Жаңалықтар

Айтқажы Қазбеков хақында бір үзік сыр

Тірісінде кімнің қадіріне жеткендейміз? Ниет болғанмен, кейде соған күй­бең тіршіліктің қақпақылдаған толқындары мұрша-мұрсат та бермейді-ау. Әйтпесе, тап осы Айтқажы ағамызды Көкше өңіріндегі көркем биіктердің біріне балап, дәйім іштей жақсы көріп, жақын тартып, бағалаудан жаз­ба­ға­ным өзіме аян. Қайткенде де мен үшін қимас аяулы аға болған, ел-жұрты үшін тынымсыз қайраткер ғалым, тұлғалы азамат ретінде танылған осынау асыл адам хақында өткен шақта сөйлеудің өкінішін айналып өте алмаппын. Қатал тағдырдың он екіде бір гүлі ашылмай жатып жетімдікпен өксітуіне мойымас ішкі қайсарлықпен жауап қатқан Айтқажы мектепті алтын медальмен бітіріп шығыпты. Шын мәнінде де, талапты ерге нұр жауады. Арманы асқақ, мақсаты биік екен. Соғыс зардабы әлі басыла қоймаған сонау күреңқабақ та қоңылтақ шақта қолқысқалыққа қарамастан, өнер-білімнің бесігіндей Ленинград университетін оқып бітіруінің өзі біле-білгенге аз ғибрат емес еді. Ал енді мұнда инженер-геолог һәм гидрогеолог мамандығын алып шығып, еңбек жолын бастағаннан кейін Айтқажы ғибраттарының бұлақ көзі молынан ашылып, өргек те сергек мінезі мүсінделе беріпті. Айтқажы ғибраты бірінші із салған жер – Сарыарқаның сайын даласы. Ол жолдама бойынша Орталық Қазақстан геологиялық басқармасының қарауына бөлінген болатын. Сөйтіп, осындағы Со­қыр гидрогеологиялық партиясына келіп, жұмысқа кірісіп те кетті. Бұл 1957 жыл еді. Қа­рағанды қаласын сумен жабдықтауға тиісті Соқыр артезиан алабының зерттеліп бар­лануына жас гидрогеолог Айтқажы Қазбеков қосқан үлестің қомақтылығы да көзге түспей қалған жоқ. «Жас келсе іске» дегендей-ақ, жас маман өзінің ле­нин­градтық брендін ақтап, Соқыр алабын барлаудың барлық үш кезеңіне бірдей қатысып, алғаш рет жоғары деңгейдегі мем­лекеттік комиссияда бекітілген есеп ав­тор­ларының бірі болды. Сөйтіп, ғылым саласына бейімдігі әу бастан аңғарылған-ды. 1960 жылы өз өтінішімен туған жері Көкшетаудағы Солтүстік Қазақстан гидро­гео­логиялық экспедициясына ауысты. Сөйтіп, араға сегіз жыл салып атажұртына есейіп, үйлі-баранды болып, тұңғыш баласы мен жас келіншегі Шәмиді ертіп оралды. Айтқажының ең үлкен ғибраты сол, осы кезден бастап табаны күректей қырық жыл бойы туған ел-жұртын сумен қамтамасыз етіп, Ақмола, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық нысандарын сумен жабдықтау проблемаларын орайымен шешу мақсатында жерасты суларын іздеу және барлау мәселелерімен айналысты. Әуелде гидрогеолог, аға гидрогеолог, партия бастығы болған ол қызмет бабында сатылап өсіп, 12 жыл бойы экспедицияның бас инженері болды. Ал 1978 жылдан 2000 жылы зейнетке шыққанға дейін экспедиция бастығы және тәуелсіздік пен­ нарық талаптарына сай қайта жаң­ғыр­ған «Көкшетаугидрогеология» акционер­лік қоғамының президенті ретінде бү­кіл гидрогеологиялық, инженерлік-геоло­гиялық және ғылыми жұмыстар кешеніне бесаспап біліктілікпен басшылық етті. Су Айтқажының өмірінің мәніне, өмірлік философиясына айналды. Судың ғажайыбын дәл осы кісідей тербеп-тергейтін адам сирек деп ойлаймын. Сент-Экзюперидің су хақында айтқан «Сен өмірге қажетсің деп айту бекер, сен – өмірдің өзісің» деген сөздерін жиі қайталайтын. Айтекеңше толғасақ, жердің ең пайдалы да баға жетпес асыл кені, қымбат қазынасы да – су. Осы тәмсілі ісінен алшақ кетпей, оның өмірі мен еңбегінен шынайы көрініс тапты. Дәйектей айтсақ, осынау жылдарда оның тікелей басшылығымен Қазақстанның солтүстік өңірінде елді мекендердің жанынан 500-ден астам жерасты су көздері барлап ашылды. Ол ашқан тіршілік көздерінен тоғыз аудан орталығы, үш қала мен бірқатар тау-кен және өнеркәсіп орындары нәр-қуат алып жабдықталды. Соның ішінде Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында Павлов және Шағалалы деп аталатын екі жерасты су көзі барланып, пайдалануға берілді. Көкшетаулықтар осы күнге дейін өздерінің айкөл жерлестері Айтқажы Қазбеков тапқан суды ішіп отырғанын және келешекте де еш кілтипансыз іше беретінін бір сәт алғыспен еске алып қойса, артық болмас еді дейтініміз де сондықтан. Бұған қоса Зеренді ауданы мен курортты аймақтың барлық елді мекендерінің төңірегін де бүге-шігесіне дейін қалдырмай зерттеген осы ағамыз. Айтекең өндіріс пен ғылымды қатар алып жүрген санаулылар қатарында болды десек, ол да ақиқат. Әрбір ашылған су көзіне гидрогеологиялық тұрғыдан қорытынды жасап бағалайтын, ерекшелігін-қасиеттерін елеп-екшеп саралайтын. Осынау жылдар бойғы ерен ізденіс, ойшыл еңбектің негізінде 1977 жылы өндірістен қол үзбей диссертация қорғап, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын еншіледі. Бұл диссертация негізінен Бурабайдағы Майбалық су көзінің шипалық қасиеттеріне арналды. Осы жерге көп ұзамай Майбалық шипажайының салынып, ел игілігіне айналуы да Айтқажы ақжолтайлығының арқасы екендігін екінің бірі біле бермейді. Ал білгенге бұл да ғибрат. Қорғанбек АМАНЖОЛ
17.11.2013 06:57 4187

Тірісінде кімнің қадіріне жеткендейміз? Ниет болғанмен, кейде соған күй­бең тіршіліктің қақпақылдаған толқындары мұрша-мұрсат та бермейді-ау. Әйтпесе, тап осы Айтқажы ағамызды Көкше өңіріндегі көркем биіктердің біріне балап, дәйім іштей жақсы көріп, жақын тартып, бағалаудан жаз­ба­ға­ным өзіме аян. Қайткенде де мен үшін қимас аяулы аға болған, ел-жұрты үшін тынымсыз қайраткер ғалым, тұлғалы азамат ретінде танылған осынау асыл адам хақында өткен шақта сөйлеудің өкінішін айналып өте алмаппын.

Қатал тағдырдың он екіде бір гүлі ашылмай жатып жетімдікпен өксітуіне мойымас ішкі қайсарлықпен жауап қатқан Айтқажы мектепті алтын медальмен бітіріп шығыпты. Шын мәнінде де, талапты ерге нұр жауады. Арманы асқақ, мақсаты биік екен.

Соғыс зардабы әлі басыла қоймаған сонау күреңқабақ та қоңылтақ шақта қолқысқалыққа қарамастан, өнер-білімнің бесігіндей Ленинград университетін оқып бітіруінің өзі біле-білгенге аз ғибрат емес еді. Ал енді мұнда инженер-геолог һәм гидрогеолог мамандығын алып шығып, еңбек жолын бастағаннан кейін Айтқажы ғибраттарының бұлақ көзі молынан ашылып, өргек те сергек мінезі мүсінделе беріпті.

Айтқажы ғибраты бірінші із салған жер – Сарыарқаның сайын даласы. Ол жолдама бойынша Орталық Қазақстан геологиялық басқармасының қарауына бөлінген болатын. Сөйтіп, осындағы Со­қыр гидрогеологиялық партиясына келіп, жұмысқа кірісіп те кетті. Бұл 1957 жыл еді. Қа­рағанды қаласын сумен жабдықтауға тиісті Соқыр артезиан алабының зерттеліп бар­лануына жас гидрогеолог Айтқажы Қазбеков қосқан үлестің қомақтылығы да көзге түспей қалған жоқ. «Жас келсе іске» дегендей-ақ, жас маман өзінің ле­нин­градтық брендін ақтап, Соқыр алабын барлаудың барлық үш кезеңіне бірдей қатысып, алғаш рет жоғары деңгейдегі мем­лекеттік комиссияда бекітілген есеп ав­тор­ларының бірі болды. Сөйтіп, ғылым саласына бейімдігі әу бастан аңғарылған-ды.

1960 жылы өз өтінішімен туған жері Көкшетаудағы Солтүстік Қазақстан гидро­гео­логиялық экспедициясына ауысты. Сөйтіп, араға сегіз жыл салып атажұртына есейіп, үйлі-баранды болып, тұңғыш баласы мен жас келіншегі Шәмиді ертіп оралды. Айтқажының ең үлкен ғибраты сол, осы кезден бастап табаны күректей қырық жыл бойы туған ел-жұртын сумен қамтамасыз етіп, Ақмола, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық нысандарын сумен жабдықтау проблемаларын орайымен шешу мақсатында жерасты суларын іздеу және барлау мәселелерімен айналысты. Әуелде гидрогеолог, аға гидрогеолог, партия бастығы болған ол қызмет бабында сатылап өсіп, 12 жыл бойы экспедицияның бас инженері болды. Ал 1978 жылдан 2000 жылы зейнетке шыққанға дейін экспедиция бастығы және тәуелсіздік пен­ нарық талаптарына сай қайта жаң­ғыр­ған «Көкшетаугидрогеология» акционер­лік қоғамының президенті ретінде бү­кіл гидрогеологиялық, инженерлік-геоло­гиялық және ғылыми жұмыстар кешеніне бесаспап біліктілікпен басшылық етті.

Су Айтқажының өмірінің мәніне, өмірлік философиясына айналды. Судың ғажайыбын дәл осы кісідей тербеп-тергейтін адам сирек деп ойлаймын. Сент-Экзюперидің су хақында айтқан «Сен өмірге қажетсің деп айту бекер, сен – өмірдің өзісің» деген сөздерін жиі қайталайтын. Айтекеңше толғасақ, жердің ең пайдалы да баға жетпес асыл кені, қымбат қазынасы да – су. Осы тәмсілі ісінен алшақ кетпей, оның өмірі мен еңбегінен шынайы көрініс тапты. Дәйектей айтсақ, осынау жылдарда оның тікелей басшылығымен Қазақстанның солтүстік өңірінде елді мекендердің жанынан 500-ден астам жерасты су көздері барлап ашылды. Ол ашқан тіршілік көздерінен тоғыз аудан орталығы, үш қала мен бірқатар тау-кен және өнеркәсіп орындары нәр-қуат алып жабдықталды. Соның ішінде Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ету мақсатында Павлов және Шағалалы деп аталатын екі жерасты су көзі барланып, пайдалануға берілді. Көкшетаулықтар осы күнге дейін өздерінің айкөл жерлестері Айтқажы Қазбеков тапқан суды ішіп отырғанын және келешекте де еш кілтипансыз іше беретінін бір сәт алғыспен еске алып қойса, артық болмас еді дейтініміз де сондықтан. Бұған қоса Зеренді ауданы мен курортты аймақтың барлық елді мекендерінің төңірегін де бүге-шігесіне дейін қалдырмай зерттеген осы ағамыз.

Айтекең өндіріс пен ғылымды қатар алып жүрген санаулылар қатарында болды десек, ол да ақиқат. Әрбір ашылған су көзіне гидрогеологиялық тұрғыдан қорытынды жасап бағалайтын, ерекшелігін-қасиеттерін елеп-екшеп саралайтын. Осынау жылдар бойғы ерен ізденіс, ойшыл еңбектің негізінде 1977 жылы өндірістен қол үзбей диссертация қорғап, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын еншіледі. Бұл диссертация негізінен Бурабайдағы Майбалық су көзінің шипалық қасиеттеріне арналды. Осы жерге көп ұзамай Майбалық шипажайының салынып, ел игілігіне айналуы да Айтқажы ақжолтайлығының арқасы екендігін екінің бірі біле бермейді. Ал білгенге бұл да ғибрат.

Қорғанбек АМАНЖОЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға