Жаңалықтар

Өнер мұраты

Қазіргі қазақ әдебиетінің арнаулы әңгіме етерлік, пікір алысарлық мәселелері аз емес. Әдебиетіміз соңғы жылдарда қандай сонылықтар тапты, идеялық-эстетикалық табысы қайсы, шыққан биігі кәні деген сияқты сауалдарға жауап айту шарт. Бүгінгі әдебиетіміз - барлық жанры иық сүйесе дамып отырған күрделі әдебиет. Оның мән-жайын түсіну мен түсіндіру міндеті қай кездегіден де ауырырақ... Мәселе жыл асқан сайын түрлі жанрдан шығатын кітаптардың көбеюінде ғана емес. Әдебиет көптеген жалған түсініктерден, жасанды бегесіндерден арылып келеді. Соңғы жылдары проза жанрында повестер кернекті орынға ие болды. Олардың тақырьштык ауданы түрлі-түрлі. Осы шығармалардьвд бәріне ортақ сарынды іздесек, ол -қазіргі жас замандастың емірден ез орнын іздеу, күрес, еңбек үстінде шынығу, адам, азамат ретінде беку, ширау процесі. Қашан да болмасын реалистік одебиет, ең алдымен, өз дәуірі, уақыты алға ҚОЙған сауалдарга коркемдік жауап айтып келген ғой. Осындай қымбат сииаттарға қазақ әдебиетінің келе бастағанын үлксіі принциптік ілгерілеу, әдебиеггін өмірге жақындауы двп түсінеміз... Жас жазушы Қ.Баялиев өзінің «Адам ізі» деген повесінде адамгершілік, іпаиагат мәселесін көтереді. Мамандық алу, жұмыс жосііарып артыгымен орындау жақсы-ақ. Бірақ, бұлармен ғана омір сұраулары мен борыштары түгелденбейді. Адам өз мүддесін ғана көздемей, өзгелердің де жай-күйіне көңіл бөлуі керек. Сонда ғана өмір жарасымы, келісімі тумақ, қоғам мен адам тіршілігінің сәйкестігі жасалмақ. Повестің бір кейіпкері «жүрегің сұлу болса ғана, жер бетіндегі ісің сұлу» дейді. Жазушы қолынан өнер төгілген Мәлік деген жас жігіттің еңбектегі табысына мастанып, тәкаппарлыққа түскенін, ақыры сол мінезінен опық жегенін көрсетеді. Оның есесіне әшейінде көзге елеусіздеу жүретін Әмірдің бойында қарапайымдылық, адамгершілік, жүрек жылылығы бар екенін оқиғалар өрілімі үстінде аңғартады. Повесте бұдан басқа да тағдырлар жайы сөз болады. Сүйсінерлігі сол - автор өмір проблемаларына өзінше талдау, тексеру жасап, өзінше жауап айтуды көздеген және дәл қазіргі замандастар тіршілігінен нанымды оқиғалық байланыстар таба білген. Бірсыпыра повестерде («табылған теңіз», «Өтелген өкініш», «Күтем сені, Дидар» т.б.) жас адамның өмір сынына алғаш түсіп, сүйінуі мен сүрінуінің тарихы, қиыншылықты жеңу арқылы белгілі белеске шығу жайы әңгімеленеді. Бұл да қазіргі күннің аса маңызды, жан-жақты шешімді күтіп отырған тақырыбы. Шынында, жас жеткіншектерді тәрбиелеу - тек педагогтар мен тәрбиешілерді гапа емес, бүкіл жұртшылықты қатты ойландырып жүргеп моселеніц бірі, Кейбір жастыц қылмысқа ұшырау, геріс жолға түсу себебі не, оларды қатерлі ықпал меп дагдыдаи сақтандырудың жолы қайсы сияқты жанды проблемалар да әдебиетімізден орын тебе бастады. Жас қаламгерлеріміз осындай қиын сауаддарға жауап беруден тайқымай, өмір оқытушысы міндетін мойнына алуы да сүйсінерлік. Ш.Муртазаевтың «Табылған теңізіндегі» Орал, Ә.Әзиевтің «Өтелген өкінішіндегі» Қайсар, М.Сүндетовтың «Күтемін сені, Дидарындағы» Дидар бейнелері өмір ақиқатынан алынғанына сендіреді. Авторлар осы қаһармандардың адасу жолдарын ғана емес, тура жолға түсіп шыныққанын да көрсетуге талаптанған. «Табылған теңіздегі» Орал тың жерлерге барып, көп жақсы мінез танытады; еңбекте ғана озып қоймай, адамшылық сынынан да сүрінбей өтеді. Ә.Әзиевтің «Өтелген өкініші» де жас адамды дұрыс бағытта тәрбиелеу мәселесіне арналған. Әкесі елге белгілі жұмысшы, өзі таксист болып істеп жүргенде жазатайым бұзықтардың тұзағына түсіп, қылмысқа еріксіз араласқан, кінәсін колонияда өтеп, түзеліп қайтқан Қайсар тағдыры да оқушыны ойландырады. Бұзықтыққа кездейсоқ ілінгендер бар да, жарамсыз істерді әдетке айналдырғандар бар. Бұларға деген үкім, жаза, кешірімнің айырмасы болуға тиіс. Қайсар колониядан қайтқаннан кейін де атышулы урылар: Мұзбалақов пен Скриндис оның қыр соңынан қалмай, жаңа қылмысқа араластырмақ болады. Қайсар бузықтардың ауқымына түспей, табандылық, тапқырлық көрсетіп, сойқанды топтың усталуына көмектеседі. Сонымен «Өтелген өкініш» -жас адамның бір мезет шалыс басып, опық жеп, ақ, адал жолын тапқаны хақында хикая. Автордың өз бақылауы, әсері дерлік суретті тұстар повесте баршылық. Жалпы алғанда, Ә.Әзиевтің сөз талғауға мұқият көңіл бөлетіңдігі көрінеді. М.Сүндетов «Күтем сені, Дидар» атты повесінде де («Жұлдыз», №6, 1965) адамды тәрбиелеу, оны қоғамға пайдалы азамат етіп жетілдіру мәселесін сөз етеді. Шығарманың орталық қаһарманы - Дидар ашық қылмысқа ілініп жаза шеккен, тіршілік тауқыметін көріп түзелген, «тәубаға келген» жан емес. Дидар өзінің қызметтес адамдары Сәрсен мен Сапардың теріс әсерімен қылмыс жолына түсіп бара жатқанын кеп узамай түсінеді. Қатты айтса да әділ айтып, муның  көп нәрсеге көзін жеткізген адам - Ертұрлы. Дидар бетіне жылы сөйлеп табақтас, арақтас болған Сәрсен мен Сапардан «тура айтып, туғанына жақпайтын» Ертұрлының анағұрлым озық екенін кешікпей ұғады. Автор жас адамның қашан үлкен қылмыс жасап, әлемет жанжал шығарғанын күтіп жүргеннен горі оны әуел бастан қатал адамшылық норма уысында ұстау тиімдірек екенін аңғартады. Қоғам, қауым алдында ардың таза болуы омір басталар жолайрық сәтте кісінің тура бағытты тапқандығына немесе жеңіл пайдакүнемдікке түсіп кетуіне байланысты екенін қаламгер орынды еске салған. Шынында машинаға тиелген жүкті апар деген жерге апарып жүре берсе Дидарға келетін тікелей қылмыс жоқ болатын. Қайта ол осылайша тіл алғыштықпен тұрмысын жондеп алуы да оңай еді. Бірақ кісі тек ішкен-жегенмен ғана бақытты емес қой. «Менің тапқан табысым қандай еңбегімнің есесі, менің ішкенім мен кигенімде кімдердің үлесі, бейнеті бар» дегенді әрбір адал, саналы адам ойлануға тиіс. Дидардың үй-ішінің жай-күйін автор біршама толық сипаттайды. Бұлардың кісі қызығарлық тұрмыс молшылығы жоқ. Бірақ, оның есесіне терең байлық -қанағатшылдық, адамшыл тәртіптілік бар. Түйені түгімен жұтса да тоймайтын, жеңіл еңбекпен көп айлық алса да қанағат етпейтін дүниеқоңыз ашқарақтардан Дидарлар бойы биік. Ол - әділдікті, шындықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде сүйетін, пиғылы таза, адамшылығына кір жұқпаған пәк мінездің адамы. Дидар бейнесінің (толық мүсінделіп бітпесе де) оқушыға жылы корінетін, ойландыратын себебі осы. Бул келтірілген мысалдар қазақ қаламгері омірдің сан алуан сұрауларына терең ой жүгіртіп,. қоғам жүгін корсетуге, шешілмеген этика мәселелерін шешісуге ат салысып келе жатқанын корсетеді. Белгілі қаулылар мен науқандарға икемдеп, иллюстрация, түсініктеме шығарма жазғаннан өмір қайшылықтарымен бетпе-бет келіп зерттеудің қиынырақ екені будан көрінсе керек. Ә.Таразидің «Қуйрықты жұлдыз» («Жулдыз», №4, 1965) повесінде де қазіргі қазақ ауылында кездесетін ұнамсы? көріністерге қарсы үн естіледі. Повестің бас кейіпкері -Сәнжан қаладан өзінің туған еліне келіп, қызметке тұруға бел байлайды. Сәнжанның көзіне ауылда жиі жолығатын кесапаттар - ішімпаздық, карташылдық, өзара мағынасыз талас, жағымпаздық, күндестік сияқтылар оғаш көрінеді. Табиғатында суретші Сәнжан осындай ерсіліктерге көбінше іштей ғана наразы. Бірақ, оның мең-зең әрекетсіз, жайбарақат жүріс-тұрысы әлгі құбылыстарға контраст ретінде алынған. Сәнжан - өмірдегі орнын іздеп жүрген, бойындағы қайраты мен талантын үлкен мұраттарға бағыштағысы келетін адам. Жас жазушы Ж.Молдағалиевтің «Жаз ерке» повесі де әдебиетімізде соңғы жылдарда жиі көтерілген ар, адамгершілік, парыз мәселелерін әңгімелейді. Ж.Молдағалиев шығармасынан оның өзіндік қалам сілтесі, жазу мәнері барлығы, адам мінезін ашуға шеберленіп қалғаны танылады. Әсіресе, оның тартымды, жатық тілін, оқиғаны қызғылықты. әсерлі құра білетіндігін айтар едік. Шынында шығармаға ен керек шарттардың бірі - тартымдылық, әсерлШк қой. Автор қандай қиын, шытырман жайларды баяндаса да еркін. қарапайым сөйлейді. Бұл - көптеген жас қаламгерлер туындыларынан табыла бермейтін қасиет. «Жаз еркёде» қазіргі ауылдағы озық ойлы, еңбеккер жас қауым өкілдерінің өзара қарым-қатынастары, өмір талқысыш түсіп, шындалу процесі көрсетілген. Совпартшколды бітіріп. алыстағы «Торгай» совхозының Зеренді бөлімшесіне қызметке барған жас маман Ғани мен ауылдың белгілі, беделді жігіті Сырымның іс-әрекеттері, сезім күйлері табиғи нанымды бейнеленген. Сырымның табанды, мәрт жігіт екендігін албырт сезімге бой алдырмай, алыстағы сүйген қызы Қарлығашқа берген уәдеде тура білгендігінен де, егінге әрі түскен   кезде   көрсеткен   ерлігінен   де   көреміз.   Сондай-ақ  Ғайнидың да ибалы, әдепті, парасатты, жігерлі жан екендігі түрлі сын тұстарда анықталады. Сырым мен Ғани бойларынан казіргі ілгерішіл жастарға тән ізгі сипаттар табылады. Ә.Нурмановтың «Күн ертеңге ауып барады» повесі автордың болашақта үміт күттірерлік талап иесі екендігіне көз жеткізеді. Жас қаламгер өз кейіпкерлерінің өмірге құштарлығын, адамшыл пәктігін жылы суреттей алған, сонымен қатар оның юморға да бейімі барлығы байқалады. Бұған бір мысал келтірейік. Шаруашылықты да, шаруа адамдарды да үстірт қана білетін шалағай өкіл Тұтқабайдың сақал-мұртына мұз қатқан жас қойшыны «ақсақал» деп сөйлесуі былай берілген. «...Шешініп отырған соң, уәкілім кеңірдегін созып, ең алдымен тобеге қарады. -   Үйіңізді ыс басып кеткен екен, ақсақал, ә? Төбесі де дұрыс салынбапты. -   Иә, ыс болады ғой. Неге баспасын. Қарағым, озің қай  баласың? -    Мен       раисполкомның       заместителі        Тұтқабай Жалмағаметовпін. -    Е, жарайды, Тұткабай Жалмағамбетов болсаң, дұрыс. Бастық екенсің, шопандардың тұрмысымен танысып жүрген шығарсың? -    Ия, ақсақал, танысып жүрмін. Қалай, койың өліп тура ма? ...Тұтқабай бажырайып, шопанның бетіне қарады. Сақал-мұртындағы мұз ерігесін байқаса, отыздың ар жақ, бер жағындағы ғана адам. «Ақсақал» деп отырған Тұтқабай да соны аңғарған болуы керек. Үндемей қалды...» Қазіргі заман тақырыбына бетбурыс жасалғанына аталған шығармалардан басқа да көптеген мысал келтіруге болады. Бүгінгі күннің актуал тақырыбына бару - жазушыларымызды формалық ізденістерге апарып жүруі де заңды. Мәселен, авторлардың қай-қайсысы да, әсіресе, ішкі монолог тәсілін, бірінші жақтан кейіпкер аузымен сөйлеу амалын жиі қолданып   келеді.   Кейде   идеяға  лайықтап  композициялық канондарды да өзгертіп қолдану тәжірибесі бар. Көркемдік жинақтаулар ушін қаһарман өмірін зерттеу қажеттігін ескерген қаламгеріміздің өздеріне таныс қауым - замандастар тарихы мен тағдырын неғурлым толык көрсетуге ат салысып келеді. Ілгеріде сөз болған повестердід басындағы жақсылық, уміт нышаны дегендерді іріктеп, екшеп, теріп көрсетуге умтыддық; олардың көбіне тән ортақ идеялық, тақырыптық, сарындарды атадық. Будан, әрине, ол шығармалар ығай мен сығай деген уғым тумайды; бірінде көбірек, екіншісінде азырақ кемшілік, шалағайлықтары да кездеседі. Соларды жинақтап сөйлегенде бірнеше мәселеге назар аударуды жөн көреміз. Ең алдымен, жас авторлардың кейде ана тіл байлығын унемді, талғап пайдалана алмайтындығы байқалады. Олақ оралым, редакцияланып бітпеген сөйлемдер, кейде орынсыз диалектизмге әуестік кездеседі. Мысалы: «Бырығып» («былығыптың» орнына), «нәстә» («нәрсенің» орнына), «Анам сөйлеп жүр», «Ағаш жаңқасынан айналам көл-көсір», «Менің қолтығымның астынан (бойы дегені - Р.Б.) келеді», «Сәнжан ауыр бір аяғын жаншып кеткенде, шошып оянады»..., сияқты тіркестер мен жеке сөздерді әдеби тіл нормасымен беруге әбден болар еді. Шығармада алға қойған мақсатқа сай оқиға екшеу, қаһармаңдардың мінезін ашарлық ситуациялар табу жағы әлі жеткіліксіз. Кейде авторлар негізі кейіпкерлердің толысуына қатысы шамалы желілерді қатарластыра тартып, шубалаңқы-лыққа душар болады. («Жаз еркедегі» Қайдолла семьясының жайы, «Адам ізіндегі» Қаржаубай Шымыров тарихы, т.б.) Қандай да болмасын шығарманың әсерлі, ғибратты болуы толық сшгатталған көркем характерлерге байланысты. Осы турғыдан алып қарағанда, көптеген шығармалардың каһармаңдары тым қораштау көрінеді. Шығарма қаһармандары қатарында біз, көбінше, өмірге жаңа араласып, тұңғыш    іс-әрекеттерімен    таныла    бастаған    адамдарды кездестіріп жүрміз. Оларды үлкен сын, асу, тосуларда керсетіп, жан-жақты бейнелеу, «заман қаһарманы» осы дерліктей биікке көтеріп көрсету аз. Ал бірсыиыра кейіпкерлер тек    бақылаушы    ролінде    қалып,     салқын жүргендер. Ақырында, ортақ міндеттің бірі ретінде біздін әдебиетімізге үлкен көркемдік жинақтаулар, кең байланыстар, әлеуметтік зерттеушілік зәру екендігін айтар едік. Қаһарман өмірінің бір кезеңін ғана емес, түрлі түйін тұсын барлық шындығымен   көрсеткенде   ғана   кесек,   көркем   тулғалар жасалмақ. Өнер мұратының үлкен шарты да - осы. 1965  
13.11.2013 10:31 15238

Қазіргі қазақ әдебиетінің арнаулы әңгіме етерлік, пікір алысарлық мәселелері аз емес. Әдебиетіміз соңғы жылдарда қандай сонылықтар тапты, идеялық-эстетикалық табысы қайсы, шыққан биігі кәні деген сияқты сауалдарға жауап айту шарт. Бүгінгі әдебиетіміз - барлық жанры иық сүйесе дамып отырған күрделі әдебиет. Оның мән-жайын түсіну мен түсіндіру міндеті қай кездегіден де ауырырақ... Мәселе жыл асқан сайын түрлі жанрдан шығатын кітаптардың көбеюінде ғана емес. Әдебиет көптеген жалған түсініктерден, жасанды бегесіндерден арылып келеді.

Соңғы жылдары проза жанрында повестер кернекті орынға ие болды. Олардың тақырьштык ауданы түрлі-түрлі. Осы шығармалардьвд бәріне ортақ сарынды іздесек, ол -қазіргі жас замандастың емірден ез орнын іздеу, күрес, еңбек үстінде шынығу, адам, азамат ретінде беку, ширау процесі. Қашан да болмасын реалистік одебиет, ең алдымен, өз дәуірі, уақыты алға ҚОЙған сауалдарга коркемдік жауап айтып келген ғой. Осындай қымбат сииаттарға қазақ әдебиетінің келе бастағанын үлксіі принциптік ілгерілеу, әдебиеггін өмірге жақындауы двп түсінеміз...

Жас жазушы Қ.Баялиев өзінің «Адам ізі» деген повесінде адамгершілік, іпаиагат мәселесін көтереді. Мамандық алу, жұмыс жосііарып артыгымен орындау жақсы-ақ. Бірақ, бұлармен ғана омір сұраулары мен борыштары түгелденбейді. Адам өз мүддесін ғана көздемей, өзгелердің де жай-күйіне көңіл бөлуі керек. Сонда ғана өмір жарасымы, келісімі тумақ, қоғам мен адам тіршілігінің сәйкестігі жасалмақ. Повестің бір кейіпкері «жүрегің сұлу болса ғана, жер бетіндегі ісің сұлу» дейді. Жазушы қолынан өнер төгілген Мәлік деген жас жігіттің еңбектегі табысына мастанып, тәкаппарлыққа түскенін, ақыры сол мінезінен опық жегенін көрсетеді. Оның есесіне әшейінде көзге елеусіздеу жүретін Әмірдің бойында қарапайымдылық, адамгершілік, жүрек жылылығы бар екенін оқиғалар өрілімі үстінде аңғартады. Повесте бұдан басқа да тағдырлар жайы сөз болады.

Сүйсінерлігі сол - автор өмір проблемаларына өзінше талдау, тексеру жасап, өзінше жауап айтуды көздеген және дәл қазіргі замандастар тіршілігінен нанымды оқиғалық байланыстар таба білген.

Бірсыпыра повестерде («табылған теңіз», «Өтелген өкініш», «Күтем сені, Дидар» т.б.) жас адамның өмір сынына алғаш түсіп, сүйінуі мен сүрінуінің тарихы, қиыншылықты жеңу арқылы белгілі белеске шығу жайы әңгімеленеді. Бұл да қазіргі күннің аса маңызды, жан-жақты шешімді күтіп отырған тақырыбы. Шынында, жас жеткіншектерді тәрбиелеу - тек педагогтар мен тәрбиешілерді гапа емес, бүкіл жұртшылықты қатты ойландырып жүргеп моселеніц бірі,

Кейбір жастыц қылмысқа ұшырау, геріс жолға түсу себебі не, оларды қатерлі ықпал меп дагдыдаи сақтандырудың жолы қайсы сияқты жанды проблемалар да әдебиетімізден орын тебе бастады. Жас қаламгерлеріміз осындай қиын сауаддарға жауап беруден тайқымай, өмір оқытушысы міндетін мойнына алуы да сүйсінерлік.

Ш.Муртазаевтың «Табылған теңізіндегі» Орал, Ә.Әзиевтің «Өтелген өкінішіндегі» Қайсар, М.Сүндетовтың «Күтемін сені, Дидарындағы» Дидар бейнелері өмір ақиқатынан алынғанына сендіреді. Авторлар осы қаһармандардың адасу жолдарын ғана емес, тура жолға түсіп шыныққанын да көрсетуге талаптанған. «Табылған теңіздегі» Орал тың жерлерге барып, көп жақсы мінез танытады; еңбекте ғана озып қоймай, адамшылық сынынан да сүрінбей өтеді. Ә.Әзиевтің «Өтелген өкініші» де жас адамды дұрыс бағытта тәрбиелеу мәселесіне арналған. Әкесі елге белгілі жұмысшы, өзі таксист болып істеп жүргенде жазатайым бұзықтардың тұзағына түсіп, қылмысқа еріксіз араласқан, кінәсін колонияда өтеп, түзеліп қайтқан Қайсар тағдыры да оқушыны ойландырады. Бұзықтыққа кездейсоқ ілінгендер бар да, жарамсыз істерді әдетке айналдырғандар бар. Бұларға деген үкім, жаза, кешірімнің айырмасы болуға тиіс. Қайсар колониядан қайтқаннан кейін де атышулы урылар: Мұзбалақов пен Скриндис оның қыр соңынан қалмай, жаңа қылмысқа араластырмақ болады. Қайсар бузықтардың ауқымына түспей, табандылық, тапқырлық көрсетіп, сойқанды топтың усталуына көмектеседі. Сонымен «Өтелген өкініш» -жас адамның бір мезет шалыс басып, опық жеп, ақ, адал жолын тапқаны хақында хикая. Автордың өз бақылауы, әсері дерлік суретті тұстар повесте баршылық. Жалпы алғанда, Ә.Әзиевтің сөз талғауға мұқият көңіл бөлетіңдігі көрінеді.

М.Сүндетов «Күтем сені, Дидар» атты повесінде де («Жұлдыз», №6, 1965) адамды тәрбиелеу, оны қоғамға пайдалы азамат етіп жетілдіру мәселесін сөз етеді. Шығарманың орталық қаһарманы - Дидар ашық қылмысқа ілініп жаза шеккен, тіршілік тауқыметін көріп түзелген, «тәубаға келген» жан емес. Дидар өзінің қызметтес адамдары Сәрсен мен Сапардың теріс әсерімен қылмыс жолына түсіп бара жатқанын кеп узамай түсінеді. Қатты айтса да әділ айтып, муның  көп нәрсеге көзін жеткізген адам - Ертұрлы. Дидар бетіне жылы сөйлеп табақтас, арақтас болған Сәрсен мен Сапардан «тура айтып, туғанына жақпайтын» Ертұрлының анағұрлым озық екенін кешікпей ұғады. Автор жас адамның қашан үлкен қылмыс жасап, әлемет жанжал шығарғанын күтіп жүргеннен горі оны әуел бастан қатал адамшылық норма уысында ұстау тиімдірек екенін аңғартады. Қоғам, қауым алдында ардың таза болуы омір басталар жолайрық сәтте кісінің тура бағытты тапқандығына немесе жеңіл пайдакүнемдікке түсіп кетуіне байланысты екенін қаламгер орынды еске салған. Шынында машинаға тиелген жүкті апар деген жерге апарып жүре берсе Дидарға келетін тікелей қылмыс жоқ болатын. Қайта ол осылайша тіл алғыштықпен тұрмысын жондеп алуы да оңай еді. Бірақ кісі тек ішкен-жегенмен ғана бақытты емес қой. «Менің тапқан табысым қандай еңбегімнің есесі, менің ішкенім мен кигенімде кімдердің үлесі, бейнеті бар» дегенді әрбір адал, саналы адам ойлануға тиіс. Дидардың үй-ішінің жай-күйін автор біршама толық сипаттайды. Бұлардың кісі қызығарлық тұрмыс молшылығы жоқ. Бірақ, оның есесіне терең байлық -қанағатшылдық, адамшыл тәртіптілік бар. Түйені түгімен жұтса да тоймайтын, жеңіл еңбекпен көп айлық алса да қанағат етпейтін дүниеқоңыз ашқарақтардан Дидарлар бойы биік. Ол - әділдікті, шындықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде сүйетін, пиғылы таза, адамшылығына кір жұқпаған пәк мінездің адамы. Дидар бейнесінің (толық мүсінделіп бітпесе де) оқушыға жылы корінетін, ойландыратын себебі осы.

Бул келтірілген мысалдар қазақ қаламгері омірдің сан алуан сұрауларына терең ой жүгіртіп,. қоғам жүгін корсетуге, шешілмеген этика мәселелерін шешісуге ат салысып келе жатқанын корсетеді. Белгілі қаулылар мен науқандарға икемдеп, иллюстрация, түсініктеме шығарма жазғаннан өмір қайшылықтарымен бетпе-бет келіп зерттеудің қиынырақ екені будан көрінсе керек.

Ә.Таразидің «Қуйрықты жұлдыз» («Жулдыз», №4, 1965) повесінде де қазіргі қазақ ауылында кездесетін ұнамсы? көріністерге қарсы үн естіледі. Повестің бас кейіпкері -Сәнжан қаладан өзінің туған еліне келіп, қызметке тұруға бел байлайды. Сәнжанның көзіне ауылда жиі жолығатын кесапаттар - ішімпаздық, карташылдық, өзара мағынасыз талас, жағымпаздық, күндестік сияқтылар оғаш көрінеді. Табиғатында суретші Сәнжан осындай ерсіліктерге көбінше іштей ғана наразы. Бірақ, оның мең-зең әрекетсіз, жайбарақат жүріс-тұрысы әлгі құбылыстарға контраст ретінде алынған. Сәнжан - өмірдегі орнын іздеп жүрген, бойындағы қайраты мен талантын үлкен мұраттарға бағыштағысы келетін адам.

Жас жазушы Ж.Молдағалиевтің «Жаз ерке» повесі де әдебиетімізде соңғы жылдарда жиі көтерілген ар, адамгершілік, парыз мәселелерін әңгімелейді. Ж.Молдағалиев шығармасынан оның өзіндік қалам сілтесі, жазу мәнері барлығы, адам мінезін ашуға шеберленіп қалғаны танылады. Әсіресе, оның тартымды, жатық тілін, оқиғаны қызғылықты. әсерлі құра білетіндігін айтар едік. Шынында шығармаға ен керек шарттардың бірі - тартымдылық, әсерлШк қой. Автор қандай қиын, шытырман жайларды баяндаса да еркін. қарапайым сөйлейді. Бұл - көптеген жас қаламгерлер туындыларынан табыла бермейтін қасиет.

«Жаз еркёде» қазіргі ауылдағы озық ойлы, еңбеккер жас қауым өкілдерінің өзара қарым-қатынастары, өмір талқысыш түсіп, шындалу процесі көрсетілген. Совпартшколды бітіріп. алыстағы «Торгай» совхозының Зеренді бөлімшесіне қызметке барған жас маман Ғани мен ауылдың белгілі, беделді жігіті Сырымның іс-әрекеттері, сезім күйлері табиғи нанымды бейнеленген. Сырымның табанды, мәрт жігіт екендігін албырт сезімге бой алдырмай, алыстағы сүйген қызы Қарлығашқа берген уәдеде тура білгендігінен де, егінге әрі түскен   кезде   көрсеткен   ерлігінен   де   көреміз.   Сондай-ақ  Ғайнидың да ибалы, әдепті, парасатты, жігерлі жан екендігі түрлі сын тұстарда анықталады. Сырым мен Ғани бойларынан казіргі ілгерішіл жастарға тән ізгі сипаттар табылады.

Ә.Нурмановтың «Күн ертеңге ауып барады» повесі автордың болашақта үміт күттірерлік талап иесі екендігіне көз жеткізеді. Жас қаламгер өз кейіпкерлерінің өмірге құштарлығын, адамшыл пәктігін жылы суреттей алған, сонымен қатар оның юморға да бейімі барлығы байқалады. Бұған бір мысал келтірейік. Шаруашылықты да, шаруа адамдарды да үстірт қана білетін шалағай өкіл Тұтқабайдың сақал-мұртына мұз қатқан жас қойшыны «ақсақал» деп сөйлесуі былай берілген. «...Шешініп отырған соң, уәкілім кеңірдегін созып, ең алдымен тобеге қарады.

-   Үйіңізді ыс басып кеткен екен, ақсақал, ә? Төбесі де дұрыс салынбапты.

-   Иә, ыс болады ғой. Неге баспасын. Қарағым, озің қай  баласың?

-    Мен       раисполкомның       заместителі        Тұтқабай Жалмағаметовпін.

-    Е, жарайды, Тұткабай Жалмағамбетов болсаң, дұрыс.
Бастық екенсің, шопандардың тұрмысымен танысып жүрген шығарсың?

-    Ия, ақсақал, танысып жүрмін. Қалай, койың өліп тура ма?

...Тұтқабай бажырайып, шопанның бетіне қарады. Сақал-мұртындағы мұз ерігесін байқаса, отыздың ар жақ, бер жағындағы ғана адам. «Ақсақал» деп отырған Тұтқабай да соны аңғарған болуы керек. Үндемей қалды...»

Қазіргі заман тақырыбына бетбурыс жасалғанына аталған шығармалардан басқа да көптеген мысал келтіруге болады. Бүгінгі күннің актуал тақырыбына бару - жазушыларымызды формалық ізденістерге апарып жүруі де заңды. Мәселен, авторлардың қай-қайсысы да, әсіресе, ішкі монолог тәсілін, бірінші жақтан кейіпкер аузымен сөйлеу амалын жиі қолданып   келеді.   Кейде   идеяға  лайықтап  композициялық канондарды да өзгертіп қолдану тәжірибесі бар. Көркемдік жинақтаулар ушін қаһарман өмірін зерттеу қажеттігін ескерген қаламгеріміздің өздеріне таныс қауым - замандастар тарихы мен тағдырын неғурлым толык көрсетуге ат салысып келеді.

Ілгеріде сөз болған повестердід басындағы жақсылық, уміт нышаны дегендерді іріктеп, екшеп, теріп көрсетуге умтыддық; олардың көбіне тән ортақ идеялық, тақырыптық, сарындарды атадық. Будан, әрине, ол шығармалар ығай мен сығай деген уғым тумайды; бірінде көбірек, екіншісінде азырақ кемшілік, шалағайлықтары да кездеседі. Соларды жинақтап сөйлегенде бірнеше мәселеге назар аударуды жөн көреміз.

Ең алдымен, жас авторлардың кейде ана тіл байлығын унемді, талғап пайдалана алмайтындығы байқалады. Олақ оралым, редакцияланып бітпеген сөйлемдер, кейде орынсыз диалектизмге әуестік кездеседі. Мысалы: «Бырығып» («былығыптың» орнына), «нәстә» («нәрсенің» орнына), «Анам сөйлеп жүр», «Ағаш жаңқасынан айналам көл-көсір», «Менің қолтығымның астынан (бойы дегені - Р.Б.) келеді», «Сәнжан ауыр бір аяғын жаншып кеткенде, шошып оянады»..., сияқты тіркестер мен жеке сөздерді әдеби тіл нормасымен беруге әбден болар еді.

Шығармада алға қойған мақсатқа сай оқиға екшеу, қаһармаңдардың мінезін ашарлық ситуациялар табу жағы әлі жеткіліксіз. Кейде авторлар негізі кейіпкерлердің толысуына қатысы шамалы желілерді қатарластыра тартып, шубалаңқы-лыққа душар болады. («Жаз еркедегі» Қайдолла семьясының жайы, «Адам ізіндегі» Қаржаубай Шымыров тарихы, т.б.)

Қандай да болмасын шығарманың әсерлі, ғибратты болуы толық сшгатталған көркем характерлерге байланысты. Осы турғыдан алып қарағанда, көптеген шығармалардың каһармаңдары тым қораштау көрінеді. Шығарма қаһармандары қатарында біз, көбінше, өмірге жаңа араласып, тұңғыш    іс-әрекеттерімен    таныла    бастаған    адамдарды кездестіріп жүрміз. Оларды үлкен сын, асу, тосуларда керсетіп, жан-жақты бейнелеу, «заман қаһарманы» осы дерліктей биікке көтеріп көрсету аз. Ал бірсыиыра кейіпкерлер тек    бақылаушы    ролінде    қалып,     салқын жүргендер.

Ақырында, ортақ міндеттің бірі ретінде біздін әдебиетімізге үлкен көркемдік жинақтаулар, кең байланыстар, әлеуметтік зерттеушілік зәру екендігін айтар едік. Қаһарман өмірінің бір кезеңін ғана емес, түрлі түйін тұсын барлық шындығымен   көрсеткенде   ғана   кесек,   көркем   тулғалар жасалмақ. Өнер мұратының үлкен шарты да - осы.

1965

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға