Жаңалықтар

А.И.Герценнің шығармалары

А.И.Герценнің қай шығармасында да патшалық Россияның бүкіл әкімшілік жүйесі адам мінезін түзетуге емес, қылмыстың көбеюіне, зорлықтың етек алуына итермелейтіні неше алуан мысалмен суреттеледі. Бұдан да бір мысал келтірейік. Жазушы «Жол-жөнекей» деген әңгімесінде патшалықтың қылмысты тексеру, ясазалау тәртібі соншалық әділетсіз екендігін бултартпастай әшкере етеді. Белгілі заң қызметкері жоғары дәрежелі улықтардан қорыққаны үшін кейбір жазықсыздардың жазасын қолдан ауырлатып жіберетіндігін анық мойындайды. Шындап тексерсек, анық себебіне үңілсек, көп адамды мүлде ақтап босатып жіберуге тура келер еді дейді, әлгі заң қызметкері. Осы әңгімесінде Герцен патшалық жүйесі тек қана зорлыққа, өктемдікке негізделгенін, мұндай тәсілмен ешқашан халықтың күйін жақсартуға болмайтынын байқатады.      «Ұлы жазушы өзі өмір сүрген қоғам өмірін аса жетік білген. Халыққа өсиет шашып, көсемдік пікір айтқан ардагер азамат сол халықтың муң-муқтажын, кем-кетігш жіті қадағалап отырған. Герценнің өмірбаянын үстірт шолғанда, оның ауқатты семьяда туғаны, жасынан жан-жақты тәрбие коріп өскені, ересек кезінде көбінше қалада тұрғаны көзге түседі. Бірақ осы "қала адамының" орыс деревнясының өмірін барынша жетік білгеніне қайран қалмасқа болмайды. Біздің кейбір замандас жазушыларымызға Герцен өмірі бул жағынан да гибрат бола алады. Халықтың қайнаған өмірін атүсті, жүрдім-бардым тануға болмайды. Халыққа сырттан жақсылық жасуші емес, бірге іздесуші, қиындық-кедергіден қорықпай күресушіге ғана «өмір қупиялары» ашылмақ екен. Елмен бірге Сүйініп, қайғы-мұңына ортақтаса білген, халық дәулетіне еншілес емес, еңбегін қосқан адамдар ғана творчестволық табысқа жететініне тағы да Герцен өмірі айғақ. Өз басының тыныштығын, жайлы, тиімді тұрмысын ғана сауғалап, Кесапатты кесіп айтуға, кемшілікті батьш көрсетуге ьармайтын адам, шын жазушы бола алмақ емес. Герценнің «Кім жазықты» деген романында дәуірдің күн тәртібінде і ұрган аса үлкен қоғамдық мәселелері қойылған. Соның бірі –жас қауымды тәрбиелеу, баулу жайы. Жазушы бұл романында бірнеше кейіпкердің өмірбаянын айтады. Алексей Абрамович Нсіров сияқты дүние қуған жандардың болашақ қауымға ГӨрбиеші бола алмайтынын дәлелдейді. Ішкен-жегенге мәз ауқаттылар баланы еңбекшіл, қайырымды, адал етіп тәрбиелеуге көңіл бөлмейтінін, сондықтан өмірге икемсіз, берекесіз адамдар көбейетінін ескертеді. Негровтар өзінің қызы Любонькаға жеткілікті көңіл бөлмейді, жас адамның талап-тілегімен есептеспейді. Бір Негровта емес, басқа да семьяларда да бала тәрбиесі дурыс жолға қойылмағаны үлкен кемшілік деп біледі. Герцен әлеуметтік өмір докторындай, Россияның үстем қауымындағы түрлі жетіспегендікті қапысыз ашып көрсетеді. «Кім жазықты» романындағы өте қызғылықты бейне -Младимир Бельтов. Бұл - бір есептен Пушкиннің Онегиніне, Пермонтовтың Печориніне; Тургеневтің Рудиніне уқсайтын кейіпкер. Бельтов жасында жақсы білім алады, өнегелі ұстаздан тәрбие көреді, кейіннен университет бітіреді. Өзіне жетерлік тұрмысы да бар. Бірақ Бельтов жұмыс істеп жарытпайды. Ол - өмірден орнын таппаған адам. Петербургте үлкен мекемеге қызметке тұрған жерінен пайыз таппай, дәрігерлік окуына ауысады. Алайда оның мұнысы да үстірт құмарлық болып шығады. Тез жалығып, басқа кәсіп іздейді. Ақырында суретшілік өнеріне қызығады. Көп жылдар европа елдерін аралап, ұзақ сенделеді. Жазушы мұндай мінездің неліктен пайда болатынына ой жүгірткен. Суреткер Бельтов сияқты талантты адамдардың тез жерігіштігінің сырын оларға берілген тәрбиенің бірлсақтылығынан деп түйеді. Мектеп пен университетте түрлі пән оқығанмен, жастар өздері өмір сүріп тұрған қоғам туралы ақиқат мәлімет алмай өседі, есейгенде, жұмысқа киліккенде ғана қоғамның күллі кемістері байқалып, қатты түңілдіреді. Сол үшін балаларға неғұрлым реалды, шыншыл тәрбие беру керек, қиындықты жеңе білетін етіп өсіру қажет деп есептейді. «Кім жазықты» - романы патшалықтың педагогика жүйесінде ойсыраған олқылық бар екенін тамаша шебер елестете білген, орыс қауымының санасын өсіруге көмектескен шығарманың бірі. Әрбір жазушының творчествосында оның еңбегін лсете танытатын шоқтығы биік шығармалары болады. Мұндай шығармаларды - үлкен болсын, кіші болсын - ерекшелігі суреткердің бүкіл талант қуатын көрсететіндігінде, айтайын деген асыл идеясын ерекше күшпен толық әрі жан-жақты білдіретіндігінде. Мундай үздік шығарма қатарына А.И.Герценнің «Өткендер мен ойлар» атты мемуарлық еңбегін қосуға болады. Белинскийден бастап, орыс сыншыларының бірауыздан мойындауынша, «Өткендер мен ойлар» -Герценнің творчествосындағы ғана емес, бүкіл орыс әдебиетіндегі ең бағалы, ең қымбат кітаптардың бірі. Мунда орыс қоғамындағы идеялық өмірдің энциклопедиясы берілген деген тужырым мейлінше әділ. «Өткендер мен ойлар» Герценнің өз басының өмір тарихы емес, мұнда тұтас бір дәуірдегі орыстың революциялық демократиялық ой-пікірінің шежіресі бар. Ал, бір халықтың рухани қозғалысының ақиқат жолын көрсеткен шығарма осал бола ма? Сол атақты «Өткендер мен ойлардан» орыстың демократ азаматтарының галереясын көреміз. Соның ішінде бір образға азырақ тоқталу жөн. Герцен шығармасында орыс халқының данышпан сыншысы - Виссарион Григорьевич Ііелинскийдің күрескерлік тұлғасын тамаша шебер сипаттайды. Белинскийдің терең ойлылығы, табандылығы шыншыл, әсерлі елестетілген. Жазушы Белинский творчествосындағы басты ерекшеліктерді нанымды көрсетеді. Герцен мен Огоревтің Воробьев тауының басында Отанға бар өмір, талант, қайратты жұмсап қызмет етуге серттескен жерлер асқақ арманға толы! Воробьев тауындағы жастық серт Россияның бүкіл ілгерішіл қауымына өшпес әсер еткен. Ол -Отанға берілгендіктің, азаттықтың ұранындай сөздер болатын. «Өткендер мен ойлардың» тағы бір өзгеше сипаты - Россияны билеген үстем қауымның, патшалықтың кертартпа ролін жеріне жеткізе әшкерелеуінде. Отанын лшнындай сүйе білген Герцен халқының атына кір келтіргендерді мейлінше жек көрген. Герценнің ұсақ әкімдерден бастап, патшаны да батыл сынаушылығы ол дәуірде асқан жүректілік болатын. Орбір ойлы, намысты азаматтың соңына тыңшы қойылып, антұрған мен сатылғанның тасы өрге домалаған заманда іурашыл болу ғана емес, бұқараны тікелей жақтап шығу ердің врінің ғана қолынан келген. Жасынан қуғын-сүргінді көп коргенімен, алған бетінен қайтпай, жүректегі асылын өлгенше туған жұртына ұсыну - ғажап қаһармандық! Герценнің біз атаған бірнеше кесек шығармаларымен қатар «Полярная звезда» мен «Колокол» журналдарында жарияланған көптеген публицистикалық мақалалары да бар екені белгілі. Олардың да басты нысанасы - крепостнойлық, иатшалықтың түрлі тоғышарлық көріністерін, Россия оміріндегі сан сорақылықты сынау, халықтың еркін тыныс алуын, адамның бойына біткен талантының көркейіп, шешек атуын қолдау болып табылады.
13.11.2013 09:19 6243

А.И.Герценнің қай шығармасында да патшалық Россияның бүкіл әкімшілік жүйесі адам мінезін түзетуге емес, қылмыстың көбеюіне, зорлықтың етек алуына итермелейтіні неше алуан мысалмен суреттеледі. Бұдан да бір мысал келтірейік. Жазушы «Жол-жөнекей» деген әңгімесінде патшалықтың қылмысты тексеру, ясазалау тәртібі соншалық әділетсіз екендігін бултартпастай әшкере етеді. Белгілі заң қызметкері жоғары дәрежелі улықтардан қорыққаны үшін кейбір жазықсыздардың жазасын қолдан ауырлатып жіберетіндігін анық мойындайды. Шындап тексерсек, анық себебіне үңілсек, көп адамды мүлде ақтап босатып жіберуге тура келер еді дейді, әлгі заң қызметкері. Осы әңгімесінде Герцен патшалық жүйесі тек қана зорлыққа, өктемдікке негізделгенін, мұндай тәсілмен ешқашан халықтың күйін жақсартуға болмайтынын байқатады.      «Ұлы жазушы өзі өмір сүрген қоғам өмірін аса жетік білген. Халыққа өсиет шашып, көсемдік пікір айтқан ардагер азамат сол халықтың муң-муқтажын, кем-кетігш жіті қадағалап отырған. Герценнің өмірбаянын үстірт шолғанда, оның ауқатты семьяда туғаны, жасынан жан-жақты тәрбие коріп өскені, ересек кезінде көбінше қалада тұрғаны көзге түседі. Бірақ осы "қала адамының" орыс деревнясының өмірін барынша жетік білгеніне қайран қалмасқа болмайды. Біздің кейбір замандас жазушыларымызға Герцен өмірі бул жағынан да гибрат бола алады. Халықтың қайнаған өмірін атүсті, жүрдім-бардым тануға болмайды. Халыққа сырттан жақсылық жасуші емес, бірге іздесуші, қиындық-кедергіден қорықпай күресушіге ғана «өмір қупиялары» ашылмақ екен. Елмен бірге Сүйініп, қайғы-мұңына ортақтаса білген, халық дәулетіне еншілес емес, еңбегін қосқан адамдар ғана творчестволық табысқа жететініне тағы да Герцен өмірі айғақ. Өз басының тыныштығын, жайлы, тиімді тұрмысын ғана сауғалап, Кесапатты кесіп айтуға, кемшілікті батьш көрсетуге ьармайтын адам, шын жазушы бола алмақ емес. Герценнің «Кім жазықты» деген романында дәуірдің күн тәртібінде і ұрган аса үлкен қоғамдық мәселелері қойылған. Соның бірі –жас қауымды тәрбиелеу, баулу жайы. Жазушы бұл романында бірнеше кейіпкердің өмірбаянын айтады. Алексей Абрамович Нсіров сияқты дүние қуған жандардың болашақ қауымға ГӨрбиеші бола алмайтынын дәлелдейді. Ішкен-жегенге мәз ауқаттылар баланы еңбекшіл, қайырымды, адал етіп тәрбиелеуге көңіл бөлмейтінін, сондықтан өмірге икемсіз, берекесіз адамдар көбейетінін ескертеді. Негровтар өзінің қызы Любонькаға жеткілікті көңіл бөлмейді, жас адамның талап-тілегімен есептеспейді. Бір Негровта емес, басқа да семьяларда да бала тәрбиесі дурыс жолға қойылмағаны үлкен кемшілік деп біледі. Герцен әлеуметтік өмір докторындай, Россияның үстем қауымындағы түрлі жетіспегендікті қапысыз ашып көрсетеді.

«Кім жазықты» романындағы өте қызғылықты бейне -Младимир Бельтов. Бұл - бір есептен Пушкиннің Онегиніне, Пермонтовтың Печориніне; Тургеневтің Рудиніне уқсайтын кейіпкер. Бельтов жасында жақсы білім алады, өнегелі ұстаздан тәрбие көреді, кейіннен университет бітіреді. Өзіне жетерлік тұрмысы да бар. Бірақ Бельтов жұмыс істеп жарытпайды. Ол - өмірден орнын таппаған адам. Петербургте үлкен мекемеге қызметке тұрған жерінен пайыз таппай, дәрігерлік окуына ауысады. Алайда оның мұнысы да үстірт құмарлық болып шығады. Тез жалығып, басқа кәсіп іздейді. Ақырында суретшілік өнеріне қызығады. Көп жылдар европа елдерін аралап, ұзақ сенделеді. Жазушы мұндай мінездің неліктен пайда болатынына ой жүгірткен. Суреткер Бельтов сияқты талантты адамдардың тез жерігіштігінің сырын оларға берілген тәрбиенің бірлсақтылығынан деп түйеді. Мектеп пен университетте түрлі пән оқығанмен, жастар өздері өмір сүріп тұрған қоғам туралы ақиқат мәлімет алмай өседі, есейгенде, жұмысқа киліккенде ғана қоғамның күллі кемістері байқалып, қатты түңілдіреді. Сол үшін балаларға неғұрлым реалды, шыншыл тәрбие беру керек, қиындықты жеңе білетін етіп өсіру қажет деп есептейді. «Кім жазықты» - романы патшалықтың педагогика жүйесінде ойсыраған олқылық бар екенін тамаша шебер елестете білген, орыс қауымының санасын өсіруге көмектескен шығарманың бірі.

Әрбір жазушының творчествосында оның еңбегін лсете танытатын шоқтығы биік шығармалары болады. Мұндай шығармаларды - үлкен болсын, кіші болсын - ерекшелігі суреткердің бүкіл талант қуатын көрсететіндігінде, айтайын деген асыл идеясын ерекше күшпен толық әрі жан-жақты білдіретіндігінде. Мундай үздік шығарма қатарына А.И.Герценнің «Өткендер мен ойлар» атты мемуарлық еңбегін қосуға болады. Белинскийден бастап, орыс сыншыларының бірауыздан мойындауынша, «Өткендер мен ойлар» -Герценнің творчествосындағы ғана емес, бүкіл орыс әдебиетіндегі ең бағалы, ең қымбат кітаптардың бірі. Мунда орыс қоғамындағы идеялық өмірдің энциклопедиясы берілген деген тужырым мейлінше әділ.

«Өткендер мен ойлар» Герценнің өз басының өмір тарихы емес, мұнда тұтас бір дәуірдегі орыстың революциялық демократиялық ой-пікірінің шежіресі бар. Ал, бір халықтың рухани қозғалысының ақиқат жолын көрсеткен шығарма осал бола ма? Сол атақты «Өткендер мен ойлардан» орыстың демократ азаматтарының галереясын көреміз. Соның ішінде бір образға азырақ тоқталу жөн. Герцен шығармасында орыс халқының данышпан сыншысы - Виссарион Григорьевич Ііелинскийдің күрескерлік тұлғасын тамаша шебер сипаттайды. Белинскийдің терең ойлылығы, табандылығы шыншыл, әсерлі елестетілген. Жазушы Белинский творчествосындағы басты ерекшеліктерді нанымды көрсетеді.

Герцен мен Огоревтің Воробьев тауының басында Отанға бар өмір, талант, қайратты жұмсап қызмет етуге серттескен жерлер асқақ арманға толы! Воробьев тауындағы жастық серт Россияның бүкіл ілгерішіл қауымына өшпес әсер еткен. Ол -Отанға берілгендіктің, азаттықтың ұранындай сөздер болатын.

«Өткендер мен ойлардың» тағы бір өзгеше сипаты - Россияны билеген үстем қауымның, патшалықтың кертартпа ролін жеріне жеткізе әшкерелеуінде. Отанын лшнындай сүйе білген Герцен халқының атына кір келтіргендерді мейлінше жек көрген. Герценнің ұсақ әкімдерден бастап, патшаны да батыл сынаушылығы ол дәуірде асқан жүректілік болатын. Орбір ойлы, намысты азаматтың соңына тыңшы қойылып, антұрған мен сатылғанның тасы өрге домалаған заманда іурашыл болу ғана емес, бұқараны тікелей жақтап шығу ердің врінің ғана қолынан келген. Жасынан қуғын-сүргінді көп коргенімен, алған бетінен қайтпай, жүректегі асылын өлгенше туған жұртына ұсыну - ғажап қаһармандық!

Герценнің біз атаған бірнеше кесек шығармаларымен қатар «Полярная звезда» мен «Колокол» журналдарында жарияланған көптеген публицистикалық мақалалары да бар екені белгілі. Олардың да басты нысанасы - крепостнойлық, иатшалықтың түрлі тоғышарлық көріністерін, Россия оміріндегі сан сорақылықты сынау, халықтың еркін тыныс алуын, адамның бойына біткен талантының көркейіп, шешек атуын қолдау болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға