Жаңалықтар

«Жылдар жемісі»

Иә, өмірінде Айтекең араласпаған өмір түйткілі кемде-кем. Қазаққа керектің бәрін қаузайтын, әлеуметке керекті нәр­сені елеусіз қалдырмайтын. Азаматтық ойларын тынбай айтатын. Осыларды 2009 жылы «Жылдар жемісі» деген бір кітапқа жинақтап еді. Сонда «Алтын сандықтың үстінде ұзақ отыру үшін қазаққа білікті мамандар қажет» деп ақылмандықпен батыл айта білген де Айтекең болатын. Бұған қоса «Дүние жүзіндегі 1113 халықтың арасында сан жағынан 80-ші орында, жерінің көлемі мен жерасты байлығы жағынан бірінші ондықта тұрған қазақ деген ұлы халқымның болашағының жарқын, нұрлы болатынына мен кәміл сенемін. Ол үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып еңбек етуіміз керек. Еліміздің тәуелсіздігін жүрегімізбен қабылдадық, білегімізбен қолдайық», деген абызға лайық сөзді де айтқан Айтекең еді. Балаңның баласына айтар өсиет, ұрпағыңның ұрпағына қалдырар ұлағат осы емес пе. Иә, Айтқажы ғибраты осындай болып еді. Сол ғибратқа бүгінде Қазбековтер әулеті айрықша адал. Жан жары Шәми Шәбітайқызының Айтекеңді сағынып, рухын тербеп жазған жырлары бүгінде бір кітап, мөлдір де аяулы махаббат дастанындай. Ұлдары Мұса мен Мұрат Көкшенің көркем азаматтары, ілкімді кәсіпкерлер, Меруерт болса қазір әулеттің ғана емес, бүкіл Көкше елінің мақтаныш етерлік тамаша қызы. Меруертінің Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын Айтекең көре алмай кетсе де, осы қызының жұлдызына бар көңілімен сеніп еді. Меруерт әке сенімін де, ел сенімін де ақтады. Бұл күндерде Айтекеңнің немерелері де өмір шеруіне белсене қосылған. Шөберелер қатары толыға түсуде. Өмір жалғасуда. Ғибраттың үлкені осы болар. Ең бастысы, Айтекеңнің ұлағаттары, ізгілікті істері, жарқын бейнесі елі мен жерінде ұмытылмауға бет алды. Ол замандастары мен жас ұрпақтың жадында. Қанай би ауылында Айтқажы көзін аш­қан бұлақтың сылдыраған кәусар суы шөл­дегеннің шөлін басып, сусағанның мейірін қандыруда. Бүкіл Көкшетау қаласының халқы Айтекең тапқан жерасты көлінің суын ішуде. Асыл аға қазған 500 құдық әлі де ел игілінде. Ғалым һәм қаламгер азамат жазған кітаптар, оқулықтар тәуелсіздік мұратына қызмет етуде. Артында мәйекті сөзі де, көрнекті ісі де, өрнекті ізі де қалды. Бұдан артық бақыт бар ма?! Абай Мырзахметов атындағы университетте ашылған мұражай Көкшетаудың көрнекті азаматы, профессор Айтқажы Қазбековтің өнегелі өмірі жайлы толғамды сыр шертеді. Ол туралы жәдігер-материалдар туған жері Қанай би ауылы орта мектебінің музейінде де жеткілікті. Туған елі мен жерінің, қазақтың тілі мен ділінің, атамекен табиғатының қызғыш құсындай болған асыл азамат Айтқажы ғибраттары өмір барда өшпек емес, алғыскер ұрпағы барда жасай бермек. Қорғанбек АМАНЖОЛ
17.11.2013 07:01 3557

Иә, өмірінде Айтекең араласпаған өмір түйткілі кемде-кем. Қазаққа керектің бәрін қаузайтын, әлеуметке керекті нәр­сені елеусіз қалдырмайтын. Азаматтық ойларын тынбай айтатын. Осыларды 2009 жылы «Жылдар жемісі» деген бір кітапқа жинақтап еді. Сонда «Алтын сандықтың үстінде ұзақ отыру үшін қазаққа білікті мамандар қажет» деп ақылмандықпен батыл айта білген де Айтекең болатын. Бұған қоса «Дүние жүзіндегі 1113 халықтың арасында сан жағынан 80-ші орында, жерінің көлемі мен жерасты байлығы жағынан бірінші ондықта тұрған қазақ деген ұлы халқымның болашағының жарқын, нұрлы болатынына мен кәміл сенемін. Ол үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып еңбек етуіміз керек. Еліміздің тәуелсіздігін жүрегімізбен қабылдадық, білегімізбен қолдайық», деген абызға лайық сөзді де айтқан Айтекең еді. Балаңның баласына айтар өсиет, ұрпағыңның ұрпағына қалдырар ұлағат осы емес пе. Иә, Айтқажы ғибраты осындай болып еді.

Сол ғибратқа бүгінде Қазбековтер әулеті айрықша адал. Жан жары Шәми Шәбітайқызының Айтекеңді сағынып, рухын тербеп жазған жырлары бүгінде бір кітап, мөлдір де аяулы махаббат дастанындай. Ұлдары Мұса мен Мұрат Көкшенің көркем азаматтары, ілкімді кәсіпкерлер, Меруерт болса қазір әулеттің ғана емес, бүкіл Көкше елінің мақтаныш етерлік тамаша қызы. Меруертінің Парламент Мәжілісінің депутаты болғанын Айтекең көре алмай кетсе де, осы қызының жұлдызына бар көңілімен сеніп еді. Меруерт әке сенімін де, ел сенімін де ақтады. Бұл күндерде Айтекеңнің немерелері де өмір шеруіне белсене қосылған. Шөберелер қатары толыға түсуде. Өмір жалғасуда. Ғибраттың үлкені осы болар.

Ең бастысы, Айтекеңнің ұлағаттары, ізгілікті істері, жарқын бейнесі елі мен жерінде ұмытылмауға бет алды. Ол замандастары мен жас ұрпақтың жадында. Қанай би ауылында Айтқажы көзін аш­қан бұлақтың сылдыраған кәусар суы шөл­дегеннің шөлін басып, сусағанның мейірін қандыруда. Бүкіл Көкшетау қаласының халқы Айтекең тапқан жерасты көлінің суын ішуде. Асыл аға қазған 500 құдық әлі де ел игілінде. Ғалым һәм қаламгер азамат жазған кітаптар, оқулықтар тәуелсіздік мұратына қызмет етуде. Артында мәйекті сөзі де, көрнекті ісі де, өрнекті ізі де қалды. Бұдан артық бақыт бар ма?! Абай Мырзахметов атындағы университетте ашылған мұражай Көкшетаудың көрнекті азаматы, профессор Айтқажы Қазбековтің өнегелі өмірі жайлы толғамды сыр шертеді. Ол туралы жәдігер-материалдар туған жері Қанай би ауылы орта мектебінің музейінде де жеткілікті. Туған елі мен жерінің, қазақтың тілі мен ділінің, атамекен табиғатының қызғыш құсындай болған асыл азамат Айтқажы ғибраттары өмір барда өшпек емес, алғыскер ұрпағы барда жасай бермек.

Қорғанбек АМАНЖОЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға