Жаңалықтар

Қамбар әулетінің ақыры

Қамбар – қаңлының ең азулы күшті руларының бірі болған, қисарымен өмір бойы билікке таласып, талмай күрескен. Атадан балаға көшкен жаулық, ақырында асқына келе екі рудың арасындағы ешқашан бітіспейтін қанды кекке ұласады. Қамбардың басына бір рет ажал төнген екен. Парсының армиясы талқандалып, Құрыш өлгеннен кейін қаңлының әскербасылары «Қамбардың тұқы­­мын құртайық» деп серт қойысады. Істің насырға шапқанын сезген қамбарлар, дәл сол кезде бүкіл қаңлының біріккен әскерін басқарып отырған Тұмарға тарту-таралғысымен елші жібереді. Бір қы­зығы Сасан тарихшылары өздерін тарихшы емес «көшірмешіміз, хатшымыз» деп атайды. Яғни, олар тарихты жазбаған – бұрыннан бар жә­ді­­герлерді кө­шіріп құрастырған. Бұны айтып отыр­ған­дағы себеп мынада. Хикаяның басында Құ­рыш­­тың өзі қамбар руынан екені ғана айтылады. Бірақ, парсы әскерінің құрамында қамбарлардың болғандығы, олардың Құрышқа еріп бүкіл қаңлыға қарсы со­ғыс­қаны айтылмаған. Алайда, қаңлының әскер­ба­сы­лары неге қамбар әулетін жою керек деп серт қойысады? Мен осы жайында көп ойландым. Ақырында ұзақ толғаныстың барысында бабаларымыздың тарихи санасының тағы бір озық қасиетіне көзімді жеткіздім. Қаңлылар тарихты өткен-кеткеннің барлығын жіпке тізетін, жәдігер жинайтын ғылым деп қарамаған. Қаңлылар үшін тарих – ешқашан таусылмайтын экзистенциалдық хикая. Өмірде не болмайды, алайда, ертеңгі ұрпақ тату болу үшін, бүгінгі кекті тасқа басып, таңбалап қалдырып керегі жоқ. Жауың райынан қайтса, қырмызы кілемнің үстінде отырып төс қағыстырып достасса, онда оның кешегі қиянатын індетіп керегі жоқ. «Елу жылда – ел жаңа». Көңіл жаңа, жүрек жаңа. Алмаған жау, бітірмеген дау қоймаған, осы бүгінгі әлемдік тарихтын космосын жасаған бабаларымыз басынан өткен кектің тарихын жазуды керек деп таппапты. Құрметті оқырман, газеттік мақаланың аясы қаңлы мәдениетінің бұл таңғажайып құбылысын егжей-тегжейлі әңгіме етуге мүмкіндік бермейді. Енді хикаямыздың басына келейік. Тұмар әже, қамбардың елшілеріне көңіліндегі кірдің барлығын айтады. Қисарының жолы үлкен болса да, жосықсыз билікке таласып өмір бойы күрестіңдер, ол аз болғандай, өзің қаңлы болсаң да жау жағына (парсы жағына) шығып, соғысқа қатыстыңдар, аталас ағайынның қанын төктіңдер. Құрышқа көмектесіп, парсының туының астында тұрмасаң, мен, әкем Тарғытайды өлтіргендеріңді де ұмытар едім, дейді. Елшілер де өздерінің уәждерін айтады. Содан соң қамбардың біреуі Тұмар әженің кеудесіне басын қойып, «Міне, омырауыңа ернім тиді, енді балаңмен емшектеспін, енді де кешірмейсің бе?» дейді. Бұл қаңлының жан алқымға келгенде істейтін ырым-кәдесі екен. Тұмар әже амалсыз кешіреді. Бірақ қамбардың жұртын кесіп береді, осы сенің көші-қоның дейді. Шамамен қазіргі Өзбекстанның территориясына қамалған қамбарлар сахараға шыға алмайды, себебі, жолын кес-кестеп қаңлының басқа рулары тұр. Осылайша, Жиделі-Байсыннан бастап қазіргі Румыния мен Венгрияға дейін созылып жатқан далалық – Ұлы Дәштіде содан бері қамбардың көші бір рет те көрінбепті. Тұмардан кейін патша болған Жайық пен оның тұқымдарының кезінде де, қамбар мен қаңлының басқа рулары не дос, не жау екені белгісіз, екі ғасырдай уақыт амалсыз тоң-торыс көрші болып отырыпты. Әрине, қанқұмар қамбарлар екі ғасыр тып-тыныш отырды дегенге ешкім сенбес еді. Бір-екі рет қамбардың жасағы қазіргі Ауғанстанның жерінде отырған парсының шеткі жұрттарын шабады. Шабады да… парсыны билеп отырған қисарыға бетпе-бет келеді. Жолы жан-жақтан кесілген, тордың ішінде отырғандай күй кешкен қамбарлар, тордың ішіндегі аңның кебіне түсіпті, екі жүз жыл бойы бірімен-бірі ырылдасып, шайнасып, күйкі, ұсақ күрестің үстінде күнін өткізіпті. Сонымен заманнан заман өтіп, атадан асып туса да абыройсыз өмір кешкен қамбардың соңғы күні тақайды. Қамбардың түбіне жеткен адам – Ескендір Зұлқарнайын еді деп жазады жәдігерлер. Орыстың тарихи әдебиетінде Александр Македонский деп аталатын жиһангер кейінгі мұсылман дүниесінде Қос Мүйізді Ескендір деген атты иемденген. Дулы­ғасында алтыннан құйған екі мүйіз бар еді, сол үшін Қос Мүйізді Ескендір атанды делінеді. Оның кімнен туғаны, қалай өрлегені, даңқтың аспанына қалай шыққаны мыңдаған тарихи зерттеулерде егжей-тегжейлі айтылған, оны бұл жерде қайталап керегі жоқ. Бір-бірімен бақас, үнемі жауласып отыратын гректің ұсақ қала-мемлекеттерін тез арада бағындырған Ескендір енді қолдағы бар күшті топтап парсы империясымен соғысқа дайындалады. Парсымен соғысуға болады, жеңіп жаулауға да болады. Тек… арада қаңлының әскері тұрмаса. Иә, құрметті оқырман, бар кілтипан парсының жерінде қоныстанып отырған, әлемде ешкім жеңе алмаған қаңлының әскерінде еді. Не істеу керек? Қаңлының ұзын саны отыз мың сайыпқыран әскерін парсының жерінен қалай кетіру керек? Тағы бір көп айтыла бермейтін мәлімет: Ескендір Зұлқарнайынның жанындағы ақылшы-уәзірлерінің барлығы… баяғы Бабылдан қашқан сахабалар екен. Ал, олар қаңлының жайын жақсы біледі. Алғашында Ескендір қаңлының әскербасыларына «Сендер ежелден парсымен жау емес пе едіңдер, енді оларды неге қорғап тұрсыңдар, парсылар бізге де жау, қаңлы мен грек бірігіп неге парсыны шаппасқа?» деп хат жолдамақ болады. Алайда, сахабалар оны бұл жолдан айнытыпты. Қаңлылар дәл қазір парсыны билеп отыр, сондықтан олар сертіне берік халық, сенің айтқаныңа көнбейді, сен ұлы жорықтың қарсаңында сырыңды білдіріп аласың дейді. «Олай болса не істеуіміз керек?» дейді Ескендір. Қисарылардың ежелгі жауы қамбарларға елші жіберу керек дейді сахабалар. Сонымен жын-пері саясаттың доңғалағы айналып жөнеледі. Қырық шақты сахабадан тұратын Ескендірдің елшілігі айналма жолмен, қазіргі Индияның жерімен жүріп отырып ақыры қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан жерінде тар шатқалда қамалып отырған қамбарларға да жетеді. Бұл кезде қамбардың патшасы Салбақ Тегін деген адам болған. Айта кету керек, қамбардың патшасы, баяғыда Тұмардың әкесі Тарғытайды өлтіріп кеткен Салбақ Тегін батырдың тұқымы екен. Атасындай ер болсын деп соның атын қойыпты. Қамбардың қандай күйде отырғанын көрген сахабалар тәтті тілмен үйіріп келіссөзді бас­тайды. Әуелі ата жұрттан қуылған елдің намысын қайрап алып, содан соң негізгі мәселені қозғайды. Жер дүниені жаулап Ескендір деген жиһангер келе жатыр. Жаратқан ие оған ерекше міндет жүктеген, осы жолы енді қаңлы жұрты тұтастай жойылады. Тек азын-аулақ көмек керек дейді. Қамбардың патшасы ол нендей көмек дейді. Сахабалар айтады, егерде қисарыларға қарсы соғыс ашсаң, сонда күндердің күнінде біз жеңіске жеткеннен кейін сендерді жарылқаймыз, бүкіл Дәштіні мәңгі иелігіңе аласың, бізбен тату-тәтті көрші болып, ата жұртыңда көшіп-қонып жүресің дейді. Салбақ Тегін бүкіл қамбардың әскербасыларын жинап екі күндей құпия кеңес қылып, ақырында барлығын соғысқа көндіреді. Серт алысқаннан кейін сахабалар қайтып кетеді. Салбақ Тегін қамбардың әскерін бір тудың астына жинап, қар жауып тұрған қара күзде Қисарыға қарсы жойқын жорық бастайды. Атамекеннен қуылған, екі ғасырдай Дәштінің хош иісті ауасын жұта алмай әбден құса болған, ашынған қамбарлар алғашында үлкен жеңіске жетеді, ойында ештеңе жоқ, бөлек-бөлек болып қысқы қыстауына кетіп бара жатқан қисарының талай көшін шауып, қаншама адамды қырып жібереді. Қисарылар да тез ес жиып, қол жинайды. Қаңлы мен қаңлы кескілескен аяусыз майдан басталады. Соғыс қыс бойы жалғасып, көктем келіп, қар еріп жердің миы шыққанда бір толастап, жер кепкеннен кейін қайтадан жалғасады. Қаңлының басқа рулары бұл соғысқа араласпайды. Осы көктемнің басында қисарының патшасы Парсыға, сонда тұрған қисарының жасағына, тез арада қайтсын, Дәштіні өрт алды, соғысып жатырмыз деп хабаршы жібереді. Қисарының әскербасылары хабар алғаннан кейін Дарий ІІІ-ші патшамен қоштасып, асығыс Дәштіге аттанады. Бір мыңдай қаңлы ғана парсыларға қалдырылған екен. Ертеңіне-ақ, қаңлының парсыдан кеткені жайлы хабарды ести сала Ескендір Зұлқарнайын өзінің жорығын бастайды. Екі соғыс болыпты. Біреуі, Граник деген өзеннің жағасында, екіншісі Гавгамела деген жерде. Осы екі ұрыста да парсының армиясы жеңіледі. Дарьяуш патша қаңлының әскерін отқа да, суға да салыпты. Бірақ, қисарының мың әскері, қандай ер болса да, Ескендірдің жер қайысқан әскеріне төтеп бере алмайды (Кейбір дерек бойынша Ескендірдің әскерінің саны 80 мың екен). Салмақты үнемі қаңлыға салып үйренген парсының өз әскері тым-тырақай қашып, көбі сол қашып бара жатып семсер мен найзаға ілінген екен. Дарьяуш әйелі мен балаларын, азын-аулақ оққағарларын алып қашқаннан қашып отырып, Дәштіге шығып кетіпті. Осы жерде, шамамен Арал теңізінің жағасында, Ескендір Зұлқарнайынның тынымсыз қуғынынан әбден қажып шаршаған оққағарлар Дарьяушты өлтіріп, басын кесіп алып, патшаның бала-шағасымен бірге гректерге беріледі. Ескендір Зұлқарнайын парсы империясын екі-үш жылда жаулапты. Македондық жиһангердің жаулау тактикасы Құрыштың тактикасындай болған. Бірді-екілі қала ғана қарсыласып көрген. Империяның қалған шаһарлары, сол баяғыдай, қақпасын ашып жаңа жаулаушыны құшақ жая қарсы алады. Міне, «ұлы жиһангер» Ескендір Парсыны «жаулап» жатқанда, қамбарлар тоқтаусыз соғысып, қисарыларды ешқайда мойын бұрғызбай ұстап тұрыпты. Арада біраз уақыт өткенде қисарылар Парсы мемлекетінің күйреп, Ескендір Зұлқарнайының табанының астына түскенін естиді. Тағы біраз уақыттан кейін Дәштінің шетіне Ескендірдің өзі де жетеді. Қамбар мен гректің әскері қосылады. Бұны көрген, бастары қосыла бермейтін қаңлының басқа рулары ағайынға көмекке келеді, қисарыға қосылады. Жойқын ұрыс қазіргі Өзбекстанның жерінде өтеді. Осы ұрыста қаңлылар «ешқашан ешкімнен жеңіліп көрмеген» Ескендірдің кеудесін басып, менмен отын өшіріпті. Қамбар мен гректің біріккен армиясы масқара болып жеңіледі. Абыройдан айырылған Ескендір қаңлыдан сауға сұрап, қалған әскерін әзер аман сақтапты. Енді «жиһангер» қазіргі Тәжікстан мен Ауғанстанның тау-шатқалдары арқылы Солтүстік Индияға ғана кете алатын болады. Кетерінде қамбарларға «бізбен жүріңдер» деген екен. Бірақ, Салбақ Тегін бұндай ұсыныстан бас тартады, «не көрсек те осы жерде көреміз» дейді. Гректер кеткеннен соң, қамбармен сөз қысқа болыпты. Тағы бір ұрыстан кейін қамбар толықтай күйрепті. Қаңлының біріккен әскерін Жайықтың тұқымы Бұйдакен деген патша басқарған екен, Салбақ Тегінді бүкіл әскербасыларымен алдына алдырыпты. «Егер алдыма тізерлеп тұрып, белдігіңді мойныңа салып, аталарыңның бүкіл қиянаты үшін, өзіңнің бүгінгі сатқындығың үшін кешірім-сауға сұрасаң жаның қалады, ей, қамбар, бірақ, бұдан кейін бөлек-бөлек қылып әр руға олжа қылып таратып жібереміз» дейді. Салбақ Тегін күліп тұрып Бұйдакеннің аяғының астына бір түкіреді. Бұл «анаңды қатын қылдым» деген қорлық сөз екен. Бұйдакен сол жерде семсерін суырып, Салбақ Тегіннің басын бір-ақ шауып түсіріпті. Содан кейін адам айтқысыз сұмдық басталады. Бұл оқиға Варзоб деген шатқалда болған екен. Қаңлылар қамбардың еркек кіндіктісін, бірін қалдырмай қырады, тіпті соғысқа қатысқан жасөспірім балаларды аямай өлтіреді. Ес білмейтін кішкентай сәбилер мен әйелдерді ғана өлтірмепті, әр руға олжа қылып таратып жіберіпті. Тау-тасқа тығылған тәжіктер зәрелері ұшып, осы сұмдық қантөгісті бақылап тұрыпты. Қаңлының қамбар руы осылай жер бетінен көшкен екен. Саны көп еді, ер еді, бірақ патшала­рының ақымақтығынан осылай болды деп жазады жәдігерлер. Әрине, азын-аулақ қамбар шаңы­рақтары Ескендірге ілескен екен. Бүгінде Индиядағы кейбір раджпут тұқымдары осы қамбар­дан тараған екен делінеді. Өз жорамалымыз: қамбарлардың кей тұқым­дары оғыз, селжүк тайпаларына да сіңіп кетуі мүмкін. Мысалы, әзербайжандарда Гамбар деген ат, Гамбаров деген фамилия көп кездеседі. Ал Ескендір Солтүстік Индияға барып Пор деген патшамен соғысып, соның елін бағындырады. Содан соң Дарьяуштан қалған ұлы империяны меңгеруге кіріседі. Парсының бір ақсүйегінің (бір мәліметте Дарьяуштың) Раушанақ (бізше – Раушан, орысша, еуропаша – Роксана) деген қызына үйленеді, одан бір ұл бала көреді. Ол баланы тақ мұрагері деп жариялайды. Алайда, барлық уақыттағыдай жауланған елдің элитасы жаңа патшаны аздыра бастайды. Ескендір шарапқұмар, қатынқұмар, нашақорға айналады, парсының шахиншахтарына еліктеп өзін құдай деп жариялайды. Өзін пәлекеттен сақтандырмақ болған ұстазы Каллисфен деген философты арыстанға талатып өлтіреді. Өзімен құлын-тайдай тебісіп өскен кешегі балалық шақтың достары, бүгінгі әскербасы – диадохтарға, алдыма келгенде етпеттеп жатыңдар, шапанымның етегін сүйіңдер деген сияқты талаптар қоя бастайды. Ескендірдің өлімінің үш болжамы бар. Бірін­шісінде, диадохтар бір ішістің үстінде семсерлерін суырып Ескендірді кескілеп өлтіреді. Екіншісінде, Ескендір безгектен өледі. Үшіншісінде, Ескендір сахабалардың қолынан у ішіп өледі. Біздің ойымызша осы үшінші болжам-версия шындыққа келеді, себебі, сахабалардың қашанғы саясаты бойынша қызметін өтеп болған адам осылай өлтіріледі. Империя құрылды, енді Ескендірдің керегі жоқ. Оның орнына айтқанды орындайтын, ноқтаны үзбейтін басқа адам отырғызылады. Ескендір өлгенде Раушанақ тақ мұрагерін алып сарайдан қашады. Алайда, диадохтар ақтармаған жер қалдырмай тінтіп жүріп «жиһангердің» жесірін табады, баласымен қосып өлтіреді. Парсы империясының территориясында бір-біріне тәуелсіз, ал ең бастысы бір-бірімен бақас, жау бірнеше мемлекеттердің пайда болуы да сахабалардың тамаша саясатының көрінісі.  Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ  
14.11.2013 04:44 9801

Қамбар – қаңлының ең азулы күшті руларының бірі болған, қисарымен өмір бойы билікке таласып, талмай күрескен. Атадан балаға көшкен жаулық, ақырында асқына келе екі рудың арасындағы ешқашан бітіспейтін қанды кекке ұласады.
Қамбардың басына бір рет ажал төнген екен. Парсының армиясы талқандалып, Құрыш өлгеннен кейін қаңлының әскербасылары «Қамбардың тұқы­­мын құртайық» деп серт қойысады. Істің насырға шапқанын сезген қамбарлар, дәл сол кезде бүкіл қаңлының біріккен әскерін басқарып отырған Тұмарға тарту-таралғысымен елші жібереді. Бір қы­зығы Сасан тарихшылары өздерін тарихшы емес «көшірмешіміз, хатшымыз» деп атайды. Яғни, олар тарихты жазбаған – бұрыннан бар жә­ді­­герлерді кө­шіріп құрастырған. Бұны айтып отыр­ған­дағы себеп мынада. Хикаяның басында Құ­рыш­­тың өзі қамбар руынан екені ғана айтылады. Бірақ, парсы әскерінің құрамында қамбарлардың болғандығы, олардың Құрышқа еріп бүкіл қаңлыға қарсы со­ғыс­қаны айтылмаған. Алайда, қаңлының әскер­ба­сы­лары неге қамбар әулетін жою керек деп серт қойысады?
Мен осы жайында көп ойландым. Ақырында ұзақ толғаныстың барысында бабаларымыздың тарихи санасының тағы бір озық қасиетіне көзімді жеткіздім.
Қаңлылар тарихты өткен-кеткеннің барлығын жіпке тізетін, жәдігер жинайтын ғылым деп қарамаған. Қаңлылар үшін тарих – ешқашан таусылмайтын экзистенциалдық хикая. Өмірде не болмайды, алайда, ертеңгі ұрпақ тату болу үшін, бүгінгі кекті тасқа басып, таңбалап қалдырып керегі жоқ. Жауың райынан қайтса, қырмызы кілемнің үстінде отырып төс қағыстырып достасса, онда оның кешегі қиянатын індетіп керегі жоқ. «Елу жылда – ел жаңа». Көңіл жаңа, жүрек жаңа. Алмаған жау, бітірмеген дау қоймаған, осы бүгінгі әлемдік тарихтын космосын жасаған бабаларымыз басынан өткен кектің тарихын жазуды керек деп таппапты.
Құрметті оқырман, газеттік мақаланың аясы қаңлы мәдениетінің бұл таңғажайып құбылысын егжей-тегжейлі әңгіме етуге мүмкіндік бермейді.
Енді хикаямыздың басына келейік. Тұмар әже, қамбардың елшілеріне көңіліндегі кірдің барлығын айтады. Қисарының жолы үлкен болса да, жосықсыз билікке таласып өмір бойы күрестіңдер, ол аз болғандай, өзің қаңлы болсаң да жау жағына (парсы жағына) шығып, соғысқа қатыстыңдар, аталас ағайынның қанын төктіңдер. Құрышқа көмектесіп, парсының туының астында тұрмасаң, мен, әкем Тарғытайды өлтіргендеріңді де ұмытар едім, дейді. Елшілер де өздерінің уәждерін айтады. Содан соң қамбардың біреуі Тұмар әженің кеудесіне басын қойып, «Міне, омырауыңа ернім тиді, енді балаңмен емшектеспін, енді де кешірмейсің бе?» дейді. Бұл қаңлының жан алқымға келгенде істейтін ырым-кәдесі екен. Тұмар әже амалсыз кешіреді. Бірақ қамбардың жұртын кесіп береді, осы сенің көші-қоның дейді. Шамамен қазіргі Өзбекстанның территориясына қамалған қамбарлар сахараға шыға алмайды, себебі, жолын кес-кестеп қаңлының басқа рулары тұр. Осылайша, Жиделі-Байсыннан бастап қазіргі Румыния мен Венгрияға дейін созылып жатқан далалық – Ұлы Дәштіде содан бері қамбардың көші бір рет те көрінбепті.
Тұмардан кейін патша болған Жайық пен оның тұқымдарының кезінде де, қамбар мен қаңлының басқа рулары не дос, не жау екені белгісіз, екі ғасырдай уақыт амалсыз тоң-торыс көрші болып отырыпты. Әрине, қанқұмар қамбарлар екі ғасыр тып-тыныш отырды дегенге ешкім сенбес еді. Бір-екі рет қамбардың жасағы қазіргі Ауғанстанның жерінде отырған парсының шеткі жұрттарын шабады. Шабады да… парсыны билеп отырған қисарыға бетпе-бет келеді. Жолы жан-жақтан кесілген, тордың ішінде отырғандай күй кешкен қамбарлар, тордың ішіндегі аңның кебіне түсіпті, екі жүз жыл бойы бірімен-бірі ырылдасып, шайнасып, күйкі, ұсақ күрестің үстінде күнін өткізіпті.
Сонымен заманнан заман өтіп, атадан асып туса да абыройсыз өмір кешкен қамбардың соңғы күні тақайды. Қамбардың түбіне жеткен адам – Ескендір Зұлқарнайын еді деп жазады жәдігерлер. Орыстың тарихи әдебиетінде Александр Македонский деп аталатын жиһангер кейінгі мұсылман дүниесінде Қос Мүйізді Ескендір деген атты иемденген. Дулы­ғасында алтыннан құйған екі мүйіз бар еді, сол үшін Қос Мүйізді Ескендір атанды делінеді. Оның кімнен туғаны, қалай өрлегені, даңқтың аспанына қалай шыққаны мыңдаған тарихи зерттеулерде егжей-тегжейлі айтылған, оны бұл жерде қайталап керегі жоқ.
Бір-бірімен бақас, үнемі жауласып отыратын гректің ұсақ қала-мемлекеттерін тез арада бағындырған Ескендір енді қолдағы бар күшті топтап парсы империясымен соғысқа дайындалады. Парсымен соғысуға болады, жеңіп жаулауға да болады. Тек… арада қаңлының әскері тұрмаса. Иә, құрметті оқырман, бар кілтипан парсының жерінде қоныстанып отырған, әлемде ешкім жеңе алмаған қаңлының әскерінде еді. Не істеу керек? Қаңлының ұзын саны отыз мың сайыпқыран әскерін парсының жерінен қалай кетіру керек? Тағы бір көп айтыла бермейтін мәлімет: Ескендір Зұлқарнайынның жанындағы ақылшы-уәзірлерінің барлығы… баяғы Бабылдан қашқан сахабалар екен. Ал, олар қаңлының жайын жақсы біледі. Алғашында Ескендір қаңлының әскербасыларына «Сендер ежелден парсымен жау емес пе едіңдер, енді оларды неге қорғап тұрсыңдар, парсылар бізге де жау, қаңлы мен грек бірігіп неге парсыны шаппасқа?» деп хат жолдамақ болады. Алайда, сахабалар оны бұл жолдан айнытыпты. Қаңлылар дәл қазір парсыны билеп отыр, сондықтан олар сертіне берік халық, сенің айтқаныңа көнбейді, сен ұлы жорықтың қарсаңында сырыңды білдіріп аласың дейді. «Олай болса не істеуіміз керек?» дейді Ескендір. Қисарылардың ежелгі жауы қамбарларға елші жіберу керек дейді сахабалар. Сонымен жын-пері саясаттың доңғалағы айналып жөнеледі. Қырық шақты сахабадан тұратын Ескендірдің елшілігі айналма жолмен, қазіргі Индияның жерімен жүріп отырып ақыры қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан жерінде тар шатқалда қамалып отырған қамбарларға да жетеді. Бұл кезде қамбардың патшасы Салбақ Тегін деген адам болған. Айта кету керек, қамбардың патшасы, баяғыда Тұмардың әкесі Тарғытайды өлтіріп кеткен Салбақ Тегін батырдың тұқымы екен. Атасындай ер болсын деп соның атын қойыпты. Қамбардың қандай күйде отырғанын көрген сахабалар тәтті тілмен үйіріп келіссөзді бас­тайды. Әуелі ата жұрттан қуылған елдің намысын қайрап алып, содан соң негізгі мәселені қозғайды. Жер дүниені жаулап Ескендір деген жиһангер келе жатыр. Жаратқан ие оған ерекше міндет жүктеген, осы жолы енді қаңлы жұрты тұтастай жойылады. Тек азын-аулақ көмек керек дейді. Қамбардың патшасы ол нендей көмек дейді. Сахабалар айтады, егерде қисарыларға қарсы соғыс ашсаң, сонда күндердің күнінде біз жеңіске жеткеннен кейін сендерді жарылқаймыз, бүкіл Дәштіні мәңгі иелігіңе аласың, бізбен тату-тәтті көрші болып, ата жұртыңда көшіп-қонып жүресің дейді. Салбақ Тегін бүкіл қамбардың әскербасыларын жинап екі күндей құпия кеңес қылып, ақырында барлығын соғысқа көндіреді. Серт алысқаннан кейін сахабалар қайтып кетеді. Салбақ Тегін қамбардың әскерін бір тудың астына жинап, қар жауып тұрған қара күзде Қисарыға қарсы жойқын жорық бастайды. Атамекеннен қуылған, екі ғасырдай Дәштінің хош иісті ауасын жұта алмай әбден құса болған, ашынған қамбарлар алғашында үлкен жеңіске жетеді, ойында ештеңе жоқ, бөлек-бөлек болып қысқы қыстауына кетіп бара жатқан қисарының талай көшін шауып, қаншама адамды қырып жібереді. Қисарылар да тез ес жиып, қол жинайды. Қаңлы мен қаңлы кескілескен аяусыз майдан басталады. Соғыс қыс бойы жалғасып, көктем келіп, қар еріп жердің миы шыққанда бір толастап, жер кепкеннен кейін қайтадан жалғасады. Қаңлының басқа рулары бұл соғысқа араласпайды. Осы көктемнің басында қисарының патшасы Парсыға, сонда тұрған қисарының жасағына, тез арада қайтсын, Дәштіні өрт алды, соғысып жатырмыз деп хабаршы жібереді. Қисарының әскербасылары хабар алғаннан кейін Дарий ІІІ-ші патшамен қоштасып, асығыс Дәштіге аттанады. Бір мыңдай қаңлы ғана парсыларға қалдырылған екен.
Ертеңіне-ақ, қаңлының парсыдан кеткені жайлы хабарды ести сала Ескендір Зұлқарнайын өзінің жорығын бастайды. Екі соғыс болыпты. Біреуі, Граник деген өзеннің жағасында, екіншісі Гавгамела деген жерде. Осы екі ұрыста да парсының армиясы жеңіледі. Дарьяуш патша қаңлының әскерін отқа да, суға да салыпты. Бірақ, қисарының мың әскері, қандай ер болса да, Ескендірдің жер қайысқан әскеріне төтеп бере алмайды (Кейбір дерек бойынша Ескендірдің әскерінің саны 80 мың екен). Салмақты үнемі қаңлыға салып үйренген парсының өз әскері тым-тырақай қашып, көбі сол қашып бара жатып семсер мен найзаға ілінген екен. Дарьяуш әйелі мен балаларын, азын-аулақ оққағарларын алып қашқаннан қашып отырып, Дәштіге шығып кетіпті. Осы жерде, шамамен Арал теңізінің жағасында, Ескендір Зұлқарнайынның тынымсыз қуғынынан әбден қажып шаршаған оққағарлар Дарьяушты өлтіріп, басын кесіп алып, патшаның бала-шағасымен бірге гректерге беріледі.
Ескендір Зұлқарнайын парсы империясын екі-үш жылда жаулапты. Македондық жиһангердің жаулау тактикасы Құрыштың тактикасындай болған. Бірді-екілі қала ғана қарсыласып көрген. Империяның қалған шаһарлары, сол баяғыдай, қақпасын ашып жаңа жаулаушыны құшақ жая қарсы алады. Міне, «ұлы жиһангер» Ескендір Парсыны «жаулап» жатқанда, қамбарлар тоқтаусыз соғысып, қисарыларды ешқайда мойын бұрғызбай ұстап тұрыпты. Арада біраз уақыт өткенде қисарылар Парсы мемлекетінің күйреп, Ескендір Зұлқарнайының табанының астына түскенін естиді. Тағы біраз уақыттан кейін Дәштінің шетіне Ескендірдің өзі де жетеді. Қамбар мен гректің әскері қосылады. Бұны көрген, бастары қосыла бермейтін қаңлының басқа рулары ағайынға көмекке келеді, қисарыға қосылады. Жойқын ұрыс қазіргі Өзбекстанның жерінде өтеді. Осы ұрыста қаңлылар «ешқашан ешкімнен жеңіліп көрмеген» Ескендірдің кеудесін басып, менмен отын өшіріпті. Қамбар мен гректің біріккен армиясы масқара болып жеңіледі. Абыройдан айырылған Ескендір қаңлыдан сауға сұрап, қалған әскерін әзер аман сақтапты. Енді «жиһангер» қазіргі Тәжікстан мен Ауғанстанның тау-шатқалдары арқылы Солтүстік Индияға ғана кете алатын болады. Кетерінде қамбарларға «бізбен жүріңдер» деген екен. Бірақ, Салбақ Тегін бұндай ұсыныстан бас тартады, «не көрсек те осы жерде көреміз» дейді.
Гректер кеткеннен соң, қамбармен сөз қысқа болыпты. Тағы бір ұрыстан кейін қамбар толықтай күйрепті. Қаңлының біріккен әскерін Жайықтың тұқымы Бұйдакен деген патша басқарған екен, Салбақ Тегінді бүкіл әскербасыларымен алдына алдырыпты. «Егер алдыма тізерлеп тұрып, белдігіңді мойныңа салып, аталарыңның бүкіл қиянаты үшін, өзіңнің бүгінгі сатқындығың үшін кешірім-сауға сұрасаң жаның қалады, ей, қамбар, бірақ, бұдан кейін бөлек-бөлек қылып әр руға олжа қылып таратып жібереміз» дейді. Салбақ Тегін күліп тұрып Бұйдакеннің аяғының астына бір түкіреді. Бұл «анаңды қатын қылдым» деген қорлық сөз екен. Бұйдакен сол жерде семсерін суырып, Салбақ Тегіннің басын бір-ақ шауып түсіріпті. Содан кейін адам айтқысыз сұмдық басталады. Бұл оқиға Варзоб деген шатқалда болған екен. Қаңлылар қамбардың еркек кіндіктісін, бірін қалдырмай қырады, тіпті соғысқа қатысқан жасөспірім балаларды аямай өлтіреді. Ес білмейтін кішкентай сәбилер мен әйелдерді ғана өлтірмепті, әр руға олжа қылып таратып жіберіпті. Тау-тасқа тығылған тәжіктер зәрелері ұшып, осы сұмдық қантөгісті бақылап тұрыпты.
Қаңлының қамбар руы осылай жер бетінен көшкен екен. Саны көп еді, ер еді, бірақ патшала­рының ақымақтығынан осылай болды деп жазады жәдігерлер. Әрине, азын-аулақ қамбар шаңы­рақтары Ескендірге ілескен екен. Бүгінде Индиядағы кейбір раджпут тұқымдары осы қамбар­дан тараған екен делінеді.
Өз жорамалымыз: қамбарлардың кей тұқым­дары оғыз, селжүк тайпаларына да сіңіп кетуі мүмкін. Мысалы, әзербайжандарда Гамбар деген ат, Гамбаров деген фамилия көп кездеседі.
Ал Ескендір Солтүстік Индияға барып Пор деген патшамен соғысып, соның елін бағындырады. Содан соң Дарьяуштан қалған ұлы империяны меңгеруге кіріседі. Парсының бір ақсүйегінің (бір мәліметте Дарьяуштың) Раушанақ (бізше – Раушан, орысша, еуропаша – Роксана) деген қызына үйленеді, одан бір ұл бала көреді. Ол баланы тақ мұрагері деп жариялайды. Алайда, барлық уақыттағыдай жауланған елдің элитасы жаңа патшаны аздыра бастайды. Ескендір шарапқұмар, қатынқұмар, нашақорға айналады, парсының шахиншахтарына еліктеп өзін құдай деп жариялайды. Өзін пәлекеттен сақтандырмақ болған ұстазы Каллисфен деген философты арыстанға талатып өлтіреді. Өзімен құлын-тайдай тебісіп өскен кешегі балалық шақтың достары, бүгінгі әскербасы – диадохтарға, алдыма келгенде етпеттеп жатыңдар, шапанымның етегін сүйіңдер деген сияқты талаптар қоя бастайды.
Ескендірдің өлімінің үш болжамы бар. Бірін­шісінде, диадохтар бір ішістің үстінде семсерлерін суырып Ескендірді кескілеп өлтіреді. Екіншісінде, Ескендір безгектен өледі. Үшіншісінде, Ескендір сахабалардың қолынан у ішіп өледі. Біздің ойымызша осы үшінші болжам-версия шындыққа келеді, себебі, сахабалардың қашанғы саясаты бойынша қызметін өтеп болған адам осылай өлтіріледі. Империя құрылды, енді Ескендірдің керегі жоқ. Оның орнына айтқанды орындайтын, ноқтаны үзбейтін басқа адам отырғызылады.
Ескендір өлгенде Раушанақ тақ мұрагерін алып сарайдан қашады. Алайда, диадохтар ақтармаған жер қалдырмай тінтіп жүріп «жиһангердің» жесірін табады, баласымен қосып өлтіреді.
Парсы империясының территориясында бір-біріне тәуелсіз, ал ең бастысы бір-бірімен бақас, жау бірнеше мемлекеттердің пайда болуы да сахабалардың тамаша саясатының көрінісі.

 Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға