Жаңалықтар

С.Мұқановтың романдары туралы

С.Мұқановтың «Теміртас» (1935) романы тақырыптық жағынан «Азамат Азаматычпен» ыңғайлас. «Теміртаста» үлкен профессионал романға тән сипаттың бәрі де бар. Өмір оқиғасының ішінен аса мықты байланыстарды таба білуі, кейіпкерлердің арасындағы тартыстарды шыншыл баяндауы, қазақ ауыл тұрмысының ерекшеліктерін мол да, дәл оңгімелеуі - романның танытқыш әсерін арттырған. «Теміртас» Қазақстан өміріндегі аса күрделі оқиға -байлардың егіндік, шабындық жерлерін бөліске салу науқанының шыңдығын баяндайды. Егіндік пен шабындық иелігі үшін байлардың қаншалық қатты тартыс жүргізгені гарихтан мәлім. Ғасырлар бойы елді емін-еркін билеп-төстеп, иен даланың байлығын өз меншігіндей есептеп үйренген аталықтар үшін шабындықтан айырылу өліммен парапар соққы болып тиген. Сол үшін де олар тал қармау жасап, қолдан келген амалды аянып қалмаған. «Теміртас» романы, міне, осындай үлкен шындықтың көркем шежіресін жасаған. «Теміртас» романы, көптеген унамды жақтарына қарамастан, идеялық-көркемдік тутастыққа ие бола алмады. Оның бірсыпыра нақтылы себептері бар. Біріншіден, роман негізінде алынған тартыс ақырына дейін жеткерілмеген. Жер бөлістің ең қызып турған кезінде шығарма аяқталады. Еңбекшілер әрекеті түпкілікті нендей нәтижеге апарғаны, Түлкібай секілді байлардың қастандығы ашылғаны не ашылмағаны белгісіз болып қала береді. Екіншіден, романның орталық кейіпкері Теміртас тұлғасы толысып жетпеген. Теміртас бейнесін аша, ірілей түсетін тосу, асулар тым аз, ол романның басында жалт етіп бір көрініп, кейіннен тым сирек ушырасады. Үшіншіден, материалды екшеу, талғау жеткіліксіз. Шығармадағы бірсыпыра әңгімелер романның негізгі идеясы мен характерлерді өсіруге септігі жоқ. Бұлардың үстіне кей тұстарда натуралистік суреттеулер де орын алған. С.Мұқановтың бұл романы оның үлкен көркемдік жинақтаулар жасауға әзірлігі мол екендігін, халық өмірін тамаша білетіндігін көрсетті. Жазушының романғд лайық қалың материал таба білетініне «Теміртастың» бірінші тарауы мысал бола алады. Советтік ауылдың саналы, белсенді адамының бірі - Теміртастың Қайрақты көлінің төңірегіндегі Қасқырбай қонысына қырық үйлі Қултабанды қондырмақ болып, Теңгешұбарды мініп, алғашқы аралап жүрген жерінен басталған роман бірте-бірте өрімделіп кетеді. Теміртастың басынан кешіргендері де ұзақ әңгімеленеді. Теміртас әйелі -Шолпанның, оның әкесі Малғарбайдың, тағы басқалардың тарихы айтылады. Романда неғұрлым толық бейнеленген тұлға - Түлкібай. Ол - алды-артын, оң-солын ажырата алатын ақылды жау, жағдайға икемделіп, сыртын бояй білетін әккі. Түлкібай бірнеше жыл бойында болыс болып, елдің жай-күйін, адамдар мінезін  танып  үйренген.  Жоғарыдан  келген  өкілдерді  мал сойып, қонақ етіп, көңілдендіріп қайтару, қарындасы Гауһардың жастығы мен сұлулығын осы мақсатқа сату да -Түлкібайдың әдеттенген ісі. Оның айла-амалы, тапқырлығы қайткен күнде мал мен жерден айырылмау керек деген мақсатқа бағынады. Әлбетте, арындап келе жатқан заман екпініне Түлкібайлар түгіл, одан ірілер де қарсы тұра алмайды. Бірақ олар еңбекші буқараның басым көпшілігі әлі де болса ашық, саяси күреске шығып шыңдалмағанын, елдің сауатсыздығын пайдаланып, «бес күн жалғанды» жалпағынан сүріп қалуды армандайды. Өкінішке орай, романның қалған бірнеше тарауында оқиға өрілімі босаң тартып кетеді, негізгі сюжеттік желіні қосалқы әңгімелер басып кетіп, характердің жан-жақты корінуіне мүмкіндік тумай қалады. 30-жылдардағы қазақ романының жетістігі С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботакөз») романы еді. «Жұмбақ жалау» жұртшылықтың қызыға, құмарта оқитын шығармасына айналды. Мұның бірталай себептері бар. Ең алдымен, идеялық-көркемдік дәрежесі биік мундай іуындының қазақ көркем әдебиетінің жаңа сөзі болғанын атап айту керек. Совет жылдарында дамып өскен социалистік әдебиетіміз ондаған жылдар ішінде, көптеген жетістікке ие болды. Жанрлар жаппай көркейді. Соның ішінде романдар да жиі көріне бастады. М.Дәулетбаевтың «Қызылжары», І.Жансүгіровтың «Жолдастары», Б.Майлиннің «Азамат Лчаматычы», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарымы» роман жамрының қалыптасуына елеулі қызмет етті. Бұл ретте С.Мұқановтың өз тәжірибесі мол еді. Ол «Жұмбақ жалауға» деЙІН екі роман - «Адасқандар» мен «Теміртасты» жазған. «Жұмбақ жалау» қазақ совет әдебиетінің жиырма жылдық длму тәжірибесін қорытындылаған шығарма болды, әрі іідсбиетіміздің будан былайғы өсуіне игі ықпалын тигізді. «Жумбақ жалаудың» идеялық мәніне тоқталардан бурын романда суреттелетін дәуір жағдайын еске алу қажет. Мунда Вліміздің   тарихында   ерекше   орын   алған   жылдардың   ең көкейкесті шындығы қозғалған. Революция алдындағы қазақ елінің   жай-күйі   «Жумбақ   жалауда»   кец   де,   келісті   де суреттелген. Екі жақты қанауға түскен қазақ еңбекшісінің шарасыз ауыр ахуалы, қазақ даласын тілсіз зұлым күшпен тұншықтырған     отаршылдық     қыспағы     романда     айқын сездірілген. Жазушы бір семьяның - Тұяқ балаларының бастан кешкендерін көрсету арқылы бүкіл бұқараның жайын аңғарта алған.    Тұяқ    балалары    Балтабек,    Кенжетай,    Темірбек әлеуметтік   теңсіздікті   өз   басымен   сезіп,   көзден   өткеріп жүргендер. Бұларға көз алартатын зорлықшы көп. Ол заманда байлар   мен   әкімдердің   қастандық   әрекеттеріне   тыйым салатын күш жоқ. Олар обал, сауап, ұят, ар дегенді мүлде өзгеше түсінген.  Кедейге,  мүсәпірге тізе көрсету  олардың әдеттегі ісі болып саналған. Еңбекшіл, момын Тұяқ балалары күштілердің    астам    содырлығын    әр    кез    көріп    жүреді. Кенжетайдың урядниктен жазықсыз зәбір көруі, Ботакоздің ар-намысын қорғаймыз деп жақындарының нақақ жапа шегуі буған дәлел. Сонымеы романның алғашқы бөлімінде қазақ елінің бірінші империалистік соғыс алдындағы көп шындығы көрсетілген. Қазақ халқының 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістерінің барысы романда ұтымды суреттелген. 1916 жылғы қозғалыс халықтың ұлттық, әлеуметтік теңсіздіктеріне қарсы күрес ашуға мықтаи бел байлағандығын танытты. Патшаның ресми әкімшілігі ғасырлар бойында қазақ халқының мүддесімен есептесіп көрген емес. Ең шұрайлы деген жерлерді қалауынша тартып ала берген, жергілікті халықтың салт-сана, улттық аңсарымен есептеспегені, тіпті қазақтың ежелден келе жатқан атын да өзгертіп, кейде «қайсақ», кейде «қырғыз» деп атағаны аян. Патша әскерлері майданда жеңілген үстіне жеціле береді. Міне, сол кезде патшалық «бұратана» халықтардан майданның қара жұмысына жігіт алу жөнінде жарлық шығарады. Бул хабарды халық патшалықтың тағы бір қиянат ісінің басы деп қабылдайды. Қазақстанның көп жерлерінде «патшаға жігіт бермейміз» деп халық көтеріледі. Жалпы,  1916 жылғы улт азаттық көтеріліс - патшалы Россияның, империализмнің күшін әлсіретуге септескен прогресшіл оқига. Көтеріліс күшпен басылғанымен, улттық тәуелділіктің тақсіретін тартқан халық сол туста ерліктің, саналылықтың биік өнегесін көрсетті. «Жұмбақ жалауда» міне осы шындық көркем, келісті оңгімеленген. Романда февраль революциясының, Октябрь революциясының кезіндегі, азамат соғысы жылдарындағы күрес хикаялары кең баяндалған. Қысқасы «Жұмбақ жалау» иегізіне тарихтан ешқашан ұмыт болмастай қат-қабат терең сырлы құбылыстар алынған. Романның танытқыштық мәнін күшейтетін сипаттың бірі осы. С.Муқанов романында халықтың революциялық қозғалы-сының жай-күйі сурегтелген. Романның бас қаһармандары: сқарды, Ботакөзді, Амантайды, Кузнецовты әлеуметтік аса мацызды түйін істер айналасынан көретініміз сондықтан. «Жұмбақ жалаудың» өзінен кейінгі шығармалар үшін үлгілік, ғибраттық өнегесі болғаны белгілі. Проза модениетінің 30-жылдардағы шырқау биігі - С.Мұқановтың романы бүкіл қазақ әдебиетіне жаңа өлшеммен көтеріңкі галап қоюға мүмкіндік берді. Ғабдол Слановтың «Дөң асқан» романы (1940) тақырыптық тұрғыдан «Қызылжармен», «Жолдастармен» жөне «Жұмбақ жалаумен» сарындас. «Дөң асқан» - Ғабдол (лановтың әлеуметтік күрделі байланыстарды, үлкен ақиқаттарды көркем бейнелеп көрсетуге мүмкіндігі барлығын танытты. Ғ.Слановтың романында Қазақстанның батыс өңірінде орын тепкен революция қарсаңындағы және 1916 жыл тұсындағы оқиғалардың елесі бар. Жазушы кең байтақ қазақ Сіхарасындағы тартысқа толы омір көріністерін қаһармандар ГІршілігіне тікелей қабыстырып баяндайды. Бір жағында халықтың адал саналы перзенттері: Таңат, Ниетқабыл, Сақи, Керейлер бастаған топ пен әр рудан қуралса да, бір-бірімен ауыз жаласып,    буқараны    талаған    үстем    тап    өкілдері Бекпенбеттің, Балаусаның, Сапақтың араларындағы тамыры терең тартыстың  басталу,  өрістеу,  біту жолы  баяндалған. Булардың арасындағы шайқастың сыры үлкен. Әшейінде ру намысын перде етіп устап, халықты адастырып үйренген би-болыстардың нағыз пиғылы 1916 жыл оқиғасы кезінде әбден айқындалды.    Майданның    қара    жумысына    ылғи    кедей балалары тізіледі де, бай балалары түрлі сылтаумен қалып қоятын  болады.   Міне,   осы  кезде   бұрыннан  кекті,  дертті жігіттер «патшалыққа жігіт бермейміз» - деп атқа мініп, қару асынып   шығады.    Тайбөрі   елінің   ер   адамдарын   бұрын палуандығымен   танылған   Таңат   батыр   бастайды.   Ауыл мұғалімі  Ниетқабыл  оған  кеңесші,   пікірші  болады.   Бірақ халық қозғалысы күшпен басылады, Таңат пен Ниетқабыл абақтыға қамалады, елдің ең ардақты кісілерін өлтіріп, не ұстатып,    үстем    тап    өкілдерінің    көңілі    жай    табады. Композициялық,  тартыстық  жағынан  «Дөң  асқан»  белгілі шешімге жетіп тоқтаған шығарма. Бірақ, Ниет қабылдардың бұдан  кейінгі тағдыры мәлімсіз.  Асылы,  автор романның жалғасын ясазуды да ойлаған болу керек. Алайда, ол ойы жүзеге аспай қалған. Сондықтан «Дөң асқанда» сюжет, тартыс таралып біткенімен, кейбір қаһармандар хикаясы логикалық деңгейіне шықпағаны көрінеді. «Дөң асқанның» бойында кейбір жасанды, төтеліктер кездеседі. Қаһармандардың нақтылы іс-әрекетін, ықыласын суреттеуден гөрі автордың демеп, лсетелеуі ясиірек. Әрбір қубылыстың логикалық дәлелдемесі де қайсы бір ретте жетпей жатады. Онан соң орыс, қазақ адамдарының байланысы да атүсті баяндалған. Атап көрсетерлік бір нәрсе сол - мұндай олқылықтар сол кездегі шығармалардың көпшілігіне тән. Жалпы алғанда, «Дөң асқан» автордың білігі мен дарынын танытқан сәтті қадамы болды. Осы мысалдардан көрінетін тағы бір шындық - қазақ жазушылары сол кездің өзінде-ақ роман үшін жақсы дәстүр бастаған. Ілгеріде аталған шығармалардың түрлі кем-кетігіне қарамастан,   көтерген   мәселелердің   тым   күрделі,    іргелі екендігі ұнамды құбылыс. Халыктың даму тарихының үлкен арнасын әңгімелеу кейіннен бүкіл әдебиетіміздің жетекші сипаты боп қалыптасты. Отызыншы жылдарда Қазақстан жұмысшыларының өмірінен романдар жазылды. Бұл жазушылардан өндіріс адамдарының тіршілігін жете білуді, жаңа социалистік қатынастарды, сана мен салттағы өзгерістерді, ескі мен жаңаның күресін көрсетуді қажет ететін мүлде тың да, қиын да міндет еді. Адамдар арасындағы жаңа заман тудырған байланыстарды суреттеу романистердің батыл жаңалықтарға баруын керек етті. Қазақстанның өңдіріс өмірінің жанды суреттерін ерте қайтыс болған жазушы Саттар Ерубаевтың (1914-1937) аяқталмай қалған «Менің құрдастарым» (1934-37) атты романынан табуға болады.
13.11.2013 10:04 17827

С.Мұқановтың «Теміртас» (1935) романы тақырыптық жағынан «Азамат Азаматычпен» ыңғайлас. «Теміртаста» үлкен профессионал романға тән сипаттың бәрі де бар. Өмір оқиғасының ішінен аса мықты байланыстарды таба білуі, кейіпкерлердің арасындағы тартыстарды шыншыл баяндауы, қазақ ауыл тұрмысының ерекшеліктерін мол да, дәл оңгімелеуі - романның танытқыш әсерін арттырған.

«Теміртас» Қазақстан өміріндегі аса күрделі оқиға -байлардың егіндік, шабындық жерлерін бөліске салу науқанының шыңдығын баяндайды. Егіндік пен шабындық иелігі үшін байлардың қаншалық қатты тартыс жүргізгені гарихтан мәлім. Ғасырлар бойы елді емін-еркін билеп-төстеп, иен даланың байлығын өз меншігіндей есептеп үйренген аталықтар үшін шабындықтан айырылу өліммен парапар соққы болып тиген. Сол үшін де олар тал қармау жасап, қолдан келген амалды аянып қалмаған. «Теміртас» романы, міне, осындай үлкен шындықтың көркем шежіресін жасаған.

«Теміртас» романы, көптеген унамды жақтарына қарамастан, идеялық-көркемдік тутастыққа ие бола алмады. Оның бірсыпыра нақтылы себептері бар. Біріншіден, роман негізінде алынған тартыс ақырына дейін жеткерілмеген. Жер бөлістің ең қызып турған кезінде шығарма аяқталады. Еңбекшілер әрекеті түпкілікті нендей нәтижеге апарғаны, Түлкібай секілді байлардың қастандығы ашылғаны не ашылмағаны белгісіз болып қала береді. Екіншіден, романның орталық кейіпкері Теміртас тұлғасы толысып жетпеген. Теміртас бейнесін аша, ірілей түсетін тосу, асулар тым аз, ол романның басында жалт етіп бір көрініп, кейіннен тым сирек ушырасады. Үшіншіден, материалды екшеу, талғау жеткіліксіз. Шығармадағы бірсыпыра әңгімелер романның негізгі идеясы мен характерлерді өсіруге септігі жоқ. Бұлардың үстіне кей тұстарда натуралистік суреттеулер де орын алған.

С.Мұқановтың бұл романы оның үлкен көркемдік жинақтаулар жасауға әзірлігі мол екендігін, халық өмірін тамаша білетіндігін көрсетті. Жазушының романғд лайық қалың материал таба білетініне «Теміртастың» бірінші тарауы мысал бола алады. Советтік ауылдың саналы, белсенді адамының бірі - Теміртастың Қайрақты көлінің төңірегіндегі Қасқырбай қонысына қырық үйлі Қултабанды қондырмақ болып, Теңгешұбарды мініп, алғашқы аралап жүрген жерінен басталған роман бірте-бірте өрімделіп кетеді. Теміртастың басынан кешіргендері де ұзақ әңгімеленеді. Теміртас әйелі -Шолпанның, оның әкесі Малғарбайдың, тағы басқалардың тарихы айтылады.

Романда неғұрлым толық бейнеленген тұлға - Түлкібай. Ол - алды-артын, оң-солын ажырата алатын ақылды жау, жағдайға икемделіп, сыртын бояй білетін әккі. Түлкібай бірнеше жыл бойында болыс болып, елдің жай-күйін, адамдар мінезін  танып  үйренген.  Жоғарыдан  келген  өкілдерді  мал сойып, қонақ етіп, көңілдендіріп қайтару, қарындасы Гауһардың жастығы мен сұлулығын осы мақсатқа сату да -Түлкібайдың әдеттенген ісі. Оның айла-амалы, тапқырлығы қайткен күнде мал мен жерден айырылмау керек деген мақсатқа бағынады. Әлбетте, арындап келе жатқан заман екпініне Түлкібайлар түгіл, одан ірілер де қарсы тұра алмайды. Бірақ олар еңбекші буқараның басым көпшілігі әлі де болса ашық, саяси күреске шығып шыңдалмағанын, елдің сауатсыздығын пайдаланып, «бес күн жалғанды» жалпағынан сүріп қалуды армандайды.

Өкінішке орай, романның қалған бірнеше тарауында оқиға өрілімі босаң тартып кетеді, негізгі сюжеттік желіні қосалқы әңгімелер басып кетіп, характердің жан-жақты корінуіне мүмкіндік тумай қалады.

30-жылдардағы қазақ романының жетістігі С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» («Ботакөз») романы еді. «Жұмбақ жалау» жұртшылықтың қызыға, құмарта оқитын шығармасына айналды. Мұның бірталай себептері бар. Ең алдымен, идеялық-көркемдік дәрежесі биік мундай іуындының қазақ көркем әдебиетінің жаңа сөзі болғанын атап айту керек. Совет жылдарында дамып өскен социалистік әдебиетіміз ондаған жылдар ішінде, көптеген жетістікке ие болды. Жанрлар жаппай көркейді. Соның ішінде романдар да жиі көріне бастады. М.Дәулетбаевтың «Қызылжары», І.Жансүгіровтың «Жолдастары», Б.Майлиннің «Азамат Лчаматычы», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарымы» роман жамрының қалыптасуына елеулі қызмет етті. Бұл ретте С.Мұқановтың өз тәжірибесі мол еді. Ол «Жұмбақ жалауға» деЙІН екі роман - «Адасқандар» мен «Теміртасты» жазған. «Жұмбақ жалау» қазақ совет әдебиетінің жиырма жылдық длму тәжірибесін қорытындылаған шығарма болды, әрі іідсбиетіміздің будан былайғы өсуіне игі ықпалын тигізді.

«Жумбақ жалаудың» идеялық мәніне тоқталардан бурын романда суреттелетін дәуір жағдайын еске алу қажет. Мунда Вліміздің   тарихында   ерекше   орын   алған   жылдардың   ең көкейкесті шындығы қозғалған. Революция алдындағы қазақ елінің   жай-күйі   «Жумбақ   жалауда»   кец   де,   келісті   де суреттелген. Екі жақты қанауға түскен қазақ еңбекшісінің шарасыз ауыр ахуалы, қазақ даласын тілсіз зұлым күшпен тұншықтырған     отаршылдық     қыспағы     романда     айқын сездірілген. Жазушы бір семьяның - Тұяқ балаларының бастан кешкендерін көрсету арқылы бүкіл бұқараның жайын аңғарта алған.    Тұяқ    балалары    Балтабек,    Кенжетай,    Темірбек әлеуметтік   теңсіздікті   өз   басымен   сезіп,   көзден   өткеріп жүргендер. Бұларға көз алартатын зорлықшы көп. Ол заманда байлар   мен   әкімдердің   қастандық   әрекеттеріне   тыйым салатын күш жоқ. Олар обал, сауап, ұят, ар дегенді мүлде өзгеше түсінген.  Кедейге,  мүсәпірге тізе көрсету  олардың әдеттегі ісі болып саналған. Еңбекшіл, момын Тұяқ балалары күштілердің    астам    содырлығын    әр    кез    көріп    жүреді. Кенжетайдың урядниктен жазықсыз зәбір көруі, Ботакоздің ар-намысын қорғаймыз деп жақындарының нақақ жапа шегуі буған дәлел. Сонымеы романның алғашқы бөлімінде қазақ елінің бірінші империалистік соғыс алдындағы көп шындығы көрсетілген.

Қазақ халқының 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістерінің барысы романда ұтымды суреттелген. 1916 жылғы қозғалыс халықтың ұлттық, әлеуметтік теңсіздіктеріне қарсы күрес ашуға мықтаи бел байлағандығын танытты. Патшаның ресми әкімшілігі ғасырлар бойында қазақ халқының мүддесімен есептесіп көрген емес. Ең шұрайлы деген жерлерді қалауынша тартып ала берген, жергілікті халықтың салт-сана, улттық аңсарымен есептеспегені, тіпті қазақтың ежелден келе жатқан атын да өзгертіп, кейде «қайсақ», кейде «қырғыз» деп атағаны аян. Патша әскерлері майданда жеңілген үстіне жеціле береді. Міне, сол кезде патшалық «бұратана» халықтардан майданның қара жұмысына жігіт алу жөнінде жарлық шығарады. Бул хабарды халық патшалықтың тағы бір қиянат ісінің басы деп қабылдайды. Қазақстанның көп жерлерінде «патшаға жігіт бермейміз» деп халық көтеріледі. Жалпы,  1916 жылғы улт азаттық көтеріліс - патшалы Россияның, империализмнің күшін әлсіретуге септескен прогресшіл оқига. Көтеріліс күшпен басылғанымен, улттық тәуелділіктің тақсіретін тартқан халық сол туста ерліктің, саналылықтың биік өнегесін көрсетті.

«Жұмбақ жалауда» міне осы шындық көркем, келісті оңгімеленген. Романда февраль революциясының, Октябрь революциясының кезіндегі, азамат соғысы жылдарындағы күрес хикаялары кең баяндалған. Қысқасы «Жұмбақ жалау» иегізіне тарихтан ешқашан ұмыт болмастай қат-қабат терең сырлы құбылыстар алынған. Романның танытқыштық мәнін күшейтетін сипаттың бірі осы.

С.Муқанов романында халықтың революциялық қозғалы-сының жай-күйі сурегтелген. Романның бас қаһармандары: сқарды, Ботакөзді, Амантайды, Кузнецовты әлеуметтік аса мацызды түйін істер айналасынан көретініміз сондықтан.

«Жұмбақ жалаудың» өзінен кейінгі шығармалар үшін үлгілік, ғибраттық өнегесі болғаны белгілі. Проза модениетінің 30-жылдардағы шырқау биігі - С.Мұқановтың романы бүкіл қазақ әдебиетіне жаңа өлшеммен көтеріңкі галап қоюға мүмкіндік берді.

Ғабдол Слановтың «Дөң асқан» романы (1940) тақырыптық тұрғыдан «Қызылжармен», «Жолдастармен» жөне «Жұмбақ жалаумен» сарындас. «Дөң асқан» - Ғабдол (лановтың әлеуметтік күрделі байланыстарды, үлкен ақиқаттарды көркем бейнелеп көрсетуге мүмкіндігі барлығын танытты.

Ғ.Слановтың романында Қазақстанның батыс өңірінде орын тепкен революция қарсаңындағы және 1916 жыл тұсындағы оқиғалардың елесі бар. Жазушы кең байтақ қазақ Сіхарасындағы тартысқа толы омір көріністерін қаһармандар ГІршілігіне тікелей қабыстырып баяндайды. Бір жағында халықтың адал саналы перзенттері: Таңат, Ниетқабыл, Сақи, Керейлер бастаған топ пен әр рудан қуралса да, бір-бірімен ауыз жаласып,    буқараны    талаған    үстем    тап    өкілдері Бекпенбеттің, Балаусаның, Сапақтың араларындағы тамыры терең тартыстың  басталу,  өрістеу,  біту жолы  баяндалған. Булардың арасындағы шайқастың сыры үлкен. Әшейінде ру намысын перде етіп устап, халықты адастырып үйренген би-болыстардың нағыз пиғылы 1916 жыл оқиғасы кезінде әбден айқындалды.    Майданның    қара    жумысына    ылғи    кедей балалары тізіледі де, бай балалары түрлі сылтаумен қалып қоятын  болады.   Міне,   осы  кезде   бұрыннан  кекті,  дертті жігіттер «патшалыққа жігіт бермейміз» - деп атқа мініп, қару асынып   шығады.    Тайбөрі   елінің   ер   адамдарын   бұрын палуандығымен   танылған   Таңат   батыр   бастайды.   Ауыл мұғалімі  Ниетқабыл  оған  кеңесші,   пікірші  болады.   Бірақ халық қозғалысы күшпен басылады, Таңат пен Ниетқабыл абақтыға қамалады, елдің ең ардақты кісілерін өлтіріп, не ұстатып,    үстем    тап    өкілдерінің    көңілі    жай    табады. Композициялық,  тартыстық  жағынан  «Дөң  асқан»  белгілі шешімге жетіп тоқтаған шығарма. Бірақ, Ниет қабылдардың бұдан  кейінгі тағдыры мәлімсіз.  Асылы,  автор романның жалғасын ясазуды да ойлаған болу керек. Алайда, ол ойы жүзеге аспай қалған. Сондықтан «Дөң асқанда» сюжет, тартыс таралып біткенімен, кейбір қаһармандар хикаясы логикалық деңгейіне шықпағаны көрінеді. «Дөң асқанның» бойында кейбір жасанды, төтеліктер кездеседі. Қаһармандардың нақтылы іс-әрекетін, ықыласын суреттеуден гөрі автордың демеп, лсетелеуі ясиірек. Әрбір қубылыстың логикалық дәлелдемесі де қайсы бір ретте жетпей жатады. Онан соң орыс, қазақ адамдарының байланысы да атүсті баяндалған. Атап көрсетерлік бір нәрсе сол - мұндай олқылықтар сол кездегі шығармалардың көпшілігіне тән. Жалпы алғанда, «Дөң асқан» автордың білігі мен дарынын танытқан сәтті қадамы болды.

Осы мысалдардан көрінетін тағы бір шындық - қазақ жазушылары сол кездің өзінде-ақ роман үшін жақсы дәстүр бастаған. Ілгеріде аталған шығармалардың түрлі кем-кетігіне қарамастан,   көтерген   мәселелердің   тым   күрделі,    іргелі екендігі ұнамды құбылыс. Халыктың даму тарихының үлкен арнасын әңгімелеу кейіннен бүкіл әдебиетіміздің жетекші сипаты боп қалыптасты.

Отызыншы жылдарда Қазақстан жұмысшыларының өмірінен романдар жазылды. Бұл жазушылардан өндіріс адамдарының тіршілігін жете білуді, жаңа социалистік қатынастарды, сана мен салттағы өзгерістерді, ескі мен жаңаның күресін көрсетуді қажет ететін мүлде тың да, қиын да міндет еді. Адамдар арасындағы жаңа заман тудырған байланыстарды суреттеу романистердің батыл жаңалықтарға баруын керек етті. Қазақстанның өңдіріс өмірінің жанды суреттерін ерте қайтыс болған жазушы Саттар Ерубаевтың (1914-1937) аяқталмай қалған «Менің құрдастарым» (1934-37) атты романынан табуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға