Жаңалықтар

Өмір шындығы және көркемдік шешім

Кейінгі жылдарда қазақ совет әдебиетінің тапқан олжасы аз емес. Барлық жанрда да көптеген корнекті туындылар жарияланды; шығармалардьвд саны күрт ұлғайды, сапасында соны нышандар пайда болды. Қазақстан жазушыларының екі съезінің аралығында (1959-1966 жылдар) озге жанрды қоспағанда отыздан астам роман басылып шыққаны да буған айғақ. Әдебиетіміздің соңғы он шақты жылындағы өсу жолын, тақырыптық,     проблемалық,    шеберлік    ауданын    жалпы шолғанда, елеулі сапалық ілгерілеуге жеткенін пайымдаймыз. Реалистік     дәстүрдің     бай     мүмкіншіліктерінен     үйрену, формалық,    мазмұндық,    ізденістер    суреттеу    қуралдарын пайдалану жағынан қазақ қаламгерлері жаңа қадам үстінде. Творчестволық еркіндік артқандығының үлкен бір белгісі - тақырыптық     әр     алуандықта.     Шынында    бул    тек арифметикалық   қана   өлшем   емес.    Тақырып   кендігі   -  қаламгерлер назарына ілінген омірлік байланыстар кендігі. Қазіргі   романдардан   өмір   материалдарын   анағұрлым   кең қамтушылық   байқалады.    Атап   айтқанда,   С.Мұқановтың «Мөлдір    махаббат»,    Ғ.Мүстафиннің    «Дауылдан    кейін», Ғ.Слановтың  «Асау   арна»,  Х.Есенжановтың  «Ақ  жайық», А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала», Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер», Б.Тоқтаровтың «Жетісу жотасында», К.Оразалиннің «Коктем салқыны», М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл» сияқты романдарында Қазақстан халқының, революциялық күрес дәуірінің әр кезеңдегі алуан сырлы шындығы елестейді. Бұлардың идеялық-көркемдік дәрежесі біркелкі болғанмен, тұтастай алғанда, еліміз тарихындағы коптеген қызулы да қарымды күшті оқиғалар сарынын сездіре алатыны даусыз. Қазіргі  өмір шындығына арналып бірнеше роман жариялануы да сүйсінерлік құбылыс. Олар: М.Әуезовтің «Оскен өркен», Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат», З.Шашкиннің «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Сенім», С.Жүніеовтың «Жапандағы жалғыз үй», А.Байтанаевтың «Жаңғырды дала», К.Оразалиннің «Ақ жазық», Р.Тоқтаровтың «Бақыт» романдары. Бұларда дәуіріміздің бірқатар ділгір актуал, маңызды мәселелері көтерілген. Сонымен қатар қазіргі романдарда кешегі Ұлы Отан соғысына қатысты оқиғалар да суреттеліп келеді. Соғыс кезіндегі тыл еңбекшілерінің ерлікке барабар іс-әрекеттері О.Қанахиннің «Дәмелі» романында әңгімеленеді. Жазушы Қ.Исабаев «Бетпе бет» романында Герман Демократиялық Республикасы елінің соғыстан кейінгі өмірін суреттейді. Шетел өмірінен роман жазылу фактісінің өзі біздің қаламгерлеріміздің профессионалдық қызығуы мен мәдениетінің өскендігін аңғартса керек. Бұл тұста халқымыздың әдебиет, онер тарихында үлкен орын алатын қайраткерлер хақында романдар туғанын да атап өту керек. С.Бақбергенов қазақ халқының даңқты күйшісі Дина Нүрпейісованың өнер жолын, өмір асуларын қызғылықты етіп баяндады; Д.Әбілев классик ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірінен жазбақ романының бірінші кітабын жариялады. Суреткерлердің өздері талғаған оқиғаларына неғұрлым сай келетін формаларға барушылығы да көңіл бөлетін мәселе. С.Мұқановтың    «Есею    жылдары»,    Ғ.Мұстафиннің    «Көз көрген» атты роман-мемуарлары да - кейінгі елеулі туындылары. Осылайша жалпылай шолып, тек тақырыптық белгілеріне қарап жіктегенде де романдар салмағының «ауырлығын» аңғаруға болады. Бірқатар жаңа романдардан оқушы халық өмірінің бұған дейін қаламға көп іліне қоймаған қатпарларын, жаңа қырларын көрді. Қазір бізде үлкен өнер туындыларын жасау жолында батыл барлаулар, ізденулер, тәжірибелер көп. Солардың ішінде мазмұны мен түрі, құрылыстық өлшемі, оқиғасы екшелген, тілі жарасымды дүниелер бар. Әрине, сападан гөрі санды дәтке қуат етушілік те жоқ емес. Бейнелеп сөйлесек, қазіргі қазақ әдебиеті үлкен ғимараттар құрылысына ұқсайды. Мұнда жақсы жоспарлағанмен, нашар бітіп жатқан үйлер де, бүгінгі күннің уақытша қажетін өтеуге лайықталған ажарсыз мекендер де, мұғал соғылған әрі әсем, әрі қолайлы сарайлар дабар... Ең басты үміт - сапалылық, санат үшін күрестің күшейе түскендігінде, өмірлі бұйы жасауға деген табиғи талаптың артқандығында, шығармалардың реалистігі, батылдығы мен ауқымдылығы, өмір талаптарына айтар жауабы бурынғыдан да молая түсті. Адамға деген сенімсіздіктің, жалған ғайбатшылар мен мансапқорлардың зардабы Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ, соның   іздері»,   М.Ғабдуллиннің   «Күдікті   күндер»   деген әңгімелерінде,       Қ.Бекхожиннің       «Турлаулы       тағдыр» поэмасында, З.Шашкиннің «Доктор Дарханов», С.Жүнісовтің «Жапандағы    жалғыз    үй»    романында,    тағы    басқа    да шығармаларында    шыншылдықпен    айтылған.     Сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетінде отызыншы жылдарда ел басына түскен ауыртпалық та сөз бола бастады. Совет қаламгерлері даму жолымыздағы ішінара ағаттықты бүгінгі күннің бетіне шіркеу ету үшін емес, оның неліктен туғанын анықтау, әшкерелеу үшін, келешекте сол тектес қате қайталанбас үшін жазады. Бізге белгілі бір кезеңнің олқылығын көру мурат емес, қиын кезде қайыспаған, адамшылығын жоғалтпаған, халық мүддесі үшін күресе білген адамдардың өмір кешулері мен асыл армандарын танып-білу қажет. Жазушы С.Шәймерденов «Мезгіл» атты повесінде 1932 жылғы асыра сілтеу көріністерін ұнамды қаһарманның көзімен бағалатады; ауыл белсенділерінің мейірімсіз қаталдығын коммунистік идеал тұрғысынан әшкере етеді. С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» деген романында да аталған жылдар шындығы нанымды елес береді. Мұнда болған оқиғалардың тың өлкесінің қадірлі еңбек адамы, колхоз құрыла бастағаннан қазірге дейінгі істердің жанды куәсі Григорий (Күргерей) қарт баяндайды. Коллективтендіру қозғалысының алғашқы тұсындағы қиындықтар елесі Ь.Соқпақбаевтын «Балалық шаққа саяхат» повесінде де корінген болатын. Мәселе қай тақырыпқа қанша шығарма жазылғандығында емес. Атап көрсетерлік жетістіктің бірі - әдебиетіміз өмірдің қандай шытырман дейтін өлкелеріне де батыл қадам жасай бастағандығы. Қазақ беллетристері елімізде іске асқан зор жаңалықтар, жақсылықтар жайында әрдайым ауыз толтырып айтатыны секілді өмірдің көлеңкелі, кеселді жағын шенеу иарыз екенін де есте устайды. Өмірдің фактілерін, адамдар арасындағы байланыстар, і.іқыластар, құмарлық, оштіктер тарихын зерттемейтін суреткер болмас. Бул қандай шығарма үшін де өмірлік материал ғой. Барлық хикмет сол танылған, тексерілген, екшеленген материалды қалай жұмсауда, қандай шеберлікпен игсруде жатыр. Тіршіліктің қай тарамы алынса да, әдебиет ;ідамдардың кокейіндегі эстетикалық сауалдарына жауап беруі гиіс. Өмірдегі ең зәру асыл нәрсе не, қайткен күнде омірді мағыналы, әрі қоғамға пайдалы етіп өткізуге болады; қазіргі іаңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеттер іс жүзінде қалай отеліп жатыр; кедергі қай тараптан, алдымен қандай кемшіліктерімен күресу қажет? Міне, осы секілді коп сауалдарға коркем әдебиет коркемдік жауап айту керек...
13.11.2013 10:38 16252

Кейінгі жылдарда қазақ совет әдебиетінің тапқан олжасы аз емес. Барлық жанрда да көптеген корнекті туындылар жарияланды; шығармалардьвд саны күрт ұлғайды, сапасында соны нышандар пайда болды. Қазақстан жазушыларының екі съезінің аралығында (1959-1966 жылдар) озге жанрды қоспағанда отыздан астам роман басылып шыққаны да буған айғақ.

Әдебиетіміздің соңғы он шақты жылындағы өсу жолын, тақырыптық,     проблемалық,    шеберлік    ауданын    жалпы шолғанда, елеулі сапалық ілгерілеуге жеткенін пайымдаймыз. Реалистік     дәстүрдің     бай     мүмкіншіліктерінен     үйрену, формалық,    мазмұндық,    ізденістер    суреттеу    қуралдарын пайдалану жағынан қазақ қаламгерлері жаңа қадам үстінде.

Творчестволық еркіндік артқандығының үлкен бір белгісі - тақырыптық     әр     алуандықта.     Шынында    бул    тек арифметикалық   қана   өлшем   емес.    Тақырып   кендігі   -  қаламгерлер назарына ілінген омірлік байланыстар кендігі. Қазіргі   романдардан   өмір   материалдарын   анағұрлым   кең қамтушылық   байқалады.    Атап   айтқанда,   С.Мұқановтың «Мөлдір    махаббат»,    Ғ.Мүстафиннің    «Дауылдан    кейін», Ғ.Слановтың  «Асау   арна»,  Х.Есенжановтың  «Ақ  жайық», А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала», Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер», Б.Тоқтаровтың «Жетісу жотасында», К.Оразалиннің «Коктем салқыны», М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл» сияқты романдарында Қазақстан халқының, революциялық күрес дәуірінің әр кезеңдегі алуан сырлы шындығы елестейді. Бұлардың идеялық-көркемдік дәрежесі біркелкі болғанмен, тұтастай алғанда, еліміз тарихындағы коптеген қызулы да қарымды күшті оқиғалар сарынын сездіре алатыны даусыз.

Қазіргі  өмір шындығына арналып бірнеше роман жариялануы да сүйсінерлік құбылыс. Олар: М.Әуезовтің «Оскен өркен», Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат», З.Шашкиннің «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Сенім», С.Жүніеовтың «Жапандағы жалғыз үй», А.Байтанаевтың «Жаңғырды дала», К.Оразалиннің «Ақ жазық», Р.Тоқтаровтың «Бақыт» романдары. Бұларда дәуіріміздің бірқатар ділгір актуал, маңызды мәселелері көтерілген.

Сонымен қатар қазіргі романдарда кешегі Ұлы Отан соғысына қатысты оқиғалар да суреттеліп келеді. Соғыс кезіндегі тыл еңбекшілерінің ерлікке барабар іс-әрекеттері О.Қанахиннің «Дәмелі» романында әңгімеленеді. Жазушы Қ.Исабаев «Бетпе бет» романында Герман Демократиялық Республикасы елінің соғыстан кейінгі өмірін суреттейді. Шетел өмірінен роман жазылу фактісінің өзі біздің қаламгерлеріміздің профессионалдық қызығуы мен мәдениетінің өскендігін аңғартса керек.

Бұл тұста халқымыздың әдебиет, онер тарихында үлкен орын алатын қайраткерлер хақында романдар туғанын да атап өту керек. С.Бақбергенов қазақ халқының даңқты күйшісі Дина Нүрпейісованың өнер жолын, өмір асуларын қызғылықты етіп баяндады; Д.Әбілев классик ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірінен жазбақ романының бірінші кітабын жариялады.

Суреткерлердің өздері талғаған оқиғаларына неғұрлым сай келетін формаларға барушылығы да көңіл бөлетін мәселе. С.Мұқановтың    «Есею    жылдары»,    Ғ.Мұстафиннің    «Көз көрген» атты роман-мемуарлары да - кейінгі елеулі туындылары. Осылайша жалпылай шолып, тек тақырыптық белгілеріне қарап жіктегенде де романдар салмағының «ауырлығын» аңғаруға болады. Бірқатар жаңа романдардан оқушы халық өмірінің бұған дейін қаламға көп іліне қоймаған қатпарларын, жаңа қырларын көрді.

Қазір бізде үлкен өнер туындыларын жасау жолында батыл барлаулар, ізденулер, тәжірибелер көп. Солардың ішінде мазмұны мен түрі, құрылыстық өлшемі, оқиғасы екшелген, тілі жарасымды дүниелер бар. Әрине, сападан гөрі санды дәтке қуат етушілік те жоқ емес. Бейнелеп сөйлесек, қазіргі қазақ әдебиеті үлкен ғимараттар құрылысына ұқсайды. Мұнда жақсы жоспарлағанмен, нашар бітіп жатқан үйлер де, бүгінгі күннің уақытша қажетін өтеуге лайықталған ажарсыз мекендер де, мұғал соғылған әрі әсем, әрі қолайлы сарайлар дабар...

Ең басты үміт - сапалылық, санат үшін күрестің күшейе түскендігінде, өмірлі бұйы жасауға деген табиғи талаптың артқандығында, шығармалардың реалистігі, батылдығы мен ауқымдылығы, өмір талаптарына айтар жауабы бурынғыдан да молая түсті.

Адамға деген сенімсіздіктің, жалған ғайбатшылар мен мансапқорлардың зардабы Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ, соның   іздері»,   М.Ғабдуллиннің   «Күдікті   күндер»   деген әңгімелерінде,       Қ.Бекхожиннің       «Турлаулы       тағдыр» поэмасында, З.Шашкиннің «Доктор Дарханов», С.Жүнісовтің «Жапандағы    жалғыз    үй»    романында,    тағы    басқа    да шығармаларында    шыншылдықпен    айтылған.     Сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетінде отызыншы жылдарда ел басына түскен ауыртпалық та сөз бола бастады.

Совет қаламгерлері даму жолымыздағы ішінара ағаттықты бүгінгі күннің бетіне шіркеу ету үшін емес, оның неліктен туғанын анықтау, әшкерелеу үшін, келешекте сол тектес қате қайталанбас үшін жазады. Бізге белгілі бір кезеңнің олқылығын көру мурат емес, қиын кезде қайыспаған, адамшылығын жоғалтпаған, халық мүддесі үшін күресе білген адамдардың өмір кешулері мен асыл армандарын танып-білу қажет.

Жазушы С.Шәймерденов «Мезгіл» атты повесінде 1932 жылғы асыра сілтеу көріністерін ұнамды қаһарманның көзімен бағалатады; ауыл белсенділерінің мейірімсіз қаталдығын коммунистік идеал тұрғысынан әшкере етеді. С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» деген романында да аталған жылдар шындығы нанымды елес береді. Мұнда болған оқиғалардың тың өлкесінің қадірлі еңбек адамы, колхоз құрыла бастағаннан қазірге дейінгі істердің жанды куәсі Григорий (Күргерей) қарт баяндайды. Коллективтендіру қозғалысының алғашқы тұсындағы қиындықтар елесі Ь.Соқпақбаевтын «Балалық шаққа саяхат» повесінде де корінген болатын.

Мәселе қай тақырыпқа қанша шығарма жазылғандығында емес. Атап көрсетерлік жетістіктің бірі - әдебиетіміз өмірдің қандай шытырман дейтін өлкелеріне де батыл қадам жасай бастағандығы. Қазақ беллетристері елімізде іске асқан зор жаңалықтар, жақсылықтар жайында әрдайым ауыз толтырып айтатыны секілді өмірдің көлеңкелі, кеселді жағын шенеу иарыз екенін де есте устайды.

Өмірдің фактілерін, адамдар арасындағы байланыстар, і.іқыластар, құмарлық, оштіктер тарихын зерттемейтін суреткер болмас. Бул қандай шығарма үшін де өмірлік материал ғой. Барлық хикмет сол танылған, тексерілген, екшеленген материалды қалай жұмсауда, қандай шеберлікпен игсруде жатыр. Тіршіліктің қай тарамы алынса да, әдебиет ;ідамдардың кокейіндегі эстетикалық сауалдарына жауап беруі гиіс. Өмірдегі ең зәру асыл нәрсе не, қайткен күнде омірді мағыналы, әрі қоғамға пайдалы етіп өткізуге болады; қазіргі іаңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеттер іс жүзінде қалай отеліп жатыр; кедергі қай тараптан, алдымен қандай кемшіліктерімен күресу қажет? Міне, осы секілді коп сауалдарға коркем әдебиет коркемдік жауап айту керек...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға