Жаңалықтар

«Ақбоз ат» романы

Т.Әлімқұловтың «Ақбөз ат» романы - ел үшін ерінбей еңбек ететін, пайда үшін емес, ар-намыс, борыш үшін қызмет атқаратын қарапайым қазақ малшылары туралы көркем шығарма. Роман оқушыға қазақ адамының «қанына сіңген» жылқықұмарлық жайын ұқтырады. Осындай оқиғалық тьіңдығының үстіне проблемалық сипаты ашылады. Ол - мал баққан елдің сауық-сайран дәстүрін құрметтеу мәселесі. Автор пәленнің көзі деп асыра сілтегіш, әпербақан «алтын тістерді» айтады. Қазақ ауылын отызыншы жылдардың бас кезінде тұрмыс тапшылығына ұшыратқан осы тәріздес шабармандардың кесір-қиғылығы аз болған жоқ. Бұл айтылуға, таңбалануға тиіс. Жалған белсенділердің кезінде сақталған архитектуралық ескерткіштерді қираттырғаны, шығыс әдебиетінің кітаптарын өртеттіргені, арабша, парсыша сауаты барларды жаудай санағаны, ел тарихынан зәредей жақсылық тапқысы келетіндерді ұлтшыл деп соңына шырақ алып түскені, кейбір діни мейрамдармен бірге еңбек мерекесі - наурызды де жоқ еткісі келгені белгілі. Мұндай солақай белсенділік қазақ әдебиетінің бірталай шығармаларында шенелген болатын. Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» мен кейбір әңгіме, повестері, І.Жансүгіровтің «Мін де шабы», А.Тоқмағамбетовтің, Қ.Тайшықовтың, С.Төлешовтің көптеген фельетон, сықақтары осы мәселеге арналған. «Ақбоз атта» аз көрінсе де ұтымды суреттелген өкіл «алтын тіс» сол жағымсыз, сойқан, бүлік жандардың жалғасы. Дегенмен, шығармалардың біразында әлі де болса еркін көсілмеушілік,   ақиқатты   барша   байланысымен   көрсетуге бармай, жанамалап, ишаратпен ғана аңғарту сарыны басым. Сондықтан ендігі мақсат - адамдар өмірінің белгілі фактілерін, жеке қырларын ғана қамтымай, тутас байланыстар, ықыластар тарихы мен эволюциясын көрсету болса құба-қуп. Бұл - өте күрделі, жауапты жұмыс. Ондаған адамдар былай тұрсын, бір адамның өмір өткелдерін, басқалармен қарым-қатынас тарихын тамыршыдай дәл тану оңай емес. Әрі қоғамдық мәні бар идеялар көтеретін, әрі характерлерді омірден табатын, қандай ауыр шындықты да айтудан тайсалмайтын шығармалар әдебиетке ғайыптан келмейді. Ондай асуға шьгғар алдында үйрену, іздену, жаңа реалистік дөстүр қалыптастыру, көркемдік бояуларды сәйкес қолданып машықтану секілді қажетті сатылар жатады. Қазақ әдебиетінің актуал тақырыптарға жазылған шығармаларынан осы айтқандай барлаушылық, батыл ізденгіштік сипат барған сайын айқын байқалып келеді. Осы жолда елеулі еңбек сіңіріп жүрген жазушылардың алдыңғы легінде З.Шашкин есімін де атау орынды. Оның «Теміртау» романы әдебиетімізге өзіндік нәр әкелген шыгарма. Ондағы Дәмеш, Қайыр бейнелері ұнамды тулға жасау үшін автордың қатты ізденгені еді. «Доктор Дарханов» романында да ол бурын айтылмаған тың мәселелерді қозғауға іалаптанды. Осы автордың кейінгі «Сенім» атты романы дәуір ақиқатын іздеудегі ілгерілегендікті, өмір байланыстарын юрітеуде тереңдей түскенін байқатады. Бул романға үлкен қуат беріп тұрған идея - туған жерге, елге деген махаббат, огап тағдырына жанашыр перзенттік ыстық ьгқылас. Романның орталық тұлғаларының бірі, «Баянауыл» сонхозының бас агрономы Нұрлан Сембиннің іс-әрекетіне көрік беретін, мұратын асыл етіп көрсететін негізгі себеп осы. Аталған және басқа шығармаларда шаруашылықтың да, қоғамдық өмірдің де проблемалары қозғалуы, соларға суреткерлердің көркемдік «үкім» шығаруы, әлеумет жауапкершілігінің аса күрделі салаларын батыл әңгімелеуі -әдебиетіміздің есейе, беки түскендігіне куә.
13.11.2013 10:40 7256

Т.Әлімқұловтың «Ақбөз ат» романы - ел үшін ерінбей еңбек ететін, пайда үшін емес, ар-намыс, борыш үшін қызмет атқаратын қарапайым қазақ малшылары туралы көркем шығарма. Роман оқушыға қазақ адамының «қанына сіңген» жылқықұмарлық жайын ұқтырады. Осындай оқиғалық тьіңдығының үстіне проблемалық сипаты ашылады. Ол - мал баққан елдің сауық-сайран дәстүрін құрметтеу мәселесі. Автор пәленнің көзі деп асыра сілтегіш, әпербақан «алтын тістерді» айтады. Қазақ ауылын отызыншы жылдардың бас кезінде тұрмыс тапшылығына ұшыратқан осы тәріздес шабармандардың кесір-қиғылығы аз болған жоқ. Бұл айтылуға, таңбалануға тиіс. Жалған белсенділердің кезінде сақталған архитектуралық ескерткіштерді қираттырғаны, шығыс әдебиетінің кітаптарын өртеттіргені, арабша, парсыша сауаты барларды жаудай санағаны, ел тарихынан зәредей жақсылық тапқысы келетіндерді ұлтшыл деп соңына шырақ алып түскені, кейбір діни мейрамдармен бірге еңбек мерекесі - наурызды де жоқ еткісі келгені белгілі. Мұндай солақай белсенділік қазақ әдебиетінің бірталай шығармаларында шенелген болатын. Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» мен кейбір әңгіме, повестері, І.Жансүгіровтің «Мін де шабы», А.Тоқмағамбетовтің, Қ.Тайшықовтың, С.Төлешовтің көптеген фельетон, сықақтары осы мәселеге арналған. «Ақбоз атта» аз көрінсе де ұтымды суреттелген өкіл «алтын тіс» сол жағымсыз, сойқан, бүлік жандардың жалғасы.

Дегенмен, шығармалардың біразында әлі де болса еркін көсілмеушілік,   ақиқатты   барша   байланысымен   көрсетуге бармай, жанамалап, ишаратпен ғана аңғарту сарыны басым. Сондықтан ендігі мақсат - адамдар өмірінің белгілі фактілерін, жеке қырларын ғана қамтымай, тутас байланыстар, ықыластар тарихы мен эволюциясын көрсету болса құба-қуп. Бұл - өте күрделі, жауапты жұмыс. Ондаған адамдар былай тұрсын, бір адамның өмір өткелдерін, басқалармен қарым-қатынас тарихын тамыршыдай дәл тану оңай емес. Әрі қоғамдық мәні бар идеялар көтеретін, әрі характерлерді омірден табатын, қандай ауыр шындықты да айтудан тайсалмайтын шығармалар әдебиетке ғайыптан келмейді. Ондай асуға шьгғар алдында үйрену, іздену, жаңа реалистік дөстүр қалыптастыру, көркемдік бояуларды сәйкес қолданып машықтану секілді қажетті сатылар жатады. Қазақ әдебиетінің актуал тақырыптарға жазылған шығармаларынан осы айтқандай барлаушылық, батыл ізденгіштік сипат барған сайын айқын байқалып келеді.

Осы жолда елеулі еңбек сіңіріп жүрген жазушылардың алдыңғы легінде З.Шашкин есімін де атау орынды. Оның «Теміртау» романы әдебиетімізге өзіндік нәр әкелген шыгарма. Ондағы Дәмеш, Қайыр бейнелері ұнамды тулға жасау үшін автордың қатты ізденгені еді. «Доктор Дарханов» романында да ол бурын айтылмаған тың мәселелерді қозғауға іалаптанды. Осы автордың кейінгі «Сенім» атты романы дәуір ақиқатын іздеудегі ілгерілегендікті, өмір байланыстарын юрітеуде тереңдей түскенін байқатады. Бул романға үлкен қуат беріп тұрған идея - туған жерге, елге деген махаббат, огап тағдырына жанашыр перзенттік ыстық ьгқылас. Романның орталық тұлғаларының бірі, «Баянауыл» сонхозының бас агрономы Нұрлан Сембиннің іс-әрекетіне көрік беретін, мұратын асыл етіп көрсететін негізгі себеп осы.

Аталған және басқа шығармаларда шаруашылықтың да, қоғамдық өмірдің де проблемалары қозғалуы, соларға суреткерлердің көркемдік «үкім» шығаруы, әлеумет жауапкершілігінің аса күрделі салаларын батыл әңгімелеуі -әдебиетіміздің есейе, беки түскендігіне куә.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға