Жаңалықтар

Қырқысқан қисарылар

Кемеңгер Тұмар әжеміз немересі Аспара өлген­нен кейін тағы бір мүшел өмір сүріпті. Құ­рыш патшамен соғысқанда жасы алпыс бірде де­лінген жәдігерде. Ал қаңлының одан соң кейін­гі қазақтың адам жасын санау дәстүрінде ананың құрсағына ұрықтың дарыған күнінен бас­тап дүниеге жаратылғанға дейінгі аралықтағы 9 ай – 1 жас болып есептелінеді. Олай болса, әжеміз қаңлы мен парсының соғысы кезінде алпыста. Оған бір мүшелді қоссақ, жетпіс екі жас болады. Демек, Тұмар әжеміз жетпіс екі жасында дүниеден қайтқан. Нисан айының басы, ерте көктем еді делінген (нисан – сол кезде қабылданған Вавилон календары бойынша сәуір айына сәйкес келеді). Тағы бір жүрек елжіретерлік жолдар бар. Қаңлының анасы Тұмар қыс түсердің алдында ел ағаларын жинап, ардагерлердің елінен хабар келді, биыл Өлі қалаға қарай көшті түзеңдер деп айтты делінеді. Ардагерлер елі – тылсымға кеткен бабалардың аруақтары. Нисанның көк жауыны селдетіп тұрғанда, ардагерлер келіп Тұмар ананы алты қанаты бар ақ атқа мінгізіп, қош айтысып Бенгуташтан ары асырып алып кетті делінген. Бұл жерде, шамасы, қаңлының патшаларды жерлеу рәсімі сипатталған. Ал Тұмар ананың мәйіті қай жерге жерленгені жайындағы мәлімет бұлдыр. Өлі қала, алма көп өсетін бір үлкен шатқалға орналасқан, ол алманы жеген соқыр адамның көзі ашылады екен делінген. Бары осы. Кім біледі. Осыдан біраз жыл бұрын Алтай Республикасының бір жерінен Укок ханшайымның қабірі табылды. Алайда, Укок, зерттеушілердің пікіріне қарағанда, жастай өлген әйел екен. Алма көп өсетін шатқал деген мәліметке қарап, кейде, Алматының маңайы, Есік қорғаны емес пе екен деп ойлайсың. Әрине, бұның бәрі жорамал. Патшазада Аспара жайында да жарытып ештеңе айтылмаған. Өлгені ғана айтылады. Ал қай жерге қойылғаны жайында ешқандай мәлімет жоқ. Кейінде «Алтын адам» табылғанда, қазақ әлеуметі «Алтын адам» деп жүргеніміз сол ханзада Аспара емес пе екен» деп бір дүрліккен. Әрине, бұл да жорамал ғана. Ишпақайдан Тарғытай туыпты. Тарғытай, әкесі Ғажамға барып, сол жақта қаза болғанда 12 жастағы бала екен. Көшпенділер ерте үйленетін болған. «Он үште отау иесі» дейді қазақ. Олай болса, Тарғытай әкесінен кәмелетке келген кезінде айырылған. Бөргелтай деген ағасы қабілетсіз болыпты. Тақта көп отыра алмай, билікті інісіне береді. Тарғытайдың ұлдары көп болған, бірақ, барлығы соғыста өлген. Екі қызы болған делінеді. Бірақ, екінші қыз Тұмардан үлкен бе, кіші ме, оның тағдыры не болды – бұл жайында да ештеңе айтылмайды. Сонымен, Тарғытай өлгеннен кейін, біраз уақыттан соң таққа Тұмар отырады. «Біраз уақыттан соңының» мынадай себебі бар. Қисарылардың қолында қамбардың патшасының баласы аманатта отырады. Бірақ, қамбардың өз ішінде осы патшаның тұқымымен бақталас, билікке таласып жүрген басқа бір азулы тұқымның адамдары ақылдасып, бір күні тапа-талтүсте келіп ештеңеден қауіптенбей отырған Тарғытайды өлтіріп кетеді. Қаңлының заңы бойынша, бұндайда, қарсы шара ретінде аманатта отырған патшазада өлтірілуі керек. Ал, ол аманат – қамбардың патша­сының жалғыз ұлы екен. Патшаның жаулары, тақ­тың мұрагері сол аманаттан қайтпай қалсын, сол жақта өлтірілсін деп жасаған қулығы екен. Мақсат – мұрагері өлген патша көз жұмғанда, билікті қолға алу. Алайда, жас кезінен ақылды, айлакер Тұмар қамбардың саясатының сырын түсінеді. Аманатты өлтірмей қоя береді. Қоя бергені былай тұрсын, еліне аман-есен жеткізіп салады. Тарғытайдың кегін аламыз деп көтерілген қисарының батырлары патшайымның бұл қадамын түсінбейді, ақырында наразы болып, Тұмарды ағасы Бөргелтаймен қоса тастап, айдалаға көшіп кетеді. Алайда, билікке таласып, бірнеше жыл мәмілеге келе алмай қырқысқан қисарының рулары, соңында қайтадан келіп Тұмардың аяғына жығылады. Осылайша Тұмар патшаның тағына отырады. Патшайымның кіммен бас қосқаны, қанша перзент сүйгені белгісіз. Аспараның жалғыз немере екені ғана айтылады. Яғни, Аспара – Ишпақай әулетінің соңғы тұяғы. Немересі өлгеннен кейін Тұмар бүкіл халықты жи­нап Жайық деген жас әскербасыны қалға, тақ мұ­рагері етіп сайлайды. Содан бері қисарыларды Жа­­­­йықтың тұқымдары биледі деп жазады тарихшылар.  Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ
14.11.2013 04:42 4400

Кемеңгер Тұмар әжеміз немересі Аспара өлген­нен кейін тағы бір мүшел өмір сүріпті. Құ­рыш патшамен соғысқанда жасы алпыс бірде де­лінген жәдігерде. Ал қаңлының одан соң кейін­гі қазақтың адам жасын санау дәстүрінде ананың құрсағына ұрықтың дарыған күнінен бас­тап дүниеге жаратылғанға дейінгі аралықтағы 9 ай – 1 жас болып есептелінеді. Олай болса, әжеміз қаңлы мен парсының соғысы кезінде алпыста. Оған бір мүшелді қоссақ, жетпіс екі жас болады. Демек, Тұмар әжеміз жетпіс екі жасында дүниеден қайтқан. Нисан айының басы, ерте көктем еді делінген (нисан – сол кезде қабылданған Вавилон календары бойынша сәуір айына сәйкес келеді). Тағы бір жүрек елжіретерлік жолдар бар. Қаңлының анасы Тұмар қыс түсердің алдында ел ағаларын жинап, ардагерлердің елінен хабар келді, биыл Өлі қалаға қарай көшті түзеңдер деп айтты делінеді. Ардагерлер елі – тылсымға кеткен бабалардың аруақтары. Нисанның көк жауыны селдетіп тұрғанда, ардагерлер келіп Тұмар ананы алты қанаты бар ақ атқа мінгізіп, қош айтысып Бенгуташтан ары асырып алып кетті делінген. Бұл жерде, шамасы, қаңлының патшаларды жерлеу рәсімі сипатталған. Ал Тұмар ананың мәйіті қай жерге жерленгені жайындағы мәлімет бұлдыр. Өлі қала, алма көп өсетін бір үлкен шатқалға орналасқан, ол алманы жеген соқыр адамның көзі ашылады екен делінген. Бары осы. Кім біледі. Осыдан біраз жыл бұрын Алтай Республикасының бір жерінен Укок ханшайымның қабірі табылды. Алайда, Укок, зерттеушілердің пікіріне қарағанда, жастай өлген әйел екен. Алма көп өсетін шатқал деген мәліметке қарап, кейде, Алматының маңайы, Есік қорғаны емес пе екен деп ойлайсың. Әрине, бұның бәрі жорамал.
Патшазада Аспара жайында да жарытып ештеңе айтылмаған. Өлгені ғана айтылады. Ал қай жерге қойылғаны жайында ешқандай мәлімет жоқ. Кейінде «Алтын адам» табылғанда, қазақ әлеуметі «Алтын адам» деп жүргеніміз сол ханзада Аспара емес пе екен» деп бір дүрліккен. Әрине, бұл да жорамал ғана.
Ишпақайдан Тарғытай туыпты. Тарғытай, әкесі Ғажамға барып, сол жақта қаза болғанда 12 жастағы бала екен. Көшпенділер ерте үйленетін болған. «Он үште отау иесі» дейді қазақ. Олай болса, Тарғытай әкесінен кәмелетке келген кезінде айырылған. Бөргелтай деген ағасы қабілетсіз болыпты. Тақта көп отыра алмай, билікті інісіне береді. Тарғытайдың ұлдары көп болған, бірақ, барлығы соғыста өлген. Екі қызы болған делінеді. Бірақ, екінші қыз Тұмардан үлкен бе, кіші ме, оның тағдыры не болды – бұл жайында да ештеңе айтылмайды. Сонымен, Тарғытай өлгеннен кейін, біраз уақыттан соң таққа Тұмар отырады. «Біраз уақыттан соңының» мынадай себебі бар. Қисарылардың қолында қамбардың патшасының баласы аманатта отырады. Бірақ, қамбардың өз ішінде осы патшаның тұқымымен бақталас, билікке таласып жүрген басқа бір азулы тұқымның адамдары ақылдасып, бір күні тапа-талтүсте келіп ештеңеден қауіптенбей отырған Тарғытайды өлтіріп кетеді. Қаңлының заңы бойынша, бұндайда, қарсы шара ретінде аманатта отырған патшазада өлтірілуі керек. Ал, ол аманат – қамбардың патша­сының жалғыз ұлы екен. Патшаның жаулары, тақ­тың мұрагері сол аманаттан қайтпай қалсын, сол жақта өлтірілсін деп жасаған қулығы екен. Мақсат – мұрагері өлген патша көз жұмғанда, билікті қолға алу. Алайда, жас кезінен ақылды, айлакер Тұмар қамбардың саясатының сырын түсінеді. Аманатты өлтірмей қоя береді. Қоя бергені былай тұрсын, еліне аман-есен жеткізіп салады. Тарғытайдың кегін аламыз деп көтерілген қисарының батырлары патшайымның бұл қадамын түсінбейді, ақырында наразы болып, Тұмарды ағасы Бөргелтаймен қоса тастап, айдалаға көшіп кетеді. Алайда, билікке таласып, бірнеше жыл мәмілеге келе алмай қырқысқан қисарының рулары, соңында қайтадан келіп Тұмардың аяғына жығылады. Осылайша Тұмар патшаның тағына отырады. Патшайымның кіммен бас қосқаны, қанша перзент сүйгені белгісіз. Аспараның жалғыз немере екені ғана айтылады. Яғни, Аспара – Ишпақай әулетінің соңғы тұяғы. Немересі өлгеннен кейін Тұмар бүкіл халықты жи­нап Жайық деген жас әскербасыны қалға, тақ мұ­рагері етіп сайлайды. Содан бері қисарыларды Жа­­­­йықтың тұқымдары биледі деп жазады тарихшылар.

 Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға