Сейдахмет Бердіқұловтың арманы
Кезінде орыс әдебиетінде «біз бәріміз Гогольдің шинелінен шықтық» деген ұғым болған. Ол – Гогольдің сын-пікірлеріне, Гогольдің жазған еңбектеріне берілген жоғары баға. Сол сияқты, біздің қазақ журналистикасында да «Шерханның шекпенінен шықтық» деген қанатты сөз бар. Сол Шерханмен қатар жүрген, Шерағаңмен жастары шамалас, үзеңгілес, замандас болған тұлғалардың бірі – Сейдахмет Бердіқұлов. Сейдахмет Бердіқұловтың тағы бір әлеуметтік ерлігі – социализм кезінде, коммунистік партияның идеологиясында тұрғанда ұлт мәселесі жөнінде орынды пікір айта білуінде. Сол әңгімелердің бәрінде де Сейдахмет азаматтық танытып жүрді. Әсіресе, айрықша айтайын дегенім – 1986 жылы Димекең кетіп, Колбин келген кезде болған жастар көтерілісінен кейін 19 желтоқсан күні Қазақстанға СОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросының мүшесі М.Соломенцев келіп, Алматыда бірнеше күн болып, әртүрлі ұжымдарға барып, біздің Қазақстанның «ұлтшылдығының өсіп кеткендігін» айтып, кездесулер өткізіп жүрді. Сол кездесудің бірі комсомолдың Орталық комитетінде өтті. Сол жиында Сейдахмет Бердіқұлов жастарды тек кінәлау тұрғысынан қорытынды шығаруға болмайды деген бағытта сөз сөйледі. Соломенцев сұқ саусағын көтеріп, оның сөзін бөлді. Сол кезде Секең іркілместен жоғары лауазымды Мәскеу өкіліне: «Вы, пожалуйста, свой указательный палец мне не показывайте. Этот указательный палец как раз портит все. Не надо угрожать Вашим указательным пальцем, а надо уважать растущую молодежь, растущую национальную поросль», – деп кесіп айтқанына куә болған едім. Бұл сөздерді мен сол жиынға қатысып, болған әңгіме жазылған жұмысшы дәптерімнен сөзбе-сөз келтіргенді жөн көрдім. Политбюро мүшесіне ондай сөз қайтару деген сол кезде сұмдық болатын. Бірақ, Секең сол сөзді айтты. Секеңнің жазушылығы бар, қоғамда үлкен рухани орны бар. Содан да болар, оған Колбиннің тісі батпады. Бұл – шын мәнінде Сейдахмет Бердіқұловтың әлеуметтік батылдығы, әлеуметтік батырлығы. Секеңнің кіммен болса да, терезесі тең сөйлесе алатын рухани дайындығы, қуаты, соған лайықты білімі, салмақты мінезі болатын. Сейдахмет Бердіқұлов, көзі тірі болса, 80 жасқа келер еді. 80 жас деген қазір оншалықты таң қалатын жас емес. Бірақ, Сейдахмет Бердіқұлов туралы ұрпаққа, бүгінгі замандастарымызға осы сияқты сөзді айтуды мен өзімнің парызым деп санаймын. Бірге жүрдік, бірге қызмет істедік. Ол тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарын көріп, жүрекжарды қуанышқа бөлене алғанымен, еркіндік рухында ұзақ өмір сүре алмай, жасы 60-тан асар-аспаста дүниеден мезгілсіз өтіп кетті. Әрине, көкірегінде көп арманы бірге кетті. Ол Қазақ мемлекетінің дүние жүзінде өз тұлғаларымен, өз спортшыларымен, өз өнерпаздарымен, өз Туымен, өз Әнұранымен көрініп, озып жүруін армандайтын, сондай күннің туарына сенетін. Қазақтың бүгінгі ұрпағы сол арманға жетті. Алдағы Арман енді одан да биік. Қуаныш СҰЛТАНОВКезінде орыс әдебиетінде «біз бәріміз Гогольдің шинелінен шықтық» деген ұғым болған. Ол – Гогольдің сын-пікірлеріне, Гогольдің жазған еңбектеріне берілген жоғары баға. Сол сияқты, біздің қазақ журналистикасында да «Шерханның шекпенінен шықтық» деген қанатты сөз бар. Сол Шерханмен қатар жүрген, Шерағаңмен жастары шамалас, үзеңгілес, замандас болған тұлғалардың бірі – Сейдахмет Бердіқұлов.
Сейдахмет Бердіқұловтың тағы бір әлеуметтік ерлігі – социализм кезінде, коммунистік партияның идеологиясында тұрғанда ұлт мәселесі жөнінде орынды пікір айта білуінде. Сол әңгімелердің бәрінде де Сейдахмет азаматтық танытып жүрді. Әсіресе, айрықша айтайын дегенім – 1986 жылы Димекең кетіп, Колбин келген кезде болған жастар көтерілісінен кейін 19 желтоқсан күні Қазақстанға СОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросының мүшесі М.Соломенцев келіп, Алматыда бірнеше күн болып, әртүрлі ұжымдарға барып, біздің Қазақстанның «ұлтшылдығының өсіп кеткендігін» айтып, кездесулер өткізіп жүрді. Сол кездесудің бірі комсомолдың Орталық комитетінде өтті. Сол жиында Сейдахмет Бердіқұлов жастарды тек кінәлау тұрғысынан қорытынды шығаруға болмайды деген бағытта сөз сөйледі. Соломенцев сұқ саусағын көтеріп, оның сөзін бөлді. Сол кезде Секең іркілместен жоғары лауазымды Мәскеу өкіліне: «Вы, пожалуйста, свой указательный палец мне не показывайте. Этот указательный палец как раз портит все. Не надо угрожать Вашим указательным пальцем, а надо уважать растущую молодежь, растущую национальную поросль», – деп кесіп айтқанына куә болған едім. Бұл сөздерді мен сол жиынға қатысып, болған әңгіме жазылған жұмысшы дәптерімнен сөзбе-сөз келтіргенді жөн көрдім.
Политбюро мүшесіне ондай сөз қайтару деген сол кезде сұмдық болатын. Бірақ, Секең сол сөзді айтты. Секеңнің жазушылығы бар, қоғамда үлкен рухани орны бар. Содан да болар, оған Колбиннің тісі батпады. Бұл – шын мәнінде Сейдахмет Бердіқұловтың әлеуметтік батылдығы, әлеуметтік батырлығы. Секеңнің кіммен болса да, терезесі тең сөйлесе алатын рухани дайындығы, қуаты, соған лайықты білімі, салмақты мінезі болатын.
Сейдахмет Бердіқұлов, көзі тірі болса, 80 жасқа келер еді. 80 жас деген қазір оншалықты таң қалатын жас емес. Бірақ, Сейдахмет Бердіқұлов туралы ұрпаққа, бүгінгі замандастарымызға осы сияқты сөзді айтуды мен өзімнің парызым деп санаймын. Бірге жүрдік, бірге қызмет істедік. Ол тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарын көріп, жүрекжарды қуанышқа бөлене алғанымен, еркіндік рухында ұзақ өмір сүре алмай, жасы 60-тан асар-аспаста дүниеден мезгілсіз өтіп кетті. Әрине, көкірегінде көп арманы бірге кетті.
Ол Қазақ мемлекетінің дүние жүзінде өз тұлғаларымен, өз спортшыларымен, өз өнерпаздарымен, өз Туымен, өз Әнұранымен көрініп, озып жүруін армандайтын, сондай күннің туарына сенетін. Қазақтың бүгінгі ұрпағы сол арманға жетті. Алдағы Арман енді одан да биік.
Қуаныш СҰЛТАНОВ
