Жаңалықтар

Азаттықтың жаршысы

XIX ғасырда өмір сүрген орыс жазушылары мен күрескерлерінің көбіне тән бір ортақ сипат бар. Ол - жеке бастың мұратын бұқараның мүддесіне бағындыра білушілік. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, азаматтық рухтың асылдығы. Мұны, әсіресе, революционер-демократ жазушылардың шығармаларынан анығырақ көруге болады. Буған А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский және Л.Добролюбов творчествосы толық дәлел. А.И.Герцен 1812 жылы 25 мартта туған. Ол - өз заманына лайық мол білім алған кісі. 1829 жылы Москва уипиерситетінің физика-математика факультетіне түскенге дейін ол көптеген кітаптар оқып, білімін тереңдетеді; орыс, француз әдебиеті шығармаларынан азаттық идеяларымен танысады. Жалпы, Герценнің балалық шағы орыс халқы оміріндегі ұлттық өрлеу кезеңінде өткен. 1812 жылы Наполеон әскерін жеңіп, мерейі үстем болған орыс елінің ішкі орасан міішыльіғы да сол кезде жігі ажырап көріне бастайды. Жас семья ішіндегі теңсіздікті де көреді. Осының бәрі болашақ жазушының өктемдікке өш, зорлыққа қас болып есуіне әсерін тигізеді. Л.И.Герцен Москва университетінде жан-жақты біліммен каруланады. Студент кезінің өзінде ақыл парасатымен, м.іқсатының биіктігімен, дарындылығымен жолдастарынан көш ілгері болған көрінеді. Россия халқын қалай еткенде азаттыққа, бақытқа жеткізуге болады дегенді ерте ойланған Герцен өзінің барлық өмірін туған халқының бостандығы мен Гендігіне арнайды. Оның қолына қалам алғызып, жазушылыққа жетелеген де сол асыл мурат. Герцен айналасына пікірлі, адал ниет, отаншыл жастарды топтайды. Бірақ ол дереу полиция тыңшыларының көзіне түсіп, аты жасырын тізімге ілінеді. 1834 жылы, оқуды ІІтіргеніне бір жыл өтісімен, ол қамауға алынады, төрт Кылдай жер аударылып жүреді. 1839 жылы кеңшілік алып, астанаға    қайтады.    Бұл    кезде    орыстың    ұлы    сыншысы В.Г.Белинскиймен, талантты тарихшы Т.Н.Грановскиймен жақын араласады. Алайда Герцен полицияның құрығынан шыға алмайды. 1840 жылы тағы да патшаның қаһарына ұшырап, Новгородқа жер аударылады. Кейіннен Москваға қайтуға рұқсат алып, бірыңғай творчестволық жұмыстармен айналысады. А.И.Герценнің шығармалары мен күрескерлік қызметі сан алуан. Ол орыс әдебиетінің тарихында ұлы жазушылар қатарында аталады. Оның «Өткендер мен ойлар», «Кім жазықты», «Сұғанақ-сауысқан», «Доктор Крупов» сияқты шығармалары - орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген, айрықша бағалы туындылар. Сонымен қатар Герценнің философиялық мурасы және бір төбе: «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғаттану туралы хаттар» атты еңбектері классикалық туындылар сапында саналады. Россия жағдайында еркін пікір айтуға мүмкіндік аздығын көрген Герцен шет елдерге кетеді, көп жылдар бойы Лондонда тұрады. Бұл кезде оның публицистік таланты дамиды, революциялық қызметі күшейеді. Өзі уйымдастырып шығарған «Полярная звезда», «Колокол» журналдарының беттерінде азат ойдың жаршысы болады. Осы журналдарда басылған ірілі-уақты сан түрлі шығармаларында Герценнің алға қойған мақсаты - Россияны крепостнойлық құлдықтан, мешеуліктен құтқару, озық ойдың ұрығын себу еді. В.И.Лениң Герценнің тарихи өшпес орнын атап көрсете келіп, оны «орыс революциясын даярлауға ұлы қызмет еткен жазушы» деп бағалады. Герценнің жазушылык, философтық, күрескерлік қызметіне жекелеп тоқталу бір мақалаға сияр жүк емес. Сол үшін біз, негізінде, оның беллетристикалық шығармаларын ғана әңгімелеуді жөн көрдік.
13.11.2013 09:17 4974

XIX ғасырда өмір сүрген орыс жазушылары мен күрескерлерінің көбіне тән бір ортақ сипат бар. Ол - жеке бастың мұратын бұқараның мүддесіне бағындыра білушілік. Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, азаматтық рухтың асылдығы. Мұны, әсіресе, революционер-демократ жазушылардың шығармаларынан анығырақ көруге болады. Буған А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский және Л.Добролюбов творчествосы толық дәлел.

А.И.Герцен 1812 жылы 25 мартта туған. Ол - өз заманына лайық мол білім алған кісі. 1829 жылы Москва уипиерситетінің физика-математика факультетіне түскенге дейін ол көптеген кітаптар оқып, білімін тереңдетеді; орыс, француз әдебиеті шығармаларынан азаттық идеяларымен танысады. Жалпы, Герценнің балалық шағы орыс халқы оміріндегі ұлттық өрлеу кезеңінде өткен. 1812 жылы Наполеон әскерін жеңіп, мерейі үстем болған орыс елінің ішкі орасан міішыльіғы да сол кезде жігі ажырап көріне бастайды. Жас семья ішіндегі теңсіздікті де көреді. Осының бәрі болашақ жазушының өктемдікке өш, зорлыққа қас болып есуіне әсерін тигізеді.

Л.И.Герцен Москва университетінде жан-жақты біліммен каруланады. Студент кезінің өзінде ақыл парасатымен, м.іқсатының биіктігімен, дарындылығымен жолдастарынан көш ілгері болған көрінеді. Россия халқын қалай еткенде азаттыққа, бақытқа жеткізуге болады дегенді ерте ойланған Герцен өзінің барлық өмірін туған халқының бостандығы мен Гендігіне арнайды. Оның қолына қалам алғызып, жазушылыққа жетелеген де сол асыл мурат.

Герцен айналасына пікірлі, адал ниет, отаншыл жастарды топтайды. Бірақ ол дереу полиция тыңшыларының көзіне түсіп, аты жасырын тізімге ілінеді. 1834 жылы, оқуды ІІтіргеніне бір жыл өтісімен, ол қамауға алынады, төрт Кылдай жер аударылып жүреді. 1839 жылы кеңшілік алып, астанаға    қайтады.    Бұл    кезде    орыстың    ұлы    сыншысы В.Г.Белинскиймен, талантты тарихшы Т.Н.Грановскиймен жақын араласады. Алайда Герцен полицияның құрығынан шыға алмайды. 1840 жылы тағы да патшаның қаһарына ұшырап, Новгородқа жер аударылады. Кейіннен Москваға қайтуға рұқсат алып, бірыңғай творчестволық жұмыстармен айналысады.

А.И.Герценнің шығармалары мен күрескерлік қызметі сан алуан. Ол орыс әдебиетінің тарихында ұлы жазушылар қатарында аталады. Оның «Өткендер мен ойлар», «Кім жазықты», «Сұғанақ-сауысқан», «Доктор Крупов» сияқты шығармалары - орыс өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген, айрықша бағалы туындылар. Сонымен қатар Герценнің философиялық мурасы және бір төбе: «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғаттану туралы хаттар» атты еңбектері классикалық туындылар сапында саналады.

Россия жағдайында еркін пікір айтуға мүмкіндік аздығын көрген Герцен шет елдерге кетеді, көп жылдар бойы Лондонда тұрады. Бұл кезде оның публицистік таланты дамиды, революциялық қызметі күшейеді. Өзі уйымдастырып шығарған «Полярная звезда», «Колокол» журналдарының беттерінде азат ойдың жаршысы болады. Осы журналдарда басылған ірілі-уақты сан түрлі шығармаларында Герценнің алға қойған мақсаты - Россияны крепостнойлық құлдықтан, мешеуліктен құтқару, озық ойдың ұрығын себу еді.

В.И.Лениң Герценнің тарихи өшпес орнын атап көрсете келіп, оны «орыс революциясын даярлауға ұлы қызмет еткен жазушы» деп бағалады.

Герценнің жазушылык, философтық, күрескерлік қызметіне жекелеп тоқталу бір мақалаға сияр жүк емес. Сол үшін біз, негізінде, оның беллетристикалық шығармаларын ғана әңгімелеуді жөн көрдік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға