Жаңалықтар

Амангелді Жантеміров жайында

Амангелді жас кезін былай еске алатын. Шымнан салынған үй, сәкі деген жоқ. Үй ішіндегі жер шөп қосып иленген майбалшықпен сыланды. Шұбар пештің ортасындағы тесікке қойылған шам ауыз үйге де, төр бөлмеге де жарық береді. Жалғыз сиыр, қыста үйге кіргізіліп сауылады. Одан шыққан шамалы сүт сеператор арқылы айдалып, азын-аулақ қаймақ алынады. Майы алынған сүттен айран ұйытылады. Ауыз үйге байланған төлдердің астын тазалау, оларға шөп беру та­ғы бар. Пеш жағып, қамыр илеп, нан пісіру, қазан көтеріп, тамақ істеу, үйді әктеу, кір жуу – міне, осы­ның бәрі Амангелдінің мойнында. Інілері шаруа істеуге жарағасын ғана Амангелдінің мойны босап, үш жылдан кейін оқуын одан әрі жалғастырған. Өз теңдестері орта мектепті бітіріп кеткен, өзінен әжеп­тәуір жас балалармен бір парта­да отыруға ұялмаған, қайткен күнде де оқу, білім алу қажет деп санаған Амангелді. Ол үйде барлық шаруаны тындыра жүре, шешесінің ауырған, ыңырсыған даусын естіп, қолынан ештеме келмегеніне налитын, «қайтсем де дәрігер болып, анамды емдеймін» деп алдына мақсат қойған. Тек мен мамандық алғанша анам тірі болса екен деп тілеген. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Амангелді Қостанайға Ал­матының медицина институтынан келген арнайы комиссияға емтихан тапсыруға аттанған. Бұл 1959 жыл екен. Қазақ мектебін бітірген балаға орысша емтихан тапсырудың оңай­ға түспегені, әрине, айдай анық. Ақыры, институтқа қабылданады. Амангелдіні бүкіл ауыл болып Алматыға шығарып салады. «Апа, мен оқуымды бітіргенше шыда, өзім-ақ емдеп, жазып аламын, дей бергенде көздерімнен жас моншақтап аға бастаған еді» – деп еске алатын Амангелді. Бұл Амангелдінің анасын соңғы рет көргені, соңғы тілдескені екен. Бір аптадан кейін анасы көз жұмады. Бірақ Амангелдіге жаманат хабар кеш жетеді. Әкесі «жаңа ғана Алматыға жеткен бала қайта келемін деп оқуынан қалып қояды» деп жеделхат жібертпепті. Амангелді Алматы медицина институтын 1964 жылы бітір­геннен кейін жолдамамен жа­ңа ашылған, жастардың арман қаласына айналған Рудныйға келеді. Қалалық емханаға орналасады. Қызметін қатардағы құлақ, тамақ және мұрын дәрігерінен бастаған ол жеке бөлімше ашуға қол жеткізді. Сөйтіп, Рудный қала­сының ғана емес, төңіректегі елді мекендердің, Қазақстан мен Ресейдің көршілес облыстарының тұрғындары да келіп, осында жатып емделу мүмкіндігін алды. Кешікпей Амангелді Мырзах­метұлының ұйымдастырушылық қабілетін байқаған қала басшылығы оны ауруханаға бас дәрігер етіп тағайындады. Бірақ, екі-үш айдан кейін «Мен дәрігерлік мамандықты шаруашылық қызметін атқару үшін алған жоқпын, менің пайдам сырқат емдегенде көбірек тиеді» деп осы лауазымынан бас тартпасы бар ма. Амангелді Мырзахметұлы қызмет істей жүре, кәсіби біліктілігін арт­тыруға да жете мән берді. Мәс­кеуде, Ленинградта (Санкт-Петербург) білім жетілдіру курстарында оқып, тәжірибе жинақтады. Бұл оның сырқаттарды емдеуде жаңа тәсілдерді қолдана білуіне септігін тигізді. Керең болып қалған адамдардың құлағына салғанда бірден естіп кететін тетік те ойлап тауып еді. Бірақ оған патент ала алмады. Тіпті, сол кезде Мәскеу мен Ленинградта ғана жасалатын күрделі ота – пластикалық ота да жасап жүрді. Осылай ол сырқаттарынан құлан-таза жазылған жүздеген, мыңдаған адамдардың ақ батасын алды, халықтың құрметіне бөленді. Қазақстанның лор-дәрігерлерінің бірінші съезіне делегат болып қа­тысты, кеудесіне денсаулық сақ­тау саласының үздігі белгісі мен «Құрмет Белгісі» орденін қадады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Тіпті, 1990 жылы Қазақ КСР халық депутаттығына кандидат болып, дауысқа түсті, «Рудный қаласының құрметті азаматы» жоғары атағына ие болды. Міне, еңбегі бағаланды деген осы емес пе! Қасымхайыр ДҮЙСЕНБАЕВ
17.11.2013 05:51 4371

Амангелді жас кезін былай еске алатын. Шымнан салынған үй, сәкі деген жоқ. Үй ішіндегі жер шөп қосып иленген майбалшықпен сыланды. Шұбар пештің ортасындағы тесікке қойылған шам ауыз үйге де, төр бөлмеге де жарық береді. Жалғыз сиыр, қыста үйге кіргізіліп сауылады. Одан шыққан шамалы сүт сеператор арқылы айдалып, азын-аулақ қаймақ алынады. Майы алынған сүттен айран ұйытылады. Ауыз үйге байланған төлдердің астын тазалау, оларға шөп беру та­ғы бар. Пеш жағып, қамыр илеп, нан пісіру, қазан көтеріп, тамақ істеу, үйді әктеу, кір жуу – міне, осы­ның бәрі Амангелдінің мойнында.

Інілері шаруа істеуге жарағасын ғана Амангелдінің мойны босап, үш жылдан кейін оқуын одан әрі жалғастырған. Өз теңдестері орта мектепті бітіріп кеткен, өзінен әжеп­тәуір жас балалармен бір парта­да отыруға ұялмаған, қайткен күнде де оқу, білім алу қажет деп санаған Амангелді. Ол үйде барлық шаруаны тындыра жүре, шешесінің ауырған, ыңырсыған даусын естіп, қолынан ештеме келмегеніне налитын, «қайтсем де дәрігер болып, анамды емдеймін» деп алдына мақсат қойған. Тек мен мамандық алғанша анам тірі болса екен деп тілеген.

Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Амангелді Қостанайға Ал­матының медицина институтынан келген арнайы комиссияға емтихан тапсыруға аттанған. Бұл 1959 жыл екен. Қазақ мектебін бітірген балаға орысша емтихан тапсырудың оңай­ға түспегені, әрине, айдай анық. Ақыры, институтқа қабылданады. Амангелдіні бүкіл ауыл болып Алматыға шығарып салады.

«Апа, мен оқуымды бітіргенше шыда, өзім-ақ емдеп, жазып аламын, дей бергенде көздерімнен жас моншақтап аға бастаған еді» – деп еске алатын Амангелді.

Бұл Амангелдінің анасын соңғы рет көргені, соңғы тілдескені екен. Бір аптадан кейін анасы көз жұмады. Бірақ Амангелдіге жаманат хабар кеш жетеді. Әкесі «жаңа ғана Алматыға жеткен бала қайта келемін деп оқуынан қалып қояды» деп жеделхат жібертпепті.

Амангелді Алматы медицина институтын 1964 жылы бітір­геннен кейін жолдамамен жа­ңа ашылған, жастардың арман қаласына айналған Рудныйға келеді. Қалалық емханаға орналасады. Қызметін қатардағы құлақ, тамақ және мұрын дәрігерінен бастаған ол жеке бөлімше ашуға қол жеткізді. Сөйтіп, Рудный қала­сының ғана емес, төңіректегі елді мекендердің, Қазақстан мен Ресейдің көршілес облыстарының тұрғындары да келіп, осында жатып емделу мүмкіндігін алды.

Кешікпей Амангелді Мырзах­метұлының ұйымдастырушылық қабілетін байқаған қала басшылығы оны ауруханаға бас дәрігер етіп тағайындады. Бірақ, екі-үш айдан кейін «Мен дәрігерлік мамандықты шаруашылық қызметін атқару үшін алған жоқпын, менің пайдам сырқат емдегенде көбірек тиеді» деп осы лауазымынан бас тартпасы бар ма. Амангелді Мырзахметұлы қызмет істей жүре, кәсіби біліктілігін арт­тыруға да жете мән берді. Мәс­кеуде, Ленинградта (Санкт-Петербург) білім жетілдіру курстарында оқып, тәжірибе жинақтады. Бұл оның сырқаттарды емдеуде жаңа тәсілдерді қолдана білуіне септігін тигізді. Керең болып қалған адамдардың құлағына салғанда бірден естіп кететін тетік те ойлап тауып еді. Бірақ оған патент ала алмады. Тіпті, сол кезде Мәскеу мен Ленинградта ғана жасалатын күрделі ота – пластикалық ота да жасап жүрді. Осылай ол сырқаттарынан құлан-таза жазылған жүздеген, мыңдаған адамдардың ақ батасын алды, халықтың құрметіне бөленді. Қазақстанның лор-дәрігерлерінің бірінші съезіне делегат болып қа­тысты, кеудесіне денсаулық сақ­тау саласының үздігі белгісі мен «Құрмет Белгісі» орденін қадады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Тіпті, 1990 жылы Қазақ КСР халық депутаттығына кандидат болып, дауысқа түсті, «Рудный қаласының құрметті азаматы» жоғары атағына ие болды. Міне, еңбегі бағаланды деген осы емес пе!

Қасымхайыр ДҮЙСЕНБАЕВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға