Жаңалықтар

Адам тағдыры

Бүгінгі совет әдебиетіне тән күрделі сипаттардың бірі -адам тағдырына тереңірек назар аударушылық, адам қасиетін үстірт ұғымдар мен схема-анкеттік мінездеулері шеңберінен шығарып, нақтылы, жанды өмірлік байланыстар үстінде көрсетушілік. Қазақ әдебиетіне соңғы жылдары қосылған идеялық-көркемдік сонылық - осы бағыттың жемісі. Өмірді түсіну мен суреттеуге жаңаша келу шығармаға мазмұндық һәм түрлік жаңалық әкелмей тұрмайды. Қазіргі шығармаларда қаһармандардың қоғамдық, өндірістік тараптағы істері көрсетіліп қоймай, характердің қалыптасу жолдары, биографиялық, психологиялық деректері мол беріліп келеді. Бұл реализмнің тереңдей түскеніне мысал. Осының ақиқаттығын жас жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романындағы орталық кейіпкерлер тұлғасы арқылы дәлелдеуге болады. Романда бірнеше ұнамды персонаж бар. Солардың ішінен тыңдағы жаңа совхоздың бас инженері Райханның тұлғасы анығырақ мүсінделген. Мәселе қай образдың қанша көлемде суреттелгендігінде емес, бейненің типтілігінде. Райхан тың далада орнаған совхоз шаруашылығын қаз тұрғызу үшін көп қажыр-қайрат жұмсайды. Ол оңай қызмет іздеп, жан тыныштығын көздемей, болашақ міндетінің ауырлығын сезе тура келеді. Райханға көпшілік үшін еңбек ету - амалсыздық қаракет емес, жан мен тән қажеттігі. Ол - сөзін далаға жіберіп көрген жан емес, істеп жүрген ісінің елге керек екендігіне берік сенген, көздеген нысанға батыл шешіммен баратын адам. Шаруашылықты басқарудың күнделікті қарбаласында, тығыз науқан үстінде жүрсе де, ол өзінің жетекшілік парызын умытпайды, әрі басшы, әрі тәрбиешілікті қатар алып жүреді. Автор Райханның қазіргісін қысқа да болса тартымды, ұтымды суреттей отырып, оның кешкен жолынан мол дерек береді. Григорий қарттың әңгімелері тұсында Райханның өсу, мінез қалыптастыру эволюциясы айқын елестейді. Бүгінгі іскер, адал азамат, принципті интернационалист қазақ әйелінің қандай өмір, тағдыр мектебінен өтіп шыныққанына канығамыз. Райханның ауыр, сәтсіз өмір кешулерін көрсету кешегі күндерде нақақ жазаланған адал коммунистер тарихынан да мағлұмат бергендей. Жасынан жетім қалып, қайырымды адамдар қолына түсіп есейген. Совет өкіметінің арқасында білім алып көзі ашылған Райхан неше дүркін өмір соккысына душар болады. Ол жас кезінде еріксіз үйленбек болган зорлықшылар тырнағынан кездейсоқ аман қалады; тіршілік заңы қатал екенін сезеді. Үлкейе келе отызыншы жылдар басындағы асыра сілтеушілікті де көзімен көрген. Білім алып, маман болып, өзіне-өзі енді келе бастаған Райхан 1937 жылы жумбақ усталып кетеді. Оны қудалаушылар мен қаралаушылар (Қарасай, Қосиманов) советтік қоғамға мінезі жат элементтер екені де романда шебер аңғартылады. Өмірінде зәредей қылмыс жасап көрмеген, Совет өкіметі үшін жан қиюға әзір боп тәрбиеленген Райхан жалақорлар ғайбатымен жылдар бойы абақтыда еріксіз тіршілік кешеді. Трагедияның ең үлкені сол - советтің жас патриоты өзінің не үшін қамалғанын, неліктен азапқа душар болғанын білмей кетеді. Бойындағы өмір күшінің молдығы, әділдікке, бостандыкқа деген құштарлығы соншалық - ол ақыры еліне аман оралады. Ең ғажабы - Райхан өмірлік қызықты шағын қапаста өткізсе де, қалған жылдарын мәнсіз деп есептемейді. Ол білімімен, тәжірибесімен, Отанға шексіз берілгендігімен халыққа пайдалы қызмет істеуге бел байлаған. Райхан -жинақтаушылық әлеуметтік сипаты бар тип. «Жапандағы жалғыз үй» романында неғұрлым шебер сомдалған бейне - Қарасай. Бүгінде көп адамдардан гөрі ауқатты тұратын, жекеменшікшіл психологияның құлы Қарасайдың кезінде жасамаған қиянаты жоқ. Заман озған сайын ол сырт пішінін құбылтып, бейімделіп отырғанымен, оның өмірге козқарасы мен жыртқыш, жымысқы мінезі озгермеген. Жазушы Қарасайдың әлеумет алаңындағы іс-әрекеттерін бірте-бірте ашады. Қарасай байлардың малы кәмпескеленген кезде шонжар туысының шашбауын котеріп елден қашқан. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін қайта оралып, кедейлік «пішінге» түседі. Ол өз әкесінің бай болмағанын сылтау етіп, көппен бірге колхозға енеді. Сөйтіп өмір бойы жалғыз-ақ нәрсеге машықтанады. Ол - қоғам мүлкін молырақ қылғуға, тегін олжаны қағып түсіруге, сөз жүзінде советшіл болып, шөптің басын сындырып еңбек етпеуге дағдыланады. Мұның зымыстандығы кейде байқалып қалғанымен, артынша ізін жасырып үйренуге де шеберленеді. Қарасай колхоз ауылында емін-еркін қылмыс жасау үшін, саналы, іскер басшыларды орнынан тайдыру, тіпті козін жою керектігін түсінеді. Қолайлы кезенді күтіп отырып, адамдарды қурдымға жюеруден шімірікпейді. Ол өзшің жеке бастык мақсатына көлденең келгендерді жауым деп есептейді де, олардың көзін жоюға советтің әділ заңын еппен пайдаланады. Қарасайдың кара ниеті іске асуына аудандық милиция орындарында істеп келген Қосиманов таптырмайтын көмекші болады. Жазыксыз лсапа шегіп қайтқан Райхан булардың көп курбандықтарының бірі ғана. Арам тәсілдерді қолданып, жылдар бойы кісәпірлік жасап, усталмай келген Қарасай ақырында азғындап бітеді. Оның кертартпа кулқынқумар натурасы өзгермей, қомағай қасқырша арандап тынады. Қарасайдың семьясы адал еңбек жолына түседі. Қарасай сынды жыртқыш мінезді, кесапат адамның мансап жолын нанымды шежірелеуі - суреткердің табысы... Қоғамға аз беріп, көп алғысы келетіндер психологиясын көрсету, муның социалистік болмыс табиғатына шәлкес кұбылыс екенін айту қазіргі романдар мен повестерде курделі орынға ие. Ондайларды жасына, жынысына, ултына, кәсібіне қарамай табыстыратын, жақындастыратын сипат -дуниеқоңыздық, ақша, мулікке қуныккандық. С.Жунісовтің «Жапандағы ясалғыз уйіндегі» Қарасай мен Агаша Янишкиналар мінез, өмірге көзқарас жағынан қарайлас. Тың көтеру науқанын пайдаланып, молырақ олжа ақша табу ниетімен жер түбі алыстан қазақ сахарасына келген Агаша Лнишкина «қуға қу намаздыгер, намазшамда кездеседі» дегендей жекеменшікшіл, саудагер Қарасаймен тіл табысады. Әлі де еркек қызығарлық сырт сымбаты бар Лнишкина Қарасай уйіне алдымен квартирант болып кіріп, кейіннен оны өзіне күйеу етіп алады; жыддар бойы мықты болмаса да бутін келе лсаткан семьяның ьштымағын бұзады. Дүниедегі қызық тоя ішіп-жеу, күніге арақ-шарап жуту, еркекпен құштарлығын басу деп түсініп дағдыланған Лнишкина ішкі есебінен лсаңылмайтын, сақ. Ол Қарасайға акшасының көптігіне бола қызығып берілгенін, лажын тауып, күндердің күнінде аңғал еркекті тақырға отырғызып кетуге бекігенін оңай білдірмейді. Ақырында ақ балтырлы, бөкселі, әдемі Агаша Қарасайдың бүкіл жиған ақшасйн алып тайып отырады. Жазушы осы образдың табиғатын психологиялық дәл штрихтармен ашады. Ақша мен мансапқа, дүниенің тәттісі мен майлысына ерекше құмартқан адамда өзгелер де алсын, болсын, толсын деген ұғым қалмайды. Ондайлар социалистік дәулетке ұрының көзімен қарайды, жағдайын тапса жұлқып қымтыруға даяр тұрадьі. Қала мен даладағы сан мыңдаған еңбекшінің маңдай тері төгіліп жасаган игілігін жемпаздар судай шашуға пейіл. Мұндайлардан арылмай, қоғамның атмосферасы тазаруы қиын; ел мүлкіне жаудың мүлкіндей қараушылық - дамуымызға зор бөгесіндердің бірі. С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» атты романының композициялық бітімінде жаңаша көркемдік жүрістер бар. Автор Қазақстанда тың көтеруге байланысты өзгерістердің барысын, тың игеру елдің тұрмысы мен салт-санасында серпіліс туғызғанын көрсетпек. Қаһармандар тарихын неғұрлым толық елестету үшін жазушы бүгінгі көрініс пен өткендегі істерді кезектестіре келтіреді. Райханның да, Қарасайдың да, өзгелердің де бастан кешкендерін көпті көрген көне қарт Григорий (Күргерей) бірнеше кезек қайталап әңгімелейді. Оның әрбір «жырынан» елдің кешегі күнінің белес кезеңдері еске түседі. Григорий қарттың әңгімелері, негізінде, кейіпкерлер мінезі мен тағдырын аян ететін куәлікке айналған. Бір шығарманың осындай екі қилы мәнерде жазылуы көркем идеяның ашылуына, характерлер айқындалуына кедергі жасамағаны былай турсын, қайта жарасымды сәйкестік тапқан. «Жапандағы жалғыз үйдің» композициялық қалануын-дағы сонылықты айта отыра, оның тартыстық желісінің сипаты туралы да пікір білдіру жөн. Автор тың игеру науқанына негізгі кедергі ретінде жекеменшікшіл Қарасайды алуы қаншалықты заңды, нанымды деп сурақ қоюға болады. Оның есесіне түзегенінен бүлдіретіні көп Дерягиндер машақаты зілсіз тентектік, балалық балдуарлық сияқтанып жеңіл көрсетілген.  Әлеуметтік тип белгілі  психологиялық туынды ретінде Қарасайдың бейнесі шебер ашылғаны рас. Ондайлардың да тиісті залалы, кесірі болатыны, сол үшін әшкерелеу керектігі де айкын. Бірақ, калай дегенде де, баяғыда, байларды тап ретінде жою науқаны кезінде қурып біткен байшылдарды елуінші жыддардағы ең улкен жау етіп көрсету тым артығырак сияқтанады. Автордың бұл романында көрсетпек болған күрделі ойларының бірі - жас адамды қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, оны түрлі зиянды ғұрыптар, әсерлер кесірінен сақтандыру, коллектив ішінде, еңбек үстінде баулу мәселесі. Қарасайдың баласы Жәлелдің әке қыспағынан құтылып, еңбек арқылы жеттігу, өзінің правосы мен міндетін сезіну дәрежесіне көтеріле бастағанын суреттеу осыны көрсетеді. Роман бойынан бұдан да басқа игі нышандарды табуға болады. Бірақ бізді прозаның үлкен жанрында тұнғыш рет көрінген автордың суреткерлік серпіні, өмірді өзінше пайымдап, өз шешімін жасауға ұмтылатындығы сүйсіндіреді. 1966
13.11.2013 10:58 7794

Бүгінгі совет әдебиетіне тән күрделі сипаттардың бірі -адам тағдырына тереңірек назар аударушылық, адам қасиетін үстірт ұғымдар мен схема-анкеттік мінездеулері шеңберінен шығарып, нақтылы, жанды өмірлік байланыстар үстінде көрсетушілік. Қазақ әдебиетіне соңғы жылдары қосылған идеялық-көркемдік сонылық - осы бағыттың жемісі. Өмірді түсіну мен суреттеуге жаңаша келу шығармаға мазмұндық һәм түрлік жаңалық әкелмей тұрмайды.

Қазіргі шығармаларда қаһармандардың қоғамдық, өндірістік тараптағы істері көрсетіліп қоймай, характердің қалыптасу жолдары, биографиялық, психологиялық деректері мол беріліп келеді. Бұл реализмнің тереңдей түскеніне мысал. Осының ақиқаттығын жас жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романындағы орталық кейіпкерлер тұлғасы арқылы дәлелдеуге болады.

Романда бірнеше ұнамды персонаж бар. Солардың ішінен тыңдағы жаңа совхоздың бас инженері Райханның тұлғасы анығырақ мүсінделген. Мәселе қай образдың қанша көлемде суреттелгендігінде емес, бейненің типтілігінде. Райхан тың далада орнаған совхоз шаруашылығын қаз тұрғызу үшін көп қажыр-қайрат жұмсайды. Ол оңай қызмет іздеп, жан тыныштығын көздемей, болашақ міндетінің ауырлығын сезе тура келеді. Райханға көпшілік үшін еңбек ету - амалсыздық қаракет емес, жан мен тән қажеттігі. Ол - сөзін далаға жіберіп көрген жан емес, істеп жүрген ісінің елге керек екендігіне берік сенген, көздеген нысанға батыл шешіммен баратын адам. Шаруашылықты басқарудың күнделікті қарбаласында, тығыз науқан үстінде жүрсе де, ол өзінің жетекшілік парызын умытпайды, әрі басшы, әрі тәрбиешілікті қатар алып жүреді.

Автор Райханның қазіргісін қысқа да болса тартымды, ұтымды суреттей отырып, оның кешкен жолынан мол дерек береді. Григорий қарттың әңгімелері тұсында Райханның өсу, мінез қалыптастыру эволюциясы айқын елестейді. Бүгінгі іскер, адал азамат, принципті интернационалист қазақ әйелінің қандай өмір, тағдыр мектебінен өтіп шыныққанына канығамыз. Райханның ауыр, сәтсіз өмір кешулерін көрсету кешегі күндерде нақақ жазаланған адал коммунистер тарихынан да мағлұмат бергендей. Жасынан жетім қалып, қайырымды адамдар қолына түсіп есейген. Совет өкіметінің арқасында білім алып көзі ашылған Райхан неше дүркін өмір соккысына душар болады. Ол жас кезінде еріксіз үйленбек болган зорлықшылар тырнағынан кездейсоқ аман қалады; тіршілік заңы қатал екенін сезеді. Үлкейе келе отызыншы жылдар басындағы асыра сілтеушілікті де көзімен көрген. Білім алып, маман болып, өзіне-өзі енді келе бастаған Райхан 1937 жылы жумбақ усталып кетеді. Оны қудалаушылар мен қаралаушылар (Қарасай, Қосиманов) советтік қоғамға мінезі жат элементтер екені де романда шебер аңғартылады.

Өмірінде зәредей қылмыс жасап көрмеген, Совет өкіметі үшін жан қиюға әзір боп тәрбиеленген Райхан жалақорлар ғайбатымен жылдар бойы абақтыда еріксіз тіршілік кешеді. Трагедияның ең үлкені сол - советтің жас патриоты өзінің не үшін қамалғанын, неліктен азапқа душар болғанын білмей кетеді. Бойындағы өмір күшінің молдығы, әділдікке, бостандыкқа деген құштарлығы соншалық - ол ақыры еліне аман оралады. Ең ғажабы - Райхан өмірлік қызықты шағын қапаста өткізсе де, қалған жылдарын мәнсіз деп есептемейді. Ол білімімен, тәжірибесімен, Отанға шексіз берілгендігімен халыққа пайдалы қызмет істеуге бел байлаған. Райхан -жинақтаушылық әлеуметтік сипаты бар тип.

«Жапандағы жалғыз үй» романында неғұрлым шебер сомдалған бейне - Қарасай. Бүгінде көп адамдардан гөрі ауқатты тұратын, жекеменшікшіл психологияның құлы Қарасайдың кезінде жасамаған қиянаты жоқ. Заман озған сайын ол сырт пішінін құбылтып, бейімделіп отырғанымен, оның өмірге козқарасы мен жыртқыш, жымысқы мінезі озгермеген. Жазушы Қарасайдың әлеумет алаңындағы іс-әрекеттерін бірте-бірте ашады.

Қарасай байлардың малы кәмпескеленген кезде шонжар туысының шашбауын котеріп елден қашқан. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін қайта оралып, кедейлік «пішінге» түседі. Ол өз әкесінің бай болмағанын сылтау етіп, көппен бірге колхозға енеді. Сөйтіп өмір бойы жалғыз-ақ нәрсеге машықтанады. Ол - қоғам мүлкін молырақ қылғуға, тегін олжаны қағып түсіруге, сөз жүзінде советшіл болып, шөптің басын сындырып еңбек етпеуге дағдыланады. Мұның зымыстандығы кейде байқалып қалғанымен, артынша ізін жасырып үйренуге де шеберленеді. Қарасай колхоз ауылында емін-еркін қылмыс жасау үшін, саналы, іскер басшыларды орнынан тайдыру, тіпті козін жою керектігін түсінеді. Қолайлы кезенді күтіп отырып, адамдарды қурдымға жюеруден шімірікпейді. Ол өзшің жеке бастык мақсатына көлденең келгендерді жауым деп есептейді де, олардың көзін жоюға советтің әділ заңын еппен пайдаланады. Қарасайдың кара ниеті іске асуына аудандық милиция орындарында істеп келген Қосиманов таптырмайтын көмекші болады. Жазыксыз лсапа шегіп қайтқан Райхан булардың көп курбандықтарының бірі ғана. Арам тәсілдерді қолданып, жылдар бойы кісәпірлік жасап, усталмай келген Қарасай ақырында азғындап бітеді. Оның кертартпа кулқынқумар натурасы өзгермей, қомағай қасқырша арандап тынады. Қарасайдың семьясы адал еңбек жолына түседі. Қарасай сынды жыртқыш мінезді, кесапат адамның мансап жолын нанымды шежірелеуі - суреткердің табысы...

Қоғамға аз беріп, көп алғысы келетіндер психологиясын көрсету, муның социалистік болмыс табиғатына шәлкес кұбылыс екенін айту қазіргі романдар мен повестерде курделі орынға ие. Ондайларды жасына, жынысына, ултына, кәсібіне қарамай табыстыратын, жақындастыратын сипат -дуниеқоңыздық, ақша, мулікке қуныккандық. С.Жунісовтің «Жапандағы ясалғыз уйіндегі» Қарасай мен Агаша Янишкиналар мінез, өмірге көзқарас жағынан қарайлас.

Тың көтеру науқанын пайдаланып, молырақ олжа ақша табу ниетімен жер түбі алыстан қазақ сахарасына келген Агаша Лнишкина «қуға қу намаздыгер, намазшамда кездеседі» дегендей жекеменшікшіл, саудагер Қарасаймен тіл табысады. Әлі де еркек қызығарлық сырт сымбаты бар Лнишкина Қарасай уйіне алдымен квартирант болып кіріп, кейіннен оны өзіне күйеу етіп алады; жыддар бойы мықты болмаса да бутін келе лсаткан семьяның ьштымағын бұзады. Дүниедегі қызық тоя ішіп-жеу, күніге арақ-шарап жуту, еркекпен құштарлығын басу деп түсініп дағдыланған Лнишкина ішкі есебінен лсаңылмайтын, сақ. Ол Қарасайға акшасының көптігіне бола қызығып берілгенін, лажын тауып, күндердің күнінде аңғал еркекті тақырға отырғызып кетуге бекігенін оңай білдірмейді. Ақырында ақ балтырлы, бөкселі, әдемі Агаша Қарасайдың бүкіл жиған ақшасйн алып тайып отырады. Жазушы осы образдың табиғатын психологиялық дәл штрихтармен ашады. Ақша мен мансапқа, дүниенің тәттісі мен майлысына ерекше құмартқан адамда өзгелер де алсын, болсын, толсын деген ұғым қалмайды. Ондайлар социалистік дәулетке ұрының көзімен қарайды, жағдайын тапса жұлқып қымтыруға даяр тұрадьі. Қала мен даладағы сан мыңдаған еңбекшінің маңдай тері төгіліп жасаган игілігін жемпаздар судай шашуға пейіл. Мұндайлардан арылмай, қоғамның атмосферасы тазаруы қиын; ел мүлкіне жаудың мүлкіндей қараушылық - дамуымызға зор бөгесіндердің бірі.

С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» атты романының композициялық бітімінде жаңаша көркемдік жүрістер бар. Автор Қазақстанда тың көтеруге байланысты өзгерістердің барысын, тың игеру елдің тұрмысы мен салт-санасында серпіліс туғызғанын көрсетпек. Қаһармандар тарихын неғұрлым толық елестету үшін жазушы бүгінгі көрініс пен өткендегі істерді кезектестіре келтіреді. Райханның да, Қарасайдың да, өзгелердің де бастан кешкендерін көпті көрген көне қарт Григорий (Күргерей) бірнеше кезек қайталап әңгімелейді. Оның әрбір «жырынан» елдің кешегі күнінің белес кезеңдері еске түседі. Григорий қарттың әңгімелері, негізінде, кейіпкерлер мінезі мен тағдырын аян ететін куәлікке айналған. Бір шығарманың осындай екі қилы мәнерде жазылуы көркем идеяның ашылуына, характерлер айқындалуына кедергі жасамағаны былай турсын, қайта жарасымды сәйкестік тапқан.

«Жапандағы жалғыз үйдің» композициялық қалануын-дағы сонылықты айта отыра, оның тартыстық желісінің сипаты туралы да пікір білдіру жөн. Автор тың игеру науқанына негізгі кедергі ретінде жекеменшікшіл Қарасайды алуы қаншалықты заңды, нанымды деп сурақ қоюға болады. Оның есесіне түзегенінен бүлдіретіні көп Дерягиндер машақаты зілсіз тентектік, балалық балдуарлық сияқтанып жеңіл көрсетілген.  Әлеуметтік тип белгілі  психологиялық туынды ретінде Қарасайдың бейнесі шебер ашылғаны рас. Ондайлардың да тиісті залалы, кесірі болатыны, сол үшін әшкерелеу керектігі де айкын. Бірақ, калай дегенде де, баяғыда, байларды тап ретінде жою науқаны кезінде қурып біткен байшылдарды елуінші жыддардағы ең улкен жау етіп көрсету тым артығырак сияқтанады.

Автордың бұл романында көрсетпек болған күрделі ойларының бірі - жас адамды қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, оны түрлі зиянды ғұрыптар, әсерлер кесірінен сақтандыру, коллектив ішінде, еңбек үстінде баулу мәселесі. Қарасайдың баласы Жәлелдің әке қыспағынан құтылып, еңбек арқылы жеттігу, өзінің правосы мен міндетін сезіну дәрежесіне көтеріле бастағанын суреттеу осыны көрсетеді.

Роман бойынан бұдан да басқа игі нышандарды табуға болады. Бірақ бізді прозаның үлкен жанрында тұнғыш рет көрінген автордың суреткерлік серпіні, өмірді өзінше пайымдап, өз шешімін жасауға ұмтылатындығы сүйсіндіреді.

1966

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға