Сейдахмет Бердіқұлов жайында
Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды. Танымал жазушы Сейдахмет Бердіқұлов спорт тарихының көрнекті білгірі болатын. Мерзімді басылым беттерінде оның спорт туралы репортаждары, әртүрлі очерктері, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Содан да болар, қалың оқырман ол кісіні спорт шежірешісі деп қабылдайтын. Секең бастапқы кезеңде, «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы болғанда да, одан кейін 1970 жылдан 80-жылдардың ортасына дейін кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» газетін басқарған тұста да қазақ жастарының өсуіне, болашағына спорттың ықпалы зор екенін насихаттаумен болды. Сол «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітапты кезінде бүкіл қазақ қоғамы оқып шықты-ау десем қателесе қоймаспын. Өйткені, ол спорт туралы, спорттың ішінде футбол туралы болатын. Қазақ сол кезде де футболға жари алмай жүретін. 60-шы жылдардың басында құрылған «Қайрат» Одақ көлемінде футбол жарысына қатысатын жалғыз команда еді. Ол жылдары Алматының Орталық стадионына «Қайрат» командасы ойнаған сайын билет алу да қиын болатын. Қаладағы, қала маңындағы елді мекендерден футбол жанкүйерлері иін тіресе футболға келетін. Алматыға сырттан келген адам егер жолы болып бір билет сатып алса, соған мәз болып қуанып, «Қайраттың» ойынын көрдім деп мақтанып, марқайып жүретін. Бірақ, «Қайраттың» ойыны бірде қуантады, бірде күйінтеді. Сөйтіп жүрген заманда Сейдахмет Бердіқұловтың бүкіл дүние жүзінің сол кездегі атақты футболшыларының есімдері бар, футбол туралы керемет мағлұматтар келтірілген, футбол чемпионаттары туралы, жалпы футболдың, спорттың қоғамдағы орны туралы керемет ой-пікірлер айтылған «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарыққа шықты. Кітап үлкен қоғамдық пікір туғызды. Көптеген адамдар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сейдахмет Бердіқұловтың осынау рухани еңбегін атағанда, қоғам санасының, жастар дүниетанымының қалыптасуына оның жазушылық еңбегінің айрықша ықпал еткендігіне назар аудару әділдік болар еді. Сол сияқты, автордың «Аспаннан шұға жауған күн», не болмаса «Мұңайып оянған қала» сияқты шығармалары да кезінде өте жоғары бағаланды. Сейдахмет Бердіқұлов жастайынан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен, қызығушылықпен өскен азамат еді. Ол кезде қазіргідей еркіншілік заман емес, шетелге Қазақстан журналистерінің шығуы сирек оқиға болатын. Өйткені, ол мәселе тек Мәскеу арқылы шешілетін. Міне, сондай жағдайда әлемнің, Еуропаның футбол чемпионаттары сияқты ең жоғары мәртебелі бүкіл дүниежүзілік жарыстарға, халықаралық сайыстарға барып, озық әңгімелер айтып жүрген бірден-бір жазушымыз да, журналисіміз де осы Сейдахмет Бердіқұлов болды. Әңгіме Секеңнің сол халықаралық спорт жарыстарына баруында емес, жай барып қана қоймай, сол көргендерін, көңілге түйгендерін еліне жеткізуінде, қалың оқырманмен бөлісуінде, ортаға ой салуында, спорттың ұлт намысының көрнекті туы екендігін ұрпақтың санасына жеткізуге талпынуында. Қуаныш СҰЛТАНОВӨткен ғасырдың 60-жылдарының соңында Сейдахмет Бердіқұловтың «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарық көрді. Ол кезде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шығып жататын көркем туындылар қалың оқырманға тез жететін. Сол кезде оқырман қолына тиген Сейдағаңның кітабы спорт тақырыбына жазылған деректі еңбектерден мазмұны жағынан да, оқиғаларының ауқымы жағынан да, тақырыбы жағынан да, баяндау тәсілі жағынан да өзгеше болды.
Танымал жазушы Сейдахмет Бердіқұлов спорт тарихының көрнекті білгірі болатын. Мерзімді басылым беттерінде оның спорт туралы репортаждары, әртүрлі очерктері, мақалалары жиі жарияланып тұрды. Содан да болар, қалың оқырман ол кісіні спорт шежірешісі деп қабылдайтын.
Секең бастапқы кезеңде, «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы болғанда да, одан кейін 1970 жылдан 80-жылдардың ортасына дейін кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» газетін басқарған тұста да қазақ жастарының өсуіне, болашағына спорттың ықпалы зор екенін насихаттаумен болды. Сол «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітапты кезінде бүкіл қазақ қоғамы оқып шықты-ау десем қателесе қоймаспын. Өйткені, ол спорт туралы, спорттың ішінде футбол туралы болатын. Қазақ сол кезде де футболға жари алмай жүретін. 60-шы жылдардың басында құрылған «Қайрат» Одақ көлемінде футбол жарысына қатысатын жалғыз команда еді. Ол жылдары Алматының Орталық стадионына «Қайрат» командасы ойнаған сайын билет алу да қиын болатын. Қаладағы, қала маңындағы елді мекендерден футбол жанкүйерлері иін тіресе футболға келетін. Алматыға сырттан келген адам егер жолы болып бір билет сатып алса, соған мәз болып қуанып, «Қайраттың» ойынын көрдім деп мақтанып, марқайып жүретін.
Бірақ, «Қайраттың» ойыны бірде қуантады, бірде күйінтеді. Сөйтіп жүрген заманда Сейдахмет Бердіқұловтың бүкіл дүние жүзінің сол кездегі атақты футболшыларының есімдері бар, футбол туралы керемет мағлұматтар келтірілген, футбол чемпионаттары туралы, жалпы футболдың, спорттың қоғамдағы орны туралы керемет ой-пікірлер айтылған «Жұмыр жерде теңбіл доп» деген кітабы жарыққа шықты.
Кітап үлкен қоғамдық пікір туғызды. Көптеген адамдар өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сейдахмет Бердіқұловтың осынау рухани еңбегін атағанда, қоғам санасының, жастар дүниетанымының қалыптасуына оның жазушылық еңбегінің айрықша ықпал еткендігіне назар аудару әділдік болар еді. Сол сияқты, автордың «Аспаннан шұға жауған күн», не болмаса «Мұңайып оянған қала» сияқты шығармалары да кезінде өте жоғары бағаланды.
Сейдахмет Бердіқұлов жастайынан жаңалыққа құмартып, ерекше сезімталдықпен, қызығушылықпен өскен азамат еді. Ол кезде қазіргідей еркіншілік заман емес, шетелге Қазақстан журналистерінің шығуы сирек оқиға болатын. Өйткені, ол мәселе тек Мәскеу арқылы шешілетін. Міне, сондай жағдайда әлемнің, Еуропаның футбол чемпионаттары сияқты ең жоғары мәртебелі бүкіл дүниежүзілік жарыстарға, халықаралық сайыстарға барып, озық әңгімелер айтып жүрген бірден-бір жазушымыз да, журналисіміз де осы Сейдахмет Бердіқұлов болды. Әңгіме Секеңнің сол халықаралық спорт жарыстарына баруында емес, жай барып қана қоймай, сол көргендерін, көңілге түйгендерін еліне жеткізуінде, қалың оқырманмен бөлісуінде, ортаға ой салуында, спорттың ұлт намысының көрнекті туы екендігін ұрпақтың санасына жеткізуге талпынуында.
Қуаныш СҰЛТАНОВ
