Жаңалықтар

Оксана ЛОСКУТОВА: «Адамдарға жақсылық жасау үшін, ломбардқа алтын өткізгенмін...»

Оксана Лоскутова қалың қазаққа «Астана» арнасының дикторы ретінде танылды. Жұдырықтай ғана сары қыздың қазақша тақылдап хабар айтып отырған ел таңғала, тамсана тыңдады. Бірақ, диктор да адам. Оксана қазір қайда, не істеп жүр. Тіптен ол кім еді?! Осы сұрақтар мазалай ма?! Ендеше, мархабат!  - Оксана, «Астана» арнасының бет-әлпеті болған ару қызын Қазақия жоғалтып алды... Сіз қайда жүрсіз?  - Біз қазір «Назарбаев Орталығы» Мемлекеттік мекемесінде ақпараттық–имидждік жұмыс қызметін басқарып жүрміз. Өкінішке қарай, көп адам бұл мекемені біле бермейді өйткені, құрылғанына екінші жыл ғана. Алайда, біздің алға қойған мақсаттарымыз көп және олар халыққа жақын. Бұған дейін «мен бұндай жерде жұмыс істей алмаймын» деп ойлайтынмын. Алайда, сондай қорқынышты емес екен. Келгелі біраз жұмыс атқардық қой, өзіме наған жоба ол, шілде айында Астанаға Испаниядан футбол бапкерлері шақырылды. Олар елдің түкпір-түкпірінен шақырылған 80 балаға ала доп тебудің қыр-сырын үйретті. Тағы бір ерекшелігі, жеткіншектер тегін оқытылды. Айта кететін жайт, балаларды біздің орталық  таңдаған жоқпыз, жергілікті спорт комитеттері дарынды дегендерін өздері таңдап жіберді. Бұл әрине, Елбасының тапсырмасын орындау. Өздеріңіз білесіздер, Президент әр кезде спортпен шұғылдануға шақырады. Енді жоспардағы шараға тоқталсам, Тұңғыш Президент күніне орай, «Тұңғыш - Первый» деген деректі фильм апталығын өткізбекпіз. Бір апта бойы  ЖОО студенттері, колледж бен мектеп оқушыларына 10 шақты іріктелген, өскелең ұрпақ үшін қызық деген туындыларды іріктеп қойдық. Қысқаша, жұмысымыз осы. Бұл ақпаратты сіздер бірінші болып естіп тұрсыздар, эксклюзив!    - Қазақ телевизиясында жарқырай көрінген ұл-қыздарды іргелі мекемелер мен ұйымдар өздеріне тартып алады. Сіз де солардың бірісіз ғой, Оксана, эфирді, журналистиканы сағынып жүрсіз бе? Тіпті, осы салаға қалай келгеніңіз қызық бізге...  - Міне, эфирден кеткенімізге жарты жыл болды. Бір қызығы, сағыныш сезімі жоқ. Соған қарағанда, орнымыз эфир емес. Жалпы әр эфир үлкен қиналыс тудыратын, жоқ, тікелей эфирден мүлдем қорықпаймыз, камера алдында еркіндік. Тек, көп назар аударылатынын ешқашан ұнатқан емеспіз, кейін көшеде емін-еркін жүре алмайсың. Ал, журналистиканы, я, жасыратыны жоқ қатты сағындық.  1998 жылы Павлодар қаласында мектеп бітіріп, «есің барда, еліңді тап» деп тума-туыстарды сағынып Ақтөбеге келдік. Алайда, сағыныш бір басқа, мамандық алмасқа тағы болмайды. Сондықтан, бар құжатты алып, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетке жол тарттық. Сол кезден екі мамандыққа қатар үйренуге тура келді. Оқу енді басталды, қазақ тобына түстік, өйткені орыс тобы ақылы, жалғыз анам несін берсін, тілді дұрыс білмейміз, әдеби тіл дегеннен хабар жоқ. «В казахской школе скончался» деген сияқты «в русской школе скончался» болып жүрдік, осылай бір радиоға виджей керек деп естідік. Ол кезде түрлі әуен, орындаушылардың түр-түрін білетінбіз. Бардық, онымен «Қазақстан - Ақтөбе» тв редакторы Ләззат деген кісі мені көріп қалып «Ты телегеничная?» деп сұрады. Мен қайдан білейін, үйде орысша айтқанда «гадкий утенок» болғанбыз. Әпкем қай жағынан қарасаң да сұлу, бойында бір міні жоқ болатын. Сондықтан қойылған сауалға «Білмеймін» дей салдық. Содан мені студияға жетектеп апарып, қолыма мәтін берді. Оқыдық, ұнаған болу керек «Бағдарлама жүргізуге қалай қарайсың? Жаза аласың ба?» деді. Қайдағы жазу екі сөздің басын әрең қосып жүргенде?! Бірақ, құдай өлтірсін бе, жазуға үйренуге тура келді. Кейін Руслан Дарбаевпен бірге, қазір ол қателеспесем сол арнада редактор болып істейді, «Армысың, Ақтөбем» бағдарламасын жүргіздік. Әрине, кейін оқуға үлгере алмай бара жатқасын телевизияны тастауға тура келді. Міне, телевизиядан екінші рет кетіп тұрмын.            - Өзге ұлт баласының қазақша сөйлеуі қазірдің өзінде таңсық, Сізге осы артықшылығыңыз көмектескен жері болды ма? Тілді қайда үйрендіңіз?  - Әрине, тіл білген себепті халық алдына шықтық. Оны жақсы түсінеміз, жасырмаймыз да. Тіл білгеннің жағымсыз тұстары бар, әсіресе көзіңді бадырайтып қойып, кей адамдар сен туралы бірдеңе айтып жатқанда, «осылардың сөзін түсінбегенім дұрыс еді» деген ойға қаласың. Тілді жоғарыда айтып кеткендей, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде үйрендік. Осы күнге дейін қазақ әдебиетінен берген ағайға рахмет айтамын. Әрине, оған қатты ренжідім бірақ, оның «мына орыс не үйренеді дейсің!» сөздері жүрегіме тікен болып қадалды. Ішімнен «көрсетемін мен саған» дедім де түсіненейін түсінбейін лекция жазып, оны жаттап, аударма жасап , біз оқыған кезде қазақша кітап өте аз еді қазақ тіліне аударып сабақ айтатын едік, үйрендім. Бірақ, 100% емес әрине, қазақ тілі өте бай оның түбіне жету мүмкін емес деп ойлаймын.   - Жеке өміріңіз туралы сұрасақ, айып етпессіз. Ұлыңыздың суреттерін көреміз әлеуметтік желілерден. Түріне қарасақ, ақылды азамат боп өсем деп тұрған жігіт секілді.  - Я, баламды осы күнге дейін көп көрсетпейтінмін, өйткені сұрақ көп туады. Өкінішке қарай, отбасымыз бұзылды. Осы күнге дейін менің кінам деп ойлаймын. Өйткені, батылды бола алмадым. Енді, отбасы құрудан қорқамыз. Алайда, «сені өмір бойы сыйлап өтемін, жұмысыңды алаңсыз істе, іссапар? бара ғой» деген жан табылса, қазір –ақ шаңырақ көтерер едік. Ұлыма оралсақ, кей адамдар суреттерімізді инстаграмнан бір-ақ шығарыпты. «Артымнан сөз ереді, одан да өзім көрсетейін» деп кей суреттерді салдық парақшаға. Балам расымен де өте ақылды, «өскенде кім боласың?» деп сұрасаң «ғалым боламын» дейді. Конструктор, робот дегендерді жаны сүйеді. Үйіміз толған гайка, шуруп. Ол менің тіренішім, алға талпынуға күш. Ол да мені ренжетіп алудан қорқады, қатты сыйлайды. Кей кездері сабағына көмектесемін, интонация өзгере бастаса, көзі мөлдіреп шыға келеді «мама ренжімеші» дей бастайды. Сондықтан, екеуміз дос болуға тырысамыз. Балам өзі еңбектенсін деп көп өміріне араласпаймын, мектепке де бармаймын. Қажет деген секцияларына барады, сабағын оқиды, ұқыпты, жауапты сондықтан менде осындай баланың барына құдайға разымын!    - Сіз қазір еліміздегі барша ұлыс өкілдеріне үлгі болған тұлғасыз.  Сізді таниды, сыйлайды, құрметтейді. Олардың қатарында біз де бармыз, әрине. Алдағы жоспар қалай, Оксана, тіл үшін, ел үшін не жасар едіңіз мүмкіндік берілсе?  - Көп рахмет. Білесіз бе мен өмірде бір нәрседен қорқамын, ол «маған деген сұраныс болмаса, не істеймін?». Сондықтан да болар, біреуге көмек қажет болса, барымды беруге дайынмын. Біреуге көмектесу үшін ломбардқа алтынымды тапсырған кездер де болды. Біреуге жақсылық жасаймын деп, банктердің қара тізіміне де енгенбіз. Еш ренжімеймін «что ни делается все к лучшему» деп тек алға жүреміз. Өйткені, кім біліпті үйіп-төгіп несие алып қарызға батып жүрер ме едім. Қай нәрседен болса да жақсылық көруге тырысамын. Бұйырса, өзімнің туған күніме керемет сыйлық жасағалы отырмын. Әрине, бірнеше жыл ол үшін айлығымды көрмеуге тура келеді. Бірақ, «балам далада қалмайды» деп тыныш табамын. Шуба емес, оны «жаңа жылға саған сыйлық» деп, бірнеше күн бұрын алып алдым. Кейінгі сіңлілеріме аздап кеңес бергім келеді:  «Бай жігіт күтпей, барлығына өздерің жетіңдер, жандарың да тыныш болады, ұйқыларың да қашпайды! Өз өздеріңізді жетілдіріңдер, кітап оқыңдар. Әйтпесе, қазіргі қыздарға қарап қарным ашады. Білгендері көздеріне Гогольдің  «Вий»  повесіндегідей кірпік жабыстырып алады, қабақтары ашылмайтын, қастары татуаж, еріндері үрілген, өзім қорқамын түрлерінен, шаштарының арасынан жабыстырылған шаштың темірлері көрініп тұрады, түрлі көйлек киіп Фейсбуктің гүлдері, бай болғысы келеді. Маған осы өмірде бір еркек тіпті, тырнаққа жағатын лак алып берген емес, басқасын айтпағанда. Түрлі ұсыныстар болды әрине, алайда мен үшін алдымен, жанымның тыныштығы қажет, ешкімге бережақ емеспін, кімнің көзіне болса да тіке қарай аламын, бақыт деген осы деп білемін!!!   - Ақсана, ашық әңгімеңізге рахмет! Әңгімелескен - Қызғалдақ Зұлпыхарқызы
15.11.2013 09:37 4499

Оксана Лоскутова қалың қазаққа «Астана» арнасының дикторы ретінде танылды. Жұдырықтай ғана сары қыздың қазақша тақылдап хабар айтып отырған ел таңғала, тамсана тыңдады. Бірақ, диктор да адам. Оксана қазір қайда, не істеп жүр. Тіптен ол кім еді?!

Осы сұрақтар мазалай ма?! Ендеше, мархабат!

 - Оксана, «Астана» арнасының бет-әлпеті болған ару қызын Қазақия жоғалтып алды... Сіз қайда жүрсіз?

 - Біз қазір «Назарбаев Орталығы» Мемлекеттік мекемесінде ақпараттық–имидждік жұмыс қызметін басқарып жүрміз. Өкінішке қарай, көп адам бұл мекемені біле бермейді өйткені, құрылғанына екінші жыл ғана. Алайда, біздің алға қойған мақсаттарымыз көп және олар халыққа жақын. Бұған дейін «мен бұндай жерде жұмыс істей алмаймын» деп ойлайтынмын. Алайда, сондай қорқынышты емес екен.

Келгелі біраз жұмыс атқардық қой, өзіме наған жоба ол, шілде айында Астанаға Испаниядан футбол бапкерлері шақырылды. Олар елдің түкпір-түкпірінен шақырылған 80 балаға ала доп тебудің қыр-сырын үйретті. Тағы бір ерекшелігі, жеткіншектер тегін оқытылды. Айта кететін жайт, балаларды біздің орталық  таңдаған жоқпыз, жергілікті спорт комитеттері дарынды дегендерін өздері таңдап жіберді. Бұл әрине, Елбасының тапсырмасын орындау. Өздеріңіз білесіздер, Президент әр кезде спортпен шұғылдануға шақырады.

Енді жоспардағы шараға тоқталсам, Тұңғыш Президент күніне орай, «Тұңғыш - Первый» деген деректі фильм апталығын өткізбекпіз. Бір апта бойы  ЖОО студенттері, колледж бен мектеп оқушыларына 10 шақты іріктелген, өскелең ұрпақ үшін қызық деген туындыларды іріктеп қойдық. Қысқаша, жұмысымыз осы.

Бұл ақпаратты сіздер бірінші болып естіп тұрсыздар, эксклюзив!  

 - Қазақ телевизиясында жарқырай көрінген ұл-қыздарды іргелі мекемелер мен ұйымдар өздеріне тартып алады. Сіз де солардың бірісіз ғой, Оксана, эфирді, журналистиканы сағынып жүрсіз бе? Тіпті, осы салаға қалай келгеніңіз қызық бізге...

 - Міне, эфирден кеткенімізге жарты жыл болды. Бір қызығы, сағыныш сезімі жоқ. Соған қарағанда, орнымыз эфир емес. Жалпы әр эфир үлкен қиналыс тудыратын, жоқ, тікелей эфирден мүлдем қорықпаймыз, камера алдында еркіндік. Тек, көп назар аударылатынын ешқашан ұнатқан емеспіз, кейін көшеде емін-еркін жүре алмайсың. Ал, журналистиканы, я, жасыратыны жоқ қатты сағындық.  1998 жылы Павлодар қаласында мектеп бітіріп, «есің барда, еліңді тап» деп тума-туыстарды сағынып Ақтөбеге келдік. Алайда, сағыныш бір басқа, мамандық алмасқа тағы болмайды. Сондықтан, бар құжатты алып, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетке жол тарттық. Сол кезден екі мамандыққа қатар үйренуге тура келді. Оқу енді басталды, қазақ тобына түстік, өйткені орыс тобы ақылы, жалғыз анам несін берсін, тілді дұрыс білмейміз, әдеби тіл дегеннен хабар жоқ. «В казахской школе скончался» деген сияқты «в русской школе скончался» болып жүрдік, осылай бір радиоға виджей керек деп естідік. Ол кезде түрлі әуен, орындаушылардың түр-түрін білетінбіз. Бардық, онымен «Қазақстан - Ақтөбе» тв редакторы Ләззат деген кісі мені көріп қалып «Ты телегеничная?» деп сұрады. Мен қайдан білейін, үйде орысша айтқанда «гадкий утенок» болғанбыз. Әпкем қай жағынан қарасаң да сұлу, бойында бір міні жоқ болатын. Сондықтан қойылған сауалға «Білмеймін» дей салдық. Содан мені студияға жетектеп апарып, қолыма мәтін берді. Оқыдық, ұнаған болу керек «Бағдарлама жүргізуге қалай қарайсың? Жаза аласың ба?» деді. Қайдағы жазу екі сөздің басын әрең қосып жүргенде?! Бірақ, құдай өлтірсін бе, жазуға үйренуге тура келді. Кейін Руслан Дарбаевпен бірге, қазір ол қателеспесем сол арнада редактор болып істейді, «Армысың, Ақтөбем» бағдарламасын жүргіздік. Әрине, кейін оқуға үлгере алмай бара жатқасын телевизияны тастауға тура келді. Міне, телевизиядан екінші рет кетіп тұрмын.   

      

 - Өзге ұлт баласының қазақша сөйлеуі қазірдің өзінде таңсық, Сізге осы артықшылығыңыз көмектескен жері болды ма? Тілді қайда үйрендіңіз?

 - Әрине, тіл білген себепті халық алдына шықтық. Оны жақсы түсінеміз, жасырмаймыз да. Тіл білгеннің жағымсыз тұстары бар, әсіресе көзіңді бадырайтып қойып, кей адамдар сен туралы бірдеңе айтып жатқанда, «осылардың сөзін түсінбегенім дұрыс еді» деген ойға қаласың. Тілді жоғарыда айтып кеткендей, Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде үйрендік. Осы күнге дейін қазақ әдебиетінен берген ағайға рахмет айтамын. Әрине, оған қатты ренжідім бірақ, оның «мына орыс не үйренеді дейсің!» сөздері жүрегіме тікен болып қадалды. Ішімнен «көрсетемін мен саған» дедім де түсіненейін түсінбейін лекция жазып, оны жаттап, аударма жасап , біз оқыған кезде қазақша кітап өте аз еді қазақ тіліне аударып сабақ айтатын едік, үйрендім. Бірақ, 100% емес әрине, қазақ тілі өте бай оның түбіне жету мүмкін емес деп ойлаймын. 

 - Жеке өміріңіз туралы сұрасақ, айып етпессіз. Ұлыңыздың суреттерін көреміз әлеуметтік желілерден. Түріне қарасақ, ақылды азамат боп өсем деп тұрған жігіт секілді.

 - Я, баламды осы күнге дейін көп көрсетпейтінмін, өйткені сұрақ көп туады. Өкінішке қарай, отбасымыз бұзылды. Осы күнге дейін менің кінам деп ойлаймын. Өйткені, батылды бола алмадым. Енді, отбасы құрудан қорқамыз. Алайда, «сені өмір бойы сыйлап өтемін, жұмысыңды алаңсыз істе, іссапар? бара ғой» деген жан табылса, қазір –ақ шаңырақ көтерер едік.

Ұлыма оралсақ, кей адамдар суреттерімізді инстаграмнан бір-ақ шығарыпты. «Артымнан сөз ереді, одан да өзім көрсетейін» деп кей суреттерді салдық парақшаға. Балам расымен де өте ақылды, «өскенде кім боласың?» деп сұрасаң «ғалым боламын» дейді. Конструктор, робот дегендерді жаны сүйеді. Үйіміз толған гайка, шуруп. Ол менің тіренішім, алға талпынуға күш.

Ол да мені ренжетіп алудан қорқады, қатты сыйлайды. Кей кездері сабағына көмектесемін, интонация өзгере бастаса, көзі мөлдіреп шыға келеді «мама ренжімеші» дей бастайды. Сондықтан, екеуміз дос болуға тырысамыз. Балам өзі еңбектенсін деп көп өміріне араласпаймын, мектепке де бармаймын. Қажет деген секцияларына барады, сабағын оқиды, ұқыпты, жауапты сондықтан менде осындай баланың барына құдайға разымын!

 

 - Сіз қазір еліміздегі барша ұлыс өкілдеріне үлгі болған тұлғасыз.  Сізді таниды, сыйлайды, құрметтейді. Олардың қатарында біз де бармыз, әрине. Алдағы жоспар қалай, Оксана, тіл үшін, ел үшін не жасар едіңіз мүмкіндік берілсе?

 - Көп рахмет. Білесіз бе мен өмірде бір нәрседен қорқамын, ол «маған деген сұраныс болмаса, не істеймін?». Сондықтан да болар, біреуге көмек қажет болса, барымды беруге дайынмын. Біреуге көмектесу үшін ломбардқа алтынымды тапсырған кездер де болды. Біреуге жақсылық жасаймын деп, банктердің қара тізіміне де енгенбіз. Еш ренжімеймін «что ни делается все к лучшему» деп тек алға жүреміз. Өйткені, кім біліпті үйіп-төгіп несие алып қарызға батып жүрер ме едім. Қай нәрседен болса да жақсылық көруге тырысамын. Бұйырса, өзімнің туған күніме керемет сыйлық жасағалы отырмын. Әрине, бірнеше жыл ол үшін айлығымды көрмеуге тура келеді. Бірақ, «балам далада қалмайды» деп тыныш табамын. Шуба емес, оны «жаңа жылға саған сыйлық» деп, бірнеше күн бұрын алып алдым. Кейінгі сіңлілеріме аздап кеңес бергім келеді:  «Бай жігіт күтпей, барлығына өздерің жетіңдер, жандарың да тыныш болады, ұйқыларың да қашпайды! Өз өздеріңізді жетілдіріңдер, кітап оқыңдар. Әйтпесе, қазіргі қыздарға қарап қарным ашады. Білгендері көздеріне Гогольдің  «Вий»  повесіндегідей кірпік жабыстырып алады, қабақтары ашылмайтын, қастары татуаж, еріндері үрілген, өзім қорқамын түрлерінен, шаштарының арасынан жабыстырылған шаштың темірлері көрініп тұрады, түрлі көйлек киіп Фейсбуктің гүлдері, бай болғысы келеді. Маған осы өмірде бір еркек тіпті, тырнаққа жағатын лак алып берген емес, басқасын айтпағанда. Түрлі ұсыныстар болды әрине, алайда мен үшін алдымен, жанымның тыныштығы қажет, ешкімге бережақ емеспін, кімнің көзіне болса да тіке қарай аламын, бақыт деген осы деп білемін!!! 

 - Ақсана, ашық әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен - Қызғалдақ Зұлпыхарқызы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға