Жаңалықтар

Қынабек Үкібайұлы өмірі

Ол 1913 жылы бұрынғы Сыр­дария облысы Иіржар болысы, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Иіржар 1928 жылы бұрынғы болыстықтың негізінде құрылған аудан болатын. 1930 жылғы 17 желтоқсаннан ол Мақтаарал ауданы аталады. Аудан Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі. Қынабектің әкесі Үкібай кедей шаруа болған. Ол 1910-13 жылдары Мырзашөл каналын қазуға қатысқан жандардың бірі. Үкібай мен Зибадан Ділдәбек, Қынабек есімді ұлдар мен Сапаркүл, Тұмар, Түймекүл атты қыздар өмірге келген. Қ.Үкібаевтың арғы атасы Қара­менде «түйе қабырғалы Қа­ра­­көсе» атанған атақты балуан, қара күштің иесі көрінеді. Ауыл-аймақты ақылды қариялар бас­қарып, бауырмалдық пен туыс­тықтың қадасы нық болған кезеңді Қынабек көріп өседі. Сол ақылман қарттардың арасынан Бекбота, Түркебай, Оспан секілді аталарының халыққа жасаған пайдалы істерін, үлгі-өнегесін бойына сіңіріп, өз тарапынан олардың жарқын есімдерін ұрпақтарына жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры То­ғамбай Қауымбаев, ақын Мұса Жұманазарұлы, Қара Ағайдарұлы секілді ауылдас, ағайындас тұстас­тарын да ол жастарға үлгі тұтып, аузынан тастамай айтып жүрген. Осындай ортадан шыққан Қынабек жасынан белсенді, оның үстіне елмен санасатын жұғымды азамат болып қалыптасады. Мек­теп­тен кейін тракторшылық курс­ты бітірген бозбаланы ауылдас­тары 18 жасынан бастап мақта бригадирі жұмысына сайлайды. Ал 1935 жылы аудан басшылары қолынан іс келетінін көріп, оны Қызылабад ауылдық кеңесінің төрағасы қызметіне бекітеді. Бұл Өзбекстан жеріндегі Мырзашөл ауданына қарасты жер болатын. Осы қызметті абыроймен атқа­рып жүргенінде Ұлы Отан соғысы басталады. Ол кезде мұндай қызмет атқаратын лауазымды адамдарға бронь беріліп, соғысқа алмайды. Бірақ майдан даласындағы дүбір, кеңестік үгіттің «Қызыл Ар­мияның ерлікке толы істерін» асыра бағалаған насихаты жас жігіттің де бүйірін қыздырып жүреді. Сөйткен күндердің бірінде, 1942 жылы Мырзашөл аудандық партия комитетінің бюросында Қынабек Үкібаевтың жұмысы еш негізсіз, қатты сынға алынады. Бұған шамданған намысты жігіт бірден әскери комиссариатқа барып, соғысқа жіберуді өтініп, арыз береді. Бұған дейін де бірнеше сұранған екен, бірақ ол кезде жібер­меген әскери комиссар жас жігіттің бұл жолы қатты бекінгенін көріп, қарсылық жасай алмайды. Сөйтіп, ауылдағы ата-анасымен де қоштаспай, Түркіменстанның Красноводск қаласына жүргелі тұрған әскери эшелонға мініп, соғысқа кете барады. Қ.Үкібаев өзінің естелік кіта­бында осы оқиғаға қатысты ойларын білдіріпті. Онда өзінің балалық жасап, ата-анасына қатты уайым салып, үн-түнсіз кеткені үшін өзін өзі қатты сөккенін жазады. «Осындай да мейірімсіз, шапағатсыз перзент бола ма? – деп өзімді өзім балағаттай бастадым. Ата-ананы зар қақсатып, достарды жылатып, дұшпандарды күлдіріп соғысқа аттанғаным не? Бір-екі ақымақ жамандағанмен жаман болып қалмайтын едің ғой. Қорыққанынан өзін-өзі жанып тұрған отқа тастады демей ме?» деген ойлар оған маза бермейді. Бірақ енді бәрі де кеш екенін ескеріп, ер қорғаны – тәуекелге бел буып, алдағы күн­дерге үмітін жалғастырады. Красноводск қаласындағы по­лигонда 45-50 градустық ыс­тықта жүріп, алғашқы әскери да­йындықтан өткен мұның орта білімі және ауылдық кеңесті басқарған тәжірибесі барын көрген комиссия Ресейдің Иваново қаласындағы әскери-саяси оқу орнына жібереді. Осы жерден ротаның саяси қыз­меткері атағын алған Қ.Үкібаев көптен аңсаған майданға тартады… Бұл 1943 жылдың басы еді. Бұл кезде Қ.Үкібаевтың ротасы қарайтын 3-ші Украина май­да­нының жауынгерлері осы республиканың қалалары мен ауылдарын жау қолынан босатуда болатын. Қан майдан на­ғыз қызып жатқан тұс. Бірақ, «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей Қынабек Үкібайұлы Украина жері үшін арпалысып, одан Венгрия, Румыния, Югославия мен Австрияны фашистерден азат ету жолындағы кескілескен шайқастарға қатысса да денесіне бір оқ дарымай аман қалады. Жанымдағы жолдастарым қынадай қырылып жатқанда қалай аман қалғаныма өзім де кейде таңғаламын, деп еске алады ол артынан. Кейде елде жүріп істеген талай қайырымды істерімнің өтеуіне аман қалған шығармын деп те ойлайды екен. 1936 жылы ГПУ біреулердің көрсетуімен елдегі молда, имам, ишандарды қудалап, ұстауға шыққанда бұл бір жолдастарымен бірге қабір маңынан жертөле қазып, олардың 15 шақтысын жасырып, аман алып қалады. Іздеп келген қанішерлерге ауылдық кеңестің төрағасы ретінде жауап беріп, ондай адамдардың мұнда жоқ екендігіне иландырады. Міне, осы кісілердің берген батасы мен дуасы сақтап, сауабы тиді ме екен деп ойлайды артынан Қынекең. 1946 жылы кеудесі орден-ме­­дальдарға толған Қ.Үкібаев май­даннан елге аман оралады. Со­­­ның ішінде Дунай өзенінде бол­ған бір шайқастағы ерлігі үшін марапаттаған «Қызыл Жұлдыз» ордені айрықша жарқырайды. Жақсыбай САМРАТ
17.11.2013 08:28 4647

Ол 1913 жылы бұрынғы Сыр­дария облысы Иіржар болысы, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Иіржар 1928 жылы бұрынғы болыстықтың негізінде құрылған аудан болатын. 1930 жылғы 17 желтоқсаннан ол Мақтаарал ауданы аталады. Аудан Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі.

Қынабектің әкесі Үкібай кедей шаруа болған. Ол 1910-13 жылдары Мырзашөл каналын қазуға қатысқан жандардың бірі. Үкібай мен Зибадан Ділдәбек, Қынабек есімді ұлдар мен Сапаркүл, Тұмар, Түймекүл атты қыздар өмірге келген.

Қ.Үкібаевтың арғы атасы Қара­менде «түйе қабырғалы Қа­ра­­көсе» атанған атақты балуан, қара күштің иесі көрінеді. Ауыл-аймақты ақылды қариялар бас­қарып, бауырмалдық пен туыс­тықтың қадасы нық болған кезеңді Қынабек көріп өседі. Сол ақылман қарттардың арасынан Бекбота, Түркебай, Оспан секілді аталарының халыққа жасаған пайдалы істерін, үлгі-өнегесін бойына сіңіріп, өз тарапынан олардың жарқын есімдерін ұрпақтарына жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, Кеңес Одағының Батыры То­ғамбай Қауымбаев, ақын Мұса Жұманазарұлы, Қара Ағайдарұлы секілді ауылдас, ағайындас тұстас­тарын да ол жастарға үлгі тұтып, аузынан тастамай айтып жүрген.

Осындай ортадан шыққан Қынабек жасынан белсенді, оның үстіне елмен санасатын жұғымды азамат болып қалыптасады. Мек­теп­тен кейін тракторшылық курс­ты бітірген бозбаланы ауылдас­тары 18 жасынан бастап мақта бригадирі жұмысына сайлайды. Ал 1935 жылы аудан басшылары қолынан іс келетінін көріп, оны Қызылабад ауылдық кеңесінің төрағасы қызметіне бекітеді. Бұл Өзбекстан жеріндегі Мырзашөл ауданына қарасты жер болатын.

Осы қызметті абыроймен атқа­рып жүргенінде Ұлы Отан соғысы басталады. Ол кезде мұндай қызмет атқаратын лауазымды адамдарға бронь беріліп, соғысқа алмайды. Бірақ майдан даласындағы дүбір, кеңестік үгіттің «Қызыл Ар­мияның ерлікке толы істерін» асыра бағалаған насихаты жас жігіттің де бүйірін қыздырып жүреді. Сөйткен күндердің бірінде, 1942 жылы Мырзашөл аудандық партия комитетінің бюросында Қынабек Үкібаевтың жұмысы еш негізсіз, қатты сынға алынады. Бұған шамданған намысты жігіт бірден әскери комиссариатқа барып, соғысқа жіберуді өтініп, арыз береді. Бұған дейін де бірнеше сұранған екен, бірақ ол кезде жібер­меген әскери комиссар жас жігіттің бұл жолы қатты бекінгенін көріп, қарсылық жасай алмайды. Сөйтіп, ауылдағы ата-анасымен де қоштаспай, Түркіменстанның Красноводск қаласына жүргелі тұрған әскери эшелонға мініп, соғысқа кете барады.

Қ.Үкібаев өзінің естелік кіта­бында осы оқиғаға қатысты ойларын білдіріпті. Онда өзінің балалық жасап, ата-анасына қатты уайым салып, үн-түнсіз кеткені үшін өзін өзі қатты сөккенін жазады. «Осындай да мейірімсіз, шапағатсыз перзент бола ма? – деп өзімді өзім балағаттай бастадым. Ата-ананы зар қақсатып, достарды жылатып, дұшпандарды күлдіріп соғысқа аттанғаным не? Бір-екі ақымақ жамандағанмен жаман болып қалмайтын едің ғой. Қорыққанынан өзін-өзі жанып тұрған отқа тастады демей ме?» деген ойлар оған маза бермейді. Бірақ енді бәрі де кеш екенін ескеріп, ер қорғаны – тәуекелге бел буып, алдағы күн­дерге үмітін жалғастырады.

Красноводск қаласындағы по­лигонда 45-50 градустық ыс­тықта жүріп, алғашқы әскери да­йындықтан өткен мұның орта білімі және ауылдық кеңесті басқарған тәжірибесі барын көрген комиссия Ресейдің Иваново қаласындағы әскери-саяси оқу орнына жібереді. Осы жерден ротаның саяси қыз­меткері атағын алған Қ.Үкібаев көптен аңсаған майданға тартады…

Бұл 1943 жылдың басы еді. Бұл кезде Қ.Үкібаевтың ротасы қарайтын 3-ші Украина май­да­нының жауынгерлері осы республиканың қалалары мен ауылдарын жау қолынан босатуда болатын. Қан майдан на­ғыз қызып жатқан тұс. Бірақ, «қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» дегендей Қынабек Үкібайұлы Украина жері үшін арпалысып, одан Венгрия, Румыния, Югославия мен Австрияны фашистерден азат ету жолындағы кескілескен шайқастарға қатысса да денесіне бір оқ дарымай аман қалады. Жанымдағы жолдастарым қынадай қырылып жатқанда қалай аман қалғаныма өзім де кейде таңғаламын, деп еске алады ол артынан. Кейде елде жүріп істеген талай қайырымды істерімнің өтеуіне аман қалған шығармын деп те ойлайды екен. 1936 жылы ГПУ біреулердің көрсетуімен елдегі молда, имам, ишандарды қудалап, ұстауға шыққанда бұл бір жолдастарымен бірге қабір маңынан жертөле қазып, олардың 15 шақтысын жасырып, аман алып қалады. Іздеп келген қанішерлерге ауылдық кеңестің төрағасы ретінде жауап беріп, ондай адамдардың мұнда жоқ екендігіне иландырады. Міне, осы кісілердің берген батасы мен дуасы сақтап, сауабы тиді ме екен деп ойлайды артынан Қынекең.

1946 жылы кеудесі орден-ме­­дальдарға толған Қ.Үкібаев май­даннан елге аман оралады. Со­­­ның ішінде Дунай өзенінде бол­ған бір шайқастағы ерлігі үшін марапаттаған «Қызыл Жұлдыз» ордені айрықша жарқырайды.

Жақсыбай САМРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға