Намыс сардары
Сейдахмет Бердіқұловтың ізімен оның ғибратты өмірінен үйреніп, дәстүрін жалғастырып жүрген спорт журналистерінің, жазушылардың ең көрнектісі – бүгінгі замандасымыз Несіп Жүнісбаев. Оның бақыты сол – кеңес дәуірінен кейінгі кезде оның нағыз ой тербеп, қалам сілтеу қайраты Тәуелсіздіктің тұсына келді. Тәуелсіздіктің арқасында бұрынғыдай Мәскеудің рұқсатына қарап отырмай, Мәскеуден тамыр-таныс іздеп жүрмей, Қазақстаннан тікелей өзі жүретін дәрежеге жетті. Сейдағаңның бастамасын дамытып, тереңдеп, бүкіл қазақ спортының шежіресінің етек-жеңін жиып, жүйелеп, жіпке тізген моншақтай етіп жазып шыққан оның өзі: «мен Сейдахмет Бердіқұловтың шәкіртімін, Сейдағаңның жолымен жүрдім», деп мақтанышпен айтады. Өкінішке орай, Секең ертерек дүниеден өтіп кетті. Бірақ, сол өмірінің өзінде қазақтың рухани әлеміне айрықша еңбек сіңіріп, жанымен, тәнімен, әрбір салмақты сөзімен, шебер жазылған тамаша әдеби, публицистикалық шығармаларымен ұлт ұжданын көтеріп кетті. Ол кісі өз шығармаларына тек спорт мәселесін арқау еткен жоқ, қоғамның барлық саласына да араласты. Алайда, спорт тақырыбы – Секең шығармаларының өзекті ойы, көркемдік көркі, шешендік сөзі болды. Кезінде Секең «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің бас редакторы әрі Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің бюро мүшесі болды. Сол бюрода бірге жұмыс жасадық. Ол кісімен көп жағдайларда пікірлесіп, бір-бірімізді қолдап, түсінісіп, кейбір жағдайларда әрқилы мәселелер төңірегінде пікір таластырып та жүрген кезіміз болған. Ғажабы – сол пікірталастарда ешқандай реніш болмайтын, керісінше, әртүрлі көзқарастар арқылы шындыққа, әділдікке жақындауға тырысатынбыз. Қоғамдық құбылыстарға баға беру тұрғысынан әруақытта ойымызды ашық айтудан тартынбайтынбыз. Мақсатымыз, мүддеміз бір – соған қай жолмен, қандай көзқарас, сана, түсінікпен қай тәсілмен келу керек. Сейдағаңдай қазақ әдебиетінің, журналистикасының беделді тұлғасының бюроның құрамында болуы бюроның әруақытта рухани беделін көтеріп тұратын. Біз сол жылдарда жастармен жұмыс істеуді өте жоғары дәрежеге көтере алдық. Қазақстан комсомолы Орталық Комитеті бюросының көмегімен, ықпалымен, шешімімен талай жастардың жолы ашылды. Біз оны қай дәуірде де мақтанышпен айта аламыз. Солардың қатарында қазіргі біздің халықаралық, әлемдік дәрежедегі өнер тарландары – Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сияқты өрімдей жастар кезінде жастар ұйымдарының, комсомолдың қамқорлығын көріп өсті. Одан ары қарай жүре берсек, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің тұсында жас кезінде елге танылған Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Мұхтар Шаханов, тағы басқа өнер, әдебиет жұлдыздарын айтсақ та жеткілікті. Қуаныш СҰЛТАНОВСейдахмет Бердіқұловтың ізімен оның ғибратты өмірінен үйреніп, дәстүрін жалғастырып жүрген спорт журналистерінің, жазушылардың ең көрнектісі – бүгінгі замандасымыз Несіп Жүнісбаев. Оның бақыты сол – кеңес дәуірінен кейінгі кезде оның нағыз ой тербеп, қалам сілтеу қайраты Тәуелсіздіктің тұсына келді. Тәуелсіздіктің арқасында бұрынғыдай Мәскеудің рұқсатына қарап отырмай, Мәскеуден тамыр-таныс іздеп жүрмей, Қазақстаннан тікелей өзі жүретін дәрежеге жетті. Сейдағаңның бастамасын дамытып, тереңдеп, бүкіл қазақ спортының шежіресінің етек-жеңін жиып, жүйелеп, жіпке тізген моншақтай етіп жазып шыққан оның өзі: «мен Сейдахмет Бердіқұловтың шәкіртімін, Сейдағаңның жолымен жүрдім», деп мақтанышпен айтады.
Өкінішке орай, Секең ертерек дүниеден өтіп кетті. Бірақ, сол өмірінің өзінде қазақтың рухани әлеміне айрықша еңбек сіңіріп, жанымен, тәнімен, әрбір салмақты сөзімен, шебер жазылған тамаша әдеби, публицистикалық шығармаларымен ұлт ұжданын көтеріп кетті. Ол кісі өз шығармаларына тек спорт мәселесін арқау еткен жоқ, қоғамның барлық саласына да араласты. Алайда, спорт тақырыбы – Секең шығармаларының өзекті ойы, көркемдік көркі, шешендік сөзі болды.
Кезінде Секең «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің бас редакторы әрі Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің бюро мүшесі болды. Сол бюрода бірге жұмыс жасадық. Ол кісімен көп жағдайларда пікірлесіп, бір-бірімізді қолдап, түсінісіп, кейбір жағдайларда әрқилы мәселелер төңірегінде пікір таластырып та жүрген кезіміз болған. Ғажабы – сол пікірталастарда ешқандай реніш болмайтын, керісінше, әртүрлі көзқарастар арқылы шындыққа, әділдікке жақындауға тырысатынбыз. Қоғамдық құбылыстарға баға беру тұрғысынан әруақытта ойымызды ашық айтудан тартынбайтынбыз. Мақсатымыз, мүддеміз бір – соған қай жолмен, қандай көзқарас, сана, түсінікпен қай тәсілмен келу керек. Сейдағаңдай қазақ әдебиетінің, журналистикасының беделді тұлғасының бюроның құрамында болуы бюроның әруақытта рухани беделін көтеріп тұратын. Біз сол жылдарда жастармен жұмыс істеуді өте жоғары дәрежеге көтере алдық. Қазақстан комсомолы Орталық Комитеті бюросының көмегімен, ықпалымен, шешімімен талай жастардың жолы ашылды. Біз оны қай дәуірде де мақтанышпен айта аламыз. Солардың қатарында қазіргі біздің халықаралық, әлемдік дәрежедегі өнер тарландары – Әлібек Дінішев, Нұржамал Үсенбаева, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова сияқты өрімдей жастар кезінде жастар ұйымдарының, комсомолдың қамқорлығын көріп өсті. Одан ары қарай жүре берсек, Қазақстан комсомолының бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің тұсында жас кезінде елге танылған Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір Хасанғалиев, Мұхтар Шаханов, тағы басқа өнер, әдебиет жұлдыздарын айтсақ та жеткілікті.
Қуаныш СҰЛТАНОВ
