Жаңалықтар

Өмірде ізгі із қалдырған

Өткен ғасырдағы ауған соғысы жер бетіндегі қанды қырғындардың бірі болғаны баршаға аян. Осы жарияланбаған соғыста ерлікпен қаза тапқан талай қыршын жас­тарымыздың мәйіттері темір жәшік­пен келіп жататын. Осы тұста Амангелді Мырзахметұлы Рудный қаласының әскери комиссариатына барып, өзі сұранып қан майданға аттанады. Бұл достары мен туыстары үшін күтпеген оқиға болған еді. Майданнан жолдаған хатында: «...Соғысқа өз бетіммен сұранып кеткенім үшін мені сөге көрмеңдер. Айдың-күннің аманында, әлі оң-солын танып білмеген қыршын жастардың мерт болып жатқаны қиналтты мені. Қолымнан келгенше көмек жасауды ұйғардым...»– деп жазған еді. – Біз қан майданның ортасында болдық қой. Оны хатта жазуға болмайтын. Көз көрім жерде атыс болып жатады, бізге жеткізілген жараланған жауынгерлерге шатыр астындағы жылжымалы госпитальда ота жасайтын едік. Бомба талай рет түсті шатырымызға, – деп еске алатын Ауғанстаннан аман оралған Амангелді. Қайта өз қызметіне кіріскен ол Ауған со­ғысына қатысқандарға арнайы палата ашты. Қазір Қостанай облыстық ауруханасында қызмет істейтін қарулас досы Юрий Лебедев Ауғанда болған бір оқиғаны еске алады: – Ауғанстанға Мәскеуден арнайы ат­тес­тациялық комиссия ке­ліп, бәріміздің біліктілігімізді тексерді. Сол кезде Амангелді Мыр­захметұлы өзінің негізгі мамандығы отоларингологиядан ғана емес, инфекция, офтальмология, стоматология, хирургия салаларын да өте жақсы меңгергенін көрсетті. Сонда комиссия төрағасы «Міне, шалғайдан келген хирург деп қалай айтасың мұндай маманды» деп таңғалғанын жасыра алмады. Сөйтіп, майор шеніндегі хирург Амангелді Жантеміровке «жоғары санаттағы хирург» атағы берілді. Оның ерлік ісі ескерусіз қалған жоқ. «Алғысты ауған халқынан» медалімен марапатталды. Қан май­даннан оралған соң бұрынғы қызметін қайта жалғастырды, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысты. Бірақ... Бірақ ғұмыры ұзаққа со­зыл­­мады. Анасы Көкеш Шәймер­денқызының жасында, яғни 54-ке қараған шағында дүниеден озды. Соңғы сапарға шығарып салуға Рудныйдың ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен келген, кезінде емделген көптеген адамдар Амангелді Мырзахметұлының қабіріне топырақ салды, күңірене, көздеріне жас ала отырып, оның адамгершілік қасиетін, шипалы қолын қастерлей айтты. 1980 жылы өзі салдырып, еңбек еткен екі қабатты лор бөлімшесінің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Оның фотосуреттері қалалық тарихи-өлкетану мұражайынан орын алған, сол жерде өмір жолы туралы деректер де бар. Әкесінің ісін Қарағанды ме­дицина институтын бітіріп, Аман­гелдімен бірге қызмет істеп, тәжірибе жинақтаған қызы Шолпан жалғастырған еді. Бірақ еліміз егемендік алған алғашқы қиын-қыстау жылдары бөлімше жабылып, Шолпан анасы – Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының еңбек ардагері Еңлік Тәліпқызымен және сіңлісі Айгүлмен Алматыға қоныс аударды. Әке жолын қуған білікті маман Шолпанның ғұмыры да ұзаққа созылмады. Сұм ажал оны да алып кетті. Кезінде ағасын сағалап барып, Қазақ поли­техника институтының филиалында мамандық алып, зауыттағы инженерден қала әкімінің орынбасарлығына дейінгі жолдан өткен інісі Амантай Мырзахметұлы қазір де Рудныйда тұрады, зейнеткер. Үлкен ағасы Сапидың балалары да сонда қызмет істейді. Қарындасы Бибігүл Мырзахметқызы Таран ауданының Нагорное ауылында тұрып жатыр, кәсіпкер. Бір сөз­бен айтқанда, Амангелді Мыр­захметұлы қабірінің басына барып, Құран оқитын ұрпақтары, Құдайға шүкір, баршылық. Амангелді Мырзахметұлы анасын сұм ажалдан арашалап алып қалуға үлгермесе де, көптеген адамдарды сырқатынан сауық­тырып, қошеметтеріне бөленді. Мұны да оның арманының орындалғаны деп білемін. Ол сондықтан да әке-шешесінің ғана емес, халықтың ұлы, құрметтісі болатын. Жақсы адам өмірден өтсе де көңілден кетпейді екен. Қасымхайыр ДҮЙСЕНБАЕВ
17.11.2013 05:52 3764

Өткен ғасырдағы ауған соғысы жер бетіндегі қанды қырғындардың бірі болғаны баршаға аян. Осы жарияланбаған соғыста ерлікпен қаза тапқан талай қыршын жас­тарымыздың мәйіттері темір жәшік­пен келіп жататын. Осы тұста Амангелді Мырзахметұлы Рудный қаласының әскери комиссариатына барып, өзі сұранып қан майданға аттанады. Бұл достары мен туыстары үшін күтпеген оқиға болған еді. Майданнан жолдаған хатында: «...Соғысқа өз бетіммен сұранып кеткенім үшін мені сөге көрмеңдер. Айдың-күннің аманында, әлі оң-солын танып білмеген қыршын жастардың мерт болып жатқаны қиналтты мені. Қолымнан келгенше көмек жасауды ұйғардым...»– деп жазған еді.

– Біз қан майданның ортасында болдық қой. Оны хатта жазуға болмайтын. Көз көрім жерде атыс болып жатады, бізге жеткізілген жараланған жауынгерлерге шатыр астындағы жылжымалы госпитальда ота жасайтын едік. Бомба талай рет түсті шатырымызға, – деп еске алатын Ауғанстаннан аман оралған Амангелді. Қайта өз қызметіне кіріскен ол Ауған со­ғысына қатысқандарға арнайы палата ашты.

Қазір Қостанай облыстық ауруханасында қызмет істейтін қарулас досы Юрий Лебедев Ауғанда болған бір оқиғаны еске алады:

– Ауғанстанға Мәскеуден арнайы ат­тес­тациялық комиссия ке­ліп, бәріміздің біліктілігімізді тексерді. Сол кезде Амангелді Мыр­захметұлы өзінің негізгі мамандығы отоларингологиядан ғана емес, инфекция, офтальмология, стоматология, хирургия салаларын да өте жақсы меңгергенін көрсетті. Сонда комиссия төрағасы «Міне, шалғайдан келген хирург деп қалай айтасың мұндай маманды» деп таңғалғанын жасыра алмады. Сөйтіп, майор шеніндегі хирург Амангелді Жантеміровке «жоғары санаттағы хирург» атағы берілді.

Оның ерлік ісі ескерусіз қалған жоқ. «Алғысты ауған халқынан» медалімен марапатталды. Қан май­даннан оралған соң бұрынғы қызметін қайта жалғастырды, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысты. Бірақ...

Бірақ ғұмыры ұзаққа со­зыл­­мады. Анасы Көкеш Шәймер­денқызының жасында, яғни 54-ке қараған шағында дүниеден озды. Соңғы сапарға шығарып салуға Рудныйдың ғана емес, облыстың түкпір-түкпірінен келген, кезінде емделген көптеген адамдар Амангелді Мырзахметұлының қабіріне топырақ салды, күңірене, көздеріне жас ала отырып, оның адамгершілік қасиетін, шипалы қолын қастерлей айтты. 1980 жылы өзі салдырып, еңбек еткен екі қабатты лор бөлімшесінің қабырғасына ескерткіш тақта ілінді. Оның фотосуреттері қалалық тарихи-өлкетану мұражайынан орын алған, сол жерде өмір жолы туралы деректер де бар.

Әкесінің ісін Қарағанды ме­дицина институтын бітіріп, Аман­гелдімен бірге қызмет істеп, тәжірибе жинақтаған қызы Шолпан жалғастырған еді. Бірақ еліміз егемендік алған алғашқы қиын-қыстау жылдары бөлімше жабылып, Шолпан анасы – Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының еңбек ардагері Еңлік Тәліпқызымен және сіңлісі Айгүлмен Алматыға қоныс аударды. Әке жолын қуған білікті маман Шолпанның ғұмыры да ұзаққа созылмады. Сұм ажал оны да алып кетті.

Кезінде ағасын сағалап барып, Қазақ поли­техника институтының филиалында мамандық алып, зауыттағы инженерден қала әкімінің орынбасарлығына дейінгі жолдан өткен інісі Амантай Мырзахметұлы қазір де Рудныйда тұрады, зейнеткер. Үлкен ағасы Сапидың балалары да сонда қызмет істейді. Қарындасы Бибігүл Мырзахметқызы Таран ауданының Нагорное ауылында тұрып жатыр, кәсіпкер. Бір сөз­бен айтқанда, Амангелді Мыр­захметұлы қабірінің басына барып, Құран оқитын ұрпақтары, Құдайға шүкір, баршылық.

Амангелді Мырзахметұлы анасын сұм ажалдан арашалап алып қалуға үлгермесе де, көптеген адамдарды сырқатынан сауық­тырып, қошеметтеріне бөленді. Мұны да оның арманының орындалғаны деп білемін. Ол сондықтан да әке-шешесінің ғана емес, халықтың ұлы, құрметтісі болатын. Жақсы адам өмірден өтсе де көңілден кетпейді екен.

Қасымхайыр ДҮЙСЕНБАЕВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға