Қазақтың қайраткер қызы
Қазақ өнері хақында сөз сөйлеп, әсіресе, «Біржан-Сара» айтысының тарихын қозғаған Нұрғали Құлжанов ойлары да көптің көкейінен шыққан. Құлжанов мырза айтыс төңірегіндегі түйінді толғамдарын көрерменге лайықты түсіндіріп, Біржан сал-семинария шәкірті Жүсіпбек Аймауытов пен Сара қыз – Тұрар Қозыбағарова (Семейдегі банк қызметкері Ахметжан Қозыбағаровтың жұбайы) ханымды таныстырып өтті. Кешке жаңа орындаушылар, әсіресе, талапты жастар көптеп тартылған. Жүсіпбек Аймауытов пен Қаныш Сәтбаев Семей оқытушылар семинариясының шәкірттері, Тайыр Жомартбаев пен Мұстақым Малдыбаев, медресе тәмамдаған, оқыған азаматтар, ұстаз, ақын, журналистер, Абайдың жанында жүретін, заманындағы белгілі скрипкашы Мұқа Әділханұлы ойынның әсерлі шығуына, жұртшылық жүрегіне ұялауына тер төккен өнерпаз жандар. Ойынның соңын ала басына қалқан ұстанған, үстіне оқ өтпейтін темір сауыт киінген, қару-жарақтарын асынған ерте замандардағы батыр көрінгенде таңданыста шек болмаған. «Онан соң Орал, Торғай, Жетісу, Семей облыстарының жас келіншектері өз киімдерімен көрсетілді. Ең ақырында қыз-келіншек, бозбала айнала отырып өлең айтысып, әдебиет кеші осымен сағат 12 жарымда тарқады» – деп жазды Міржақып Дулатов. 1917 жылғы ақпан және қазан айларындағы төңкерістердің қазақ қоғамын орап өткен жоқ. Қатардағы көптің бірі емес зиялы қауым санатындағы Құлжановтар отбасы бұл ұлы дүрбелең өзгерістерден тыс қалған жоқ. Нәзипа Сегізбайқызы оқытушылық қызметін атқарса, Нұрғали Құлжанов өз сенім-нанымымен күреске араласып, ақырында қайғылы қазаға ұшырады. 1920 жылы Семейден Ақмолаға ауысқан. Н.Құлжанова уездік партия комитетінде жауапты қызмет атқарады. Ал 1922 жылы Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы Сәкен Сейфуллиннің арнайы шақыртуымен газетке қызметке орналасып, редакция алқасы мүшелігіне сайланады. Сәкен Сейфуллин 1923 жылы жазған «Самұрық» өлеңін «Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзипаға тартам» деген ескертпемен жариялапты. Нәзипа Құлжанова 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері») журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Сөйтіп, қазақ баспасөзі қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлес қосқан. Алайда, 1929 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты мәдени, ағартушылық жұмыстармен жүйелі шұғылдана алмаған. Бала кезінде Семей қаласында Құлжановтардың үйінде тұрып оқыған, қазір арамызда жоқ, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин «Замана белестері» деп аталатын естелік кітабында олар туралы ерекше ілтипатпен жазған: «Сонан кейін әкем де ол кісілердің аты-жөнін сұрады. – Менің атым – Нәзипа, фамилиям – Құлжанова. Ал жолдасымның аты – Нұрғали Құлжанов. Ол кісі школда сабақ береді. Бұл школды оқытушылар дайындайтын учительская семинария дейді. Мен өзім денсаулығым аз, қызмет істемеймін. Және кішкене баламыз бар деп арғы үйде Нәзипаның шешесі көтеріп жүрген кішкене баласын көрсетті. Сонымен әкемнің танысуы аяқталды». Осы еңбекте жазылғанындай, бұл үйде тұрған жылдар – сауат ашу, орыс тіліне үйрену, қала мәдениетін меңгеру жағынан С.Бегалин үшін арнайы мектептен де маңызды болған. Ерлі-зайыпты Құлжановтардан ұрпақ қалды ма дегенге келсек, ертеректе келтірілген өмірбаяндық деректерде 1915 жылы туған ұл балалары бар екендігі көрсетілген. Оны жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» мемуарлық романындағы фактілер де растайды. Олар көптен күткен тұңғыш перзенттері Әулеттің дүниеге келуін зор қуанышпен қарсы алған. Ертіс жағасына, аралға апарып серуендетіп, қылықтарын қызықтауға тоймаған. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа созылмаған. Н.Құлжанова артына мол мұра қалдырды. Газет-журналдардағы көптеген очерк, мақалалары бір төбе десек, «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1923), «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927) кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, ол көптеген авторлардың еңбектерін қазақшаға аударды. Олардың қатарында Б.Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсері» (1927), А.Скиталецтің «Дала соты» (1923), В.Короленконың «Күн тұтылғандағысы» (1923) бар. Сонымен, сөзімізді түйіндесек Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға. Гүлжан КӘРІБЖАНОВА
Қазақ өнері хақында сөз сөйлеп, әсіресе, «Біржан-Сара» айтысының тарихын қозғаған Нұрғали Құлжанов ойлары да көптің көкейінен шыққан. Құлжанов мырза айтыс төңірегіндегі түйінді толғамдарын көрерменге лайықты түсіндіріп, Біржан сал-семинария шәкірті Жүсіпбек Аймауытов пен Сара қыз – Тұрар Қозыбағарова (Семейдегі банк қызметкері Ахметжан Қозыбағаровтың жұбайы) ханымды таныстырып өтті. Кешке жаңа орындаушылар, әсіресе, талапты жастар көптеп тартылған. Жүсіпбек Аймауытов пен Қаныш Сәтбаев Семей оқытушылар семинариясының шәкірттері, Тайыр Жомартбаев пен Мұстақым Малдыбаев, медресе тәмамдаған, оқыған азаматтар, ұстаз, ақын, журналистер, Абайдың жанында жүретін, заманындағы белгілі скрипкашы Мұқа Әділханұлы ойынның әсерлі шығуына, жұртшылық жүрегіне ұялауына тер төккен өнерпаз жандар.
Ойынның соңын ала басына қалқан ұстанған, үстіне оқ өтпейтін темір сауыт киінген, қару-жарақтарын асынған ерте замандардағы батыр көрінгенде таңданыста шек болмаған. «Онан соң Орал, Торғай, Жетісу, Семей облыстарының жас келіншектері өз киімдерімен көрсетілді. Ең ақырында қыз-келіншек, бозбала айнала отырып өлең айтысып, әдебиет кеші осымен сағат 12 жарымда тарқады» – деп жазды Міржақып Дулатов.
1917 жылғы ақпан және қазан айларындағы төңкерістердің қазақ қоғамын орап өткен жоқ. Қатардағы көптің бірі емес зиялы қауым санатындағы Құлжановтар отбасы бұл ұлы дүрбелең өзгерістерден тыс қалған жоқ. Нәзипа Сегізбайқызы оқытушылық қызметін атқарса, Нұрғали Құлжанов өз сенім-нанымымен күреске араласып, ақырында қайғылы қазаға ұшырады.
1920 жылы Семейден Ақмолаға ауысқан. Н.Құлжанова уездік партия комитетінде жауапты қызмет атқарады. Ал 1922 жылы Қазақ АССР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы Сәкен Сейфуллиннің арнайы шақыртуымен газетке қызметке орналасып, редакция алқасы мүшелігіне сайланады. Сәкен Сейфуллин 1923 жылы жазған «Самұрық» өлеңін «Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ әйелдері комитетінің бастығы Нәзипаға тартам» деген ескертпемен жариялапты.
Нәзипа Құлжанова 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері») журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Сөйтіп, қазақ баспасөзі қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлес қосқан. Алайда, 1929 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты мәдени, ағартушылық жұмыстармен жүйелі шұғылдана алмаған.
Бала кезінде Семей қаласында Құлжановтардың үйінде тұрып оқыған, қазір арамызда жоқ, қазақтың үлкен жазушысы Сапарғали Бегалин «Замана белестері» деп аталатын естелік кітабында олар туралы ерекше ілтипатпен жазған: «Сонан кейін әкем де ол кісілердің аты-жөнін сұрады.
– Менің атым – Нәзипа, фамилиям – Құлжанова. Ал жолдасымның аты – Нұрғали Құлжанов. Ол кісі школда сабақ береді. Бұл школды оқытушылар дайындайтын учительская семинария дейді. Мен өзім денсаулығым аз, қызмет істемеймін. Және кішкене баламыз бар деп арғы үйде Нәзипаның шешесі көтеріп жүрген кішкене баласын көрсетті. Сонымен әкемнің танысуы аяқталды». Осы еңбекте жазылғанындай, бұл үйде тұрған жылдар – сауат ашу, орыс тіліне үйрену, қала мәдениетін меңгеру жағынан С.Бегалин үшін арнайы мектептен де маңызды болған.
Ерлі-зайыпты Құлжановтардан ұрпақ қалды ма дегенге келсек, ертеректе келтірілген өмірбаяндық деректерде 1915 жылы туған ұл балалары бар екендігі көрсетілген. Оны жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» мемуарлық романындағы фактілер де растайды. Олар көптен күткен тұңғыш перзенттері Әулеттің дүниеге келуін зор қуанышпен қарсы алған. Ертіс жағасына, аралға апарып серуендетіп, қылықтарын қызықтауға тоймаған. Өкінішке қарай, қуаныштары ұзаққа созылмаған.
Н.Құлжанова артына мол мұра қалдырды. Газет-журналдардағы көптеген очерк, мақалалары бір төбе десек, «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1923), «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927) кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ, ол көптеген авторлардың еңбектерін қазақшаға аударды. Олардың қатарында Б.Лавреневтің «Қырық бірінші» (1928), А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсері» (1927), А.Скиталецтің «Дала соты» (1923), В.Короленконың «Күн тұтылғандағысы» (1923) бар.
Сонымен, сөзімізді түйіндесек Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға.
Гүлжан КӘРІБЖАНОВА
