Жаңалықтар

Аудармашылық - үлкен өнер

Аудармашылық - ерте заманнан бері ел мен елді, халық пен халықты мәдени, рухани туыстастыру қуралы. Қандай есейген, ер жеткен елдер де аударма дәнекерлігіне сүйенбей отыра алмайды. Бұл - жалпы мәдени дамудың сара жолдарының бірі. Бұл күнде қазақ оқушысы адамзат даналары жасаған талай-талай асыл қазынаны ана тілінде оқи алады. Әлем әдебиетінің тандаулы нұсқалары, түрлі пән саласынан аударылған кітаптар - қазақ тілінің қуаты мен мүмкіншілігі орасан өскендігіне, бұл тілде қиынның қиынын, тереңнің тереңін жеткізіп айтуға болатындығына дәлел толық. Бізде аудармашылық өнердің тарихына, теориясына арналған көлемді зерттеу еңбектер де пайда бола бастады. Солардың ішінде филология ғылымының кандидаттары С.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиевтің «Көркем аударма туралы», «Рухани қазына» (1966) атты кітаптары ерекше атап көрсетуге лайық. Біздің әңгімеміз осының соңғысы туралы. Монографияның кіріспесінде жалпы аударма әдебиетінің тілімізге, тарихымызға, мәдениетімізге қандай сонылық әкелгені жайында айтылады. «Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетін арттырды. Аударма - біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытты. Аударма біздің өзіміздің жалпы дүниетану өрісімізді улғайтты» (5 бет) дейді ол. «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым апа ііліпіц бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Сонын арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындагы пебір баііырғы сөздер, кейде тіпті умытылып бара жатқап атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің гүлтасы болып шыға келеді», - дейді зерттеуші енді бірде. Сонымен қатар, ол аударма арқылы тілімізге жаңа мазмунды тіркестер, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру дәстүрі енгенін баяндайды, орыстың және өзге халықтардың сөздері де, негізінде, аударма арқылы тілімізге сіңісіп жататынын ескертеді. Кітаптың «Көркем аударманың тууы және қалыптасуы» деп аталған тарауында автор өткен ғасырдан бергі жердегі аудармашылық тарихына шолу жасаған. Абай, Ыбырай сияқты жекелеген адамдардың аударма еңбектеріне де «Түркістан уәлаяты» газеті. «Дала уәлаятының» газеті, «Айқап» журналдары беттеріндегі аудармаларға да баға беріледі. Осы туста автор аса нәрлі бір проблеманың ушығын көрсетіп өтеді. Оның: «Егер біз аударма өнерін зерттеуді ғылыми турғыдан дамыта беруді мақсат етіп алатын болсақ, онда қазақ өміріне шығыс әдебиетінен аудару арқылы енген туындыларды өз алдына бір жүйе етіп зерттеуді қолға алуымыз керек», - (50 бет) дегенін қуптамасқа болмайды. Алдағы кезде қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиетінің сан ғасырлық тамырлас байланысын зерттеуді қолға алу қажет. Сонау «Калила мен Димнадан», «Мың бір түннен», алуан түрлі өнер, поэзия алыптары шығармаларынан пе өлеңдей, не қарасөзбен тараған нақылдар, аңыздар, әңгімелер, ертегілер қазақ арасында үшан-теңіз. Өз заманыпда гылымның барлық саласын меңгерген, қазақ топырағының перзенті Әбунасыр Фарабидің өзі асқан ірі аудармашы гой. Ертеде араб, парсы тілдерін білген қаламгерлердің біргалайы аударма оперінің де шебері болған. Шығыс ақындарының талай дастандары, қыруар ғазалдары сол елдердің тілін білетін дарыпды ақындар аудармасымен қазақ халқына мәлімденген. Міне, бул узақ зерттеуді керек ететін кәделі тақырып. Ә.Сатыбалдиев бірыңғай аударма ауданымен шектеліп қалмай, әдебиет тарихының әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелеріне де жол-жөнекей бурылып отырған. Шынында, ғылымның мақсаты колда бар фактілерді санап шығу ғана емес қой. Осы ретте Ә.Сатыбалдиевтің тағы бір ұсынысына журтшылық көңілін аударуды жөн көреміз: «...Кітаби ақын» деп жүрген адамдарымыздың творчествосында әдебиет тарихының көптеген беттерін ашатын мол деректер бар», - (56 бет) дей келіп, автор осылардың бәрін терең зерттемейінше, әдебиетіміздің тарихы олқы болатынын ашық айтады. Бул - әділ тужырым. Революцияға дейінгі әдебиетте түрлі себептер салдарынан шығармалары тексерілмей, тіпті аты-жөні аталмай жүрген ақындар аз емес. Булардың шығармаларын зерттеуге тосқауылдардың бірі - қазіргі ғалымдардың көбінің шығыс тілдеріне жетік еместігі. «Шығыс әдебиеті» дегенге күдікпен қараған сонау бір жылдар ғылымға да кесапат келтірген. Узақ уақыт бойында бізде шығыс әдебиетінің, шығыс (араб, парсы т.б.) тілдерін білетін мамандар даярлауға көңіл бөлінбеген. Ертеде оқыған бірен-саран кісілер ілтипатқа ілінбей, бірте-бірте сиреген. Қазақ әдебиетінің үлкен әлемі - шығыспен байланысты туындылардың кітапхана түкпірінде қорғаусыз жатуыосыдан... Кітаптың тағы бір күрделі тарауы - «Проблемалар мен ғылыми ой-пікірлер». Мунда автор қазақ аудармашылығы тәжірибесінде орын тепкен аударма түрлерін атап (еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама немесе реалистік аударма), олардың сыр-сипатын ашады; бул өнердің эволюциясынан хабардар етеді. Осылардың ішінен биік талғамға. жалпы аударма теориясы шартына сай келетіні деп реалистік аударманы нұсқайды. «Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оның белгілі дәрежеде еркіндікке де правосы бар. Бірак сол еркіндіктің езі тұпнусқада бейнелеген мазмун мен  түрді,   яғни  нақтылы  өмір   корііпстерін   дәл   суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс» (105 бет). «Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина» секілді романдардың бірнеше тілге аудармасын қатар алып, көркемдік ерекшеліктерін салыстыруы да - зерттеушінің утысы демеске болмайды. Ә.Сатыбалдиевтың Л.Н.Толстой шығармаларының аудармасына байланысты анықтаған мәселесінің бірі - күрделі сөйлемдерді аудару жайы. Автор бұл жолдағы кемшіліктерді сынап, жетістіктерді қуптайды. Кітаптың соңын ала бірнеше мақала берілген. Олардың қай-қайсысында да үлкен мәселелер қозғалған деуге болады. «Орысша-қазақша сөздік туралы» мақалада Ә.Сатыбалдиев бұл сөздіктің жалпы мәнін ашумен қатар, негізгі, кінәраттарын - бір сөзді көп сөзбен аударушылықты әділ аңғартады. Ал «Терминология принциптері туралы» да терминком тәжірибесіндегі кейбір ұнамды жайлармен қатар, зорлап орынсыз термин таңушылық сияқты сорақылықтар сыналған... Қорыта айтқанда, Ә.Сатыбалдиевтың «Рухани қазына» деген еңбегі оқушыны аудармашылық өнерінің жай-күйімен таныстыра алатын, ғалымдық һәм азаматтық тебіреністен туған шыншыл да сыншыл лебіз. 1966
13.11.2013 10:56 6603

Аудармашылық - ерте заманнан бері ел мен елді, халық пен халықты мәдени, рухани туыстастыру қуралы. Қандай есейген, ер жеткен елдер де аударма дәнекерлігіне сүйенбей отыра алмайды. Бұл - жалпы мәдени дамудың сара жолдарының бірі.

Бұл күнде қазақ оқушысы адамзат даналары жасаған талай-талай асыл қазынаны ана тілінде оқи алады. Әлем әдебиетінің тандаулы нұсқалары, түрлі пән саласынан аударылған кітаптар - қазақ тілінің қуаты мен мүмкіншілігі орасан өскендігіне, бұл тілде қиынның қиынын, тереңнің тереңін жеткізіп айтуға болатындығына дәлел толық.

Бізде аудармашылық өнердің тарихына, теориясына арналған көлемді зерттеу еңбектер де пайда бола бастады. Солардың ішінде филология ғылымының кандидаттары С.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиевтің «Көркем аударма туралы», «Рухани қазына» (1966) атты кітаптары ерекше атап көрсетуге лайық. Біздің әңгімеміз осының соңғысы туралы.

Монографияның кіріспесінде жалпы аударма әдебиетінің тілімізге, тарихымызға, мәдениетімізге қандай сонылық әкелгені жайында айтылады. «Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетін арттырды. Аударма - біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытты. Аударма біздің өзіміздің жалпы дүниетану өрісімізді улғайтты» (5 бет) дейді ол. «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым апа ііліпіц бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Сонын арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындагы пебір баііырғы сөздер, кейде тіпті умытылып бара жатқап атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің гүлтасы болып шыға келеді», - дейді зерттеуші енді бірде. Сонымен қатар, ол аударма арқылы тілімізге жаңа мазмунды тіркестер, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру дәстүрі енгенін баяндайды, орыстың және өзге халықтардың сөздері де, негізінде, аударма арқылы тілімізге сіңісіп жататынын ескертеді.

Кітаптың «Көркем аударманың тууы және қалыптасуы» деп аталған тарауында автор өткен ғасырдан бергі жердегі аудармашылық тарихына шолу жасаған. Абай, Ыбырай сияқты жекелеген адамдардың аударма еңбектеріне де «Түркістан уәлаяты» газеті. «Дала уәлаятының» газеті, «Айқап» журналдары беттеріндегі аудармаларға да баға беріледі.

Осы туста автор аса нәрлі бір проблеманың ушығын көрсетіп өтеді. Оның: «Егер біз аударма өнерін зерттеуді ғылыми турғыдан дамыта беруді мақсат етіп алатын болсақ, онда қазақ өміріне шығыс әдебиетінен аудару арқылы енген туындыларды өз алдына бір жүйе етіп зерттеуді қолға алуымыз керек», - (50 бет) дегенін қуптамасқа болмайды. Алдағы кезде қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиетінің сан ғасырлық тамырлас байланысын зерттеуді қолға алу қажет. Сонау «Калила мен Димнадан», «Мың бір түннен», алуан түрлі өнер, поэзия алыптары шығармаларынан пе өлеңдей, не қарасөзбен тараған нақылдар, аңыздар, әңгімелер, ертегілер қазақ арасында үшан-теңіз. Өз заманыпда гылымның барлық саласын меңгерген, қазақ топырағының перзенті Әбунасыр Фарабидің өзі асқан ірі аудармашы гой. Ертеде араб, парсы тілдерін білген қаламгерлердің біргалайы аударма оперінің де шебері болған. Шығыс ақындарының талай дастандары, қыруар ғазалдары сол елдердің тілін білетін дарыпды ақындар аудармасымен қазақ халқына мәлімденген. Міне, бул узақ зерттеуді керек ететін кәделі тақырып.

Ә.Сатыбалдиев бірыңғай аударма ауданымен шектеліп қалмай, әдебиет тарихының әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелеріне де жол-жөнекей бурылып отырған. Шынында, ғылымның мақсаты колда бар фактілерді санап шығу ғана емес қой. Осы ретте Ә.Сатыбалдиевтің тағы бір ұсынысына журтшылық көңілін аударуды жөн көреміз: «...Кітаби ақын» деп жүрген адамдарымыздың творчествосында әдебиет тарихының көптеген беттерін ашатын мол деректер бар», - (56 бет) дей келіп, автор осылардың бәрін терең зерттемейінше, әдебиетіміздің тарихы олқы болатынын ашық айтады. Бул - әділ тужырым. Революцияға дейінгі әдебиетте түрлі себептер салдарынан шығармалары тексерілмей, тіпті аты-жөні аталмай жүрген ақындар аз емес. Булардың шығармаларын зерттеуге тосқауылдардың бірі - қазіргі ғалымдардың көбінің шығыс тілдеріне жетік еместігі. «Шығыс әдебиеті» дегенге күдікпен қараған сонау бір жылдар ғылымға да кесапат келтірген. Узақ уақыт бойында бізде шығыс әдебиетінің, шығыс (араб, парсы т.б.) тілдерін білетін мамандар даярлауға көңіл бөлінбеген. Ертеде оқыған бірен-саран кісілер ілтипатқа ілінбей, бірте-бірте сиреген. Қазақ әдебиетінің үлкен әлемі - шығыспен байланысты туындылардың кітапхана түкпірінде қорғаусыз жатуыосыдан...

Кітаптың тағы бір күрделі тарауы - «Проблемалар мен ғылыми ой-пікірлер». Мунда автор қазақ аудармашылығы тәжірибесінде орын тепкен аударма түрлерін атап (еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, балама немесе реалистік аударма), олардың сыр-сипатын ашады; бул өнердің эволюциясынан хабардар етеді. Осылардың ішінен биік талғамға. жалпы аударма теориясы шартына сай келетіні деп реалистік аударманы нұсқайды. «Көркем аударма дәл болуы керек, сонымен қатар оның белгілі дәрежеде еркіндікке де правосы бар. Бірак сол еркіндіктің езі тұпнусқада бейнелеген мазмун мен  түрді,   яғни  нақтылы  өмір   корііпстерін   дәл   суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс» (105 бет).

«Соғыс және бейбітшілік», «Анна Каренина» секілді романдардың бірнеше тілге аудармасын қатар алып, көркемдік ерекшеліктерін салыстыруы да - зерттеушінің утысы демеске болмайды. Ә.Сатыбалдиевтың Л.Н.Толстой шығармаларының аудармасына байланысты анықтаған мәселесінің бірі - күрделі сөйлемдерді аудару жайы. Автор бұл жолдағы кемшіліктерді сынап, жетістіктерді қуптайды.

Кітаптың соңын ала бірнеше мақала берілген. Олардың қай-қайсысында да үлкен мәселелер қозғалған деуге болады. «Орысша-қазақша сөздік туралы» мақалада Ә.Сатыбалдиев бұл сөздіктің жалпы мәнін ашумен қатар, негізгі, кінәраттарын - бір сөзді көп сөзбен аударушылықты әділ аңғартады. Ал «Терминология принциптері туралы» да терминком тәжірибесіндегі кейбір ұнамды жайлармен қатар, зорлап орынсыз термин таңушылық сияқты сорақылықтар сыналған...

Қорыта айтқанда, Ә.Сатыбалдиевтың «Рухани қазына» деген еңбегі оқушыны аудармашылық өнерінің жай-күйімен таныстыра алатын, ғалымдық һәм азаматтық тебіреністен туған шыншыл да сыншыл лебіз.

1966

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға