Жаңалықтар

Әубәкір Байышұлы

Кезінде Абай атамыз: «Ұс­таздық еткен жалықпас, үй­­ретуден балаға», деп айт­қандай, ұстаз жолын ұстанған адамдардың өмірі аса құрметке толы болатындығы ақиқат. Әсіресе, сол адамдардың көр­­некті, белгілі ірі тұлғалардан дәріс алуы, тәрбие көруі оларды нағыз ұстаздық өнердің иесіне айналдырады екен. Ал біз әңгімелегелі отырған Әубәкір Байышұлы да кезінде атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді ойшыл, ағартушы, қоғам қайраткерінен және Сәрсен Аманжолов сияқты танымал ғалымдардан дәріс тыңдап, сабақ алыпты. Сондықтан да болса керек, Әубәкір Байышұлы Абай атамыздың айтқанындай, өмірінің соңына дейін ұстаздық етуден жалықпады.Ол сонау 1895 жылдың 25 тамызында әке-шешесі Ақ­бастаудағы ата-баба мекені – Өржіке қыстағына көшер алдында, яғни нағыз бір абыр-сабыр кезде дүниеге келіпті. Содан көзі ашық, көкірегі ояу әкесі Байшынның арқасында Әубәкір ертерек есейіп, ер жетеді. Өмір жолы басталған тар заманның өзінде ол жергілікті мектеп-медреселерде оқып, сауа­тын ашады. Кейінірек, Өс­кеменде ашылған орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырып, артынша қазақ даласындағы алғашқы білім ошағының бірі болған Қатонқарағайдың Шыңғыстауында дәріс алады. Міне, осы кезде оған жоғарыда аталған көрнекті ақын, Сұл­­танмахмұт сабақ береді. Бұдан кейін Кеңес Одағы орнаған кезде ол білімін одан әрі жетілдіру үшін қазақ интеллигенциясы қалыптасқан Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында, одан педа­гогикалық техникумда білімін шыңдап, 1919 жылдан бастап біржолата тұрақты түрде ұстаздық қызметті өмірінің ажырамас ұстанымы ретінде таңдап алады. Алайда: «Білгенге маржан, білмеске арзан» демекші, Әубәкірдің, сондай-ақ сол кездегі барша оқытушы-мұғалімдер қауымына бұл мамандық үлкен сын, шексіз жауапкершілікпен қатар, айтып тауыса алмайтындай қиыншылық та әкелгені белгілі. Қуғын-сүргінді айт­пағанның өзінде, үш ғасыр патшалық Ресейдің отары болып, қазақ халқының дені ілім-білімнен шетқақпай қалғанын да қоспағанда, яғни соның өзінде Әубәкір тер төгіп, еңбек еткен ұстаздық кезең ішінде ғана халқымыздың жазу-сызу, әліпбиі (алфавиті) үш мәрте (арабша, латынша, орысша) өзгергені адамдарға қаншама қиыншылық әкелгенін бүгінгі ұрпаққа тәптіштеп жеткізу оңай емес. Сонда да қиын-қыстау ке­зеңде жүріп, мұндай күрделі жұмысты адам айтқысыз төзімділікпен, шексіз іскерлікпен жүзеге асырған оқытушы-мұғалімдер қауымының іс-әре­кеті ел игілігіне жасалған ерлікпен тепе-тең десек артық айтқандық болмас. Осылайша, ұлағатты ұстаздықты Әубәкір жарты ғасырға жуық үзбей-талмай жалғастырды. Елеулі еңбек жолының осы бір кезеңінде оқытушы-ұстаз Әу­бәкір көптеген ұрпақтың сауатын ашып, сындарлы өмір жолдарына бастау болғаны да дау туғызбайды. Солардың ішінде Бұқтырма уезіндегі Алтай мектебінің 1919-1923 жылдардағы түлектері, Өскемен уезінің Мендеше, Бөкен болыс­тарындағы Бәйтеке, Ма­май» мектептерінің 1923-1930 жыл­дардағы оқушылары бар. Ал қазіргі Баяш Өтепов атындағы елді мекендегі алғашқы оқу орнын ұйымдастырып, 1920 жылы тұрақты мемлекеттік мектеп санатына қосқан да осы Байшынның Әубәкірі болатын. Одан бергі кезеңде ол «Жа­ңаталап», «Желдіөзен», «Қошантай», «Түлкібай», «Көр­пебай» Ұранхай бойындағы Шығыс Қазақстанның көптеген мектептерінде қызмет етті. Солардың ішіндегі соңғы Моло­тов мектебінде ел ардағына айналған Кеңес Одағының Батыры Ызғұтты Айтықовты да Әубәкір оқытқанын мақтанышпен еске аламыз. Сон­дай-ақ, әр кезеңдерде оның шәкірттері қатарында бол­ған, кейіннен көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ел азаматтарына айналған Жұмажан Тәттібаев, Шәріп Өтепов, Рахым­бай Төлебаев Кеңес Ода­ғындағы Қазақстанның бірқатар облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары лауазымдарына көтерілді және ел арасында кең танымал ағайынды Зіки, Сапа, Мүкірім Күленовтер де ұстаз Әубәкір Байшыннан дәріс алды. Міне, осылайша, мұғалім болып жүріп, ел басына қиын-қыстау күн туғанда Ұлы Отан соғысына да алғашқылардың бірі болып аттанды. Сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, Жеңіс туын желбіреткен соң елге оралып, ұстаздық қызметін қай­та жалғастырды. Сөйтіп, 1955 жылы жасы жетіп зейнет­керлікке шықты. Содан 30 жылдан астам өмірін үлкен ұлы мен келін баласының жанында жұбайы Күлесін екеуі немере-шөберелеріне бар білгендерін үйретуге арнады. Тәжірибелі ұстаз-ата мен мейірімді әженің арқасында тұңғыш немересі Ләйла ағылшын тілінде жоғары білім алып, Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілдігінде қызмет атқарумен қатар, атасы­ның жолын жалғастырып, Қыздар педагогикалық универ­ситетінде көп жылдар доцент болып, дәріс оқыды. Ал немересі Амантай Ішкі істер министрлігінде жоғары лауазымды қызметте. Жоғарыда айтқанымыздай, немерелерінің алғашқысы Ләйла ата кәсібін ардақтап, одан әрі дамытып Мұхиттың арғы жағындағы Американың Огайо штатындағы Дейтон университетінде ағылшын ті­лінде ұзақ уақыт дәріс оқып, үлкен марапаттарға ие болды. Ал шөбересі София болса, бұл күндері Лондонда нанотехнология саласында білімін шыңдауда. Жастайынан халқының әдеби мұрасымен, ел аузындағы жыр-шежіре, дастандарымен үкілі бесік тербеткен ауылда өскен Әубәкір, өмірінің қарттыққа қадам басқан шағында жазушы Сапарғали Бегалин, белгілі ақын Ғали Орманов, жазушы Сәбит Мұқановпен бірге болды. Осылайша, ақырғы демі тоқтағанша халқының мәдени мұрасынан қол үзбей, 1986 жылдың 7 наурызында бала-шағасының алдында дүниеден өтті. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
17.11.2013 05:34 3807

Кезінде Абай атамыз: «Ұс­таздық еткен жалықпас, үй­­ретуден балаға», деп айт­қандай, ұстаз жолын ұстанған адамдардың өмірі аса құрметке толы болатындығы ақиқат. Әсіресе, сол адамдардың көр­­некті, белгілі ірі тұлғалардан дәріс алуы, тәрбие көруі оларды нағыз ұстаздық өнердің иесіне айналдырады екен. Ал біз әңгімелегелі отырған Әубәкір Байышұлы да кезінде атақты ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді ойшыл, ағартушы, қоғам қайраткерінен және Сәрсен Аманжолов сияқты танымал ғалымдардан дәріс тыңдап, сабақ алыпты. Сондықтан да болса керек, Әубәкір Байышұлы Абай атамыздың айтқанындай, өмірінің соңына дейін ұстаздық етуден жалықпады.Ол сонау 1895 жылдың 25 тамызында әке-шешесі Ақ­бастаудағы ата-баба мекені – Өржіке қыстағына көшер алдында, яғни нағыз бір абыр-сабыр кезде дүниеге келіпті. Содан көзі ашық, көкірегі ояу әкесі Байшынның арқасында Әубәкір ертерек есейіп, ер жетеді. Өмір жолы басталған тар заманның өзінде ол жергілікті мектеп-медреселерде оқып, сауа­тын ашады. Кейінірек, Өс­кеменде ашылған орыс-қазақ мектебінде оқуын жалғастырып, артынша қазақ даласындағы алғашқы білім ошағының бірі болған Қатонқарағайдың Шыңғыстауында дәріс алады. Міне, осы кезде оған жоғарыда аталған көрнекті ақын, Сұл­­танмахмұт сабақ береді.

Бұдан кейін Кеңес Одағы орнаған кезде ол білімін одан әрі жетілдіру үшін қазақ интеллигенциясы қалыптасқан Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясында, одан педа­гогикалық техникумда білімін шыңдап, 1919 жылдан бастап біржолата тұрақты түрде ұстаздық қызметті өмірінің ажырамас ұстанымы ретінде таңдап алады. Алайда: «Білгенге маржан, білмеске арзан» демекші, Әубәкірдің, сондай-ақ сол кездегі барша оқытушы-мұғалімдер қауымына бұл мамандық үлкен сын, шексіз жауапкершілікпен қатар, айтып тауыса алмайтындай қиыншылық та әкелгені белгілі. Қуғын-сүргінді айт­пағанның өзінде, үш ғасыр патшалық Ресейдің отары болып, қазақ халқының дені ілім-білімнен шетқақпай қалғанын да қоспағанда, яғни соның өзінде Әубәкір тер төгіп, еңбек еткен ұстаздық кезең ішінде ғана халқымыздың жазу-сызу, әліпбиі (алфавиті) үш мәрте (арабша, латынша, орысша) өзгергені адамдарға қаншама қиыншылық әкелгенін бүгінгі ұрпаққа тәптіштеп жеткізу оңай емес.

Сонда да қиын-қыстау ке­зеңде жүріп, мұндай күрделі жұмысты адам айтқысыз төзімділікпен, шексіз іскерлікпен жүзеге асырған оқытушы-мұғалімдер қауымының іс-әре­кеті ел игілігіне жасалған ерлікпен тепе-тең десек артық айтқандық болмас. Осылайша, ұлағатты ұстаздықты Әубәкір жарты ғасырға жуық үзбей-талмай жалғастырды. Елеулі еңбек жолының осы бір кезеңінде оқытушы-ұстаз Әу­бәкір көптеген ұрпақтың сауатын ашып, сындарлы өмір жолдарына бастау болғаны да дау туғызбайды. Солардың ішінде Бұқтырма уезіндегі Алтай мектебінің 1919-1923 жылдардағы түлектері, Өскемен уезінің Мендеше, Бөкен болыс­тарындағы Бәйтеке, Ма­май» мектептерінің 1923-1930 жыл­дардағы оқушылары бар. Ал қазіргі Баяш Өтепов атындағы елді мекендегі алғашқы оқу орнын ұйымдастырып, 1920 жылы тұрақты мемлекеттік мектеп санатына қосқан да осы Байшынның Әубәкірі болатын.

Одан бергі кезеңде ол «Жа­ңаталап», «Желдіөзен», «Қошантай», «Түлкібай», «Көр­пебай» Ұранхай бойындағы Шығыс Қазақстанның көптеген мектептерінде қызмет етті. Солардың ішіндегі соңғы Моло­тов мектебінде ел ардағына айналған Кеңес Одағының Батыры Ызғұтты Айтықовты да Әубәкір оқытқанын мақтанышпен еске аламыз. Сон­дай-ақ, әр кезеңдерде оның шәкірттері қатарында бол­ған, кейіннен көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі ел азаматтарына айналған Жұмажан Тәттібаев, Шәріп Өтепов, Рахым­бай Төлебаев Кеңес Ода­ғындағы Қазақстанның бірқатар облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары лауазымдарына көтерілді және ел арасында кең танымал ағайынды Зіки, Сапа, Мүкірім Күленовтер де ұстаз Әубәкір Байшыннан дәріс алды.

Міне, осылайша, мұғалім болып жүріп, ел басына қиын-қыстау күн туғанда Ұлы Отан соғысына да алғашқылардың бірі болып аттанды. Сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, Жеңіс туын желбіреткен соң елге оралып, ұстаздық қызметін қай­та жалғастырды. Сөйтіп, 1955 жылы жасы жетіп зейнет­керлікке шықты. Содан 30 жылдан астам өмірін үлкен ұлы мен келін баласының жанында жұбайы Күлесін екеуі немере-шөберелеріне бар білгендерін үйретуге арнады. Тәжірибелі ұстаз-ата мен мейірімді әженің арқасында тұңғыш немересі Ләйла ағылшын тілінде жоғары білім алып, Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты өкілдігінде қызмет атқарумен қатар, атасы­ның жолын жалғастырып, Қыздар педагогикалық универ­ситетінде көп жылдар доцент болып, дәріс оқыды. Ал немересі Амантай Ішкі істер министрлігінде жоғары лауазымды қызметте.

Жоғарыда айтқанымыздай, немерелерінің алғашқысы Ләйла ата кәсібін ардақтап, одан әрі дамытып Мұхиттың арғы жағындағы Американың Огайо штатындағы Дейтон университетінде ағылшын ті­лінде ұзақ уақыт дәріс оқып, үлкен марапаттарға ие болды. Ал шөбересі София болса, бұл күндері Лондонда нанотехнология саласында білімін шыңдауда.

Жастайынан халқының әдеби мұрасымен, ел аузындағы жыр-шежіре, дастандарымен үкілі бесік тербеткен ауылда өскен Әубәкір, өмірінің қарттыққа қадам басқан шағында жазушы Сапарғали Бегалин, белгілі ақын Ғали Орманов, жазушы Сәбит Мұқановпен бірге болды. Осылайша, ақырғы демі тоқтағанша халқының мәдени мұрасынан қол үзбей, 1986 жылдың 7 наурызында бала-шағасының алдында дүниеден өтті.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға