңе деген ризашылығын күні бүгінге дейін айтып, аузынан тастамайды. Мәселен, кейін Өзбек КСР Ауыл шаруашылығы министрі болған Рустам Каримов Қ.Үкібаевты: «Қынекең қажымас қуаттың, ерекше еңбек қабілетінің, ұстамды ақылдың және айрықша іскерлік қадір-қасиеттердің, күшті лидерлік сапалардың егесі болды. Өзінің жұмыстағы қаталдығына қарамастан басқаларға тілектес, адамгершілігі және бауырмалдығы мол адам еді. Менің тағдырыма Қынабек атаның басшылығында жұмыс істеу бақыты жазылғанына ризамын», деп еске алады.
Жақсыбай САМРАТ
