Жаңалықтар

Адам тағдыры, ел тағдыры

Адам тағдыры, ел тағдыры .. Қазіргі заман тақырыбына жазылған шығармаларда осы сарын мықтап кетеріліп келеді. Адамның қоғам алдындағы парызын айтумен қатар адамның правосын ардақтау, улылығын түсіну мәселесі қатар ескертілу - бірсыпыра романдарға тән сипатқа айналды. Бұл тараптан қазақ совет әдебиеті гуманизм принциптерін жоғары устап келе жатқандығын аңгартады. Тарихты жасаушы, кереметтер иесі - халықтың жай-күйін терең ашу, елдің тағдырына қатысты    ділгір    проблемаларды    көтеру    -    бүгінгі    күн әдебиетінің пафосы. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романында халқымыздың өмірінде әлі де шешуін толық тауып болмаған жанды проблемалар қойылған. Оларды шаруашылықтың ағымдағы мәселелерінің бірі деп қана қарауға болмайды. Әңгіме мәні тереңіректе жатыр. Иен далада қыстың суығына, жаздың ыстығына төзіп, Отан   дәулеті   -   мал   бағып   жүрген   шопандарға   деген қамқорлықты шындап күшейту мәселесі қазақ әдебиетінде туңғыш  рет осы  романда  зор идеялық-көркемдік қуатпен берілген. Автор болған істің түсіндірушісі, ойсыз қуптаушысы ролін мансуқ етіп, шешілмеген сауалды шешушісі, іздеушісі, шолғыншысы    болуды    артық    көрген.     «Өскен    өркен» романының принципті жаңашылдық сипаты осы орайдан бір көрінеді. Қазіргі заман оқиғаларына қурылған бурынғы біраз шығармаларда ең мақтағанда не диқанның, не малшының, не жұмысшының өндіріс өнімін улғайту жолындағы күрестері, кертартпа күштермен шайқасы, ақырында жеңіске жеткені көрсетілетін. «Сырдария», «Миллионер», «Шығанақ» сияқты белгілі тундыларда тартыс табиғаты әлгі айтқандай болатын. Өмірде     ондай    қайшылық,    тартыс     болатынына    шәк келтірмейміз.   Бірақ,   барлық   мащақат   ілгерішіл   мен   кері кеткеннің       арасында       ғана     ма? Бүкіл     халық болып ойласатын,       жумыла      ат    салысатын,    күллі    журттың тағдырына     қатысты     қиын     туйіндер     де     бар     ғой. М.Әуезов «Өскен өркен» романында міне осындай түбірлі, ортақ мәселені күн тәртібіне қойған. М.Әуезов санадағы ескілік сарқыншақтарынан арылу, оларды түп-тамырымен жою мәселесін де батыл алға тартады. Суреткер муны да әдеттегі жақсы мен жаманның айқасы көлемінен биіктетіп әкеткен. Әйелге турпайы астамшылықпен қарайтын нақтылы айыпкер жас жігіт Сағит болып көрінгенімен, ол жеке-дара өлсіз күш емес. Заң орындары зорлықшыны жазалар-ақ. Бірақ, онымен санадағы көне ғұрып құри қоймайды. Сол үшін бүкіл халық, партия болып аянбай айқас ашуы керек. «Өскен өркен» қа,зақ әдебиеті шығармаларында көп жылдар бойында қалыптасқан сюжеттік-тартыстық жүйеге де жаңалық әкелді деуге болады. Өмір қыртыстарын кең қопарған, өзінің жемісті суреткерлік тәжірибесінде шеберлік шыңдаған суреткер қубылыстар иірімін биік мунарадан шолып, аса елеулі дегендерге ғана тоқталған. Соның арқасында жут та, әйелдерге деген өктемдік көріністері де бірдің емес, миллионның қатысып үкім айтуын, күш біріктіруін тілейтін сын майданына айналған. Бұл романда «мынау оңбаған адам» деп таңбаланған, егін ішіндегі қарақшы ролін атқаратын кейіпкерлер аз. Адамдардың саналылығы, адамгершілігі, мәдениеті түйінді істер, асулар, тосулар кезінде аііқындалып отырады. Олардың өмірдегі орны қаншалық екенін, пайдасы мен зиянын оқушы өзі пайымдайды. Суреткер бұл роман арқылы унамды қаһарман туралы түсінікті кеңейте түскен. Адамдардың қоғамдағы орны мен багасы үлкен қоғамдық мүдделерге қалай қарайтындығымен, сол мүдделер іске асу үшін қаншама қажыр жұмсайтындығы-мен, саналы белсенділігімен, іскерлігімен, басқаларға зерек комек етуге даярлығымен өлшенетінін шьгғарма қапысыз аці артады. Мундаі ешкімге зәбір, көрінеу қиянат жасамайтын, бірақ әділдік үшін білек сыбанып іске кіріспейтін, жақсыға да, жаманға да селт етпей, өз қара басының қамын ғана көздейтін аудан басшылары да суреттелген. Қылмыстың кінәсін себеп тауып жеңілдетуге дағдыланған заң қызметкерлері де бар. Сөзбен ғана жалтылдап, күнделікті іске жүйелі көңіл бөлмейтін салғырт жетекшілер бейнесін де романнан көреміз. Бірақ, бұлардың кем-кетігін өмір әшкерелейді, Карпов сынды көреген басшылары бар облыстық партия комитеті терең талдау жасайды. «Өскен өркеннің» сонылығы тек қана материал тыңдығынан емес, автордың идеялық-эстетикалық жаңа өлшемдер жасауынан, көркемдік шешімдер табуынан.
13.11.2013 10:39 6311

Адам тағдыры, ел тағдыры .. Қазіргі заман тақырыбына жазылған шығармаларда осы сарын мықтап кетеріліп келеді. Адамның қоғам алдындағы парызын айтумен қатар адамның правосын ардақтау, улылығын түсіну мәселесі қатар ескертілу - бірсыпыра романдарға тән сипатқа айналды. Бұл тараптан қазақ совет әдебиеті гуманизм принциптерін жоғары устап келе жатқандығын аңгартады. Тарихты жасаушы, кереметтер иесі - халықтың жай-күйін терең ашу, елдің тағдырына қатысты    ділгір    проблемаларды    көтеру    -    бүгінгі    күн әдебиетінің пафосы.

М.Әуезовтің «Өскен өркен» романында халқымыздың өмірінде әлі де шешуін толық тауып болмаған жанды проблемалар қойылған. Оларды шаруашылықтың ағымдағы мәселелерінің бірі деп қана қарауға болмайды. Әңгіме мәні тереңіректе жатыр.

Иен далада қыстың суығына, жаздың ыстығына төзіп, Отан   дәулеті   -   мал   бағып   жүрген   шопандарға   деген қамқорлықты шындап күшейту мәселесі қазақ әдебиетінде туңғыш  рет осы  романда  зор идеялық-көркемдік қуатпен берілген. Автор болған істің түсіндірушісі, ойсыз қуптаушысы ролін мансуқ етіп, шешілмеген сауалды шешушісі, іздеушісі, шолғыншысы    болуды    артық    көрген.     «Өскен    өркен» романының принципті жаңашылдық сипаты осы орайдан бір көрінеді. Қазіргі заман оқиғаларына қурылған бурынғы біраз шығармаларда ең мақтағанда не диқанның, не малшының, не жұмысшының өндіріс өнімін улғайту жолындағы күрестері, кертартпа күштермен шайқасы, ақырында жеңіске жеткені көрсетілетін. «Сырдария», «Миллионер», «Шығанақ» сияқты белгілі тундыларда тартыс табиғаты әлгі айтқандай болатын. Өмірде     ондай    қайшылық,    тартыс     болатынына    шәк келтірмейміз.   Бірақ,   барлық   мащақат   ілгерішіл   мен   кері кеткеннің       арасында       ғана     ма? Бүкіл     халық болып ойласатын,       жумыла      ат    салысатын,    күллі    журттың тағдырына     қатысты     қиын     туйіндер     де     бар     ғой. М.Әуезов «Өскен өркен» романында міне осындай түбірлі, ортақ мәселені күн тәртібіне қойған.

М.Әуезов санадағы ескілік сарқыншақтарынан арылу, оларды түп-тамырымен жою мәселесін де батыл алға тартады. Суреткер муны да әдеттегі жақсы мен жаманның айқасы көлемінен биіктетіп әкеткен. Әйелге турпайы астамшылықпен қарайтын нақтылы айыпкер жас жігіт Сағит болып көрінгенімен, ол жеке-дара өлсіз күш емес. Заң орындары зорлықшыны жазалар-ақ. Бірақ, онымен санадағы көне ғұрып құри қоймайды. Сол үшін бүкіл халық, партия болып аянбай айқас ашуы керек.

«Өскен өркен» қа,зақ әдебиеті шығармаларында көп жылдар бойында қалыптасқан сюжеттік-тартыстық жүйеге де жаңалық әкелді деуге болады. Өмір қыртыстарын кең қопарған, өзінің жемісті суреткерлік тәжірибесінде шеберлік шыңдаған суреткер қубылыстар иірімін биік мунарадан шолып, аса елеулі дегендерге ғана тоқталған. Соның арқасында жут та, әйелдерге деген өктемдік көріністері де бірдің емес, миллионның қатысып үкім айтуын, күш біріктіруін тілейтін сын майданына айналған. Бұл романда «мынау оңбаған адам» деп таңбаланған, егін ішіндегі қарақшы ролін атқаратын кейіпкерлер аз. Адамдардың саналылығы, адамгершілігі, мәдениеті түйінді істер, асулар, тосулар кезінде аііқындалып отырады. Олардың өмірдегі орны қаншалық екенін, пайдасы мен зиянын оқушы өзі пайымдайды.

Суреткер бұл роман арқылы унамды қаһарман туралы түсінікті кеңейте түскен. Адамдардың қоғамдағы орны мен багасы үлкен қоғамдық мүдделерге қалай қарайтындығымен, сол мүдделер іске асу үшін қаншама қажыр жұмсайтындығы-мен, саналы белсенділігімен, іскерлігімен, басқаларға зерек комек етуге даярлығымен өлшенетінін шьгғарма қапысыз аці артады. Мундаі ешкімге зәбір, көрінеу қиянат жасамайтын, бірақ әділдік үшін білек сыбанып іске кіріспейтін, жақсыға да, жаманға да селт етпей, өз қара басының қамын ғана көздейтін аудан басшылары да суреттелген. Қылмыстың кінәсін себеп тауып жеңілдетуге дағдыланған заң қызметкерлері де бар. Сөзбен ғана жалтылдап, күнделікті іске жүйелі көңіл бөлмейтін салғырт жетекшілер бейнесін де романнан көреміз. Бірақ, бұлардың кем-кетігін өмір әшкерелейді, Карпов сынды көреген басшылары бар облыстық партия комитеті терең талдау жасайды. «Өскен өркеннің» сонылығы тек қана материал тыңдығынан емес, автордың идеялық-эстетикалық жаңа өлшемдер жасауынан, көркемдік шешімдер табуынан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға