Жаңалықтар

«Торғай толғауы» романы

Қазіргі шығармаларда адамдардың өзара байланыстары тарихының, қызығулар мен қарсылықтардың неғұрлым анық та толық көріне бастауы кездейсоқ құбылыс емес. Бұл -жалпы қоғам өмірінің демократиялана түсуіне, творчестволық бастама мен батылдыққа, іздену мен табуға жол кеңірек ашылуына қатысты мәселе. Совет әдебиетінің бүкіл даму тарихы осы жағдайды әзірлегенін есте түту керек. Жақсы шығарма мен жасанды шығарма уақыт тандап тумайды. Мәселен, орыс әдебиетінде 20 жылдарда туған «Темір тасқын», «Чапаев», «Тас-талқандар» классикалық мура болып калыптасты. Сол секілді аталған дәуірдің туындысы «Тар жол, тайғақ кешу» де - қазақ әдебиетінің үздік ескерткіштерінің бірі. Ал күні кеше жарияланған талай шығарманың оқушы жадынан шығып, умыт болғаны қаншама? Бул - мәселенің бір жағы. Сонымен қатар әр дәуірдің әдебиетіне тән жалпы сипаттар да болатыны белгілі. Мәселен, бесжылдықтар немесе соғыстан кейінгі кезең әдебиеті мен дәл қазіргі әдебиет арасында эстетикалық тұрғыдан едәуір айырымдар барға ұқсайды. Сол ерекшеліктерді санап жатпай, бір-ақ қырына назар салсақ та, бұл қисынның шындығы көрінгендей. Адамның анкеталық, ресми деректеріне ғана сүйенбей, нағыз «пенделік»,   даралық  тағдырына  көбірек   көңіл  бөлушілік, жалтылдаған сырт болмыстардың тасасынан ішкі, шын өмірді көруге умтылушылық, даналықты да, қызықты да өмір ағысынан таба білушілік - қазіргі көп шығармаларға тән нышандар. Қызметі, лауазымы үлкен болсын, кіші болсын, өндірістік көрсеткіштері мен мінездемелері, әлеуметтік тегі мен интеллектуал шоқысы түрлі деңгейде тұрған адамның қай-қайсысы да шығармалардан көрінуі әдебиеттің сан, сапа жағынан байығанына кепіл. Әсіресе, қаһармандардың іс-әрекетіне түпкі себепті іздестіру, ақиқатты тұтас тұлғасымен көрсету, әлеуметтік зерттегіштік күшею - бүкіл совет әдебиетінің, соның ішінде қазақ әдебиетінің соңгы жылдарда бойға еркін сіңірген олжасы. Кейінгі жылдарда жарық көрген ірі прозалық шығармалардан әдебиетімізге дарып келе жатқан соны сипаттар неғұрлым айқынырақ аңғарылады. Мұны біз прозамен бұл күнде дендеп шұғылданып жүрген Т.Әлімқұлов, С.Шәймерденов, Т.Ахтанов, Ө.Қанахин, Н.Ғабдуллин, Ш.Мұртазаев, С.Жүнісов, Р.Тоқтаров, А.Нұрмановтың роман, повестерінен де көреміз. Прозашылар қатарын қалыңдатып, өз қалам сілтесін, өзіндік өрнегін таныта бастаған өзге де есімдерді атауға болады. Солардың бірі - бұл күнде дарынды жас жазушылар қатарында атала бастаған Жайсаңбек Молдағалиев. Бұдан бірер жыл бурын жарияланған «Жаз ерке» атты повесі оны әдебиетші қауым ортасына еркін ендіріп еді. Ж.Молдағалиевтің келесі кітабы - «Торғай толғауы» романы автордың суреткерлік сапарына мықтап түскенін, ізденгіштігін және өмір құбылыстарын көркемдік шындыққа бөлеп көрсетуге кабілеттілігін анықтай түсті. «Торғай толғауына» тек жас автордың алғашқы романы деп қана қарамай, біраз әңгімелей кету де керек. Ең алдымен жазушының «Торғай толғауы» арқылы көрінген кейбір жалпы ерекшелігін атап өту ләзім. Біздің аңғаруымызша, Ж.Молдағалиев бұл романында оқиғалар мен характерлерді қарапайым, әсерлі, жүрдек суреттей біледі. Жас жазушының күнделікті тіршілік ағысынан қызық та, ғибрат боларлық та қубылыстарды көре білуі жақсы қасиет деп түсінеміз. Көркем шығарманың қайсысын болса да адамның шыншыл тағдырына құрып үйрену көркемдіктің де, мазмұндылықтың да шарты екенін әдебиет тәжірибесі дәлелдеп келеді. Қазіргі көп шығармалардағы әсерсіздік, тартымсыздықтан айығар үміт те осы жолда тәрізді. «Торғай толғауының» авторы соғыстан кейінгі қазақ ауылын, қоғамдық өмірдің де, адамдар тарихының да сол мезгілге тән ақиқатын ашуға талаптанған. Романнан бірнеше семья адамдарының жай-күйлері, тулғасы, ықылас-аңсарлары көрініс береді. Осылардың ішінен бірнеше тулға туралы арнайы әңгімелеу жөн. Сонда біздің аузымызға алдымен Қарамеңді түссе керек. Ел ішінде беделді, ісіне тиянақты, айтса мәмілесіне сендірерлік парасатты кісі Қараменді - өзінің ерекше тағдырымен және даралық келбетімен әдебиетімізге сонылық әкелетін тұлғалардың бірі. Әдетте, колхоз, совхоз өмірі туралы шығармаларда тартыстың бір үшын не колхоз бастығы, не директор, не партком секретарь устап жүруші еді. Мұның да өзіндік растығы бар нәрсе. Өйткені, ауыл өміріндегі елеулі оқиға жергілікті басшыларға тірелмей, не жанаспай өтпейді ғой. Бірақ қалауын тапса, қар жанады... Соғыстан кейінгі дәуірде әлсіреген колхоз шаруашылығын қалпына келтіретін жігерлі жандар керек еді. Солардың бірі ретінде қатардағы колхозшы Қарамеңді көрінеді. Бірақ муның еркін көсілуіне мүмкіндік бола бермейді. Ауыл белсенділері Султанғазы мен Бәкен оның соғыс кезінде басынан кешкен кінәратты бір халін біліп, Қарамеңді басын шырғалаңға түсіреді. Колхоздың бас көтерер адамын осылай сарсаңға сала берсек, бізге оралғы болар кісі қалмайды деп есептейді олар. Жемқор жытқырлар түбінде Қараменді колхоз бастық болып кете ме деп сескенеді. Міне, адал еңбекші Қарамеңді мен Султанғазылар арасындағы іштей-тыстай қырбай, қайшылық көріністері романда жүйелі желі қурайды. Бұлардың мінезі сыналатын бірталай тұстар бар. Қызмет бабы үлкен емес Қараменді әр кезде де шын адамдық, пайымдылық көрсетеді: колхоздың абыройы үшін аянбай еңбек етеді, майданда опат болған досы Мезгілбайдың семьясына қолдан келгенінше қарасады: Мезгілбайдың әйелі -Бәтестің намысын қорғасады; өзі сезген істегі, мінездегі міндерді тайсалмай тура айтады. Әсіресе атап өтерлігі -Қарамеңдінің туған халқының кешегі, бүгінгі тарихы мен жағдайын түсіне білетіндігі, өзінше түйіндер жасауға қабілеттілігі. Мәселен, ол бірде қазақтың көшпелі өмірі қалыптастырған кейбір әдет-ғұрыптарды сынап сөйлейді; халық тарихында ертеде із қалдырған қайраткерлер жөнінде өз топшылауы да бар. Осының бәрін ол білім салыстыру үшін айтпайды, реті, иіні келген кезде ғана шым-шымдап шығарады. Мұньвд өзі оның саналы, сауатты, қызуқанды, жомарт жанды адам екендігін сипаттайды. Қапылыста бір мүлт кетіп, кейін фашистерге қарсы күрескен партизандар қатарында болған Қарамеңді ол жақта жүргенде де көп нәрсені көріп, өзінше бағалаған тәрізді. Автор оның бойына мөлшерсіз қасиеттер қоспаған, қолдан көтермелемеген, Қарамеңдінің қарапайым ерлігі, қандай қиын сын кездессе де аспай-саспайтын табандылығы, ағайынға, маңайындағыларға саналы бауырмалдығы, мансапқа құмартпай, көп еңбек сіңіруге тырысатындығы -рухани тазалығына, талай адамнан ірілігіне айғақ. «Торғай толғауындағы» көңіл аударарлық тұлғалардың бірі - Бәтес. Мектеп мұғалімі Бәтес те анау айтқан үлкен істер тындырады дей алмаймыз. Мұның да ерекшелігі - күшті сезім, сана иесі екендігінде. Кезінде өлкесіңдегі жақсы жігіттердің бірі болған Мезгілбайдың сүйікті әйелі Бәтес қосағынан айырылып, қасіретті күн кешеді. Майданда өлген Мезгілбайдан күдер үзсе де, Бәтес теңін таппай шаттыққа беріле алмайды. Бәтес ойлаған, көңілі сүйерлік жан айналасында жоқ. Міне, биік парлаған көңіл мен қатал болмыс шындығының қайшылығы осындай. Автор Бәтес тағдырын биік поэзияға бөлеп, оның қасіретінің өзін күшті айта білген. Бәтес тулғасы - кешегі соғыста сүйген жарларын күтіп, санамен сарғайған, тұрмысы төмендесе де, көңілін, арманын төмендетпеген, тағдыр талқысына түскен, бақытқа, қызыққа жаралған, бірақ дегеніне жетпеген әзиз аруларға көркем ескерткіш. Романдағы ұнамды тұлғалардан Зинахмет бейнесіне де кідірейік. Автор обком секретары қызметіндегі адамның жеке өмір өлкелерін таныстыруға ниеттенген. Ол қызметтің үлкендігі адам бақытының кепілі бола бермейтінін аңғартқысы келгендей. Сырт атағы дардай Зинахмет - әлі өз ошағын орнатып үлгірмеген, көңілінде арманы бар адам. Аз көрінсе де, Зинахмет тұлғасының жеке қырлары елес беріп өтеді. Бірақ жазушы оның жай-күйін түбірлеп айтуды мақсат етпеген секілді. Сондықтан ол эпизодтық кейіпкер қатарында қалып қойған. Алайда, Зинахмет тұлғасында кейбір жасандылық, нанымсыздық сезілетінін де айту керек. Автор Зинахмет пен Бәтес арасының қатынас шындығын тым созалаңға салған. Тез келем деп Бәтеске уәде беріп, артынан тіршілік қарбаласының ағысынан шыға алмай қалуы Зинахмет бағасын өсірмейді. Онан соң ол Бәтеске деген хатын Красноруцкийден беріп жіберді деу де үйлеспейді. Қысқасы, Зинахмет мінез, тұлға айқын ашыларлық ситуацияға түспеген. Романда аз көрінсе де нақтырақ, жандырақ шыққан кейіпкерлер бар. Мәселен, Мезгілбайдың шешесінің сөздері мен істері барынша табиғи. Тағдыр тауқыметін тартқан ақылды кемпірдің шарасыз кейпі, парасатты ойлары сурет боп түскен. Немесе Қарамендінің әйелі Айғаным бейнесін алып көрейік. Ол арқылы инабатты, есті, намысты, аз сейлеп, көп бейнеттенетін қазақ әйелінің тұлғасы көз алдымызға келеді. «Торғай толғауы» романында жасалған қызғылықты типтердің бірі - Султанғазы. Бул - біздің заманымызға ескіліктен ауысып келген, қай қоғамда да күнін көріп жүре беретін, жағдайға қарай құбылғыш, қауіпті мінез. Сұлтанғазының сөзі мен ісі екі бөлек. Жазушының бізге салдарлы адам характерлерін таба білетіндігі және олардың әлеуметтік кескіні мен ішін ашып көрсетуге қабілеттілігі, мінезді ғана емес, қоғам мен ортаның жағдайын қиюластырып суреттейтіндігі ұнайды. Дегенмен, Ж.Молдағалиев романының олқы жатқан жерлері де көзге түседі. Мінез ашпайтын, келді-кеттісі жоқ эпизодтар мен кішігірім оқиғаларды әлі де екшей, сыға түссе, шығарма ұта түскен болар еді. Қайталау да байқалады. Шығарма қаһарманының өзіндік даралық ерекшелігі, басқалармен қарым-қатынасының шындығы айтылған жерде суреткер табысқа жете алатындығын көп мысалдан көруге болады. Мұның өзі қаламгерден шын зерттегіштік қабілетті керек етеді. Адамдар өмірін, әлеуметтік зандылықтарды неғұрлым көп білу міндеті алғы кезекке шығып отыр. Қазір қаламгерлеріміз өмірді өз мұнарасынан қарап тану, шығармаларына мазмұндық, формалық сонылық нышандарын дарыту қажеттігін ескеріп келеді. Мәселен, кейінгі жылдарда жарияланған бірталай роман құрылыстық жағынан да түрліше, қызғылықты.
13.11.2013 11:03 5579

Қазіргі шығармаларда адамдардың өзара байланыстары тарихының, қызығулар мен қарсылықтардың неғұрлым анық та толық көріне бастауы кездейсоқ құбылыс емес. Бұл -жалпы қоғам өмірінің демократиялана түсуіне, творчестволық бастама мен батылдыққа, іздену мен табуға жол кеңірек ашылуына қатысты мәселе. Совет әдебиетінің бүкіл даму тарихы осы жағдайды әзірлегенін есте түту керек.

Жақсы шығарма мен жасанды шығарма уақыт тандап тумайды. Мәселен, орыс әдебиетінде 20 жылдарда туған «Темір тасқын», «Чапаев», «Тас-талқандар» классикалық мура болып калыптасты. Сол секілді аталған дәуірдің туындысы «Тар жол, тайғақ кешу» де - қазақ әдебиетінің үздік ескерткіштерінің бірі. Ал күні кеше жарияланған талай шығарманың оқушы жадынан шығып, умыт болғаны қаншама? Бул - мәселенің бір жағы.

Сонымен қатар әр дәуірдің әдебиетіне тән жалпы сипаттар да болатыны белгілі. Мәселен, бесжылдықтар немесе соғыстан кейінгі кезең әдебиеті мен дәл қазіргі әдебиет арасында эстетикалық тұрғыдан едәуір айырымдар барға ұқсайды. Сол ерекшеліктерді санап жатпай, бір-ақ қырына назар салсақ та, бұл қисынның шындығы көрінгендей. Адамның анкеталық, ресми деректеріне ғана сүйенбей, нағыз «пенделік»,   даралық  тағдырына  көбірек   көңіл  бөлушілік, жалтылдаған сырт болмыстардың тасасынан ішкі, шын өмірді көруге умтылушылық, даналықты да, қызықты да өмір ағысынан таба білушілік - қазіргі көп шығармаларға тән нышандар. Қызметі, лауазымы үлкен болсын, кіші болсын, өндірістік көрсеткіштері мен мінездемелері, әлеуметтік тегі мен интеллектуал шоқысы түрлі деңгейде тұрған адамның қай-қайсысы да шығармалардан көрінуі әдебиеттің сан, сапа жағынан байығанына кепіл. Әсіресе, қаһармандардың іс-әрекетіне түпкі себепті іздестіру, ақиқатты тұтас тұлғасымен көрсету, әлеуметтік зерттегіштік күшею - бүкіл совет әдебиетінің, соның ішінде қазақ әдебиетінің соңгы жылдарда бойға еркін сіңірген олжасы.

Кейінгі жылдарда жарық көрген ірі прозалық шығармалардан әдебиетімізге дарып келе жатқан соны сипаттар неғұрлым айқынырақ аңғарылады. Мұны біз прозамен бұл күнде дендеп шұғылданып жүрген Т.Әлімқұлов, С.Шәймерденов, Т.Ахтанов, Ө.Қанахин, Н.Ғабдуллин, Ш.Мұртазаев, С.Жүнісов, Р.Тоқтаров, А.Нұрмановтың роман, повестерінен де көреміз. Прозашылар қатарын қалыңдатып, өз қалам сілтесін, өзіндік өрнегін таныта бастаған өзге де есімдерді атауға болады.

Солардың бірі - бұл күнде дарынды жас жазушылар қатарында атала бастаған Жайсаңбек Молдағалиев. Бұдан бірер жыл бурын жарияланған «Жаз ерке» атты повесі оны әдебиетші қауым ортасына еркін ендіріп еді. Ж.Молдағалиевтің келесі кітабы - «Торғай толғауы» романы автордың суреткерлік сапарына мықтап түскенін, ізденгіштігін және өмір құбылыстарын көркемдік шындыққа бөлеп көрсетуге кабілеттілігін анықтай түсті. «Торғай толғауына» тек жас автордың алғашқы романы деп қана қарамай, біраз әңгімелей кету де керек.

Ең алдымен жазушының «Торғай толғауы» арқылы көрінген кейбір жалпы ерекшелігін атап өту ләзім. Біздің аңғаруымызша, Ж.Молдағалиев бұл романында оқиғалар мен характерлерді қарапайым, әсерлі, жүрдек суреттей біледі. Жас жазушының күнделікті тіршілік ағысынан қызық та, ғибрат боларлық та қубылыстарды көре білуі жақсы қасиет деп түсінеміз. Көркем шығарманың қайсысын болса да адамның шыншыл тағдырына құрып үйрену көркемдіктің де, мазмұндылықтың да шарты екенін әдебиет тәжірибесі дәлелдеп келеді. Қазіргі көп шығармалардағы әсерсіздік, тартымсыздықтан айығар үміт те осы жолда тәрізді.

«Торғай толғауының» авторы соғыстан кейінгі қазақ ауылын, қоғамдық өмірдің де, адамдар тарихының да сол мезгілге тән ақиқатын ашуға талаптанған. Романнан бірнеше семья адамдарының жай-күйлері, тулғасы, ықылас-аңсарлары көрініс береді. Осылардың ішінен бірнеше тулға туралы арнайы әңгімелеу жөн. Сонда біздің аузымызға алдымен Қарамеңді түссе керек. Ел ішінде беделді, ісіне тиянақты, айтса мәмілесіне сендірерлік парасатты кісі Қараменді - өзінің ерекше тағдырымен және даралық келбетімен әдебиетімізге сонылық әкелетін тұлғалардың бірі. Әдетте, колхоз, совхоз өмірі туралы шығармаларда тартыстың бір үшын не колхоз бастығы, не директор, не партком секретарь устап жүруші еді. Мұның да өзіндік растығы бар нәрсе. Өйткені, ауыл өміріндегі елеулі оқиға жергілікті басшыларға тірелмей, не жанаспай өтпейді ғой. Бірақ қалауын тапса, қар жанады...

Соғыстан кейінгі дәуірде әлсіреген колхоз шаруашылығын қалпына келтіретін жігерлі жандар керек еді. Солардың бірі ретінде қатардағы колхозшы Қарамеңді көрінеді. Бірақ муның еркін көсілуіне мүмкіндік бола бермейді. Ауыл белсенділері Султанғазы мен Бәкен оның соғыс кезінде басынан кешкен кінәратты бір халін біліп, Қарамеңді басын шырғалаңға түсіреді. Колхоздың бас көтерер адамын осылай сарсаңға сала берсек, бізге оралғы болар кісі қалмайды деп есептейді олар. Жемқор жытқырлар түбінде Қараменді колхоз бастық болып кете ме деп сескенеді. Міне, адал еңбекші Қарамеңді мен Султанғазылар арасындағы іштей-тыстай қырбай, қайшылық көріністері романда жүйелі желі қурайды.

Бұлардың мінезі сыналатын бірталай тұстар бар. Қызмет бабы үлкен емес Қараменді әр кезде де шын адамдық, пайымдылық көрсетеді: колхоздың абыройы үшін аянбай еңбек етеді, майданда опат болған досы Мезгілбайдың семьясына қолдан келгенінше қарасады: Мезгілбайдың әйелі -Бәтестің намысын қорғасады; өзі сезген істегі, мінездегі міндерді тайсалмай тура айтады. Әсіресе атап өтерлігі -Қарамеңдінің туған халқының кешегі, бүгінгі тарихы мен жағдайын түсіне білетіндігі, өзінше түйіндер жасауға қабілеттілігі. Мәселен, ол бірде қазақтың көшпелі өмірі қалыптастырған кейбір әдет-ғұрыптарды сынап сөйлейді; халық тарихында ертеде із қалдырған қайраткерлер жөнінде өз топшылауы да бар. Осының бәрін ол білім салыстыру үшін айтпайды, реті, иіні келген кезде ғана шым-шымдап шығарады. Мұньвд өзі оның саналы, сауатты, қызуқанды, жомарт жанды адам екендігін сипаттайды. Қапылыста бір мүлт кетіп, кейін фашистерге қарсы күрескен партизандар қатарында болған Қарамеңді ол жақта жүргенде де көп нәрсені көріп, өзінше бағалаған тәрізді.

Автор оның бойына мөлшерсіз қасиеттер қоспаған, қолдан көтермелемеген, Қарамеңдінің қарапайым ерлігі, қандай қиын сын кездессе де аспай-саспайтын табандылығы, ағайынға, маңайындағыларға саналы бауырмалдығы, мансапқа құмартпай, көп еңбек сіңіруге тырысатындығы -рухани тазалығына, талай адамнан ірілігіне айғақ.

«Торғай толғауындағы» көңіл аударарлық тұлғалардың бірі - Бәтес. Мектеп мұғалімі Бәтес те анау айтқан үлкен істер тындырады дей алмаймыз. Мұның да ерекшелігі - күшті сезім, сана иесі екендігінде. Кезінде өлкесіңдегі жақсы жігіттердің бірі болған Мезгілбайдың сүйікті әйелі Бәтес қосағынан айырылып, қасіретті күн кешеді. Майданда өлген Мезгілбайдан күдер үзсе де, Бәтес теңін таппай шаттыққа беріле алмайды. Бәтес ойлаған, көңілі сүйерлік жан айналасында жоқ. Міне, биік парлаған көңіл мен қатал болмыс шындығының қайшылығы осындай.

Автор Бәтес тағдырын биік поэзияға бөлеп, оның қасіретінің өзін күшті айта білген. Бәтес тулғасы - кешегі соғыста сүйген жарларын күтіп, санамен сарғайған, тұрмысы төмендесе де, көңілін, арманын төмендетпеген, тағдыр талқысына түскен, бақытқа, қызыққа жаралған, бірақ дегеніне жетпеген әзиз аруларға көркем ескерткіш.

Романдағы ұнамды тұлғалардан Зинахмет бейнесіне де кідірейік. Автор обком секретары қызметіндегі адамның жеке өмір өлкелерін таныстыруға ниеттенген. Ол қызметтің үлкендігі адам бақытының кепілі бола бермейтінін аңғартқысы келгендей. Сырт атағы дардай Зинахмет - әлі өз ошағын орнатып үлгірмеген, көңілінде арманы бар адам. Аз көрінсе де, Зинахмет тұлғасының жеке қырлары елес беріп өтеді. Бірақ жазушы оның жай-күйін түбірлеп айтуды мақсат етпеген секілді. Сондықтан ол эпизодтық кейіпкер қатарында қалып қойған.

Алайда, Зинахмет тұлғасында кейбір жасандылық, нанымсыздық сезілетінін де айту керек. Автор Зинахмет пен Бәтес арасының қатынас шындығын тым созалаңға салған. Тез келем деп Бәтеске уәде беріп, артынан тіршілік қарбаласының ағысынан шыға алмай қалуы Зинахмет бағасын өсірмейді. Онан соң ол Бәтеске деген хатын Красноруцкийден беріп жіберді деу де үйлеспейді. Қысқасы, Зинахмет мінез, тұлға айқын ашыларлық ситуацияға түспеген.

Романда аз көрінсе де нақтырақ, жандырақ шыққан кейіпкерлер бар. Мәселен, Мезгілбайдың шешесінің сөздері мен істері барынша табиғи. Тағдыр тауқыметін тартқан ақылды кемпірдің шарасыз кейпі, парасатты ойлары сурет боп түскен. Немесе Қарамендінің әйелі Айғаным бейнесін алып көрейік. Ол арқылы инабатты, есті, намысты, аз сейлеп, көп бейнеттенетін қазақ әйелінің тұлғасы көз алдымызға келеді.

«Торғай толғауы» романында жасалған қызғылықты типтердің бірі - Султанғазы. Бул - біздің заманымызға ескіліктен ауысып келген, қай қоғамда да күнін көріп жүре беретін, жағдайға қарай құбылғыш, қауіпті мінез. Сұлтанғазының сөзі мен ісі екі бөлек.

Жазушының бізге салдарлы адам характерлерін таба білетіндігі және олардың әлеуметтік кескіні мен ішін ашып көрсетуге қабілеттілігі, мінезді ғана емес, қоғам мен ортаның жағдайын қиюластырып суреттейтіндігі ұнайды.

Дегенмен, Ж.Молдағалиев романының олқы жатқан жерлері де көзге түседі. Мінез ашпайтын, келді-кеттісі жоқ эпизодтар мен кішігірім оқиғаларды әлі де екшей, сыға түссе, шығарма ұта түскен болар еді. Қайталау да байқалады.

Шығарма қаһарманының өзіндік даралық ерекшелігі, басқалармен қарым-қатынасының шындығы айтылған жерде суреткер табысқа жете алатындығын көп мысалдан көруге болады. Мұның өзі қаламгерден шын зерттегіштік қабілетті керек етеді. Адамдар өмірін, әлеуметтік зандылықтарды неғұрлым көп білу міндеті алғы кезекке шығып отыр. Қазір қаламгерлеріміз өмірді өз мұнарасынан қарап тану, шығармаларына мазмұндық, формалық сонылық нышандарын дарыту қажеттігін ескеріп келеді. Мәселен, кейінгі жылдарда жарияланған бірталай роман құрылыстық жағынан да түрліше, қызғылықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға