Жаңалықтар

Герцен мұрасы

Патшалықтың көп кеселін ашып, прогресшіл идеяларды насихаттауды өмірлік мұраты көрген Герцен халқына қымбат ғибраттар таратқан. Оның беллетристігі де, публицистігі де, философтығы да жалғыз-ақ мақсатқа - Отан мүддесіне арналған. Озық ойларды неғұрлым жетімді етіп түсіндіру үшін Герцен кейде көркем әдебиет тәсілін қолданады. Оның жазушылығы әсте де жеке өзіндік мақсаттан туған емес. Герценнің көркем шығармаларының ерекшелігін оның алға қойған мақсатына тығыз байланыста қарау керек. Ол философиялық шығармаларында да орыс халқын оятудың, мәдениет биігіне өрлетудің қамын ойлаған. Оған әйтеуір философия атаулы қажет емес, қоғам өмірін халық мұратына лайық өзгертуге керек білімдерді ғана қымбат санаған. Герценнің түрлі ғылым саласында елеулі із қалдыруының сырын осылай ұғынған абзал. Осы тұрғыдан алғанда, ол - тамаша ұстаз, тәрбиеші, педагогиканың көрнекті теоретигі. Оның «Кім кінәлі», «Өткендер мен ойлар» сияқты шығармалары түрлі тағдырлар хикаясы ғана емес, қоға№ мүшелерін тәрбиелеу құралы да. Жазушы болған істің нәтижесін әңгімелеп қоймай, белгілі құбылыстарға үкім айтып, сын тезіне салып отырады. А.И.Герцен педагогика саласында да өнімді ойлар қалдырған. Ол Николай бірінші патшаның тұсында мектептер мен университеттердің қуғын көргенін айта келіп, оқу орындарында қатал казармалық тәртіп орнатылуына қарсы шықты. Жас шәкірттің бойындағы асыл нышандарды бірте-бірте өшіріп, көнбістікке тәрбиелеу патша мектептерінің зор сырқаты деп санады. Бүкіл мәдениет, ағарту саласындағы қырсықтың басы - крепостнойлықта деп көрсетеді: адамды адамның қанауы өшпенділік, сенімсіздік, зорлыққа жол ашатынын ескертеді. Герцен крепостнойлық құрылысқа тән педагогика ережелерін өзгертіп, жаңа демократияшыл педагогика жасау міндетін қойды. Тәрбиенің басты міндеті адамгершілігі мол, халық мүддесін қадірлей, сол жолда күресе білетін адамдар өсіру деп тұжырымдайды. ¥лы гуманист әрбір адамда өсудің, жетілудің мол мүмкіндігі барлығына сенді. Әсіресе, А.И.Герцен мектеп шәкіртіне жаратылыстану пәндерін тереңдеп оқытудың зәрулігін дәлелдейді. Адам габиғат пен қоғамның қиындықтарына қарсы саналы түрде күресерліктей болу үшін жаратылыс заңдарын жетік білуі шарт деген. Герцен оқушының өзіндік ойлау қабілетін осірудің аса маңызды мәселе екеніне де көңіл бөлген. Сондай-ақ баланың оқуға ынтасы артуына ата-ананың үлгісі де үлкен роль атқаратынын да айтқан. Баланың отандық, жалпы адамзаттық мүдделерге неғұрлым ерте бастан қызығуы адамгершілік қасиетін өсіруге айырықша мәнді деп біледі. ¥лы азамат, жалынды публицист, жазушы, күрескер Ллександр Иванович Герцен мұрасы бір орыс халқына емес, бүкіл игі ниетті адам баласына да ортақ. Адамшылық пен отаншылдықтың ұстазы әр қауым, әр буын өкілдеріне де өшпес өнегесін дарыта бермек. 1962
13.11.2013 09:22 4055

Патшалықтың көп кеселін ашып, прогресшіл идеяларды насихаттауды өмірлік мұраты көрген Герцен халқына қымбат ғибраттар таратқан. Оның беллетристігі де, публицистігі де, философтығы да жалғыз-ақ мақсатқа - Отан мүддесіне арналған. Озық ойларды неғұрлым жетімді етіп түсіндіру үшін Герцен кейде көркем әдебиет тәсілін қолданады. Оның жазушылығы әсте де жеке өзіндік мақсаттан туған емес. Герценнің көркем шығармаларының ерекшелігін оның алға қойған мақсатына тығыз байланыста қарау керек. Ол философиялық шығармаларында да орыс халқын оятудың, мәдениет биігіне өрлетудің қамын ойлаған. Оған әйтеуір философия атаулы қажет емес, қоғам өмірін халық мұратына лайық өзгертуге керек білімдерді ғана қымбат санаған. Герценнің түрлі ғылым саласында елеулі із қалдыруының сырын осылай ұғынған абзал.

Осы тұрғыдан алғанда, ол - тамаша ұстаз, тәрбиеші, педагогиканың көрнекті теоретигі. Оның «Кім кінәлі», «Өткендер мен ойлар» сияқты шығармалары түрлі тағдырлар хикаясы ғана емес, қоға№ мүшелерін тәрбиелеу құралы да. Жазушы болған істің нәтижесін әңгімелеп қоймай, белгілі құбылыстарға үкім айтып, сын тезіне салып отырады.

А.И.Герцен педагогика саласында да өнімді ойлар қалдырған. Ол Николай бірінші патшаның тұсында мектептер мен университеттердің қуғын көргенін айта келіп, оқу орындарында қатал казармалық тәртіп орнатылуына қарсы шықты. Жас шәкірттің бойындағы асыл нышандарды бірте-бірте өшіріп, көнбістікке тәрбиелеу патша мектептерінің зор сырқаты деп санады. Бүкіл мәдениет, ағарту саласындағы қырсықтың басы - крепостнойлықта деп көрсетеді: адамды адамның қанауы өшпенділік, сенімсіздік, зорлыққа жол ашатынын ескертеді. Герцен крепостнойлық құрылысқа тән педагогика ережелерін өзгертіп, жаңа демократияшыл педагогика жасау міндетін қойды. Тәрбиенің басты міндеті адамгершілігі мол, халық мүддесін қадірлей, сол жолда күресе білетін адамдар өсіру деп тұжырымдайды. ¥лы гуманист әрбір адамда өсудің, жетілудің мол мүмкіндігі барлығына сенді. Әсіресе, А.И.Герцен мектеп шәкіртіне жаратылыстану пәндерін тереңдеп оқытудың зәрулігін дәлелдейді. Адам габиғат пен қоғамның қиындықтарына қарсы саналы түрде күресерліктей болу үшін жаратылыс заңдарын жетік білуі шарт деген. Герцен оқушының өзіндік ойлау қабілетін осірудің аса маңызды мәселе екеніне де көңіл бөлген. Сондай-ақ баланың оқуға ынтасы артуына ата-ананың үлгісі де үлкен роль атқаратынын да айтқан. Баланың отандық, жалпы адамзаттық мүдделерге неғұрлым ерте бастан қызығуы адамгершілік қасиетін өсіруге айырықша мәнді деп біледі.

¥лы азамат, жалынды публицист, жазушы, күрескер Ллександр Иванович Герцен мұрасы бір орыс халқына емес, бүкіл игі ниетті адам баласына да ортақ. Адамшылық пен отаншылдықтың ұстазы әр қауым, әр буын өкілдеріне де өшпес өнегесін дарыта бермек.

1962

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға