Жаңалықтар

Садықбек Сапарбековтың мақалалары

Садықбек жас кезінен бастап-ақ мерзімді басылымдарға жиі араласып, мақалалар, мәселелер жариялатып отырған. Ол көкейдегі көрікті ойды қалың бұқара халыққа жеткізудің бірден-бір төте жолы баспасөз екенін жақсы түсінген. Содан да болар, Садықбектің артында көптеген проблемалық мақа­лалары, публицистикалары, әдеби толғаныстары қалды. 1930-1936 жылдарда оның ойлы материалдары “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”), “Советская степь” (қазіргі “Казахстанская правда”) газеттерінде жиі-жиі жарық көрді. Әдебиет әлеміне де атбасын бұрып, сол кездегі қазақ әдебиетінің ірі-ірі тұлғаларының еңбектеріне рецензиялар жариялап, әдеби ағымға үн қосты. Осының бірден-бір дәлелі – 1934 жылы С.Сейфулиннің әдеби еңбегінің жиырма жылдығы тойланып жатқанда “Еңбекші қазақ” газетінде “Біздің Сәкен” атты терең мазмұнды, ойлы мақаласын жариялауы. Бұл, шынтуайтқа келгенде, жай мақала емес, әдеби эссе десе де болғандай. Осындай кесек-кесек туындылары Садықбекті әдеби қауым арасында үлкен құрметке ие етті. Туған халқына ісімен ғана емес, қаламымен де қызмет етуді ойлаған қайраткер бірнеше кітаптар да жазды. Мысалы, ол 1928 жылы “Мәдениет майданындағы міндеттеріміз” деген жеке кітапша түзіп, жарыққа шығарды. Міне, осы еңбегінде ол Қазақ елінің, оның жас ұрпағының алдағы уақыттағы мәдени саладағы, оқу-білім жолындағы бағытын айқындап бергендей болды.Осыған іле-шала “VI партия конферен­циясының қорытындысы” (1928 ж.) деген еңбегін бастырды. Кейбір жекелеген пікірлер кереғарлығына қарамастан, бұл да бүгінгі ұрпақ үшін өткен тарихты білу, оның құпия қырларын ашу бағытында аса қажетті баспа құралы бола алады. “Кәмпеске қорытындылары” (1929 ж.) деген кітапшасын біздің баспаларымыз қайта басып шығарғаны жөн-ақ. Кәмпеске біздің халыққа не берді, оның зардаптары қалай болды – бұның бәрі ерте ме, кеш пе жан-жақты талданып, ақ-қарасы ашылатыны сөзсіз. Осы орайда Садықбектің жоғарыдағы аталған еңбегі зерттеушілерімізге таптырмас көмекші құрал болатыны ақиқат. Бұл еңбектің, әсіресе, ерекше құнды болатыны – мұнда сол бір қиын-қыстау кезеңнің ащы шындығы еш бүркемесіз, барынша ашық айтылып-жазылғандығы. Жалпы, С.Сапарбековтің барлық баспа жүзін көрген кітапшалары мен мақалаларын жинастырар болсақ, ең кем дегенде бір том еңбек бола алар еді. Ендігі міндет сол құнды дүниелерді жинастырып, туған халқына таныстыру болмақ. Садықбек Сапарбеков 1937 жылы жа­зықсыз «халық жауы» болып атылып кетті. Елін сүйген азаматтың есімі ел есінен ешқашан шықпайды. Жолтай ЖҰМАТ
17.11.2013 06:38 3398

Садықбек жас кезінен бастап-ақ мерзімді басылымдарға жиі араласып, мақалалар, мәселелер жариялатып отырған. Ол көкейдегі көрікті ойды қалың бұқара халыққа жеткізудің бірден-бір төте жолы баспасөз екенін жақсы түсінген. Содан да болар, Садықбектің артында көптеген проблемалық мақа­лалары, публицистикалары, әдеби толғаныстары қалды. 1930-1936 жылдарда оның ойлы материалдары “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”), “Советская степь” (қазіргі “Казахстанская правда”) газеттерінде жиі-жиі жарық көрді. Әдебиет әлеміне де атбасын бұрып, сол кездегі қазақ әдебиетінің ірі-ірі тұлғаларының еңбектеріне рецензиялар жариялап, әдеби ағымға үн қосты. Осының бірден-бір дәлелі – 1934 жылы С.Сейфулиннің әдеби еңбегінің жиырма жылдығы тойланып жатқанда “Еңбекші қазақ” газетінде “Біздің Сәкен” атты терең мазмұнды, ойлы мақаласын жариялауы. Бұл, шынтуайтқа келгенде, жай мақала емес, әдеби эссе десе де болғандай. Осындай кесек-кесек туындылары Садықбекті әдеби қауым арасында үлкен құрметке ие етті.

Туған халқына ісімен ғана емес, қаламымен де қызмет етуді ойлаған қайраткер бірнеше кітаптар да жазды. Мысалы, ол 1928 жылы “Мәдениет майданындағы міндеттеріміз” деген жеке кітапша түзіп, жарыққа шығарды. Міне, осы еңбегінде ол Қазақ елінің, оның жас ұрпағының алдағы уақыттағы мәдени саладағы, оқу-білім жолындағы бағытын айқындап бергендей болды.Осыған іле-шала “VI партия конферен­циясының қорытындысы” (1928 ж.) деген еңбегін бастырды. Кейбір жекелеген пікірлер кереғарлығына қарамастан, бұл да бүгінгі ұрпақ үшін өткен тарихты білу, оның құпия қырларын ашу бағытында аса қажетті баспа құралы бола алады.

“Кәмпеске қорытындылары” (1929 ж.) деген кітапшасын біздің баспаларымыз қайта басып шығарғаны жөн-ақ. Кәмпеске біздің халыққа не берді, оның зардаптары қалай болды – бұның бәрі ерте ме, кеш пе жан-жақты талданып, ақ-қарасы ашылатыны сөзсіз. Осы орайда Садықбектің жоғарыдағы аталған еңбегі зерттеушілерімізге таптырмас көмекші құрал болатыны ақиқат. Бұл еңбектің, әсіресе, ерекше құнды болатыны – мұнда сол бір қиын-қыстау кезеңнің ащы шындығы еш бүркемесіз, барынша ашық айтылып-жазылғандығы. Жалпы, С.Сапарбековтің барлық баспа жүзін көрген кітапшалары мен мақалаларын жинастырар болсақ, ең кем дегенде бір том еңбек бола алар еді.

Ендігі міндет сол құнды дүниелерді жинастырып, туған халқына таныстыру болмақ.

Садықбек Сапарбеков 1937 жылы жа­зықсыз «халық жауы» болып атылып кетті.

Елін сүйген азаматтың есімі ел есінен ешқашан шықпайды.

Жолтай ЖҰМАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға