Жаңалықтар

Совет әдебиеті - замана шежіресі

Ғылыми-теориялық конференцияның жұмысынан совет әдебиетінің алған үлесі үлкен болды. Совет әдебиетінің зерттеу жұмысындағы алда турған міндеттері жайлы филология ғылымының докторы Е.Ысмайыловтың, қазақ совет поэзиясындағы  дәстүр және жаңашылдық жайында фи іология ғылымының кандидаты М.Базарбаевтың, қазақ чп-і әдебиетіндегі социалистік мазмұн мен ұлттық түрдің бірлігі туралы филология ғылымының каңдидаты М Дүйссновтің, социалистік реализм және қазақ прозасының даму жолдары деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты М.Қаратаевтың, ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясы туралы жазушы С.Сейітовтың баяндамалары тыңдалды. Бұларға қоса көптеген шешендер қазақ совет әдебиетін зерттеудің ахуалын арнаулы әңгіме етті. Филология ғылымының кандидаты Е.Лизунова өзінің сөзінде көркем әдебиеттегі ұлттық түрдің айрықша мәні бар екендігіне тоқталды. Бұл мәселеге Москва әдебиетшісі З.Кедрина да пікір қосты. Ұлттық түр әдебиеттің дамуы үшін аса қажет екендігін, сондықан да оның әр түрлі сипаттарын зерттеу міндеттерін айтты. Шынында да, біздің зерттеушілеріміз бүл күнге дейін әдебиеттегі үлттық түр проблемасын жақсы қарастырған емес. Сондықтан да үлттық тұр туралы әр түрлі қарама-қайшы пікірлер айтылды. Бағзы бір жолдастардың үғынуынша, ұлттық түр деген тек қана ана тіліне байланысты сияқты көрінеді. Бірақ, бұл тұжырым толық емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Қазақ совет әдебиетінің өткен қырық жылдағы өсу жолдарын нағыз диалектикалық шындығымен баяндайтын күрделі еңбектер туғызу қажет. Қазақ совет әдебиетінің бірнеше өкілдері туралы арнаулы кітапшалар да жазылды. Бірақ бұл әлі де болса аз жұмыс. Қазақстанда совет әдебиетінің ірге тасын қаласқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров творчествосы жайында жеке кітаптар тұсын. Зерттеуші назарын аударарлық үлкен жазушыларымыз аз емес. Солардың социалистік реализм әдісін меңгерудегі ерекшеліктерін екшеп көрсетіп, жұртшылыққа аян етуіміз керек. Қазақ совет әдебиетін зерттеушілердің алдында әлі де тың, соны теориялық міндеттер де бар. Дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы жалғастық жайы жартымды әңгімеленген емес. Бір осы тақырыптың өзі қыруар материалды қамтымай ма? Онан соң. әдебиеттің халықтығы туралы бізде әлі күнге дейін көзге түсерлік жан-жақты қорытылған еңбек жоқ. Ал шынында, әдебиеттің халықтығы дегенді терең де кемел түсініп алмай жатып, оның басқа қосалқы проблемаларын шешу қиын. Жазушының стильдік врекшелігі, қайталанбас шеберліктері де ерекше, үдайы Тоқталуды керек етеді, Жазушының шеберлігін ажыратпай, өзіндік стилін, қалам тартысын, бетін аныктау, басқаларға Жасап берер үлгісін көрсету мүмкін емес. Міне, осы сияқты өзек-өзек, қадау-қадау жайлар күн тәртібінде түр. Осындай ірі ықырыптарға, теориялық тұжырымдар жасауға дейін Кетерілер уақытымыз келгендей. Біздегі зерттеушілердің бірсыпырасында шығарманың мазмұнын қайталау машығы бар. Немесе әлемге аян ақиқат ережелерді көп қайталап, жалпы сөздермен жадағай баяндаушылық та кездеседі. Әдебиет зерттеулердің теориялық дәрежесін күрт көтеру міндеті тұр. Қазак совет әдебиетін зерттеудегі алда тұрған абыройлы ім.риіитардың бірталайын академик М.Әуезов өзінің корытынды сөзінде ерекше көрсетіп өтті. Қазақ әдебиетін зерттеушілер өткен-кеткен және бүгінгі Мұраны талдауда, таныстыруда айта қалғандай еңбек еткенін ескерте келіп, М.Әуезов мына бір жайларға жұртшылық илілрын аударды. Қазақ зерттеушілері қазақ әдебиетінен, КіТТе, орыс әдебиетінен басқаға бара бермейді. Олардың зерттеу объектісі, ауқымы осы себептен де кейде олқы жатады. Шынында, біздің әдебиетшілеріміз жалғыз қазақ әдебиетін ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көркем шығармаларын да үнемі оқып отыруы керек. Сонда ғана оларды шын мәніндегі түрколог әдебиетшілер деуімізге болады. Совет әдебиетінің тәжірибесі осы халықтардың бәрінде де бар. Соларды тақырып немесе жанр төңірегінде салыстырып отырып, зерттеу жүргізсек, көп шындыққа көзіміз жетер еді. Мәселен, өндіріс тақырыбына дайындалған әзірбайжан, түрікмен жазушыларының іүыидыларын қазақ қаламгерлерінің жұмысшы өмірінен жазған романдарын салыстырып зерттеу өте тиімді. Осы ретпен басқа да тақырыптарға, жанрларға баруға болады. Бұл қазақ әдебиетшілерінің алдында тұрған аса үлкен миідеттердің бірі. Ғылыми-теориялық конференцияға қатысқан туысқан республикалар өкілдері қазіргі әдеби байланыстарды зерттеу мәселесін алға қойды. Жарыссезге шығып сөйлеген кейбір шешендер әдеби мұралардың тілін зерттеу ісі саябырсып кеткендігін әділ көрсетті. Филология ғылымының докторы М.Ғабдуллин: «Батырлар жырларының табиғатын, шығу тарихын, заманын түсіну үшін солардың тілін, сөйлем құрылысын зерттеу қажет», - деді. Ол көркем әдебиеттің тілі мен әдеби тілдің жайы туралы конференцияда арнаулы баяндама қойылмауы кемшілік болғандығын атап айтты. Шынында, әдеби тіл мәселесі анда-санда ауызға алынғаны болмаса, бүл салада татымды еңбектеріміз тым аз. Академик І.Кеңесбаев өзінің сөзінде қазақ тілін диалектілер тобына бөлудегі осы күні айтылып жүрген кейбір түжырымдарға қосылмайтындығын білдірді. Қазақ әдеби тілінің негізі солтүстік-шығыс диалекті деген тұжырымға сын айтты. Сонымен қатар І.Кеңесбаев қазіргі аударма әдебиеттегі, әсіресе, қоғамдық, саяси әдебиетті аударудағы кейбір өрескелдіктерді орынды көрсетті. Түпнүсқаның әрбір әрпін, сөзін орнынан қозғамаймыз деуден туған сорақылықтар бар. Әсіресе мақал, идиомдық сөздерді аударғанда сөзбе-сөз беруден көп кемшілік туады, аударманың мазмұнына нұқсан келеді. Алдағы күнде ескерерлік елеулі істің бірі - аударманың халыққа мейлінше түсінікті әрі түпнұсқаға сай болуын көздеу. Конференцияда жарыссөзге филология ғылымының кандидаттары Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, М.Тілеужанов, А.Нүрқатов, М.Қасенов, экономика ғылымының кандидаты С.Толыбеков, М.Оразаев, Ш.Кәрібаев, Т.Кәкішев, Қалиханов, С.Сыздықова, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тарих институтының директоры Нүсіпбеков, тағы басқа жолдастар шығып сөйледі.
13.11.2013 06:36 3481

Ғылыми-теориялық конференцияның жұмысынан совет әдебиетінің алған үлесі үлкен болды. Совет әдебиетінің зерттеу жұмысындағы алда турған міндеттері жайлы филология ғылымының докторы Е.Ысмайыловтың, қазақ совет поэзиясындағы  дәстүр және жаңашылдық жайында фи іология ғылымының кандидаты М.Базарбаевтың, қазақ чп-і әдебиетіндегі социалистік мазмұн мен ұлттық түрдің бірлігі туралы филология ғылымының каңдидаты М Дүйссновтің, социалистік реализм және қазақ прозасының даму жолдары деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты М.Қаратаевтың, ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясы туралы жазушы С.Сейітовтың баяндамалары тыңдалды. Бұларға қоса көптеген шешендер қазақ совет әдебиетін зерттеудің ахуалын арнаулы әңгіме етті. Филология ғылымының кандидаты Е.Лизунова өзінің сөзінде көркем әдебиеттегі ұлттық түрдің айрықша мәні бар екендігіне тоқталды. Бұл мәселеге Москва әдебиетшісі З.Кедрина да пікір қосты. Ұлттық түр әдебиеттің дамуы үшін аса қажет екендігін, сондықан да оның әр түрлі сипаттарын зерттеу міндеттерін айтты. Шынында да, біздің зерттеушілеріміз бүл күнге дейін әдебиеттегі үлттық түр проблемасын жақсы қарастырған емес. Сондықтан да үлттық тұр туралы әр түрлі қарама-қайшы пікірлер айтылды. Бағзы бір жолдастардың үғынуынша, ұлттық түр деген тек қана ана тіліне байланысты сияқты көрінеді. Бірақ, бұл тұжырым толық емес екендігін өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Қазақ совет әдебиетінің өткен қырық жылдағы өсу жолдарын нағыз диалектикалық шындығымен баяндайтын күрделі еңбектер туғызу қажет. Қазақ совет әдебиетінің бірнеше өкілдері туралы арнаулы кітапшалар да жазылды. Бірақ бұл әлі де болса аз жұмыс. Қазақстанда совет әдебиетінің ірге тасын қаласқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров творчествосы жайында жеке кітаптар тұсын. Зерттеуші назарын аударарлық үлкен жазушыларымыз аз емес. Солардың социалистік реализм әдісін меңгерудегі ерекшеліктерін екшеп көрсетіп, жұртшылыққа аян етуіміз керек. Қазақ совет әдебиетін зерттеушілердің алдында әлі де тың, соны теориялық міндеттер де бар. Дәстүр мен жаңашылдықтың арасындағы жалғастық жайы жартымды әңгімеленген емес. Бір осы тақырыптың өзі қыруар материалды қамтымай ма? Онан соң. әдебиеттің халықтығы туралы бізде әлі күнге дейін көзге түсерлік жан-жақты қорытылған еңбек жоқ. Ал шынында, әдебиеттің халықтығы дегенді терең де кемел түсініп алмай жатып, оның басқа қосалқы проблемаларын шешу қиын. Жазушының стильдік врекшелігі, қайталанбас шеберліктері де ерекше, үдайы Тоқталуды керек етеді, Жазушының шеберлігін ажыратпай, өзіндік стилін, қалам тартысын, бетін аныктау, басқаларға Жасап берер үлгісін көрсету мүмкін емес. Міне, осы сияқты өзек-өзек, қадау-қадау жайлар күн тәртібінде түр. Осындай ірі ықырыптарға, теориялық тұжырымдар жасауға дейін Кетерілер уақытымыз келгендей. Біздегі зерттеушілердің бірсыпырасында шығарманың мазмұнын қайталау машығы бар. Немесе әлемге аян ақиқат ережелерді көп қайталап, жалпы сөздермен жадағай баяндаушылық та кездеседі. Әдебиет зерттеулердің теориялық дәрежесін күрт көтеру міндеті тұр. Қазак совет әдебиетін зерттеудегі алда тұрған абыройлы ім.риіитардың бірталайын академик М.Әуезов өзінің корытынды сөзінде ерекше көрсетіп өтті.

Қазақ әдебиетін зерттеушілер өткен-кеткен және бүгінгі Мұраны талдауда, таныстыруда айта қалғандай еңбек еткенін ескерте келіп, М.Әуезов мына бір жайларға жұртшылық илілрын аударды. Қазақ зерттеушілері қазақ әдебиетінен, КіТТе, орыс әдебиетінен басқаға бара бермейді. Олардың зерттеу объектісі, ауқымы осы себептен де кейде олқы жатады. Шынында, біздің әдебиетшілеріміз жалғыз қазақ әдебиетін ғана емес, бүкіл Орта Азиядағы түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көркем шығармаларын да үнемі оқып отыруы керек. Сонда ғана оларды шын мәніндегі түрколог әдебиетшілер деуімізге болады. Совет әдебиетінің тәжірибесі осы халықтардың бәрінде де бар. Соларды тақырып немесе жанр төңірегінде салыстырып отырып, зерттеу жүргізсек, көп шындыққа көзіміз жетер еді. Мәселен, өндіріс тақырыбына дайындалған әзірбайжан, түрікмен жазушыларының іүыидыларын қазақ қаламгерлерінің жұмысшы өмірінен жазған романдарын салыстырып зерттеу өте тиімді. Осы ретпен басқа да тақырыптарға, жанрларға баруға болады. Бұл қазақ әдебиетшілерінің алдында тұрған аса үлкен миідеттердің бірі.

Ғылыми-теориялық конференцияға қатысқан туысқан республикалар өкілдері қазіргі әдеби байланыстарды зерттеу мәселесін алға қойды. Жарыссезге шығып сөйлеген кейбір шешендер әдеби мұралардың тілін зерттеу ісі саябырсып кеткендігін әділ көрсетті. Филология ғылымының докторы М.Ғабдуллин: «Батырлар жырларының табиғатын, шығу тарихын, заманын түсіну үшін солардың тілін, сөйлем құрылысын зерттеу қажет», - деді. Ол көркем әдебиеттің тілі мен әдеби тілдің жайы туралы конференцияда арнаулы баяндама қойылмауы кемшілік болғандығын атап айтты. Шынында, әдеби тіл мәселесі анда-санда ауызға алынғаны болмаса, бүл салада татымды еңбектеріміз тым аз. Академик І.Кеңесбаев өзінің сөзінде қазақ тілін диалектілер тобына бөлудегі осы күні айтылып жүрген кейбір түжырымдарға қосылмайтындығын білдірді. Қазақ әдеби тілінің негізі солтүстік-шығыс диалекті деген тұжырымға сын айтты. Сонымен қатар І.Кеңесбаев қазіргі аударма әдебиеттегі, әсіресе, қоғамдық, саяси әдебиетті аударудағы кейбір өрескелдіктерді орынды көрсетті. Түпнүсқаның әрбір әрпін, сөзін орнынан қозғамаймыз деуден туған сорақылықтар бар. Әсіресе мақал, идиомдық сөздерді аударғанда сөзбе-сөз беруден көп кемшілік туады, аударманың мазмұнына нұқсан келеді. Алдағы күнде ескерерлік елеулі істің бірі - аударманың халыққа мейлінше түсінікті әрі түпнұсқаға сай болуын көздеу.

Конференцияда жарыссөзге филология ғылымының кандидаттары Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, М.Тілеужанов, А.Нүрқатов, М.Қасенов, экономика ғылымының кандидаты С.Толыбеков, М.Оразаев, Ш.Кәрібаев, Т.Кәкішев, Қалиханов, С.Сыздықова, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тарих институтының директоры Нүсіпбеков, тағы басқа жолдастар шығып сөйледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға