Өтеген Сейітұлы
Қазақстан прокуратурасының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі – Өтеген Сейітұлы Сейітов. Ол халқымыз үшін ең қиын кезеңде дүниеге келіп, тағдырдың маңдайына жазған тауқыметіне мойымай, өрліктің, ерліктің үлгісін көрсете білген қайраткер еді. Өтеген Сейітұлы он сегіз жыл бойы Қазақ КСР прокуроры қызметін атқарып, қарапайымдылығы мен кісілігін асқақтатып, көптің құрметіне бөленді, батасын алды. Сөзіміздің растығын нақты дәлелдермен дәйектеп, «бүгінгі прокурор қандай болу керек?» деген сұраққа Өтеген Сейітов өмірі мен тағылымы арқылы жауап беруге болатын тәрізді. Адам тағдыры әрқилы қалыптасады. Балалық шағы аштық жылдарымен тұспа-тұс келіп, анасынан ерте айырылған, жетімдіктің зардабын аяусыз тартқан Өтеген Сейітұлының: «Кейде оңаша қалғанымда әртүрлі себептермен өмірімнің талай-талай белестерін шым-шымдап еске аламын. Өмір болған соң жақсылығы да, жаманшылығы да аралас. Не де болса, бұл менің өмірім, өткен соқпақтарым. Отызыншы жылдардағы жетім көңіл, аштықпен өткен балалық, онан беріректегі иығымызға бүтін киім іле алмай жүрген қайран бозбалалық, оқ пен оттың арасындағы жанкешті майдан, шыбын жанның саулығы мен бейбіт күндердің қызығы, балаң махаббат, қызмет, тұрмыс сергелдеңі, перзент қызығы, республикалық дәрежедегі қызметке көтерілуім – егер осы жолдың барлығын өзім бар болмысыммен сезініп өтпесем адам сенбестей. Бұл – тағдыр, бұл – өмір», деген сөздерінде бір адамның тұтас ғұмыры бір дәннің қауызына сыйып кеткендей. Өтеген Сейітовтің өмірлік мақсаты заңдылықты сақтау, қылмыс атаулымен күресіп, азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау болатын. Ол 1966 жылдың 28 наурызында КСРО Бас прокурорының бұйрығымен Қазақ КСР прокуроры болып тағайындалды. Республика прокуроры болып тұрған шағында елдегі әр оқиғаға жеке мән беріп, назарынан тыс қалдырмауға тырысты. Әсіресе, Шымкент қаласында болған оқиға туралы баяндаған естелігінен «Ұшқыннан жалын қаулайды» деп бұзақының қолынан жарақат алып, қаза тапқан адамның өлімін қала милициясынан көріп, көтерілген халықтың наразылығы туралы жан-жақты баяндап берген. Көшеде соққыдан есінен танып, құлап қалған азамат милиция бөлімшесіне жеткізілгенде көз жұмады. Кім екенін анықтаған сәтте автобаза қызметкері екені белгілі болады. Ақпаратты анық білмеген марқұмның әріптестері, қаланың көлік жүргізушілері отқа май құюшы бұзықтардың сөзіне ілесіп, қала орталығында машиналарды бір жерге тіреп қойып, көліктердің жүруіне мүмкіндік бермеді. Қолдарына бензин толған құтыларды алып, облыстық және қалалық ішкі істер басқармасының ғимараттарын өртеп жіберген. Абақтыны қоршап алып, оны да өртемекші болған сәтте милиция қызметкерлері жанқиярлық ерлік көрсетіп, түрменің түгелдей өртенуіне жол бермеді. Шұғыл тексеру жүргізіліп кінәлілер анықталды. Бірақ мұндай арандатушылардың лаңынан қаншама адам құрбан болып қаншама адам тағдыры орны толмас өкінішке ұшырады. Мұны жылдар өткен соң да ұмыта алмаған Өтеген Сейітұлы оқиғаны баяндау арқылы, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін халықтың шынайы ақпаратты білуінің маңызды екенін ескертеді. Әрине, кінә екі адам арасындағы жанжалдан туындағанын, милиция қызметкерлерінің тек көшеде жарақат алған жанға көмек көрсеткенін білгенде, жаппай тәртіпсіздік орын алмас еді. Арада қаншама жылдар өтсе де әлгі келеңсіз жайтты күрсініспен есіне түсірген азаматтың өз халқына жанашырлығы анық байқалады. Өтеген Сейітовтің өмірдің талай қиындығын өз басынан өткере отырып жинақтаған тәжірибесі бүгінгі таңда осы салада қызмет атқарып жүргендерге сабақ болары сөзсіз. Оның осы лауазымда отырған шағында Алматыда адам жаны түршігетін оқиға орын алды. Қала халқын шулатқан бұл жағдай Д. деген қылмыскердің іс-әрекетіне қатысты еді. Жазықсыз үш қыздың қанын мойнына жүктеп, жиырма жеті қызды зорлаған қанішер ақыры қолға түсті. Өтеген Сейітұлы республика прокуроры бола тұра, мемлекеттік айыптаушы ретінде сот процесінің аяғына дейін қатысты. Құрбандарын алдын ала аңдып, тасалау жерде тап беріп, зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскер ойына келгенін істеген. Әккі қимылдайтын қарақшы әрекетін еш айғақсыз жүргізген. Міне, сондықтан да оны қолға түсіру оңай болмады. Бұған қатты алаңдаған ата-аналар қыздарын көздерінен таса қылмай, жүретін жағдайға жетті. Халықтың әбден мазасын алған осы оқиға барысында ішкі істер қызметкерлерінің қырағылығынан гөрі кемшілігі көп болғанын, кейін тергеуде анықталғандай қылмыскер екі рет қолға түссе де әділ жазадан құтылып кеткені анықталды. Дегенмен, құқық қорғау органы қызметкері жауызды кезекті қылмысы үстінде қолға түсірді. Мемлекеттік айыптаушы ретінде Өтеген Сейітұлы бұлтартпайтын деректерге сүйеніп, азғынға өлім жазасын қолдануды сұрады. Соттың үкімі бойынша Д. ең жоғары жазаға кесілді. Өтеген Сейітұлының жарқын келбеті әріптестері мен шәкірттерінің жадында әрдайым сақталған. Өйткені, ол өз кезеңіндегі қауырт жұмыстардың басы-қасында болды. Кез келген істі жоғары деңгейде атқарып, елдің ықыласына бөленді. Нұрмаханбет ИСАЕВҚазақстан прокуратурасының тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі – Өтеген Сейітұлы Сейітов. Ол халқымыз үшін ең қиын кезеңде дүниеге келіп, тағдырдың маңдайына жазған тауқыметіне мойымай, өрліктің, ерліктің үлгісін көрсете білген қайраткер еді. Өтеген Сейітұлы он сегіз жыл бойы Қазақ КСР прокуроры қызметін атқарып, қарапайымдылығы мен кісілігін асқақтатып, көптің құрметіне бөленді, батасын алды. Сөзіміздің растығын нақты дәлелдермен дәйектеп, «бүгінгі прокурор қандай болу керек?» деген сұраққа Өтеген Сейітов өмірі мен тағылымы арқылы жауап беруге болатын тәрізді.
Адам тағдыры әрқилы қалыптасады. Балалық шағы аштық жылдарымен тұспа-тұс келіп, анасынан ерте айырылған, жетімдіктің зардабын аяусыз тартқан Өтеген Сейітұлының: «Кейде оңаша қалғанымда әртүрлі себептермен өмірімнің талай-талай белестерін шым-шымдап еске аламын. Өмір болған соң жақсылығы да, жаманшылығы да аралас. Не де болса, бұл менің өмірім, өткен соқпақтарым. Отызыншы жылдардағы жетім көңіл, аштықпен өткен балалық, онан беріректегі иығымызға бүтін киім іле алмай жүрген қайран бозбалалық, оқ пен оттың арасындағы жанкешті майдан, шыбын жанның саулығы мен бейбіт күндердің қызығы, балаң махаббат, қызмет, тұрмыс сергелдеңі, перзент қызығы, республикалық дәрежедегі қызметке көтерілуім – егер осы жолдың барлығын өзім бар болмысыммен сезініп өтпесем адам сенбестей. Бұл – тағдыр, бұл – өмір», деген сөздерінде бір адамның тұтас ғұмыры бір дәннің қауызына сыйып кеткендей.
Өтеген Сейітовтің өмірлік мақсаты заңдылықты сақтау, қылмыс атаулымен күресіп, азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау болатын. Ол 1966 жылдың 28 наурызында КСРО Бас прокурорының бұйрығымен Қазақ КСР прокуроры болып тағайындалды. Республика прокуроры болып тұрған шағында елдегі әр оқиғаға жеке мән беріп, назарынан тыс қалдырмауға тырысты. Әсіресе, Шымкент қаласында болған оқиға туралы баяндаған естелігінен «Ұшқыннан жалын қаулайды» деп бұзақының қолынан жарақат алып, қаза тапқан адамның өлімін қала милициясынан көріп, көтерілген халықтың наразылығы туралы жан-жақты баяндап берген. Көшеде соққыдан есінен танып, құлап қалған азамат милиция бөлімшесіне жеткізілгенде көз жұмады. Кім екенін анықтаған сәтте автобаза қызметкері екені белгілі болады. Ақпаратты анық білмеген марқұмның әріптестері, қаланың көлік жүргізушілері отқа май құюшы бұзықтардың сөзіне ілесіп, қала орталығында машиналарды бір жерге тіреп қойып, көліктердің жүруіне мүмкіндік бермеді. Қолдарына бензин толған құтыларды алып, облыстық және қалалық ішкі істер басқармасының ғимараттарын өртеп жіберген. Абақтыны қоршап алып, оны да өртемекші болған сәтте милиция қызметкерлері жанқиярлық ерлік көрсетіп, түрменің түгелдей өртенуіне жол бермеді. Шұғыл тексеру жүргізіліп кінәлілер анықталды. Бірақ мұндай арандатушылардың лаңынан қаншама адам құрбан болып қаншама адам тағдыры орны толмас өкінішке ұшырады. Мұны жылдар өткен соң да ұмыта алмаған Өтеген Сейітұлы оқиғаны баяндау арқылы, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін халықтың шынайы ақпаратты білуінің маңызды екенін ескертеді. Әрине, кінә екі адам арасындағы жанжалдан туындағанын, милиция қызметкерлерінің тек көшеде жарақат алған жанға көмек көрсеткенін білгенде, жаппай тәртіпсіздік орын алмас еді. Арада қаншама жылдар өтсе де әлгі келеңсіз жайтты күрсініспен есіне түсірген азаматтың өз халқына жанашырлығы анық байқалады.
Өтеген Сейітовтің өмірдің талай қиындығын өз басынан өткере отырып жинақтаған тәжірибесі бүгінгі таңда осы салада қызмет атқарып жүргендерге сабақ болары сөзсіз.
Оның осы лауазымда отырған шағында Алматыда адам жаны түршігетін оқиға орын алды. Қала халқын шулатқан бұл жағдай Д. деген қылмыскердің іс-әрекетіне қатысты еді. Жазықсыз үш қыздың қанын мойнына жүктеп, жиырма жеті қызды зорлаған қанішер ақыры қолға түсті. Өтеген Сейітұлы республика прокуроры бола тұра, мемлекеттік айыптаушы ретінде сот процесінің аяғына дейін қатысты. Құрбандарын алдын ала аңдып, тасалау жерде тап беріп, зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскер ойына келгенін істеген. Әккі қимылдайтын қарақшы әрекетін еш айғақсыз жүргізген. Міне, сондықтан да оны қолға түсіру оңай болмады. Бұған қатты алаңдаған ата-аналар қыздарын көздерінен таса қылмай, жүретін жағдайға жетті. Халықтың әбден мазасын алған осы оқиға барысында ішкі істер қызметкерлерінің қырағылығынан гөрі кемшілігі көп болғанын, кейін тергеуде анықталғандай қылмыскер екі рет қолға түссе де әділ жазадан құтылып кеткені анықталды. Дегенмен, құқық қорғау органы қызметкері жауызды кезекті қылмысы үстінде қолға түсірді. Мемлекеттік айыптаушы ретінде Өтеген Сейітұлы бұлтартпайтын деректерге сүйеніп, азғынға өлім жазасын қолдануды сұрады. Соттың үкімі бойынша Д. ең жоғары жазаға кесілді.
Өтеген Сейітұлының жарқын келбеті әріптестері мен шәкірттерінің жадында әрдайым сақталған. Өйткені, ол өз кезеңіндегі қауырт жұмыстардың басы-қасында болды. Кез келген істі жоғары деңгейде атқарып, елдің ықыласына бөленді.
Нұрмаханбет ИСАЕВ
