Сейдахмет Бердіқұловтың шығармашылығы
Сейдахмет Бердіқұлов «Лениншіл жаста» бас редактор кезінде жас әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаевты өзіне орынбасарлық қызметке шақырды. Жасы отызға жетер-жетпес шағында әдебиет сыншысы ретінде тұлға болып танылған, мойындалған Сағат Әшімбаев, кейін көсемсөз шеберлері дәрежесіне көтерілген Серік Әбдірайымов, Аян Нысаналин, Жақау Дәуренбеков, Ырым Кененбаев, Уәлихан Қалижан, Әшірбек Көпішев, Жарылғап Бейсенбаев, тағы басқа жастарды жанына жинады. 1976 жылы күзде дәстүрлі әдебиет пен өнер саласында комсомол сыйлығына таңдау, сараптау барысында Сейдағаңның Сағат Әшімбаев, Оралхан Бөкеев, Роза Рымбаевалардың кандидатураларын қолдап сөйлеуі бюро шешіміне негізгі ықпал ете алды. Комсомолдың Орталық комитетінде жүрген кезде, әсіресе, шығармашылық саладағы жастарға қамқорлық жасауда, таланттың көзін ашуда, әр жерде, әр облыста жүріп талантты адамдарды қатарға тартуға, әр уақытта жеке көзқарас білдіріп, соған ұсыныс жасап, облыстарда болып келген жерде бір жақсы талантты адамды көрсе, соны айтып келіп, осыған назар аударайықшы, осыған көмек жасаңыздаршы, деп жүретін өте бір пірәдар азамат та осы Сәкең болды. Сол кезде де журналистердің, спорт жаттықтырушыларының әртүрлі қоғамдық ұйымдары, ассоциациялары болғаны белгілі. Сейдахмет Бердіқұлов солардың көпшілігімен жақсы қарым-қатынаста болды. Сөйтіп, топ жарған қазақ спортшыларының Одаққа, әлемге танылуына ықпал жасады. Мәселен, Серік Қонақбаев пен Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, Жақсылық Қазақстан қазақтары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды, Серік қазақ спортшыларынан Олимпиаданың тұңғыш күміс жүлдесін алды. Ондай дәрежеге жету үшін алдымен Қазақстан спортының өкілі ретінде одақтық жарыстардың жеңімпазы болу керек, сол жеңімпазы болған кездің өзінде оны Мәскеудегі құзырлы орындар шешеді. Жеңімпаздың өзін алмай, екінші орындағы адамды алған жағдайлар көп болған. Жақсылық Үшкемпіровке 1980 жылғы Олимпиададан бұрын сондай солақай шешімдер бөгет болған. Міне, сол кездегі спорттың өзі Мәскеудің қас-қабағына байланысты болғандықтан, біздің Қазақстанның спортының осындай тұлғалары бар, Қазақстан спортының жетістіктері бар, Қазақстанда мынадай талантты боксшылар, талантты палуандар бар деп, Мәскеуге талай рет барып, талай жерде пікір туғызып, делдал болып, шапқылап жүретін адамның бірі Сейдахмет Бердіқұлов болатын. Содан кейін Мәскеуде болғанын, басқа жағдайларды Алматыда Орталық комитеттегілерге, басшыларға айтып жүретін. Және кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің басшылары Сейдахмет Бердіқұловты өте жоғары бағалап, ол кісінің пікірімен санасып та отыратын. Оған өзім талай куә болдым. Ол кісі орынсыз пікір айтпайтын. Соның барлығы біздің қазақтың ұлттық мүддесінде болатын және ұлттық намысты қайрайтын. Секеңнің шығармаларын қазір де алып оқысаңыз, өзіңіз бірден сол оқиғаның ортасында жүргендей, сол футбол додасын тура қазір көріп отырғандай әсер аласыз. Ол, әрине, жазушының шығармашылық шеберлігі. Жазушы шеберлігі ол кісінің азаматтық ұстанымымен, азаматтық дүниетанымымен байланысты болып, отансүйгіштік рухқа, патриоттыққа тәрбиелейді. Секең қайраткер болған социализм заманында лауазымды адамдар да, спортшылар да шетелдерге тек Мәскеу арқылы шығатынын жоғарыда айттық. Қайталап екпін беріп отырғанымыз – тағы да Тәуелсіздіктің қадірін, қасиетін түсіну. Бүгін кімнің қай елге барып, қай жерде кездесіп жүргені үйреншікті жағдай, кімнің қалай барып, қалай келіп жүргеніне ешкім мән де беріп жатқан жоқ. Бұл да елдің еркіншілік көрінісі. Бүгінгідей заман жоқ ол кезде. Секең барған жерінде қазақ деген ел бар екенін, қазақ деген елдің ұлттық мәдениеті, лайықты спортшылары, өнерлі ұрпағы бар екенін насихаттап, айтып, солардың ортасынан КСРО құрама командасының мүшелері болған адамдарға қолдау көрсетіп, ықпал етіп, жанашырлық білдіріп, ұлтымызды танытқысы келіп жүретін айрықша тұлға болатын. Өзі бас редактор болған «Лениншіл жас» газетінде де ұлтты сүюге, сол ұлтты сүю арқылы Отанын сүю, азаматтық позициясын күшейту сияқты үлкен тақырыптарға қатты мән берді. «Лениншіл жас» ол кезде Қазақстанға өте танымал, алдыңғы қатарлы, таралымы ең көп газет болатын. Басылымның 300 мыңға тақау тиражбен таралған жылдары болғанына біздің ұрпақ куә. Ең көп таралған, ең беделді газеттің бірі болған «Лениншіл жасты» сондай дәрежеге көтеруге әуелде Шерхан Мұртаза еңбек сіңірген болса, сол деңгей мен дәстүрді сапалы жалғастыра алған – Сейдахмет Бердіқұлов. Қуаныш СҰЛТАНОВСейдахмет Бердіқұлов «Лениншіл жаста» бас редактор кезінде жас әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаевты өзіне орынбасарлық қызметке шақырды. Жасы отызға жетер-жетпес шағында әдебиет сыншысы ретінде тұлға болып танылған, мойындалған Сағат Әшімбаев, кейін көсемсөз шеберлері дәрежесіне көтерілген Серік Әбдірайымов, Аян Нысаналин, Жақау Дәуренбеков, Ырым Кененбаев, Уәлихан Қалижан, Әшірбек Көпішев, Жарылғап Бейсенбаев, тағы басқа жастарды жанына жинады.
1976 жылы күзде дәстүрлі әдебиет пен өнер саласында комсомол сыйлығына таңдау, сараптау барысында Сейдағаңның Сағат Әшімбаев, Оралхан Бөкеев, Роза Рымбаевалардың кандидатураларын қолдап сөйлеуі бюро шешіміне негізгі ықпал ете алды. Комсомолдың Орталық комитетінде жүрген кезде, әсіресе, шығармашылық саладағы жастарға қамқорлық жасауда, таланттың көзін ашуда, әр жерде, әр облыста жүріп талантты адамдарды қатарға тартуға, әр уақытта жеке көзқарас білдіріп, соған ұсыныс жасап, облыстарда болып келген жерде бір жақсы талантты адамды көрсе, соны айтып келіп, осыған назар аударайықшы, осыған көмек жасаңыздаршы, деп жүретін өте бір пірәдар азамат та осы Сәкең болды.
Сол кезде де журналистердің, спорт жаттықтырушыларының әртүрлі қоғамдық ұйымдары, ассоциациялары болғаны белгілі. Сейдахмет Бердіқұлов солардың көпшілігімен жақсы қарым-қатынаста болды. Сөйтіп, топ жарған қазақ спортшыларының Одаққа, әлемге танылуына ықпал жасады. Мәселен, Серік Қонақбаев пен Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, Жақсылық Қазақстан қазақтары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды, Серік қазақ спортшыларынан Олимпиаданың тұңғыш күміс жүлдесін алды. Ондай дәрежеге жету үшін алдымен Қазақстан спортының өкілі ретінде одақтық жарыстардың жеңімпазы болу керек, сол жеңімпазы болған кездің өзінде оны Мәскеудегі құзырлы орындар шешеді. Жеңімпаздың өзін алмай, екінші орындағы адамды алған жағдайлар көп болған. Жақсылық Үшкемпіровке 1980 жылғы Олимпиададан бұрын сондай солақай шешімдер бөгет болған.
Міне, сол кездегі спорттың өзі Мәскеудің қас-қабағына байланысты болғандықтан, біздің Қазақстанның спортының осындай тұлғалары бар, Қазақстан спортының жетістіктері бар, Қазақстанда мынадай талантты боксшылар, талантты палуандар бар деп, Мәскеуге талай рет барып, талай жерде пікір туғызып, делдал болып, шапқылап жүретін адамның бірі Сейдахмет Бердіқұлов болатын. Содан кейін Мәскеуде болғанын, басқа жағдайларды Алматыда Орталық комитеттегілерге, басшыларға айтып жүретін. Және кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің басшылары Сейдахмет Бердіқұловты өте жоғары бағалап, ол кісінің пікірімен санасып та отыратын. Оған өзім талай куә болдым. Ол кісі орынсыз пікір айтпайтын. Соның барлығы біздің қазақтың ұлттық мүддесінде болатын және ұлттық намысты қайрайтын.
Секеңнің шығармаларын қазір де алып оқысаңыз, өзіңіз бірден сол оқиғаның ортасында жүргендей, сол футбол додасын тура қазір көріп отырғандай әсер аласыз. Ол, әрине, жазушының шығармашылық шеберлігі. Жазушы шеберлігі ол кісінің азаматтық ұстанымымен, азаматтық дүниетанымымен байланысты болып, отансүйгіштік рухқа, патриоттыққа тәрбиелейді.
Секең қайраткер болған социализм заманында лауазымды адамдар да, спортшылар да шетелдерге тек Мәскеу арқылы шығатынын жоғарыда айттық. Қайталап екпін беріп отырғанымыз – тағы да Тәуелсіздіктің қадірін, қасиетін түсіну. Бүгін кімнің қай елге барып, қай жерде кездесіп жүргені үйреншікті жағдай, кімнің қалай барып, қалай келіп жүргеніне ешкім мән де беріп жатқан жоқ. Бұл да елдің еркіншілік көрінісі. Бүгінгідей заман жоқ ол кезде. Секең барған жерінде қазақ деген ел бар екенін, қазақ деген елдің ұлттық мәдениеті, лайықты спортшылары, өнерлі ұрпағы бар екенін насихаттап, айтып, солардың ортасынан КСРО құрама командасының мүшелері болған адамдарға қолдау көрсетіп, ықпал етіп, жанашырлық білдіріп, ұлтымызды танытқысы келіп жүретін айрықша тұлға болатын. Өзі бас редактор болған «Лениншіл жас» газетінде де ұлтты сүюге, сол ұлтты сүю арқылы Отанын сүю, азаматтық позициясын күшейту сияқты үлкен тақырыптарға қатты мән берді. «Лениншіл жас» ол кезде Қазақстанға өте танымал, алдыңғы қатарлы, таралымы ең көп газет болатын. Басылымның 300 мыңға тақау тиражбен таралған жылдары болғанына біздің ұрпақ куә. Ең көп таралған, ең беделді газеттің бірі болған «Лениншіл жасты» сондай дәрежеге көтеруге әуелде Шерхан Мұртаза еңбек сіңірген болса, сол деңгей мен дәстүрді сапалы жалғастыра алған – Сейдахмет Бердіқұлов.
Қуаныш СҰЛТАНОВ
