Жаңалықтар

Ақындар айтысы

Қазақтың ауыз әдебиетінің ежелден үлкен бір саласы -ақындар айтысы екені мәлім. Бұл - қазақ әдебиетінің өзіндік өзгеше жағдайларына сай туған қызғылықты жанр. Қазақ одебиетінде айтыс өнерінің дүлдүл шеберлері, асқан ақындары болған. Қазак ССР Ғылым академиясының кітапхана қорында жатқан бай әдеби дүниеліктің үлкең бір болегі де осы ақындар айтысы. Айтыстардан замана іпындығын өткір сынаған небір өжет сөздерді, көп деректерді табуға болады. Қазақтың бұрынғы ақындарының барлық айтысы ел жадында сақтала бермеген. Онан соң халық жадындағы барлық айтыс нұсқалары да жиналып болды деп кесіп-пішіп айтуға болмайды. Ал, жиналған, қолда бар айтыстардың табиғаты, жанрлық ерекшеліктсрі бізде лагіығымен зерттелген бе? Бұған айтар жауабымыз болмаса керек. Айтыстар жөнінде М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, І.Мүсіреповтің, Е.Ысмайыловтың мәнді мақалалары бар. Бірақ оларда көбінесе айтыстың жалпы жағдайлары, ортақ заңдылықтары ғана сөз болады. Айтыстың бұрынғы нұсқаларын және бұл жанрдың қазіргі даму сипатын шын ғылыми тұғыдан нақтылы зерттеу де алдағы күннің абыройлы міндеттерінің бірі болмақ. Ауыз әдебиетіндегі аса қызғылықты саланың бірі -шешендік сөздер болып табылады. Шешендік сөздердің шығуы, табиғаты, таптық сипаты жайында Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Һ.Адамбаев өзінің баяндамасында бірсыпыра орынды пікірлер айтты. Бізде осы кезге дейін шешендік сөздердіц табиғаты туралы, таптық сипаты жөнінде әрқилы бағалар айтылыи келеді. Бір кезде шешендік сөздердің бәріи де үстем тап өкілдері шығарды деген жаңсақ ой басым болды. Бірақ, байыптап қарасақ, олардың көпшілігін халықтың қарапайым өкілдері шығарғандығына көзіміз жетеді. Әрине, шешендік сөздердің бәрі бірдей мөлдір күйінде төменгі тап мүддесін көздемеген. Олардың кейбіреулері үстем таптың қанауын ақтауға қызмет етеді. Сондықтан шешендік сөздерді зерттегенде бұлардың еңбекші көпшілікке керекті-керексіздігі есепке алынуға тиіс. Академия баспасының осы кезге дейін қолға алмай келген жұмысының бірі - шешендік сөздерді жеке кітап етіп басып шығармауы деу керек. Бұл олқылық алдағы күнде жойылар деп санаймыз. Белгілі орыс фольклорисі, профессор В.И.Сидельников (Москва) ауыз әдебиетін зерттеуге байланысты құнды пікірлер айтты. Ол озінің сезінде әдеби мұраларды бағалауға біржақтылыққа ұрынбауға шақырады. Шығармаларында қайшылығы бар жазушыларды мулде жылы жауып қоймау керек. Олардың да муралары мұқият қаралсын. Халқымыздың мәдени дамуына әсері бар, коркемдік дәрежесі үлкен нұсқалар босқа мансуқталмауы керек. Бұл бір. Онан соң эпос жырларының көп жайлары әлі күнге дейін зерттеу назарына түспеген. Батырлар жырларының халықтығы, шығу, тарихы, керкемдік ерекшелігі, айтушылардың шеберлігі деген сияқты күрделі проблемалар қолға алынуы керек. Эпостардың әрқайсысының ерекшелігі жайында жаңа соз еститін болайық. Қазақ халқының эпикалық мұрасы орасан бай. Соның ішінен бүгінгі таңда бірнешеуін ғана кітап етіп шығарып, халыққа таратып отырмыз. Бұл тым аз молшер. Эпикалық шығармаларды түгел жарияламаған күнде де оның басым көпшілігі оқушыға танымал болуға тиіс. Тіпті болмаса эпосты шолу түрінде танытқан да  зерттеу еңбектеріміз жоқ қой. Профессор Сидельников эпос шығармаларын салыстыра іерттеу жөнінде қызғылықты ойлар айтты. Алпамыс, Корұғлы сняқты  жырлардың  әр  елдерде де  озіндік  нусқалары  бар. Соларды өзара салыстырып отырып, зерттесе көп мәселенің басы анықталған болар еді. Профессор В.М.Сидельников конференцияда шығып сөйлеуші жолдастардың кейбіреулерінің сездеріне тоқталды. Ол филология ғылымының докторы Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің тарихын он сегізінші ғасырдан емес, әріден, Орта Азия халықтарына ортақ мұра болған, шағатай тілінде жазылған шығармалардан бастау керек деген ұсынысын қызғылықты, батыл пікір деп бағалады. Бірақ бұл идеяны лиықтай, дәлелдей түсу нақтылы жағдайларға байланысты әңгімелеу қажет болатындығы даусыз. Жақсы ниеттің бәрі бірдей табанда іске асуы қиын. Оған көп кедергілер кездеспек. Қазақстан топырағында жасалған ежелгі заманның әдеби мұрасына иелік ету жұмысынан қашпауымыз керек. Эпостың көп таралған өлкелерін (географиясын) айықтауда кеп жұмыс жасалуға тиіс. Эпостың атақты айтушылары туралы жеке-жеке монографиялық еңбектер жазылуға лайық. Бірақ бұл да күні бүгін қолға алынбаған, бүгінгі күн тәртібіне қойылмаған мол міндеттеріміздің бірі аласы.
13.11.2013 06:24 4954

Қазақтың ауыз әдебиетінің ежелден үлкен бір саласы -ақындар айтысы екені мәлім. Бұл - қазақ әдебиетінің өзіндік өзгеше жағдайларына сай туған қызғылықты жанр. Қазақ одебиетінде айтыс өнерінің дүлдүл шеберлері, асқан ақындары болған. Қазак ССР Ғылым академиясының кітапхана қорында жатқан бай әдеби дүниеліктің үлкең бір болегі де осы ақындар айтысы. Айтыстардан замана іпындығын өткір сынаған небір өжет сөздерді, көп деректерді табуға болады. Қазақтың бұрынғы ақындарының барлық айтысы ел жадында сақтала бермеген. Онан соң халық жадындағы барлық айтыс нұсқалары да жиналып болды деп кесіп-пішіп айтуға болмайды. Ал, жиналған, қолда бар айтыстардың табиғаты, жанрлық ерекшеліктсрі бізде лагіығымен зерттелген бе? Бұған айтар жауабымыз болмаса керек. Айтыстар жөнінде М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, І.Мүсіреповтің, Е.Ысмайыловтың мәнді мақалалары бар. Бірақ оларда көбінесе айтыстың жалпы жағдайлары, ортақ заңдылықтары ғана сөз болады. Айтыстың бұрынғы нұсқаларын және бұл жанрдың қазіргі даму сипатын шын ғылыми тұғыдан нақтылы зерттеу де алдағы күннің абыройлы міндеттерінің бірі болмақ.

Ауыз әдебиетіндегі аса қызғылықты саланың бірі -шешендік сөздер болып табылады. Шешендік сөздердің шығуы, табиғаты, таптық сипаты жайында Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми қызметкері Һ.Адамбаев өзінің баяндамасында бірсыпыра орынды пікірлер айтты. Бізде осы кезге дейін шешендік сөздердіц табиғаты туралы, таптық сипаты жөнінде әрқилы бағалар айтылыи келеді.

Бір кезде шешендік сөздердің бәріи де үстем тап өкілдері шығарды деген жаңсақ ой басым болды. Бірақ, байыптап қарасақ, олардың көпшілігін халықтың қарапайым өкілдері шығарғандығына көзіміз жетеді.

Әрине, шешендік сөздердің бәрі бірдей мөлдір күйінде төменгі тап мүддесін көздемеген. Олардың кейбіреулері үстем таптың қанауын ақтауға қызмет етеді. Сондықтан шешендік сөздерді зерттегенде бұлардың еңбекші көпшілікке керекті-керексіздігі есепке алынуға тиіс. Академия баспасының осы кезге дейін қолға алмай келген жұмысының бірі - шешендік сөздерді жеке кітап етіп басып шығармауы деу керек. Бұл олқылық алдағы күнде жойылар деп санаймыз.

Белгілі орыс фольклорисі, профессор В.И.Сидельников (Москва) ауыз әдебиетін зерттеуге байланысты құнды пікірлер айтты. Ол озінің сезінде әдеби мұраларды бағалауға біржақтылыққа ұрынбауға шақырады. Шығармаларында қайшылығы бар жазушыларды мулде жылы жауып қоймау керек. Олардың да муралары мұқият қаралсын. Халқымыздың мәдени дамуына әсері бар, коркемдік дәрежесі үлкен нұсқалар босқа мансуқталмауы керек. Бұл бір. Онан соң эпос жырларының көп жайлары әлі күнге дейін зерттеу назарына түспеген. Батырлар жырларының халықтығы, шығу, тарихы, керкемдік ерекшелігі, айтушылардың шеберлігі деген сияқты күрделі проблемалар қолға алынуы керек. Эпостардың әрқайсысының ерекшелігі жайында жаңа соз еститін болайық. Қазақ халқының эпикалық мұрасы орасан бай. Соның ішінен бүгінгі таңда бірнешеуін ғана кітап етіп шығарып, халыққа таратып отырмыз. Бұл тым аз молшер. Эпикалық шығармаларды түгел жарияламаған күнде де оның басым көпшілігі оқушыға танымал болуға тиіс. Тіпті болмаса эпосты шолу түрінде танытқан да  зерттеу еңбектеріміз жоқ қой. Профессор Сидельников эпос шығармаларын салыстыра іерттеу жөнінде қызғылықты ойлар айтты. Алпамыс, Корұғлы сняқты  жырлардың  әр  елдерде де  озіндік  нусқалары  бар. Соларды өзара салыстырып отырып, зерттесе көп мәселенің басы анықталған болар еді.

Профессор В.М.Сидельников конференцияда шығып сөйлеуші жолдастардың кейбіреулерінің сездеріне тоқталды.

Ол филология ғылымының докторы Б.Кенжебаевтың қазақ әдебиетінің тарихын он сегізінші ғасырдан емес, әріден, Орта Азия халықтарына ортақ мұра болған, шағатай тілінде жазылған шығармалардан бастау керек деген ұсынысын қызғылықты, батыл пікір деп бағалады. Бірақ бұл идеяны лиықтай, дәлелдей түсу нақтылы жағдайларға байланысты әңгімелеу қажет болатындығы даусыз. Жақсы ниеттің бәрі бірдей табанда іске асуы қиын. Оған көп кедергілер кездеспек. Қазақстан топырағында жасалған ежелгі заманның әдеби мұрасына иелік ету жұмысынан қашпауымыз керек.

Эпостың көп таралған өлкелерін (географиясын) айықтауда кеп жұмыс жасалуға тиіс. Эпостың атақты айтушылары туралы жеке-жеке монографиялық еңбектер жазылуға лайық. Бірақ бұл да күні бүгін қолға алынбаған, бүгінгі күн тәртібіне қойылмаған мол міндеттеріміздің бірі аласы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға