Жаңалықтар

Бақытжан Орманов

Бақытжанның балалық шағы Қостұраның қойнауында, Теректі әулиенің бойында, Боралдай өзенінің жағасында өтті. Тағдырдың жазуы ғой, Садық көкеміз бен Жамал апамыздың екі сәбиі қатарынан шетінеп, жас жүрегі жараланып, қамкөңіл болып жүргенде дүниеге келген Бақытжаны маңдайы жарқырап өткен-кеткен жаманшылықтың бәрін жуып-шайып, ұмыттырып жібергені рас. Әйтсе де Бақытжанды Садық көкеміздің әпкесі Сусар апамыз бауырына басады. Бір шаңырақтың тәй-тәй басқан тұңғышы, былдырлаған бірінші бүлдіршіні болғандықтан шығар Бақытжанды әрқайсысы еркелетіп, оның алғаш мектепке баруы, әр сыныпты жақсы тәмамдауы, оқуға түсуінің бәрі-бәрі бұл отбасы үшін үлкен мерекеге айналған еді. Алла тағала Жамал апамызды алтын құрсақты етіп жаратқан екен. Бақытжаннан кейін Эра, Рақия, Бақыт, Дана, Мұхит, Талғат, Айман мен Шолпан сияқты бауырлары бірінен кейін бірі дүние есігін ашып, Садық көкеміздің қасиетті қара шаңырағын баланың шат күлкісіне толтырып, базар қылып жіберген. Әйтсе де Сусар апамыз Бақытжанды бәрінен оқшаулап ұстайтын. Ең дәмдісін соның аузына тосатын. Үйдегілерге де, сол қонақжай шаңырақтан үзілмейтін қонақтарға да «Бақытқа тимеңдер, ол жақсы оқуы керек, мұның келешегі зор, ол ғалым болады» дегенді айтудан жалықпаушы еді, жарықтық. Әулие кісі екен, апамыздың айтқаны тура келді. Бақытжан шынында үлкен ғалым болды. Бала кезінде Сусар апасы сырқаттанып, төсек тартып жатып қалған сайын Бақытжан «Апа, мен өскенде дәрігер боламын, сөйтіп сені емдеймін» деуші еді. Сол арманы оны алысқа жетеледі. Боралдайдағы Саттар Ерубаев атындағы мектептің табалдырығын аттап, оны 1969 жылы аяқтаған соң Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Ақ халатты абзал жан болуды армандаған ол жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, алдымен Шымкент қаласындағы интернатурада, одан кейін Арыста 6 жыл жемісті еңбек етеді. Жалықпай ізденуді, оқуды мақсат тұтып 1982 жылы Ақтөбе медици­на институтының аспирантурасына оқу­ға түседі де, оны 1988 жылы аяқ­тай­ды. Дәл осы жылы осы институт ка­фе­драсының, төрт жылдан кейін ба­лалар хирургиясы кафедрасының до­цен­ті болып тағайындалады. Өмірлік тә­жірибесі мен ұзақ жылғы ізденістері жә­не зерттеулерінің нәтижесінде 1997 жылы Мәскеу қаласында Одақтың дарын­ды ғалымдарының алдында медицина ғы­лымдарының докторы диссертациясын қорғады. 1998 жылы Ақмола мемлекеттік ме­дицина академия­сы балалар хирургиясы ка­федрасының профессорлық лауазымына келген ол аз уақыт ішінде ұжымның үлкен ілтипатына бөленіп үлгереді. Алайда, сұм ажалдың кейде осылай буынсыз жерден пышақ ұрып, жалындап жанып тұрған шырақтың отын қатты үрлеп, жалп еткізетіні өкінішті. Арыс қаласында, одан соң Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Астана қаласындағы ауруханаларда хирург болып еңбек етіп, ширек ғасыр ішінде сан мыңдаған науқастарды аяқтарынан тұрғызып, алғыстарына бөленген абзал жан, білікті дәрігердің жүрегі өзінің туылған күніне бір күн қалғанда соғуын тоқтатты... Сұм ажал 2001 жылы 48 жасқа жеткізбей, жалған дүниемен қош айттырды. «Бақытжан ағам кішкентайынан табиғатпен етене араласып өсті. Құдайдың өзі икемдеген шығар, биологиядан оқыған дәрілік шөптерді жинап, оны анықтап, тіпті неше түрлі жыландарды ұстап алып, уын шығарып, қорықпай қайта босатып жіберетін. Алматыда мединститутта оқып жүргенде достарымен ауылға келіп, таң атқанша әсем әннің әуенімен біздің үйдің түндігі желпілдеп тұратын. Достары да Бақыттың өзіне сай, өнерлі, көрікті, сері жігіттер болатын. Сөйтсек, ағам институтта жүргенде «Көктем» атты ансамбльдің әншісі болғанын кейін есіттік. Неге екенін қайдам, аға мақтанып сөйлеуді ұнатпайтын. Үлкендердің қамқорлығы мен аяулы ата-ананың аялы алақанының арқасында ағамыз жап-жас екеніне қарамастан, сол кездің өзінде-ақ, талай белес-шыңдарды бағындырып та үлгерген екен ғой», дейді ақын Эра Орманова. «Бақытжан шынында керемет әнші, сазгерлік қабілеттен де құралақан емес, сондай-ақ саламатты өмір салтын серік еткен өнегелі спортшы болатын. Үстел теннисі, бильярд, футбол, волейболдан ауылдың, мектептің, ауданның, облыстың және институттың құрама командасы сапында «жүзден жүйріктердің» қатарынан табылып, лайықты құрметке бөленген жан еді. Білім нәрімен сусындатқан білім ошағын тәмамдағанына он жыл толуына орай әрі мектептің алғашқы түлектері ретінде сыныптастар жиналып, мектепке қандай сый-сияпат жасасақ болады екен деп ойласа келе, С.Ерубаевтың бюст-ескерткішін қоюды ұйғардық. Содан құрылысты жүргізуге, қадағалауға арнайы комиссия құрып, жұмысты бас­тап жібердік. Сыныптас досымыз, сол кездегі Арыс қаласындағы аурухананың дәрігер-хирургі Бақытжан Орманов осы жұмыстың басы-қасында күн-түн демей жүріп, өзі танитын жақсы мүсіншімен келісіп, осы істі аяғына дейін жеткізуге барын салды. Әлі есімізде, бюсті жасату барысында ең қиын тигені С.Ерубаевтың суретін табу болды. Ол үшін Түркістанға арнайы барып, мұражайдан суретін алып келіп, мүсіншіге тапсыруды мойнына алған Бақытжанның іскерлігіне, елжандылығына қатты сүйсініп, риза болыстық. Сөйтіп, Саттар Ерубаевтың ескерткіш мүсіні 1979 жылдың 25 мамырында салтанатпен ашылып, бүкіл ауыл, мектеп ұжымы мәре-сәре қуанған. Әсіресе, Бақытжанның қуанышын айтып жеткізу қиын. Міне, біздің сыныптасымыз Бақытжанның мұрындық болуымен жүзеге асқан сол кездегі бастамамызды ту етіп, кейінгі бітіруші түлектер жыл сайын «Туған елге – тағзым» деген ұранмен мектепке тағзым етуді дәстүрге айналдырыпты. Бұл дәстүр әлі де жалғасын таба береді деген сенімдеміз», деп еске алады сыныптастары Ә.Мәмеков, Н.Сманбеков. «Білікті дәрігер, ардақты бауырымыз, аяулы әке, адал жар бола білген Бақытжан Орманов медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Аза Мұратбекқызы Қошановамен жарық дүниемен қош айтысып кете барғанша бақытты ғұмыр кешті. Махаббаттарының куәсіндей болған ұлдары Елдос, Дастан, Сұңқарға қарап ардақты бауырымды көргендей боламын. Аза апамыз үш ұлдан тараған 5 немерені тәрбиелеп, олардың қызығына тоймай, шуағына кенеліп отыр. Осындай зерделі ұлды дүниеге әкелген абзал анамыз Жамал Сұлтанбайқызы көзі тірі болғанда бүгінде 85 жасқа толар еді. Жастайынан спортты серік еткен Бақытжан ағамызды еске алып, туған жері Боралдайда волейболдан жарыс өткізіп тұрамыз. Осы дәстүр алдағы сенбі күні жалғасын таппақ. Турнирден соң ауылда анамыз бен ағамыздың рухына бағышталған ас өтеді. Әлі күнге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен оның шапағатын көрген жандар алғысын жаудырып жатады. Ағамның қайтыс болғанына бес жылдай уақыт өткенде облыстық газетте бір азаматтың менің ағама рахмет айтқан шағын мақаласы жарық көрді. Сөйтсе кезінде Бақытжан ол кісіге ауыр операция жасап, ажалдан аман алып қалған екен. Міне, «Жақсының өзі өлсе де ісі өлмейді» деген осы болса керек, сірә» дейді Бақытжанның тағы бір бауыры Талғат Садықұлы. Иә, Бақытжан Орманов жайлы өткен шақта әңгіме қозғау оны жақсы білетіндер үшін, қызметтес әрі қатарлас жүргендер мен туған-туыстарына өте ауыр. Өйткені, оның адами қасиеті, сабырлылық пен салмақтылығы, ақыл-ой парасатының жоғарылығы мен қарапайымдығы кімді де болса баурап алып, қайта сөйлесуге құмбыл етіп тұратын. Жан дүниесі жар­қын, бекзаттығы мен мейірбандығы басым Бақытжан Садықұлының текті тұлғасы оның рухын құрмет тұтатын дос-жарандары, әріптестері мен туыстарының көз алдынан ешқашан да кетпек емес. Оралхан ДӘУІТ
17.11.2013 06:02 3781

Бақытжанның балалық шағы Қостұраның қойнауында, Теректі әулиенің бойында, Боралдай өзенінің жағасында өтті. Тағдырдың жазуы ғой, Садық көкеміз бен Жамал апамыздың екі сәбиі қатарынан шетінеп, жас жүрегі жараланып, қамкөңіл болып жүргенде дүниеге келген Бақытжаны маңдайы жарқырап өткен-кеткен жаманшылықтың бәрін жуып-шайып, ұмыттырып жібергені рас. Әйтсе де Бақытжанды Садық көкеміздің әпкесі Сусар апамыз бауырына басады. Бір шаңырақтың тәй-тәй басқан тұңғышы, былдырлаған бірінші бүлдіршіні болғандықтан шығар Бақытжанды әрқайсысы еркелетіп, оның алғаш мектепке баруы, әр сыныпты жақсы тәмамдауы, оқуға түсуінің бәрі-бәрі бұл отбасы үшін үлкен мерекеге айналған еді.

Алла тағала Жамал апамызды алтын құрсақты етіп жаратқан екен. Бақытжаннан кейін Эра, Рақия, Бақыт, Дана, Мұхит, Талғат, Айман мен Шолпан сияқты бауырлары бірінен кейін бірі дүние есігін ашып, Садық көкеміздің қасиетті қара шаңырағын баланың шат күлкісіне толтырып, базар қылып жіберген. Әйтсе де Сусар апамыз Бақытжанды бәрінен оқшаулап ұстайтын. Ең дәмдісін соның аузына тосатын. Үйдегілерге де, сол қонақжай шаңырақтан үзілмейтін қонақтарға да «Бақытқа тимеңдер, ол жақсы оқуы керек, мұның келешегі зор, ол ғалым болады» дегенді айтудан жалықпаушы еді, жарықтық. Әулие кісі екен, апамыздың айтқаны тура келді. Бақытжан шынында үлкен ғалым болды. Бала кезінде Сусар апасы сырқаттанып, төсек тартып жатып қалған сайын Бақытжан «Апа, мен өскенде дәрігер боламын, сөйтіп сені емдеймін» деуші еді. Сол арманы оны алысқа жетеледі. Боралдайдағы Саттар Ерубаев атындағы мектептің табалдырығын аттап, оны 1969 жылы аяқтаған соң Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Ақ халатты абзал жан болуды армандаған ол жоғары оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, алдымен Шымкент қаласындағы интернатурада, одан кейін Арыста 6 жыл жемісті еңбек етеді.

Жалықпай ізденуді, оқуды мақсат тұтып 1982 жылы Ақтөбе медици­на институтының аспирантурасына оқу­ға түседі де, оны 1988 жылы аяқ­тай­ды. Дәл осы жылы осы институт ка­фе­драсының, төрт жылдан кейін ба­лалар хирургиясы кафедрасының до­цен­ті болып тағайындалады. Өмірлік тә­жірибесі мен ұзақ жылғы ізденістері жә­не зерттеулерінің нәтижесінде 1997 жылы Мәскеу қаласында Одақтың дарын­ды ғалымдарының алдында медицина ғы­лымдарының докторы диссертациясын қорғады. 1998 жылы Ақмола мемлекеттік ме­дицина академия­сы балалар хирургиясы ка­федрасының профессорлық лауазымына келген ол аз уақыт ішінде ұжымның үлкен ілтипатына бөленіп үлгереді.

Алайда, сұм ажалдың кейде осылай буынсыз жерден пышақ ұрып, жалындап жанып тұрған шырақтың отын қатты үрлеп, жалп еткізетіні өкінішті. Арыс қаласында, одан соң Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Астана қаласындағы ауруханаларда хирург болып еңбек етіп, ширек ғасыр ішінде сан мыңдаған науқастарды аяқтарынан тұрғызып, алғыстарына бөленген абзал жан, білікті дәрігердің жүрегі өзінің туылған күніне бір күн қалғанда соғуын тоқтатты... Сұм ажал 2001 жылы 48 жасқа жеткізбей, жалған дүниемен қош айттырды.

«Бақытжан ағам кішкентайынан табиғатпен етене араласып өсті. Құдайдың өзі икемдеген шығар, биологиядан оқыған дәрілік шөптерді жинап, оны анықтап, тіпті неше түрлі жыландарды ұстап алып, уын шығарып, қорықпай қайта босатып жіберетін. Алматыда мединститутта оқып жүргенде достарымен ауылға келіп, таң атқанша әсем әннің әуенімен біздің үйдің түндігі желпілдеп тұратын. Достары да Бақыттың өзіне сай, өнерлі, көрікті, сері жігіттер болатын. Сөйтсек, ағам институтта жүргенде «Көктем» атты ансамбльдің әншісі болғанын кейін есіттік. Неге екенін қайдам, аға мақтанып сөйлеуді ұнатпайтын. Үлкендердің қамқорлығы мен аяулы ата-ананың аялы алақанының арқасында ағамыз жап-жас екеніне қарамастан, сол кездің өзінде-ақ, талай белес-шыңдарды бағындырып та үлгерген екен ғой», дейді ақын Эра Орманова.

«Бақытжан шынында керемет әнші, сазгерлік қабілеттен де құралақан емес, сондай-ақ саламатты өмір салтын серік еткен өнегелі спортшы болатын. Үстел теннисі, бильярд, футбол, волейболдан ауылдың, мектептің, ауданның, облыстың және институттың құрама командасы сапында «жүзден жүйріктердің» қатарынан табылып, лайықты құрметке бөленген жан еді. Білім нәрімен сусындатқан білім ошағын тәмамдағанына он жыл толуына орай әрі мектептің алғашқы түлектері ретінде сыныптастар жиналып, мектепке қандай сый-сияпат жасасақ болады екен деп ойласа келе, С.Ерубаевтың бюст-ескерткішін қоюды ұйғардық. Содан құрылысты жүргізуге, қадағалауға арнайы комиссия құрып, жұмысты бас­тап жібердік. Сыныптас досымыз, сол кездегі Арыс қаласындағы аурухананың дәрігер-хирургі Бақытжан Орманов осы жұмыстың басы-қасында күн-түн демей жүріп, өзі танитын жақсы мүсіншімен келісіп, осы істі аяғына дейін жеткізуге барын салды. Әлі есімізде, бюсті жасату барысында ең қиын тигені С.Ерубаевтың суретін табу болды. Ол үшін Түркістанға арнайы барып, мұражайдан суретін алып келіп, мүсіншіге тапсыруды мойнына алған Бақытжанның іскерлігіне, елжандылығына қатты сүйсініп, риза болыстық. Сөйтіп, Саттар Ерубаевтың ескерткіш мүсіні 1979 жылдың 25 мамырында салтанатпен ашылып, бүкіл ауыл, мектеп ұжымы мәре-сәре қуанған. Әсіресе, Бақытжанның қуанышын айтып жеткізу қиын. Міне, біздің сыныптасымыз Бақытжанның мұрындық болуымен жүзеге асқан сол кездегі бастамамызды ту етіп, кейінгі бітіруші түлектер жыл сайын «Туған елге – тағзым» деген ұранмен мектепке тағзым етуді дәстүрге айналдырыпты. Бұл дәстүр әлі де жалғасын таба береді деген сенімдеміз», деп еске алады сыныптастары Ә.Мәмеков, Н.Сманбеков.

«Білікті дәрігер, ардақты бауырымыз, аяулы әке, адал жар бола білген Бақытжан Орманов медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Аза Мұратбекқызы Қошановамен жарық дүниемен қош айтысып кете барғанша бақытты ғұмыр кешті. Махаббаттарының куәсіндей болған ұлдары Елдос, Дастан, Сұңқарға қарап ардақты бауырымды көргендей боламын. Аза апамыз үш ұлдан тараған 5 немерені тәрбиелеп, олардың қызығына тоймай, шуағына кенеліп отыр. Осындай зерделі ұлды дүниеге әкелген абзал анамыз Жамал Сұлтанбайқызы көзі тірі болғанда бүгінде 85 жасқа толар еді. Жастайынан спортты серік еткен Бақытжан ағамызды еске алып, туған жері Боралдайда волейболдан жарыс өткізіп тұрамыз. Осы дәстүр алдағы сенбі күні жалғасын таппақ. Турнирден соң ауылда анамыз бен ағамыздың рухына бағышталған ас өтеді. Әлі күнге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен оның шапағатын көрген жандар алғысын жаудырып жатады. Ағамның қайтыс болғанына бес жылдай уақыт өткенде облыстық газетте бір азаматтың менің ағама рахмет айтқан шағын мақаласы жарық көрді. Сөйтсе кезінде Бақытжан ол кісіге ауыр операция жасап, ажалдан аман алып қалған екен. Міне, «Жақсының өзі өлсе де ісі өлмейді» деген осы болса керек, сірә» дейді Бақытжанның тағы бір бауыры Талғат Садықұлы.

Иә, Бақытжан Орманов жайлы өткен шақта әңгіме қозғау оны жақсы білетіндер үшін, қызметтес әрі қатарлас жүргендер мен туған-туыстарына өте ауыр. Өйткені, оның адами қасиеті, сабырлылық пен салмақтылығы, ақыл-ой парасатының жоғарылығы мен қарапайымдығы кімді де болса баурап алып, қайта сөйлесуге құмбыл етіп тұратын. Жан дүниесі жар­қын, бекзаттығы мен мейірбандығы басым Бақытжан Садықұлының текті тұлғасы оның рухын құрмет тұтатын дос-жарандары, әріптестері мен туыстарының көз алдынан ешқашан да кетпек емес.

Оралхан ДӘУІТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға