Жаңалықтар

Садықбек Сапарбековтың қызметі

С.Сапарбеков 1923 жылдың аяғында жоғарғы органның арнаулы шешімімен бірыңғай партиялық қызметке ауысады. Әуелі Сырдария облыстық партиялық бақылау комиссиясы коллегиясының мүшесі және Қосшы облыстық комитетінің хатшысы болып аз-кем істейді де, 1924 жылы Ташкент уездік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне жоғарылатылады. Осы қызметті атқарып жүрген кезінде өлкелік партия комитеті оны тағы да Мәскеуге, Свердлов атындағы университетке оқуға жібереді. 1925 жылдың жазында демалысқа өз еліне оралған Садықбекті қазақ өлкелік партия комитеті оқуға жібермей, қызметке алып қалады. Бұл – сол кездегі көрнекті партия қайраткері, өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы Сұлтанбек Қожановтың шешімі болатын. Сұлтанбек Садықбекті бұрын да танитын, оның алғыр қабілетін бағалап, туған бауырындай жақсы көретін-ді. Оны бірден Сырдария губерниялық партия комитетінің әуелі үгіт-насихат, сосын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтеріне бекітті. Бұл қызметте бір жылдай білек сыбана жұмыс істеген Садықбекті қазақ өлкелік партия комитеті енді 1926 жылдың қыркүйек айында Ақмола губерниялық партия комитетінің екінші хатшысы қызметіне аттандырды. 1927 жылдың күзі. Қазақ өлкелік партия комитетінің алтыншы конференциясы өтіп жатты. Бұған Ақмола губерниясынан делегат болып қатысқан С.Сапарбеков конференция аяқталған соң, пленумның шешімі бойынша өлкелік партия комитетінің үгіт-на­сихат бөлімінің меңгерушісі әрі бюро мүшесі болып тағайындалды. Міне, осылайша, іске тындырымды, елгезек жігіт қызмет баспалдақтарымен тез-тез өседі. Ол бұл қызметте 1929 жылдың аяғына дейін отырды. “Аузы алты қарыс” Ф.И.Голощекинмен қоян-қолтық жұмыс істеуіне, тіпті оның небір қитұрқы істеріне де лажсыз көнуіне тура келеді. Әйтсе де жастайынан жаңа істерге араласып, шынығып өскен Садықбек Ф.И.Голощекиннің ығында мүлде кетпейді. Оның жүргізіп отырған саясатына коммунистерше (әділ деп ұғыңыз) баға бере біледі. Мұны жазушы С.Мұқановтың “Есею жылдары” атты кітабындағы (“Өмір мектебі”, 3-том) берген бағасынан анық аңғаруға болады. С.Сапарбековтің жазушы С.Мұқа­­нов­пен арасындағы кітапта сұрақ-жауап­тасуынан байқалып тұрғанындай, оның өз ұстанымы, өз ойы, дұрыс бағыты болғаны айғақ. Айталық, С.Мұқановқа ақылын айтып, “сен Голощекинмен тістесіп қайтесің, одан да уақытша болса да бой тасалай тұрғаның жөн” деп, Мәскеуге оқуға жіберуі – ерлікке балайтын іс! Қайраткер-азамат 1929 жылдың аяғында Ақмола округтік партия коми­тетінің хатшысы болып таға­йындалып, екі жыл табан аудармай қызмет етті. Бірақ бұл жылдары елдегі жағдай өте ауыр болатын, қай басшыға да жеңіл тимеген уақыт еді. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру барысында орын алған кейбір жағдайлардың салқынымен Садықбек қызметінен төмендетіліп, 1931 жылы Қарсақпай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылды. Осында талантты қазақ ғалымы Қа­ныш Сәтбаевпен тығыз араласып, үлкен Жез­қазған мәселесін, тағы басқа да тау-кен шаруаларын көтерісуге жәрдемдеседі. Мысалы, 1931 жылдың көктемінде Қ.Сәтбаевтың ұсынысымен Садықбек Қарсақпай аудандық «Қызыл кенші» газетін (екі тілде) шығаруды қолға алды. Оған қажетті техниканы, әріптерді көршілес Қызылорда қаласынан алдыртты. Газет кеншілерге рух беретін, жаңа істерге жігерлендіретін басылым болды. Басылымның аяғынан тік тұрып кетуіне сол кездегі «комсомол ақыны» Ә.Тәжібаев тікелей атсалысты. Бірақ мұндағы қызметтік ғұмыр да ұзаққа созылған жоқ. Садықбекті енді Шығыс Қазақстан облысына хатшы етіп жібереді. Жаңа іске енді кірісе бастаған қайраткер азамат 1933 жылдың ортасында Қызылорда уездік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылды. Жолтай ЖҰМАТ
17.11.2013 06:37 3568

С.Сапарбеков 1923 жылдың аяғында жоғарғы органның арнаулы шешімімен бірыңғай партиялық қызметке ауысады. Әуелі Сырдария облыстық партиялық бақылау комиссиясы коллегиясының мүшесі және Қосшы облыстық комитетінің хатшысы болып аз-кем істейді де, 1924 жылы Ташкент уездік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне жоғарылатылады. Осы қызметті атқарып жүрген кезінде өлкелік партия комитеті оны тағы да Мәскеуге, Свердлов атындағы университетке оқуға жібереді.

1925 жылдың жазында демалысқа өз еліне оралған Садықбекті қазақ өлкелік партия комитеті оқуға жібермей, қызметке алып қалады. Бұл – сол кездегі көрнекті партия қайраткері, өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы Сұлтанбек Қожановтың шешімі болатын. Сұлтанбек Садықбекті бұрын да танитын, оның алғыр қабілетін бағалап, туған бауырындай жақсы көретін-ді. Оны бірден Сырдария губерниялық партия комитетінің әуелі үгіт-насихат, сосын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтеріне бекітті. Бұл қызметте бір жылдай білек сыбана жұмыс істеген Садықбекті қазақ өлкелік партия комитеті енді 1926 жылдың қыркүйек айында Ақмола губерниялық партия комитетінің екінші хатшысы қызметіне аттандырды.

1927 жылдың күзі. Қазақ өлкелік партия комитетінің алтыншы конференциясы өтіп жатты. Бұған Ақмола губерниясынан делегат болып қатысқан С.Сапарбеков конференция аяқталған соң, пленумның шешімі бойынша өлкелік партия комитетінің үгіт-на­сихат бөлімінің меңгерушісі әрі бюро мүшесі болып тағайындалды. Міне, осылайша, іске тындырымды, елгезек жігіт қызмет баспалдақтарымен тез-тез өседі. Ол бұл қызметте 1929 жылдың аяғына дейін отырды. “Аузы алты қарыс” Ф.И.Голощекинмен қоян-қолтық жұмыс істеуіне, тіпті оның небір қитұрқы істеріне де лажсыз көнуіне тура келеді. Әйтсе де жастайынан жаңа істерге араласып, шынығып өскен Садықбек Ф.И.Голощекиннің ығында мүлде кетпейді. Оның жүргізіп отырған саясатына коммунистерше (әділ деп ұғыңыз) баға бере біледі. Мұны жазушы С.Мұқановтың “Есею жылдары” атты кітабындағы (“Өмір мектебі”, 3-том) берген бағасынан анық аңғаруға болады.

С.Сапарбековтің жазушы С.Мұқа­­нов­пен арасындағы кітапта сұрақ-жауап­тасуынан байқалып тұрғанындай, оның өз ұстанымы, өз ойы, дұрыс бағыты болғаны айғақ. Айталық, С.Мұқановқа ақылын айтып, “сен Голощекинмен тістесіп қайтесің, одан да уақытша болса да бой тасалай тұрғаның жөн” деп, Мәскеуге оқуға жіберуі – ерлікке балайтын іс!

Қайраткер-азамат 1929 жылдың аяғында Ақмола округтік партия коми­тетінің хатшысы болып таға­йындалып, екі жыл табан аудармай қызмет етті. Бірақ бұл жылдары елдегі жағдай өте ауыр болатын, қай басшыға да жеңіл тимеген уақыт еді. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру барысында орын алған кейбір жағдайлардың салқынымен Садықбек қызметінен төмендетіліп, 1931 жылы Қарсақпай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылды. Осында талантты қазақ ғалымы Қа­ныш Сәтбаевпен тығыз араласып, үлкен Жез­қазған мәселесін, тағы басқа да тау-кен шаруаларын көтерісуге жәрдемдеседі. Мысалы, 1931 жылдың көктемінде Қ.Сәтбаевтың ұсынысымен Садықбек Қарсақпай аудандық «Қызыл кенші» газетін (екі тілде) шығаруды қолға алды. Оған қажетті техниканы, әріптерді көршілес Қызылорда қаласынан алдыртты. Газет кеншілерге рух беретін, жаңа істерге жігерлендіретін басылым болды. Басылымның аяғынан тік тұрып кетуіне сол кездегі «комсомол ақыны» Ә.Тәжібаев тікелей атсалысты.

Бірақ мұндағы қызметтік ғұмыр да ұзаққа созылған жоқ. Садықбекті енді Шығыс Қазақстан облысына хатшы етіп жібереді. Жаңа іске енді кірісе бастаған қайраткер азамат 1933 жылдың ортасында Қызылорда уездік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылды.

Жолтай ЖҰМАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға