Жаңалықтар

Тынысбек Кәлменов

Академик Тынысбек Кәлменов – қазақ математика ғылымының төрінен орын алған азамат. Ол өзінің тынымсыз да берекелі еңбегінің арқасында ғылым шыңына көтерілді. Соның белгісі, ол физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Сонымен қатар, ол жастарды тәрбиелеуге, шәкірт тәрбиелеуге де зор үлес қосқан белгілі педагог, ұстаз-қайраткер. Білім беру саласындағы барлық кәсіби басшылық сатысынан өткен: оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, академик, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт ректоры, ғылыми-зерттеу институтының директоры. Осындай үлкен қызметтер атқара жүріп, 30-дан астам ғылым кандидатын, 10-нан астам ғылым докторын дайындады. Бұл – асқан бейнетқорлықтың, зор дарын-таланттың белгісі. Сол Алла тағала өзіне молынан сыйлаған талантын халқымыздың игілігіне жарата білген Тынысбек Шәріпұлы бүгінде соның же­­­місін де молынан татып жүр. Ол, біріншіден, кеңпейіл жан. Дарынды қатарластарына, жас­тарға, қай саланың маманы болса да, қолдан келген көмегін ая­ған емес. Әсіресе, жастарға ба­рынша қолдау жасап келеді. Мұндай қасиет, яғни өзгенің жетістіктеріне өзінікіндей қуана білу – үлкен жүректі азаматтың ісі, шынайы ғалымға ғана тән қасиет. Екіншіден, Тынысбек – сақы. Яғни өзінде барды өз­гемен бөлісуден еш тартынбайды. Бұл қасиет оның ғылымына да қатысты. Мысалы, ол өзінің Мұқтарбай Өтелбаев туралы жазған кітабында былай дейді: «Ғылымда міндетті түрде өз ал­ған нәтижелеріңмен бөлісу керек, кері жағдайда шәкірттер өспейді. Ғылымға неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп ұтасың, ал заттай байлық керісінше». Бұған біздің қосып-аларымыз жоқ. Үшіншіден, Тынысбек адам танығыш. Оның адамды жазбай танитын қасиеті бар. Өзіне жақын тартқан ғалымдары, шәкірттерінің алғырлығы, қызметкерлерінің кәсіби деңгейі сияқты атрибуттар оның осы қасиетінен кө­рініс береді. Төртіншіден, Ты­ныс­бек аса мейірімді жан. Оның мейірімділігі ең алдымен, от­ба­сы­лық қатынастан, балаларына, жарына деген көзқарасынан көрініс берсе, қызметте үлкенге ізет, кішіге құрметінен байқалады. Иә, жақсы адам туралы, оның жақсылығы туралы көп айта беруге болады. Т.Кәлменов – шынында да үлкен ғалым. Оған еш­кімнің де күмәні жоқ. Ол ғылымда елге танымал, теңдесі жоқ өз мектебін қалыптастырды. Одан оқып, өнеге жинақтаған, өрелі істерімен көзге түсіп жүрген бі­лімді де білікті ғалым-ұстаздар баршылық. Олар өз өңірлерінде өнегелі істерімен танылған озық ойлы ұстаз-ғалымдар. Ұстаздық пен ғалымдықтың тізгінін тең ұс­таған өрелі де ұлағатты, кісілік кел­­беті қалыптасқан жайсаң жандар. Тынысбектің оқушылары (шә­кірттері) туралы айтқанда, жа­қында ғана докторлық (филосо­фия) диссертация қорғаған Сұраған Дүрбүдхан атты жігітке ерекше тоқталған жөн. Ол диссертациясын өте тамаша қорғап шықты. Ғалымдар көп қатысты, сұрақтар да көп қойылды, ізде­нуші бәріне де нақты жауап қай­тара білді. Еңбектің жоғары ғылыми деңгейі, онда біршама тың мәселелердің қойылғандығы һәм шешімін тапқандығы, сол арқылы ғылым көкжиегін кеңейткендігі мойындалды. Яғни Қазақстан ғылымы бір саты жоғары көтерілді десе болғандай. Бұл жігіт Моң­ғо­лиядан келген қазақ баласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітіре сала докторлық диссертация қорғап отыр. Осының өзінен-ақ жігітіміздің көптің бірі емес, бірегейі екендігін аңғарғандай боламыз. Ол одан әрі талантын шыңдай келіп, математика әле­мінде қазақ атын одан әрі ас­қақтата түсетіндігіне сенімдіміз. Бұл істе бапкерінің, яғни Т.Кәл­меновтің еңбегі қомақты болғаны сөзсіз. Осы тұрғыдан ол қалай мақтанса да орынды. Академик Тынысбек Шәріп­ұлының ғылымға қосқан үлесі шәкірттерімен шектеліп қалмайды. Оның өзінің орындауындағы қаншама еңбегі отандық, ресейлік, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Оның ғылымында, яғни ғылыми еңбектерінде ешқашан үзіліс болған емес, ол үздіксіз жал­ғасып жатыр. Халықаралық ғылыми конгрестерге, кон­ференцияларға, отандық ғы­лыми конференцияларға ғылыми баяндамасымен үзбей қатысып тұрады. Бұл оның әрқашан ғы­лымның алдыңғы шебінен кө­рінуіне септігін тигізеді. Ал ғылымды басқару, ғылыми-зерттеу әдістерін оңтайландыру, жалпы ғылымдағы ұйымдастыру мәселелері төңірегінде атқарған жұмыстары өз алдына бір төбе. Бұл салада институт директоры қызметін атқара жүріп, математика ғылымының өрісін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға, ғалымдарды ғылыми жұмысқа ынталандыруға ғылыми коммуникацияны, ара-қатынасты қалыптастыруға өл­шеусіз үлес қосты. Мысалы, өзі басқарып отырған институт ғалымдары төрткүл дүниенің төрт бұрышында түгелдей болды десе болады. Қытай, Үндістан, Жапония, Америка, Еуропа елдерінде өткен математикалық форумдарға қатысып, баяндамалар жасап, Қазақстан математика ғылымының жетістіктерін әлемге танытты. Шетелдік ғалым­дармен ғылыми алмасуға қажетті қарым-қатынас орнатылды. Отандық ғалымдардың еңбектері шетелдік озық басылымдарда көп­теп жарық көре бастады. Осы­ның бәрі Қазақстан математика ғылымының одан әрі өркендеп өсуіне жағдай жасайтын болады. Иә, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қа­зақ. Аз-маз айтқандай болдық. Т.Кәлменовке қатысты қанша айт­сақ та артықтық етпейтіні анық. Шерәлі БІЛӘЛ
17.11.2013 06:04 5236

Академик Тынысбек Кәлменов – қазақ математика ғылымының төрінен орын алған азамат. Ол өзінің тынымсыз да берекелі еңбегінің арқасында ғылым шыңына көтерілді. Соның белгісі, ол физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер. Сонымен қатар, ол жастарды тәрбиелеуге, шәкірт тәрбиелеуге де зор үлес қосқан белгілі педагог, ұстаз-қайраткер. Білім беру саласындағы барлық кәсіби басшылық сатысынан өткен: оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, академик, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт ректоры, ғылыми-зерттеу институтының директоры.

Осындай үлкен қызметтер атқара жүріп, 30-дан астам ғылым кандидатын, 10-нан астам ғылым докторын дайындады. Бұл – асқан бейнетқорлықтың, зор дарын-таланттың белгісі. Сол Алла тағала өзіне молынан сыйлаған талантын халқымыздың игілігіне жарата білген Тынысбек Шәріпұлы бүгінде соның же­­­місін де молынан татып жүр. Ол, біріншіден, кеңпейіл жан. Дарынды қатарластарына, жас­тарға, қай саланың маманы болса да, қолдан келген көмегін ая­ған емес. Әсіресе, жастарға ба­рынша қолдау жасап келеді. Мұндай қасиет, яғни өзгенің жетістіктеріне өзінікіндей қуана білу – үлкен жүректі азаматтың ісі, шынайы ғалымға ғана тән қасиет. Екіншіден, Тынысбек – сақы. Яғни өзінде барды өз­гемен бөлісуден еш тартынбайды. Бұл қасиет оның ғылымына да қатысты. Мысалы, ол өзінің Мұқтарбай Өтелбаев туралы жазған кітабында былай дейді: «Ғылымда міндетті түрде өз ал­ған нәтижелеріңмен бөлісу керек, кері жағдайда шәкірттер өспейді. Ғылымға неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп ұтасың, ал заттай байлық керісінше». Бұған біздің қосып-аларымыз жоқ. Үшіншіден, Тынысбек адам танығыш. Оның адамды жазбай танитын қасиеті бар. Өзіне жақын тартқан ғалымдары, шәкірттерінің алғырлығы, қызметкерлерінің кәсіби деңгейі сияқты атрибуттар оның осы қасиетінен кө­рініс береді. Төртіншіден, Ты­ныс­бек аса мейірімді жан. Оның мейірімділігі ең алдымен, от­ба­сы­лық қатынастан, балаларына, жарына деген көзқарасынан көрініс берсе, қызметте үлкенге ізет, кішіге құрметінен байқалады.

Иә, жақсы адам туралы, оның жақсылығы туралы көп айта беруге болады. Т.Кәлменов – шынында да үлкен ғалым. Оған еш­кімнің де күмәні жоқ. Ол ғылымда елге танымал, теңдесі жоқ өз мектебін қалыптастырды. Одан оқып, өнеге жинақтаған, өрелі істерімен көзге түсіп жүрген бі­лімді де білікті ғалым-ұстаздар баршылық. Олар өз өңірлерінде өнегелі істерімен танылған озық ойлы ұстаз-ғалымдар. Ұстаздық пен ғалымдықтың тізгінін тең ұс­таған өрелі де ұлағатты, кісілік кел­­беті қалыптасқан жайсаң жандар.

Тынысбектің оқушылары (шә­кірттері) туралы айтқанда, жа­қында ғана докторлық (филосо­фия) диссертация қорғаған Сұраған Дүрбүдхан атты жігітке ерекше тоқталған жөн. Ол диссертациясын өте тамаша қорғап шықты. Ғалымдар көп қатысты, сұрақтар да көп қойылды, ізде­нуші бәріне де нақты жауап қай­тара білді. Еңбектің жоғары ғылыми деңгейі, онда біршама тың мәселелердің қойылғандығы һәм шешімін тапқандығы, сол арқылы ғылым көкжиегін кеңейткендігі мойындалды. Яғни Қазақстан ғылымы бір саты жоғары көтерілді десе болғандай. Бұл жігіт Моң­ғо­лиядан келген қазақ баласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын бітіре сала докторлық диссертация қорғап отыр. Осының өзінен-ақ жігітіміздің көптің бірі емес, бірегейі екендігін аңғарғандай боламыз. Ол одан әрі талантын шыңдай келіп, математика әле­мінде қазақ атын одан әрі ас­қақтата түсетіндігіне сенімдіміз. Бұл істе бапкерінің, яғни Т.Кәл­меновтің еңбегі қомақты болғаны сөзсіз. Осы тұрғыдан ол қалай мақтанса да орынды.

Академик Тынысбек Шәріп­ұлының ғылымға қосқан үлесі шәкірттерімен шектеліп қалмайды. Оның өзінің орындауындағы қаншама еңбегі отандық, ресейлік, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Оның ғылымында, яғни ғылыми еңбектерінде ешқашан үзіліс болған емес, ол үздіксіз жал­ғасып жатыр. Халықаралық ғылыми конгрестерге, кон­ференцияларға, отандық ғы­лыми конференцияларға ғылыми баяндамасымен үзбей қатысып тұрады. Бұл оның әрқашан ғы­лымның алдыңғы шебінен кө­рінуіне септігін тигізеді.

Ал ғылымды басқару, ғылыми-зерттеу әдістерін оңтайландыру, жалпы ғылымдағы ұйымдастыру мәселелері төңірегінде атқарған жұмыстары өз алдына бір төбе. Бұл салада институт директоры қызметін атқара жүріп, математика ғылымының өрісін кеңейтуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға, ғалымдарды ғылыми жұмысқа ынталандыруға ғылыми коммуникацияны, ара-қатынасты қалыптастыруға өл­шеусіз үлес қосты. Мысалы, өзі басқарып отырған институт ғалымдары төрткүл дүниенің төрт бұрышында түгелдей болды десе болады. Қытай, Үндістан, Жапония, Америка, Еуропа елдерінде өткен математикалық форумдарға қатысып, баяндамалар жасап, Қазақстан математика ғылымының жетістіктерін әлемге танытты. Шетелдік ғалым­дармен ғылыми алмасуға қажетті қарым-қатынас орнатылды. Отандық ғалымдардың еңбектері шетелдік озық басылымдарда көп­теп жарық көре бастады. Осы­ның бәрі Қазақстан математика ғылымының одан әрі өркендеп өсуіне жағдай жасайтын болады.

Иә, «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді қа­зақ. Аз-маз айтқандай болдық. Т.Кәлменовке қатысты қанша айт­сақ та артықтық етпейтіні анық.

Шерәлі БІЛӘЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға