Жаңалықтар

«Күншуақ» повесі

Жазушы Сейітжан Омаровтың «Күншуақ» атты повесінде қазақ ауылының ¥лы Отан соғысы қарсаңындағы ахуалы әңгімеленген. «Күншуақ» повесінде көтерілген идеялар да бүгінгі күн сурауларына тығыз қатысты. Адамдар арасында кездесетін, өсуімізге залалы көп - күншілдік, ескішілдік, пайдакүнемдік психологиясы өмірде қаншалық зиянды екенін шығармада суреттелген ситуация анық аңғартады. Үстірт қарағанда, онша қомақты оқиғасы жоқ сияқтанатын повесте адам өмірінің, пейіл (нрав) мәселесінің күрделі түйіндері сөз болған... Бір-бірімен сүйіп қосылған екі жас - Мәдияр мен Балзияны қыздырманың қызыл тілі, ортадағы өсекшілдер айырып, тату семьяны бүлдіреді. Ақырында жанашыр дос адамдардың араласуымен, дәнекерлік етуімен семья қайта орнайды. Автор бул шындықты «осылай болды» деп тіркеп өте шықпайды, көркем шығарма үшін ең қажетті нәрсе - адамдар байланысының тарихына барады. Повесте қызғылықты адам мінездері бар. Адал, әділ, қарапайым - Мәдияр, өзін-өзі устай білетін, ақылды, сезімтал әйел - Шырынкүл, сұлу, есті, бірақ тәжірибесіз Балзия, дүниеқор, саудагер әйел - Зылиха, ескі ғұрыптар (кудалык, жекжаттық т.б.) тасасымен жеңіл өмір сүргісі келетін Асайын елеулі әлеуметтік типтер деуге болады. Автор өмір қайшылығын, санадағы ескілік пен жаңаның күресін күнделікті табиғи тіршілік көріністерінен тапқан. Бір атап өтерлігі сол - унамды, унамсыз адамдар тек жаратылысынан солай делінбей, істеріне, пейіліне қарай анықталады. Ауыл муғалімдері Мәдияр, Шырынкүл -айналасына білім, мәдениет, жаңа сана таратуды мурат тутқандар. Осындай дүниетаным булардың мінезі мен істерінің де сырын айқындайтын белгі болып шыққан. Әйелі өлген соң, балдызы - Балзияны алуға умтылған, кейіннен «бажасы» Мәдиярдың қызмет бабын өз пайдасына жаратпақ болған Асайынның қоғам этикасына жат, ескішіл ниеті оны ақырывда усақтыққа, азғындыққа апарады. Автор қоғамның «күріш арқасында су ішпек болған күрмектерінің» табиғатын танытады. Қоғамның бағыты түзу, мұраты асыл болуы адамдар мінезін жедел өзгертіп жібере қоймайды. Ел ішінде озық пен қалық, еңбекші мен жемқор қатар тіршілік кеше береді, осылардың арасында қайшылық, күрестер жүріп жатады. Және мұндайда жеңіс барлық ретте қалайда жаңаның қолына оңай түсуге тиіс деп ойлау да бекер, ұтылыстар, өкініштер де кездеседі. С.Омаров «Күншуақ» повесінде өмірдің осындай шытырман астарларын, құпия сырларын көре білген. Саудагер әйел Зылиха мен дүмше муғалім Асайын бірлесе қимылдап, сүттей ұйып отырған жас семьяның - Мәдияр мен Балзияның - шырқын бузуға жарады. Автор ақылды Балзияның өсек сөзге илану, жолдан адасу процесін өмірге де, мінезге де сай көрсетеді. Сондай-ақ Асайын мен Зылиханың ортақ тіл табуы да сенімді. Бірі муғалім, бірі саудагер делінгенімен бұлардың іштей «туыстығы» бар. Ол - қоғамға аз беріп, көп алғысы келушілік, ебін тауып екі асауға даярлық, қоғам алдындағы парыз дегенді уқпаушылық. Міне, осындай ниеті төмен, моральдік тұрғысы солқылдақ адамдар қастасқан кісілеріне залал шектіруге келгенде шебер-ақ... Повесть көлемінде ұнамсыз кейіпкерлер (Асайын, Зылиха) әрекетінің адал, таза жандардан ұтымдырақ көрінуін шығарма кемшілігі деп қарау біржақты болар еді. Мұның себебін нақтылы өмір материалынан, объективтік шындықтан іздеген жөн. Жақсылықтың жолы алыс, жүгі ауыр. Мәдияр, Шырынкүл бастаған игі істердің нәтижесі (теориялық жағынан алғанда бір класс шәкірттерін түгелдей жақсы оқыту мәселесі даулы да) тез шыға қоймайтыны анық. Бул жолда шеккен бейнет көзге де оңай көріне қоймайды. ¥намды кейіпкерлердің жарқ етіп елес берер істері кем сияқтанатыны осыдан. Ал Асайындар мақсаты қол жетер жерде. Олар есебін тауып Мәдиярдың басын кірлесе (булардың дегені уақытша іске асады да) зор арманына жеткендей. Мақсатына қарай әрекеті. Асайын мен Зылиха дүниеқоңыздың салтын ұстанады. Оларға тікелей пайдасы тиген адам - дос, зәредей пікірі бөлектер - душпан. Булардың күші - ескілікте, заманы өтіп бара жатқан қарым-қатынастарда. Ол қурғырлардың «бурын жудырықтап» қалғыштығы да өрісінің тарлығына, алдының булдырлығына, умтылар, сеніммен көз тігер сәулесінің жоқтығына байланысты. Әзәзіл сөзі, дүниеге қызыққыштық, ескіні көксеу - жаңа семьяларды бұзатын үлкен кесел екені повесте нравтық проблема дәрежесіне көтерілген. «Күншуақта» әлгіндей қаскүнем күштерге қарсы күресетін адамдар әрекеті де олқы емес. Мәселен, Мәдиярдың адал досы Шырынкүл жас жұбайларды қайта татуластыру, шындық пен жалғанға олардың көзін жеткізу жөнінде көп уақыт, қажыр жұмсайды. Бұған қарағанда Мәдиярдың іс-әрекеті онша әсерлі болып көрінбейді. Мәдиярдың бойындағы қасиеттерін неге ұрымтал тұсынан ұтымды көрсетпеген деп авторға кінә артуға да болар еді. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар ғой. Ол - авторлык тұрғы, яғни авторлық позиция. Суреткер кейіпкер өмірінің қай кезеңін алып жазуға да ерікті. Адам ылғи жеңіс пен табыс үстінде жұрмейтіні әзелден мәлім. Кейбір жеңіліс, сәтсіздік жеңіске жетуге жол ашуы мүмкін. Көркем шығарма үшін белгілі шындықтардың түпкі нәтижесін емес, барысын, тарихын көрсету тиімдірек. Сондай-ақ Мәдиярдың сүйген жарымен түбінде тіл табысқанын хабарлаудан гөрі солардың өзара дүрдараздық, кейіннен түсінісу жайларын суреттеу ғибраттырақ болып шыққан. Қаһарманның белгілі мақсатқа жетуін айту шарт емес, сол жету жолын, іштей ширауын, қиындық, кедергілерді жеңу, кейде сүріну үстінде есею сапарын суреттеу қажет. Жалпы алғанда, жақсы әсер қалдыратын осы повестің кейбір желісі көмескілеу, дәлелсіздеу тартылған секілді. Жалқау, надан Асайынның Мәдиярға өштесуін түсінуге болады. Ал саудагер әйел Зылиханың Мәдияр несін алыпты? Мәдияр семьясына соншама қастандық ойлау үшін Зылихаға Асайынның итермелеуінен басқа да жеке бастық, даралық себеп керек тәрізді. Міне, осы жағдайды автор жете ескермеген. Істің салдарын ғана емес, себебін де аңғарту керек делінетіні сондықтан. Кейіпкердің әлеуметтік орнының іші- тысының көршуі жақсы-ақ, бірақ онымен талап түгенделмейді. Сол кейіпкердің белгілі қимылға, тосын қиын іске араласуының дәлелдемесі де керек. Мына туста Зылиха қастығын аз да болса оның өз тарихына, тәрбиесіне, бір сөзбен айтқанда, жағдай шындығына бармай түсіну қиын. Біз бұл пікірді бір повестің кейіпкеріне қатысты ғана айтып отырмыз. Әдебиет шаруашылығында мундай көріністер, оқушыға автордың сенсең де сен, сенбесең де сен деп асығыс үкім шығарып кетушілігі сирек кездеспейді. Мұндай кемшіліктен ада шығарма ілуде бір ушырауы мүмкін. Демек, характердің әлеуметтік әрекеттеріне негіз, түрткі болған жағдайларды көрсетіп отыру - көркем туынды шарты.
13.11.2013 11:02 4540

Жазушы Сейітжан Омаровтың «Күншуақ» атты повесінде қазақ ауылының ¥лы Отан соғысы қарсаңындағы ахуалы әңгімеленген. «Күншуақ» повесінде көтерілген идеялар да бүгінгі күн сурауларына тығыз қатысты. Адамдар арасында кездесетін, өсуімізге залалы көп - күншілдік, ескішілдік, пайдакүнемдік психологиясы өмірде қаншалық зиянды екенін шығармада суреттелген ситуация анық аңғартады. Үстірт қарағанда, онша қомақты оқиғасы жоқ сияқтанатын повесте адам өмірінің, пейіл (нрав) мәселесінің күрделі түйіндері сөз болған... Бір-бірімен сүйіп қосылған екі жас - Мәдияр мен Балзияны қыздырманың қызыл тілі, ортадағы өсекшілдер айырып, тату семьяны бүлдіреді. Ақырында жанашыр дос адамдардың араласуымен, дәнекерлік етуімен семья қайта орнайды. Автор бул шындықты «осылай болды» деп тіркеп өте шықпайды, көркем шығарма үшін ең қажетті нәрсе - адамдар байланысының тарихына барады.

Повесте қызғылықты адам мінездері бар. Адал, әділ, қарапайым - Мәдияр, өзін-өзі устай білетін, ақылды, сезімтал әйел - Шырынкүл, сұлу, есті, бірақ тәжірибесіз Балзия, дүниеқор, саудагер әйел - Зылиха, ескі ғұрыптар (кудалык, жекжаттық т.б.) тасасымен жеңіл өмір сүргісі келетін Асайын елеулі әлеуметтік типтер деуге болады. Автор өмір қайшылығын, санадағы ескілік пен жаңаның күресін күнделікті табиғи тіршілік көріністерінен тапқан. Бір атап өтерлігі сол - унамды, унамсыз адамдар тек жаратылысынан солай делінбей, істеріне, пейіліне қарай анықталады. Ауыл муғалімдері Мәдияр, Шырынкүл -айналасына білім, мәдениет, жаңа сана таратуды мурат тутқандар. Осындай дүниетаным булардың мінезі мен істерінің де сырын айқындайтын белгі болып шыққан. Әйелі өлген соң, балдызы - Балзияны алуға умтылған, кейіннен «бажасы» Мәдиярдың қызмет бабын өз пайдасына жаратпақ болған Асайынның қоғам этикасына жат, ескішіл ниеті оны ақырывда усақтыққа, азғындыққа апарады. Автор қоғамның «күріш арқасында су ішпек болған күрмектерінің» табиғатын танытады.

Қоғамның бағыты түзу, мұраты асыл болуы адамдар мінезін жедел өзгертіп жібере қоймайды. Ел ішінде озық пен қалық, еңбекші мен жемқор қатар тіршілік кеше береді, осылардың арасында қайшылық, күрестер жүріп жатады. Және мұндайда жеңіс барлық ретте қалайда жаңаның қолына оңай түсуге тиіс деп ойлау да бекер, ұтылыстар, өкініштер де кездеседі. С.Омаров «Күншуақ» повесінде өмірдің осындай шытырман астарларын, құпия сырларын көре білген. Саудагер әйел Зылиха мен дүмше муғалім Асайын бірлесе қимылдап, сүттей ұйып отырған жас семьяның - Мәдияр мен Балзияның - шырқын бузуға жарады. Автор ақылды Балзияның өсек сөзге илану, жолдан адасу процесін өмірге де, мінезге де сай көрсетеді. Сондай-ақ Асайын мен Зылиханың ортақ тіл табуы да сенімді. Бірі муғалім, бірі саудагер делінгенімен бұлардың іштей «туыстығы» бар. Ол - қоғамға аз беріп, көп алғысы келушілік, ебін тауып екі асауға даярлық, қоғам алдындағы парыз дегенді уқпаушылық. Міне, осындай ниеті төмен, моральдік тұрғысы солқылдақ адамдар қастасқан кісілеріне залал шектіруге келгенде шебер-ақ...

Повесть көлемінде ұнамсыз кейіпкерлер (Асайын, Зылиха) әрекетінің адал, таза жандардан ұтымдырақ көрінуін шығарма кемшілігі деп қарау біржақты болар еді. Мұның себебін нақтылы өмір материалынан, объективтік шындықтан іздеген жөн. Жақсылықтың жолы алыс, жүгі ауыр. Мәдияр, Шырынкүл бастаған игі істердің нәтижесі (теориялық жағынан алғанда бір класс шәкірттерін түгелдей жақсы оқыту мәселесі даулы да) тез шыға қоймайтыны анық. Бул жолда шеккен бейнет көзге де оңай көріне қоймайды. ¥намды кейіпкерлердің жарқ етіп елес берер істері кем сияқтанатыны осыдан. Ал Асайындар мақсаты қол жетер жерде. Олар есебін тауып Мәдиярдың басын кірлесе (булардың дегені уақытша іске асады да) зор арманына жеткендей. Мақсатына қарай әрекеті. Асайын мен Зылиха дүниеқоңыздың салтын ұстанады. Оларға тікелей пайдасы тиген адам - дос, зәредей пікірі бөлектер - душпан. Булардың күші - ескілікте, заманы өтіп

бара жатқан қарым-қатынастарда. Ол қурғырлардың «бурын жудырықтап» қалғыштығы да өрісінің тарлығына, алдының булдырлығына, умтылар, сеніммен көз тігер сәулесінің жоқтығына байланысты. Әзәзіл сөзі, дүниеге қызыққыштық, ескіні көксеу - жаңа семьяларды бұзатын үлкен кесел екені повесте нравтық проблема дәрежесіне көтерілген.

«Күншуақта» әлгіндей қаскүнем күштерге қарсы күресетін адамдар әрекеті де олқы емес. Мәселен, Мәдиярдың адал досы Шырынкүл жас жұбайларды қайта татуластыру, шындық пен жалғанға олардың көзін жеткізу жөнінде көп уақыт, қажыр жұмсайды. Бұған қарағанда Мәдиярдың іс-әрекеті онша әсерлі болып көрінбейді. Мәдиярдың бойындағы қасиеттерін неге ұрымтал тұсынан ұтымды көрсетпеген деп авторға кінә артуға да болар еді. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар ғой. Ол - авторлык тұрғы, яғни авторлық позиция. Суреткер кейіпкер өмірінің қай кезеңін алып жазуға да ерікті. Адам ылғи жеңіс пен табыс үстінде жұрмейтіні әзелден мәлім. Кейбір жеңіліс, сәтсіздік жеңіске жетуге жол ашуы мүмкін. Көркем шығарма үшін белгілі шындықтардың түпкі нәтижесін емес, барысын, тарихын көрсету тиімдірек. Сондай-ақ Мәдиярдың сүйген жарымен түбінде тіл табысқанын хабарлаудан гөрі солардың өзара дүрдараздық, кейіннен түсінісу жайларын суреттеу ғибраттырақ болып шыққан. Қаһарманның белгілі мақсатқа жетуін айту шарт емес, сол жету жолын, іштей ширауын, қиындық, кедергілерді жеңу, кейде сүріну үстінде есею сапарын суреттеу қажет.

Жалпы алғанда, жақсы әсер қалдыратын осы повестің кейбір желісі көмескілеу, дәлелсіздеу тартылған секілді. Жалқау, надан Асайынның Мәдиярға өштесуін түсінуге болады. Ал саудагер әйел Зылиханың Мәдияр несін алыпты? Мәдияр семьясына соншама қастандық ойлау үшін Зылихаға Асайынның итермелеуінен басқа да жеке бастық, даралық себеп керек тәрізді. Міне, осы жағдайды автор жете ескермеген. Істің салдарын ғана емес, себебін де аңғарту керек делінетіні сондықтан. Кейіпкердің әлеуметтік орнының іші-

тысының көршуі жақсы-ақ, бірақ онымен талап түгенделмейді. Сол кейіпкердің белгілі қимылға, тосын қиын іске араласуының дәлелдемесі де керек. Мына туста Зылиха қастығын аз да болса оның өз тарихына, тәрбиесіне, бір сөзбен айтқанда, жағдай шындығына бармай түсіну қиын.

Біз бұл пікірді бір повестің кейіпкеріне қатысты ғана айтып отырмыз. Әдебиет шаруашылығында мундай көріністер, оқушыға автордың сенсең де сен, сенбесең де сен деп асығыс үкім шығарып кетушілігі сирек кездеспейді. Мұндай кемшіліктен ада шығарма ілуде бір ушырауы мүмкін. Демек, характердің әлеуметтік әрекеттеріне негіз, түрткі болған жағдайларды көрсетіп отыру - көркем туынды шарты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға